Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Бақылау және қадағалау жүргiзу кезiндегi тексерiлетiн субъектiнiң құқықтары мен мiндеттерi

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Ағымды бақылау
  3. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  4. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  5. Адағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
  6. Адам құқықтары бойынша Орталық өз мәртебесі бойынша қандай орган болып табылады
  7. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме

1. Бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiлер мыналарға:
1) тексеру жүргiзу үшiн объектiге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын мынадай:
жоспарлы тексерулер тағайындалған кезде алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы сақталмаған;
тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген мерзiмдер асып кеткен не өтiп кеткен, осы Заңда белгiленген мерзiмдерге сәйкес келмеген;
осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк орган белгiлi бiр мәселе бойынша, белгiлi бiр кезеңде бұрын тексеру жүргiзiлген тексерiлетiн субъектiге қатысты көрiнеу қайта тексеру тағайындаған;
егер алдыңғы тексеру кезiнде бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;
осы Заңның 13, 14, 15-баптарында және 18-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;
егер Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде өзгеше көзделмесе, жасалған не әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы өтiнiште немесе хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу туралы өзге де өтiнiштерде көрсетiлген уақыт аралығының шеңберiнен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;
тексеру жүргiзуге тиiстi өкiлеттiктерi жоқ адамдарға тексеру жүргiзу тапсырылған;
осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, тексерудi тағайындау туралы бiр актiде тексеруге тартылатын бiрнеше тексерiлетiн субъектiлер көрсетiлген;
тексеру мерзiмдерi осы Заңда белгiленген мерзiмнен асырып ұзартылған жағдайларда тексеруге жiбермеуге;
2) егер жүргiзiлетiн тексерудiң нысанасына жатқызылмаған немесе актiде көрсетiлген кезеңге жатқызылмаған болса, мәлiметтер бермеуге;
3) тексерудi тағайындау туралы актiге, тексерудiң нәтижелерi туралы актiге және мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауға;
4) мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн шектейтiн, заңға негiзделмеген тыйым салуларын орындамауға;
5) тексерудi жүзеге асыру үдерiсiн, сондай-ақ лауазымды адамның қызметiне кедергi келтiрместен, аудиотехника және бейнетехника құралдарының көмегiмен лауазымды адамның тексеру шеңберiнде жүргiзген жекелеген iс-әрекеттерiн тiркеуге;
6) үшiншi тұлғалардың өз мүдделерi мен құқықтарын бiлдiруi, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асыруы мақсатында оларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
2. Мемлекеттiк органдар бақылау және қадағалау жүргiзген кезде тексерiлетiн субъектiлер:
1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының талаптарын сақтай отырып, тексерiлетiн субъектiнiң аумағына және үй-жайларына бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының кедергiсiз кiруiн қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электронды жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн тексерудiң нәтижелерi туралы актiге қоса тiркеу үшiн табыс етуге, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуiне мүмкiндiк беруге;
3) тексерудi тағайындау туралы актiнiң екiншi данасында оны алғаны туралы белгi жасауға;
4) жүргiзiлген тексеру аяқталған күнi нәтижелерi туралы актiнi алғаны туралы оның екiншi данасында белгi жасауға;
5) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексерудi жүзеге асыру кезеңiнде тексерiлетiн құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол бермеуге;
6) объектiге тексеру жүргiзу үшiн келген адамдардың осы объектi үшiн белгiленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлар әсерiнен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 129 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)