Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма.

Читайте также:
  1. Тапсырма. Аударыңыз және есте сақтаңыз.
  2. Тапсырма. Жаңа сөздерді көшіріп жазып, аударыңыз.
  3. Тапсырма. Мүмкін болатын сөз тіркестерін құрастырыңыз.
  4. Тапсырма. Мына сөз тіркестерімен көмекші есімдерді қолданып сөйлем құрастырыңыз.
  5. Тапсырма. Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.
  6. Тапсырма. Төмендегі Лұқпан хакім қалдырған жеті өсиетті есіңде сақта.

СИ бойынша ядролық жарылыстың әсеріне Испат- КарМет цехтарының орнықтылығын бағалау.

№2-ші кестеде берілген мәліметтер. Цех ғимаратының қосымша сипаттамасы:

- Жардың отқатөзімділік шегі – 2,5 сағ;

- Темірбетонды тақтадан тұратын шатыр асты аражабын;

- Шатыр – жұмсақ;

- Күңгірт түске боялған, рамасы ағаштан жасалған терезесі бар есіктер.

- Зауыттағы құрылыс тығыздығы - 30%.

 

Шығарылуы:

1. 6-шы қосымша бойынша қуаттылығы 0,5 млн. тоннаға тең ауа жарылысы кезінде Rx км арақашықтықта күтілген max-ды жарық импульсін анықтау: Uсв max.

2. Жандыруды басқаратын СИ-ң минималды мәні бойынша цехтың жарық сәулеленуіне орнықтылық шегін анықтап, цехтың орнықтылығы туралы қорытынды шығару:

а) цехтың жарық ағынына тұрақтылығын анықтау: Uсв lim

б) цехтың СИ-ға беріктігін немесе берік еместігін анықтау.

в) құрылыс тығыздығы 30% құрып, ғимарат орташа қирау дәрежесін алу мүмкіндігін біле тұра, цех орналасатын өрт зонасын анықтау (7-ші қосымша).

3. 4, 5, 6, 7 кестелер бойынша бағалау нәтижесін, цех ғимаратының және элементтерінің сипатын 2-ші кестеге енгізу (8-ші қосымша).

 

Соққы толқынының әсеріне цехтің тұрақтылығын бағалау және ядролық жарылыстың жарықтық сәулелену есебі үшін нұсқалар

Параметрлер Нұсқалар
           
  Нысанның ықтимал көздеу нүктесінен қашықтығы Рт, км         5,5  
  Жарылғыштың мүмкін қуаты q, млн.т. 0,5 0,5 0,1 0.2 0.3 0,1
  Жарылыс түрі әуеде жерде әуеде жерде әуеде Жерде
  ядролық жарылғыштың көздеу нүктесінен максималды ауытқу г ОТК км 0,8 1,4 0,5 0,7 1,1 1,5
  Нысан атауы цех 1 меха­никалық цех 2 текс­тиль­ді цех 3 тер­миялық цех 1 меха­никалық цех 2 текс­тильді цехЗтер­миялық

 

Қосымша 1

Ядролық оқ-дәрілердің әртүрлі қуаты кезіндегі қиратушы толқынның артық қысымы

  жарылғыш заттың қуаты     Артық қысым, ΔРср, кПа  
                   
Жарылыс мүмкін болатын жерге дейінгі арақашықтық
  0,4 ------- 0,62 0,68 ------- 0,92 ------ 1,2 1,4 -------- 1.5 1,6 ----- 1,7 1,7 ------- 1,9 2,1 ------ 2,2 2,6 ------ 2,5 3,8 ------ 3,2 6,5 ------ 5,2
  0,51 -------- 0,79 0,86 ------- 1,15 1,2 ------- 1,5 1,6 ------- 1,8 1,8 ----- 1,9 ------ 2,2 2,5 ------ 2,6 2,9 ------ 4,4 ------ 3,8 7,9 ------ 6,4
  0,58 -------- 0,9 0,98 ------- 1,35 1,37 ------- 1,7 1,85 ------ 2,1 2,07 ----- 2,3 2,27 ------ 2,55 2,8 ------ 2,93 3,3 ------ 3,6 4,0 ------ 4,4 9,1 ----- 7,3
    0,69 ------- 1,05 1,15 ------- 1,6 1,7 ------ 2.1 2,3 ------ 2,6 2,6 ----- 2,8 ------ 3,2 3,4 ----- 3,6 4,2 ------ 4,4 ------ 5,5 1,1 ------
  0,9 ------- 1,35 1,5 ------- 2,2 ------- 2,9 ------ 3.5 3,3 ------ 3,6 3,6 ------- 4,3 ------ 4,5 ----- 5,4 7,5 ------ 1,43 ------ 1,12
                       

