Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Блиц тест

1.Электр тогымен зақымданған кезде жоғары емес қауіпті бөлме бұл...

A. ылғалдылығы 100% бөлме

B. ылғалдылығы 75% бөлме

C. құрғақ шаңсыз бөлмелер

D. жеңіл тұтанатын заттары бар бөлмелер

E. жарылғыш қоспалары бар бөлмелер

2.Электр тогымен зақымдалған кезде жоғары қауіпті бөлме бұл...

A. Жеңіл тұтанатын заттары бар бөлме

B. Ылғалдылығы 100% бөлме

C. Ылғалдылығы 75% бөлме

D. Жарылғыш қоспалары бар бөлмелер

E. Құрғақ шаңсыз бөлмелер

3. Электр тогымен зақымданған кезде аса қауіпті бөлмелер бұл...

A. Ылғалдылығы 75% бөлме

B. Жеңіл тұтанатын заттары бар бөлмелер

C. Жарылғыш қоспаларыц бар бөлме

D. Құрғақ шаңсыз бөлме

E. Ылғалдылығы 100% бөлме

4. Элеектроқауіпсіздік бойынша негізгі қорғау шараларына жатпайды

A. Шектеу (изоляция)

B. Металл плиталар

C. Электрқорғау құралдары

D. Қоршаушы қорғау құралдары

E. Алдын алу белбеулері

5.Электр тогымен зақымдануға әсер етпейді

A. Электр үрдісінің автоматизациясы

B. Адам денесінің кедергісі

C. Ток әсерінің ұзақтығы

D. Ток тегі және жиелігі

E. Адамның жеке тұлғалық қасиеттері

7. Электр қауіпсіздік бойынша негізгі қорғау шаралары

A. Электроизоляция құрылғыларын қолдану, жерлендіру, жүктеме кезінде сөндіру

B. Желдету құрылғылары, сору, фильтрлеу қондырғылары, жылу әсерлерінің экрандары

C. Діріл және шу басқыштарды қолдану, қозғалмалы және қауіпті элементтер қоршауларының құрылғылары

D. Жұмыс мүшелерін жарықтандыру, жұмыс және апатты жағдайдағы бақылау құралдарын басқару

E. Электр қамтамасыз етудің қосымша құралдарын қолдану

8. Электр жарақаты кезінде алғашқы көмек көрсету:

A. Жасанды қанайналым

B. Зақымданған адамды ток әсерінен босату

C. Зақымданған адамға алғашқы көмек көрсету

D. Жасанды дем беру

E. Асқазанды жуу

Қолданылған әдебиет:

1. Долин П.А. «Справочник по технике безопасности» 5-е изд., М: Энергоизлат, 1982. 800 с.


Практикалық жұмыс №4

Рентген сәулесінен қорғау экранын есептеу және дозиметр жұмысын зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Ионданған сәуле түрлерін, радиациялық қауіпсіздік көрсеткіштерін зерттеу, шекті дозаларды нормалау принциптерін түсіндіру, қондырғымен танысу және ДИ-1 дозиметрін пайдалану, қорғау экрандарын есептеу әдістемесін түсіндіру.

Жұмыстың жоспары:

1.Әдістемелік нұсқауды оқу.

2.Тақырып бойынша берілген есептерді және мысалдарды шешу.

3.Жұмысты орындағаны жөнінде есеп (қорытынды) шығару.

· Жұмыс мақсатын құрастыру.

· Қондырғыға қысқаша сипаттама беру және жеке дозиметрдің ИД-1 жұмыс істеу принципін түсіндіру.

· Өлшенген сәуле дозасын ШШК-мен салыстыру.

· Қорғау экранын пайдалану кезінде сәуле интенсивтілігі әлсіреуінің еселігін қолайсыз жағдайда есептеу.

Теориялық бөлім

Грунтта радиоактивті заттардың болуы кезінде табиғи жағдайда атмосферада ионданған сәулелер болады, сондай-ақ ядролық жарылыстар нәтижесінде немесе радиоизотопты приборлар мен аппараттар (рентген аппараттары, дефектоскоп гаммасы) қолданған кезде пайда болады.

