Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма. Аударыңыз және есте сақтаңыз.

Читайте также:
  1. MS Access деректер қорында форма құру және батырма орнату
  2. Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз
  3. Алдын-ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер
  4. Ауыл және қала халқы
  5. БАӨЖ-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
  6. Білге қаған және Күлтегін құрметтеріне жазылған жәдігерлердің мәтіні
  7. Векторлы және растрлы модельдер

• мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған сот органдары, әскер, полиция жатады;

• мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

• мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

•мемлекет әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

•мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.

ПРЕЗИДЕНТ

Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді.

Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ, атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол бермейді.

ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Тапсырма. Мәтіннен 20 сөздің аудармасын жазыңыз.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 136 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДА | ТАБИҒИ РЕСУРСТАР | ЛТТЫҚ ВАЛЮТА | Халықаралық ұйымдар. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Ар-ождан бостандығы. Көмекші есімдер. | Тапсырма. Мына сөз тіркестерімен көмекші есімдерді қолданып сөйлем құрастырыңыз. | ЖАНУАРЛАР МЕН ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІ | Тапсырма. Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз. | Тапсырма. Мүмкін болатын сөз тіркестерін құрастырыңыз. | ОҚУ ОРЫНДАРЫ | Тапсырма. Жаңа сөздерді көшіріп жазып, аударыңыз. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ел басқару жүйесі. Президент. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.| ЭКОНОМИКА

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)