Ескерту: алымы – әуе, бөлімі –жерасты жарылыстары үшін.

 

Қосымша 2

Ұру толқынының артық қысымына байланысты нысан элементтерінің қирау дәрежесі, кПа.

№ пп Нысан элементтері Қирау  
әлсіз орташа Қатты толық
  Каркасы ауыр металдан жасалған, жүккөтергіштігі 60-100т кран қондырғылары бар ірі өндірістік ғимараттар 20-40 40-50 50-60 60-80
  Бетондыжәне темір бетонды ғимараттар және антисейсмикалық конструкциялы ғимараттар 25-35 80-120 150-200  
  Бір қабатты кірпіш не қанқасыз ғимараттар 10-20 20-30 30-50 50-70
  Металлды және темірбетон қанқасы бар көпқабатты әкімшілік ғимараттар 20-30 30-40 40-50 50-60
  Кірпішті көпқабатты ғимараттар (3 қабаттан аса) 8-12 12-20 20-30 30-40
  Ауыр станоктар 25-40 40-60 60-70 -
  Крандар және кран құрылымдар 20-30 30-50 50-70  
  Жер бетіндегі кабельдер 10-30 30-50 50-60  
  Жер астындағы кабельдер 200-300 300-600 600-1000  
  Жер бетіндегі құбырлар       -
  Металлдық және темірбетондық эстакададағы құбырлар 20-30 30-40 40-50 -
  20 м тереңдетілген құбырлар 150-200 250-350   -
  Кәдімгі конструкциялы жылу және атом электростанциялары 15-25 25-35 35-45 45-55
  Электр қозғалтқыштар 30-40 40-60 60-80 80-100
  Телефон және телеграф байланысының әуе жолдары 20-40 40-60 60-100 -
             

 

Блиц-тест:

1) Әсер ету сипатына қарай өрттер қалай бөлінеді?

A. локалдық және көлемдік

B. бастапқы және негізгі

C. қауіпті және түтінді

D. жарылғыш және таралушы

E. жарылғыш және көлемдік

2) Апат дегеніміз не?

A) технологияялық үрдістің бұзылуы, мезанимздер, құрылғылар мен құрылыс қирауы.

B) бұл бақыланбайтын, бырақ материалдық құндылықтарды жойып адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жану үрдісі

C) АЭС территориясының шекарасынан тыс таралатын радиациялық зардап

D) жұмысшылардың

E) үлкен көлемді энергия шығарылуы

3. Қандай жану түрлері бар?

A) гомогенді және гетерогенді

B) толық және толық емес

C) жарылыс және детонационды

D) гомогенді және толық

E) қосарланған және қиыстырылған

4. Шоқтың таралу жылдамдығына қатысты жану неше түрге бөлінеді?

A)3

B) 4

C) 5

D) 2

E) 7

5. Өрт дегеніміз не?

A) материалды шығын алып келетін арнайы ошақтан тыс бақыланбайтын жану

B) материалды шығын алып келетін арнайы ошақтан тыс бақыланатын жану

C) материалды шығын алып келмейтін арнайы ошақтан тыс бақыланатын жану

D) материалды шығын алып келетін арнайы ошақтан тыс бақыланбайтын жану

E) кездейсоқ апат ахуалдарның сәйкес келуі

6. Ауадағы СО-ның қандай концентрациясы талып қалу мен өлімге алып келеді?