Ионданған сәулелердің төмендегідей түрлерін бөліп көрсетеді:электромагнитті радиация (рентген сәулелері, гамма сәулелер) және корпускулалы радиация (альфа бөлшектер, бета бөлшектер, протон мен нейтрондар ағыны). Радиоактивті сәулелер адам ағзасына әсер еткенде жасуша ішіндегі заттардың молекулалары мен атомдарының иондануын тудырады, судың сутегі мен гидроксил топтарына ыдырауы жүреді. Ағза жасушаларындағы химиялық құрылыстық, молекулалық байланыстардың бұзылуы жасушаның тіршілік қызметіндегі өзгерістереді тудырады. Табиғи радиациялық фоннан асып кететін сәуленің біраз мөлшерімен жүйелі радиоактивті сәулелену кезінде сәулелі ауру және өлім қаупі пайда болуы мүмкін (6.1-сурет)

Адам азғасына күшті физиологиялық әрекетті нейтронды, альфа-, бета- сәулелер тудырады. Әсіресе өткір қабілеттілікке гамма-кванттар ие болады. Ағзаға радиоактивті сәуленің әсері тәуелді болатын негізгі факторлар: сәулелену түрі, сәуле шығару энергиясы, сәулеленудің ұзақтығы. Сәулеленудің салдары дененің қай бөлігі сәулеленуге ұшарағанына тәуелді.

Радиоактивтіліктің терминдеріне сипаттама мен өлшем бірліктері 6.1 және 6.2-кестелерде берілген.

Радиоактивті сәулелердің жеткілікті дозалары радиациялық қауіпсіздік нормаларымен РҚН-76\87(НРБ-76\87) реттеліп отырады. Бұл құжатпен сәулеге ұшырайтын тұлға категориясы және критикалық органдар тобы анықталады:

А категориясы – көздермен тікелей жұмыс жасайтын адамдар;

Б категориясы – радиоактивті сәуле көздерімен жұмыс жасайтын бөлмелерде және территорияларда жұмыс істеуші адамдар (тұрғылықты жердің шектелген бөлігі).

В категориясы – ел тұрғындары.

 

6.1-кесте

СИ жүйесіндегі терминдердің атауы, белгіленуі және анықтамасы.

Атауы Символ Белгі ленуі Анықтамасы (ХЖ)  
Активтілік А Бк Беккерель-секундтағы бір ыдырауға тең (ыдыр\c)
  Сіңірілген доза Д Гр Грей-массасы 1кг (Дж\кг) сәулеленген затқа (биобъект) берілетін, кезкелген түрдің ионданған сәулесінің 1 Дж энергиясына сәйкес келетін сәуленің сіңірілген дозасының шамасы.
Экспозициялық доза Дэкс Кл\кг Килограмдағы кулон-бір кулонға тең әрбір таңбаның заряды бар, корпус кулалы эмиссия кезінде құрғақ атмосфералық ауада массасы 1кг теңэкспозициялық дозасы
Эквивалентті доза Дэкв Зв Зиверт-бір Грейге тең сіңірілген доза сияқты биологиялық эффект тудыратын, биологиялық ұлпаның бір килограммы мен сіңірілген, кезкелген сәуле түрінің эквивалентті дозасы
Сіңірілген дозаның қуаттылығы Р Гр\с Секундтағы биообъект массасының килограмындағы бір джоульге тең секундтағы Грей
Экспозициялық доза қуаттылығы Рэкс Кл\кг*с Секундтағы биообъект массасының килограмындағы кулон  
Эквивалентті доза қуаттылығы Рэкв Зв\с Секундтағы зиверт  

 

 

6.2-кесте

Жүйеден тыс өлшем бірліктер анықтамасы, белгіленуі және олардың арасындағы қатынастар

