Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Тексеру түрлерi

Читайте также:
  1. Арауылдағы ішкі тәртіп,қарауылды ауыстыру,тексеру.
  2. Бап. Тексеру жүргiзу мерзiмi
  3. Бап. Тексерулердi ресiмдеу тәртiбi
  4. Бап. Тексерулердiң жалпы мәселелерi
  5. Науқасты объективті тексеру, амбулаторлық картаны толтыру
  6. Стоматологиялық ауруды қарап тексеру.

1. Тексерiлетiн субъектiлердi тексеру мынадай түрлерге:
1) жоспарлы;
2) жоспардан тыс болып бөлiнедi.
Жоспарлы тексеру – уәкiлеттi орган тәуекелдердi бағалау жүйесiне сәйкес және адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiне төнген қатерлердiң алдын алу мақсатында алдыңғы тексерулерге қатысты белгiленген уақыт аралықтарын ескере отырып бекiткен тексерулердiң жоспары негiзiнде нақты тексерiлетiн субъектiге қатысты бақылау және қадағалау органы тағайындайтын тексеру.
Жоспардан тыс тексеру – бақылау және қадағалау органы адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiне тiкелей төнген қатерлердi жою мақсатында нақты тексерiлетiн субъектiге қатысты тағайындайтын тексеру.
2. Егер осы тармақтың екiншi бөлiгiнде өзгеше белгiленбесе, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер iшкi еңбек тәртiбiнiң қағидаларында белгiленген тексерiлетiн субъектiнiң жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру жұмыстан тыс уақытта (түнгi уақытта, демалыс немесе мереке күндерi) бұзушылықтар жасалған кезде олардың тiкелей жолын кесу қажет болған жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер:
1) кешендi тексерулер;
2) тақырыптық тексерулер болып бөлiнедi.
Тексерiлетiн субъектiге бiрнеше бақылау және қадағалау органдарының бiр мезгiлде тексеру жүргiзуi қажет болған кезде осы органдардың әрқайсысы тексеру тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.
Бақылау және қадағалау органының бiр ғана мәселелер шеңберi бойынша бiрнеше тексерiлетiн субъектiлерге бiр мезгiлде тексеру жүргiзуi қажет болған кезде мынадай:
1) салық органдарында тiркеу есебiне қою;
2) бақылау-кассалық машиналардың болуы;
3) акциздiк және есептiк-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалылығы;
4) бiржолғы талонның болуы;
5) лицензияның болуы;
6) этил спиртiн босатуға рұқсаттың болуы;
7) патенттiң болуы;
8) Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн тексерулердi қоспағанда, осы орган тексерiлетiн әрбiр субъектiге тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.
Кешендi тексеру – тексерiлетiн субъектiнiң қызметiн осы Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтау мәселелерi кешенi бойынша тексеру.
Тақырыптық тексеру – тексерiлетiн субъектiнiң қызметiн осы Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелерi бойынша тексеру.
4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жиынтық жоспарын қалыптастыруы үшiн бақылау және қадағалау органдары тексеру жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын жоспарлы тексеру жүргiзiлетiн жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейiнгi және ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 10 мамырына дейiнгi мерзiмде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына жiбередi.
5. Тексеру жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын өзгертуге жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жиынтық жоспарын ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi және ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 25 мамырына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурстарына орналастырады.
6. Бақылау және қадағалау органы тәуекелдердi бағалау жүйесi iс-шараларының нәтижелерi негiзiнде бекiткен жоспар тексерiлетiн субъектiлерге жоспарлы тексеру тағайындау үшiн негiз болады.
7. Тексерiлетiн субъектiлердi жоспардан тыс тексеруге:
1) тексерудiң нәтижесiнде және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
2) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарынан адамның өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiрiлгенi туралы не зиян келтiру қатерi туралы ақпарат пен өтiнiштер алу;
3) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алу мақсатында, тексерiлетiн субъектiнiң азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшiншi тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн қарсы тексеру;
4) тексерiлетiн субъектiнiң өз қызметiне тексеру жүргiзу туралы бастамашылық өтiнiшi;
5) егер тексерiлетiн субъектiге қатысты жоспарлы тексеру жүргiзу белгiленбеген болса, оны қайта ұйымдастыру және атауын өзгерту;
6) тексерiлетiн субъектiнiң бастапқы тексеруге келiспейтiнi туралы өтiнiшiне байланысты қайталама тексеру;
7) Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделген негiздер;
8) салық төлеушiлердiң өтiнiштерi, Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 627-бабында айқындалған мәлiметтер мен мәселелер негiз болып табылады.
8. Жоспардан тыс тексерулер иесi көрсетiлмеген өтiнiштер болған жағдайларда жүргiзiлмейдi.
9. Жоспардан тыс тексеруге нақты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады.
10. Эпидемия, карантиндiк объектiлер және аса қауiптi зиянды организмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттiк аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған немесе олардың туындау қатерi төнген жағдайларда объектiлерге жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi жұмыс күнi iшiнде табыс ете отырып жүргiзiледi.
11. Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi орган орналасқан жерден шалғайда тұрған объектiлерде немесе субъектiлерде жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi бес жұмыс күнi iшiнде табыс ете отырып жүзеге асырылады.
Тексерудi тағайындау туралы актi тiркелетiн жерден тексеру жүргiзiлетiн жерге дейiн жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тiркеушi органдар орналасқан жерден едәуiр шалғайда орналасу болып есептеледi.
12. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргiзу үшiн санамаланған негiздер мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, қызметiн әдiлет органдарында тiркелмей жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
13. Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тексерулердi қоспағанда, осы Заңда белгiленбеген өзге де тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi – ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 94 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)