A) 10%

B) 15%

C) 5%

D) 20%

E) 50%

7. Бейбіт уақытта ТЖ кезінде өндірістік кәсіпорынның жұмысқа тұрақтылыққа талабын көрсететін құжат

A) бұл талаптар инженерлі-техникалық іс-шараларды құру нормаларына енгізілген

B) бұл талаптар ҚР-ның нормативті құжаттарында көрсетілген

C) ҚР-ның Конституциясы

D) ҚР-ның кодексі

E)қауіпсіздік техникасы бойынша нормалар

8. Қауіп жағдайында халықтың назарын алу үшін не қолданылады?
A) сигнал

B)телефон
C) радиотолқын

D) қонырау

E) электродабыл, өндірістік ысқырғы

9. Жеке қорғаныс құрылғыларына не жатады?

A), радиациядан қорғанатын жер

B) газқағар, аптечка, химикаттардан қорғайтын пакеттер

C) электродабыл, өндірістік ысқырық

D) газқағар,

E) барлығы

10. Тоқ өткізетін бөліктерден қорғануға арналған қоршау.

A) жиналмайтын

B) уақытша

C) жиналмалы

D) жылжымалы

E) стационарлы

11. Респираторлар мен газқағарлар неден қорғануға арналған жеке қорғаныс құралдары?

A) шаң мен газ

B) жылулық сәулелену

C)электромагнитті сәулелені

D)радиациялық сәулелену

E) инфрақызыл сәулелену

12.Ведомствовалы өрт қорғау базасында қандай азаматтық қорғаныс қызметі құрылады?

A) өртке әсер ету қызмет

B) эпидемияға әсер ету қызмет

C) ауеге әсер ету қызметі

D) энергияға әсер ету қызметі

E) өрт қызметі

Қолданылған әдебиеттер:

1. Атаманюк В.Г. Гражданская оборона (Учебник) М.:Воениздат 1986г.

2. Пособие по повышению устойчивости работы объектов и отраслей промышленности в ракетно ядерной войне. М.:1972г.

3. ОНТП-24-86. Общесоюзные нормы технологического проектирования. М. 1987г

 

Практикалық жұмыс №10

Еңбек шартын өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторлары, жұмыс орындарын тексеру кезіндегі еңбек процесінің ауырлығы мен күрделілігі бойынша бағалануы.

Жұмыс мақсаты: студенттерге оқу барысында жұмысшылар еңбегінің сипаты мен шарттары еңбектің сапасы мен өнімділігіне, еңбекке қабілеттілік деңгейіне әсер ететін болғандықтан экономикалық категория болып табылатынын көрсету; студенттерді еңбек шартының гигиеналық критерийлері және жіктелуімен таныстыру.

Сабақ барысында студенттер жұмысшылардың еңбек шартын бағалау келесі мақсатпен жүргізілетінін меңгеруі керек:

- зиянды факторлардың нақты деңгейлерінің ұқсастығын гигиеналық нормативтермен бекіту және факторлардың жекелей де, жалпылай да қауіптілік пен зияндылыққа еңбек шартының қатынасын анықтау;

- жұмысшының денсаулық жағдайын еңбек шарттарымен байланыстыра отырып, бекіту;

- қорғаныстың жекелей құралдарын қолдануды негіздеу;

- еңбек шартын жақсарту мақсатында болатын іс-шараларды ұйымдастыру.

Сабақтың нәтижесінде студенттер білуі қажет:

- өлшеу жұмыстарының негізінде еңбек процесі мен өндірістік ортаның факторларын бағалау;

- зияндылық және қауіптілік шартына сай еңбек шартының гигиеналық критерийлері мен жіктелулерін қолдана білу және еңбек шартының класын анықтау.

Сабақ жоспары:

1.Зияндылық және қауіптілік деңгейіне сай еңбек шартының гигиеналық критерийлері мен жіктелулерді игеру.

2.Қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, еңбек процесі мен өндірістік ортаның факторларының шамаларына тәуелді еңбек шартының кластарымен танысу.

3.«Зияндылық пен қауіптілік деңгейіне байланысты жұмысшының еңбек шартын бағалу бойынша кесте» (1- кесте).

