Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арауылдағы ішкі тәртіп,қарауылды ауыстыру,тексеру.

Қарауылдар тағайындалатын әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері қарауыл жеке құрамын іріктеу мен оларды қызметін атқаруға даярлау үшін, қару – жарақ пен ұрыс патрондарының оңды күйі және қарауылдардың жұмысқа таратуға дер кезінде келуі үшін жауап береді.

Әскери антты қабылдамаған, даярлықтың тиісті бағдарламасын игермеген жаңадан келген толықтырушыларды, Қылмыстық кодексте көзделген іс - әрекеттердің белгісі бар теріс әрекет жасаған және осы бойынша тергеу жүргізіліп жатқан, ауру және осы уақытта өзінің моральдық – психологиялық жай – күйі бойынша қарауылдық қызметті атқара алмайтын әскери қызметшілерді, сондай – ақ оларды тәртіптік жазасын өтеу үшін қарауылға тағайындауға болмайды.

Әскери бөлімдер штабтарының бастықтары гарнизондық немесе ішкі қарауылдардың нарядқа түсерінен үш күн бұрын, қарауыл тағайындалатын бөлімшелердің командирлеріне қарауыл жеке құрамы зерделеу үшін постылардың орналасу сызбасын, постылар табелін және қарауыл бастықтарына арналған нұсқаулықтарды тапсыруға міндетті. Зерделеуден кейін аталған құжаттар әскери бөлім штабына қайтарылады.

Қарауылға барар алдындағы түнде әскери қызметшілер ешқандай қызметті атқармаулары немесе оқу сабақтары мен жұмыстарға тартылмауы керек.

Нарядқа түсетін күні, күн тәртібінде көрсетілген сағаттарда қарауыл жеке құрамына қызметін атқаруға әзірленуі үшін кемінде 3 сағат, ал қарауылға бір тәуліктен кейін баратын кезде – кемінде 4 сағат, оның ішінде демалуы үшін кемінде 1 сағат уақыт берілуі керек.

Ротадан тағайындалатын қарауыл жеке құрамын даярлауды рота командирі, батальоннан тағайындалған қарауылды - батальон командирі жеке өзі, ал әскери бөлімнен тағайындалған қарауылды бөлім командирінің бір орынбасары ұйымдастырады.

Қарауылда қызмет атқаруға даярлық үш кезең бойынша жүргізіледі:

бірінші - нарядқа түсерден екі – үш күн бұрын постылардың табеліне сәйкес қарауыл жеке құрамын іріктеу мен бөлу жүзеге асырылады;

екінші - нарядқа түсер күннің алдыңғы күні, күн тәртібінде көрсетілген сағатта қарауыл жеке құрамымен жарғылардың ережелерін, күзетілетін объектілерді макетте көрсетіп нақтылай отырып, постылардың табелін, постылардағы сақшылардың ерекше міндеттері мен іс – қимыл нұсқаларын, сондай – ақ қаруды пайдалану кезіндегі тиісті нұсқаулар мен қауіпсіздік талаптарын зерделеу жөніндегі оқу сабақтары жүргізіледі. Қарауылға бір тәуліктен кейін түсетін болса, бұл сабақтар кезекшілікке түсетін күні сабақтардың алтыншы сағаты орнына өткізіледі.

үшінші - қарауылға түсетін күні постылардағы сақшылардың іс – қимылын бірнеше рет қайталап, пысықтау жөніндегі практикалық сабақтар жүргізіледі.

Техникалық күзет құралдары жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісін даярлау гарнизон бастығы ай сайын ұйымдастыратын оқу сабақтарында және қарауылдың жұмысқа тарату алдындағы практикалық сабақтары барысында жүзеге асырылады.

Жеке құрам қарауыл қызметін бір – екі күннен кейін қайта өткерген жағдайда, қарауылдарды даярлау бірінші және екінші кезеңіндегі шараларды жүргізу уақытын қарауылды даярлау сапалылығы еш төмендемейтіндей есеппен әскери бөлім командирі белгілейді.

4.Бақылау сұрақтары:

1. Жеке құрам қарауыл қызметі

2. Дабыл берілген жағдайға арналған құжаттамада нелер көрсетілері.

3. Қарауылға барар алдындағы түнде әскери қызметшілер міндеті.

4. Қарауылдар саны.

5.Объектіде кемінде бес және одан көп пост болғанда, қарауыл бастығы болып кімдер тағайындалады.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1.Қарауылдық қызметтің ережелері.

2. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

3. Студенттерді бағалау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

ҚРҚК-дегі әскери бөлімдерде,қарауылдар нарядтар,қарауылды ауыстыру,сақшыларды ауыстыру.Қарауылдағы ішкі тәртіп,қарауылды тексеру.Патрульдің міндеттерін оқыту туралы.

7. Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі әскери бөлімдерде,қарауылдар нарядтар,қарауылды ауыстыру,сақшыларды ауыстыру.Қарауылдағы ішкі тәртіп,қарауылды тексеру.Патрульдің міндеттерін оқытуды қайталау.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Т.Қарғабаев Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас., Түркістан, 2007

3. Т.Қарғабаев, Гарнизондық қызметті ұйымдастыру. Түркістан, 2007.

 

№14 Практикалық/семинар сабақ тақырыбы: " Қарауылдағы адамдардың құқытары мен міндеттері."

Жоспары:

1.Қарауыл бастығы көмекшісінің құқытары мен міндеттері.

2.Қарауылды таратушының құқытары менміндеттері.

3.Сақшының құқытары мен міндеттері.

Оқыту әдісемесі

Сабақтың мақсаты: Қарауылдағы адамдардың құқытары мен міндеттері,қарауылды таратушының құқытары мен міндеттері оқыту.

Қысқаша мәтіні: ҚРҚК-дегі Әскери бөлімдерде Қарауылдағы адамдардың құқытары мен міндеттері,қарауылды таратушының құқытары мен міндеттері оқыту туралы.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 78 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)