Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Тексерулердi ресiмдеу тәртiбi

Читайте также:
  1. Бап. Тексерулердiң жалпы мәселелерi

1. Тексерудiң нәтижелерi бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы екi данада тексеру нәтижелерi туралы актi жасайды.
Тексеру нәтижелерi туралы актiде:
1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) оның негiзiнде тексеру жүргiзiлген, тексерудi тағайындау туралы актi жасалған күнi мен оның нөмiрi;
4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) және лауазымы;
5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тексерудi жүргiзу кезiнде сол жерде болған жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы;
6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;
7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәлiметтер;
8) тексерiлетiн субъектi өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан адамның актiмен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
9) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетiледi.
Тексерудiң нәтижелерi туралы актiге олар болған жағдайда өнiмдердiң үлгiлерiн (сынамаларын) iрiктеу, қоршаған орта объектiлерiн зерттеу туралы актiлер, жүргiзiлген зерттеулердiң (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерiмен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшiрмелерi қоса берiледi.
2. Тексерудiң нәтижелерi бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкiлдерi оларды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргiзудiң нәтижелерi туралы актiге қоса берiледi, ол туралы тиiстi белгi жасалады.
3. Тексерiлетiн субъектiде түпнұсқа ретiнде болатын құжаттардың көшiрмелерiн қоспағанда, қосымшаларының көшiрмелерi бар тексерудiң нәтижелерi туралы актiнiң бiр данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау және басқа да iс-қимылдар үшiн заңды тұлғаның басшысына немесе жеке тұлғаға не олардың өкiлдерiне тапсырылады.
4. Тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтар бойынша тексерiлген субъектi үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қарсылықтар болмағанда тексерудi жүргiзген мемлекеттiк органның басшысымен келiсiлген мерзiмдердi көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданатын шаралар туралы ақпарат беруге мiндеттi.
5. Тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабын жүргiзуге құқығы бар. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабында тегiн, лауазымдарын және актiде баяндалған деректердi көрсете отырып, жүргiзiлген iс-әрекет туралы жазба жасауға мiндеттi.
6. Түпнұсқалық бухгалтерлiк және өзге де құжаттарды алып қоюға және алуға тыйым салынады.
Түпнұсқалық құжаттарды алып қою және алу Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң нормаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда жүргiзiледi.
7. Тексеру жүргiзiлген кезде осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда тексеру нәтижелерi жөнiндегi актiге тиiстi жазба жасалады.
8. Тексерiлетiн субъектiге тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексеру нәтижелерi туралы актiнiң тапсырылған күнi тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.
Ескерту. 24-бапқа өзгерiс енгiзiлдi – ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Бап. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының тексерулер жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылықтар фактiлерi бойынша қабылдайтын шаралары

Егер тексеру жүргiзу нәтижесiнде тексерiлетiн субъектiнiң осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтардың фактiсi анықталған болса, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы (адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкiлеттiктер шегiнде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамның өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне ықтимал зиян келтiрудi болдырмау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
Тексерiлетiн субъектiге қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар қабылдаған кезде бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған жағдайларда және тәртiппен прокурорды хабардар етедi.

Бап. Мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi

1. Тексерiлетiн субъектiлерге бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының:
1) осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетiлген құжаттарды көрсеткен кезде тексерiлетiн объектiнiң аумағына және үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
2) қағаз және электронды жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн тексеру нәтижелерi туралы актiге қосу үшiн алуға, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған деректер қорына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуге;
3) мемлекеттiк органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
2. Тексерудi жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтiнiш жасауға тыйым салынады.
3. Бақылауды және қадағалауды жүргiзу кезiнде бақылау мен қадағалау органдарының лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерiлетiн субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға;
2) тексерудi осы Заңда және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiзде және тәртiппен қатаң сәйкестiкте жүргiзуге;
3) тексеру жүргiзу кезеңiнде тексерiлетiн субъектiлердiң белгiленген жұмыс режимiне кедергi келтiрмеуге;
4) осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген өкiлеттiктердi уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) тексеру жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiнiң қатысуына кедергi келтiрмеуге, тексеру нысанасына жатқызылған мәселелер бойынша түсiнiктер беруге;
6) тексеру жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiге тексерудiң мәнiне қатысты қажеттi ақпарат беруге;
7) тексеру аяқталған күнi не «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде тексерiлетiн субъектiге жүргiзiлген тексерудiң нәтижелерi туралы актiнi беруге;
8) алынған құжаттардың және тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 74 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)