Теориялық бөлім

Белгілі бір мақсатқа ең тиімді жолмен жетуде орындалатын мамандардың әрекеттерінің кез келген түрі жұмысшының денсаулығының бұзылу себептері анықталмаған жағдайда еңбектің өнімділігі мен нәтижелілігін ең жоғарғы деңгейде орныдауға бағытталады. Көбінесе бұл шарттардың орныдалуы жұмысшының еңбекке қабілеттілігімен сипатталады.

Жұмысқа қабілеттілік ұғымы адамның берілген уақыт ішінде белгілі бір нәтижелілікпен мүмкіндігіше жұмыстың көп мөлшерін орындай алу қабілетімен түсіндіріледі. Жұмысқа қабілеттілік деңгейіне ішкі факторлармен қоса (физикалық күй, мотивация, мамандандырылған дайындық), сыртқы факторлар да (шу, жарық, жұмыс орындарындағ ауаның ластануы), сонымен қатар, еңбек процесінің факторлары (еңбек сипаты, жұмыс орнын ұйымдастыру) әсер етеді.

Осылайша, еңбек процесі кезінде адамның еңбекке қабілеттілігі мен денсаулығына әсер ететін еңбеі процесі мен өндірістік ортаның жалпы факторлары «еңбек шарты» терминімен сипатталады.

Еңбек әрекеті процесі кезінде жұмысшының денсаулығын қамтамасыз ету сұрақтарын медицина ғылымы қарастырады – құқықтық, санитарлы-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, қалыпқа келтіру және өзге де қызметтерді қамтитын еңбек гигиенасы.

Қазіргі заманғы өндірістің сипатты ерекшелігі болып зиянды химиялық заттармен жұмыс орнындағы ауаның ластануы және кейбір физикалық факторлар деңгейінің өсуі, оның ішінде шу, электромагниттік сәулеленулердің пайда болу көздерінің кездеспеуі табылады.

Жұмысшыға әсер ететін өндірістік факторлардың мөлшерленуіне байланысты еңбек шарты қауіпті, зиянды, қауіпсіз болып бөлінеді.

Зиянды өндірістік факторлар жұмысқа қабілеттіліктің уақытша және тұрақты төмендеуін тудыруы, әр түрлі аурулардың жиі пайда болуын жоғарылатуы, денсаулықтың бұзылып, кәсіби аурулардың дамуына әкелуі мүмкін.

Зиянды өндірістік фактор болып табылады:

- физикалық факторлар: температура, ауаның ауыспалылығы мен ылғалдылығы, ионданушы сәулелер, механикалық толқындар (шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыс), ионданбайтын электромагниттік толқындар (ультракүлгін сәулелену, инфрақызыл, лазерлі, радиожиілікті сәулелер);

- химиялық факторлар (газ және бу түзуші, конденсация, дезинтеграция және сұйықтық аэрозолдары), сонымен қатар табиғаты биологиялық кейбір заттар (дәрумендер, дәрілер, ферменттер, гормондар);

- биологиялық факторлар: патогенді микроағзалар, микроағза продуценттер, ақуыз препараттары және т.б.

- еңбек процесінің факторы: физикалық, динамикалық және статикалық жүктемелер, еріксіз жұмыс күйі, сенсорлы және эмоциялық күштеулер, жұмыс режимі және т.б.

Жекелей зиянды өндірістік факторлар белгілі бір ауқымды сипатта және әрекеттер экспозициясы қауіпті болуы мүмкін.

Қауіпсіз еңбек шарты – бұл жұмысшыға әсері тиетін өндірістік қауіпті және зиянды факторлардың болмауы немесе олардың деңгейінің гигиеналық нормативтерге сай болатын жағдайлар.

Еңбек шартының гигиеналық шарттары – күнделікті жұмыста аптасына 40 сағаттан аспайтын, барша еңбек өтілінде жұмысшының денсаулық жағдайының бұзылуы мен нашарлауын туғызбайтын зиянды өндірістік факторлар деңгейі. Еңбек шартының гигиеналық шарттарын қадағалау аса сезімтал адамдардың денсаулығының бұзылуына қарсы тұра алмайды.

Нарықтық экономика шартында жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қатынас кезінде қалыптасқан сұрақтардың бірі болып еңбек шарты жөніндегі сұрақтар табылады. Өндіріс мәдениеті, еңбек шартын жақсарту, жұмысшының денсаулығын сақтау әрқашан басшылардың, яғни жұмыс берушінің назарында болуы керек. Жұмысшылар мен қызметкерлер арасында еңбек шартын оңтайландыру нәтижесінде ауруларды,оның ішінде кәсіби, төмендету және еңбекке қабілеттілік деңгейінің жоғарылығы еңбек өнімділігін арттыруда және экономикалық шығындарды азайтуда маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Гигиеналық критерийлерге сай еңбек шарты зияндылық пен қауіптілік деңгейіне байланысты келесі төрт класқа жіктеледі: оңтайлы, мүмкін, зиянды жіне қауіпті.

Оңтайлы еңбек шарты – бұл жұмысшының денсаулығы сақталатын, еңбекке қабілеттілікті жоғарылатуда алғышарттар жасалатын еңбек шарттары.

Өндірістің факторлардың оңтайлы нормативтері еңбек процесінің микроклиматтық параметрлер мен факторлары үшін жасалған. Ал өзге факторлар үшін оңтайлы болып жағымсыз факторлар кездеспейтін не тұрғындар үшін қауіпті деп саналмайтын деңгейдегі еңбек шарттары табылады.

Мүмкін еңбек шарттары – бұл жұмыс орындары үшін еңбек процесі мен өнжірістік факторлары гигиеналық норматив деңгейінде бекітілген жағдайлар, ал организмнің функциональді күйінің өзгерістері арнайы үзілісте немесе өзге ауысымға өту кезінде қайта қалыпқа келтіріледі. Мүмкін еңбек шарттарын шартты түрд еқауіпсіз деп есептейді.

Зиянды еңбек шарттары гигиеналық нормативтерге сай емес және жұмысшы организміне жағымсыз әсерін тигізетін әсерлерден тұратын зиянды өндіріс факторларының болуымен сипатталады. Зиянды еңбек шарттары өз кезегінде орнатылған гигиеналық нормативтерінің деңгейіне байланысты және өндірістік факторлардың жұмысшының организміне тигізген әсеріне қарай төрт зияндылық деңгейіне бөлінеді:

- бірінші деңгей (3.1.) – еңбек шарты зиянды факторлардың гигиеналық нормативтер әсерінен әлдеқайда ұзақ уақыт зиянды факторлармен қатынасты үзу жолы арқылы өзгерістерді тудыратын ауытқулармен сипатталады, және денсаулықтың бұзылу қаупін арттырады;

- екінші деңгей (3.2.) – тұрақты функциялық өзгерістерді туғызатын, көп жағдайда өндіріске негізделген аурулардың ұлғаюына, ұзақ уақыт жұмыстан кейін кәсіби аурулардың алғашқы белгілерінің немесе жеңіл түрлерінің пайда болуына әкелетін зиянды факторлар деңгейі;

- үшінші деңгей (3.3.) – еңбек шартының кәсіби аурулардың алғашқы түрлері мен бастапқы формаларының одан әрі дамуына, және сырқат деңгейінің ұлғайып, уақыт өте жұмысқа қабілеттілігінің жоғалуына әкелетін зиянды факторларымен сипатталады;

- төртінші деңгей (3.4.) – кәсіби аурулардың ең ауыр формалары пайда болып, ұзақ мерзімді аурулардың өсімі мен жұмысқа қабілеттілік жоғалатын деңгей.

Бақылау сұрақтары

1. Жұмысқа қабілеттілік деген не және оның деңгейіне қандай факторлар әсер етеді?

2. «Еңбек шарты» терминіне анықтама беріңіз.

3. Зиянды және қауіпті өндірістік факторларға анықтама беріңіз және олар қалай жіктеледі?

4. Еңбек шартының қауіпті және зиянды деңгейлерінің қандай кластары бар және әр класқа сипаттама беріңіз.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 121 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Блиц тест | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Глоссарий | Глоссарий | Глоссарий | Есептеу мысалы | Блиц тест | Глоссарий | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар| Глоссарий

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)