Белгіленуі Анықтамасы Қатынастар
     
  Ки Кюри-секундтағы 3,7*1010ыдырауға тең шама 1Бк = 1 ыдыр /с = = 2,7 11Ки 1Ки = 3,7-1010 ыдыр /с = 3,7*1010 Бк
    Рад   Рад (радиоактивті доза) заттың бір граммы арқылы 100 эрг тең сіңірілген энергияға сәйкес келеді   1Гр = 1Дж/кг = 100рад 1рад = 10-2Дж/кг  
  Р   Рентген-әрбір зарядтың электр мөлшері 1СГСЕ болатын ауаның 1 м3-да корпус кулалы эмиссия туындауы кезіндегі фотонды сәуле дозасы     1Кл/кг=3,88*103Р 1Р=2,58*104Кл/кг
    Бэр     Бэр (рентгеннің биологиялық эквиваленті)-фотонды сәуленің бір рад дозасында сіңірілген шамасына тең биологиялық эффекті байқалуы кезіндегі биологиялы құлпаның бір грамымен сіңірілетін кезкелген сәуленің энергиясы 1Зв = 1гр/К = 1Дж/кг К = 100рад/К = 100Бэр 1бэр = 1рад/К = Дж/кг К
  Рад/с   Секундтағы рад 1Гр/с= 1Дж/кг с = 1*102 рад/с 1 рад/с =1*10 -2Дж/кг с
  Р/с Секундтағы рентген 1Кл/кг с = 3,88 10-3Р/с 1Р/с = 2,58 10-4Кл/кг с
Бэр/с   Секундтағы бэр 13в/с = 100Бэр/с 1Бэр/с = 1 10-2Зв\с

 

Барлық категориялар үшін сыртқы және ішкі сәулеленудің дозалары анықталған (6.3-кесте)

Сыртқы сәуле-сәуленің бөліну көзіне қатынасы бойынша сыртқы болып есептелетін ионданған сәуленің ағзаға әсері.

Ішкі сәуле-ағзаның ішінде болатын радиоактивті заттардың ионданған сәулесінің ағзаға әсері.

 

6.3-кесте

Календарлық жыл үшін бэр, сыртқы және ішкі сәуле қосындыларының дозалық шектері Критикалық органдар тобы
I   II   III  
       
А категориясы үшін шегі шектеулі доза, ШШД      
Б категориясы, ШШД 0,5 1,5  
В категориясы, ШШД 0,05 0,5  

 

Ескерту:

І – барлық денелер, гонадалар(жыныстық бездер), қызыл сүйек миы;

ІІ – бұлшық еттер, бауыр, асқазан - ішек тракты, бездер, өкпе, көз хрусталигі, май ұлпасы.

ІІІ – тері жабыны, сүйектер, иық алды, табан.

Шегі шектеулі доза ШШД – адамның сәулені қабылдауының жылдық деңгейі, егер ол елу жыл бойы біртіндеп жинақталатын болса, онда қазіргі әдістермен анықталатын сәулеге ұшыраушының өз денсаулығына қолайсыз өзгерістер әкеледі.

Радиоактивті қауіпсіздіктің жоғары шегін ұзақ уақыт есептеп, адамның барлық тіршілігіне 35 биологиялық эквивалент рентген (бэр) деп есептелген. Қазір оның нормативі 7 бэрге дейін төмендеген. Доза 35 бэр болса, ол өте жоғары, ал 7 бэр - өте төмен мән (6.2-сурет)

Сәулеленудің төменгі дозасы туралы мәселе пікір таласқа ие: көптеген мамандарың пікірінше, мутагенді эффектіні табиғи радиациялық фон тудырады. Шындығында кері салдарлар 6.2-суретте көрсетілгеннен де гөрі аз дозада басталады.

Өйткені адам ионданған сәулені сезбейді, сондықтан жұмыс орнында сәулеленуді үнемі өлшеп, бақылап отыру керек. Ол үшін радиометрлер мен дозиметрлерді пайдаланады.

 

6.2 – сурет

 

Жасалатын және шығарылатын дозиметрлік және радиометрлік приборлардың негізгі типтері мен параметрлері өлшенетін физикалық шамаларға, ионданған сәулелер түріне және ионданған сәулелерді өлшеу құралдарының негізгі көрсеткіштері номенклатурасына тәуелді дайындалады. Мұндай көрсеткіштеріге мыналар жатады: өлшенетін физикалық шама, өлшеу диапазоны, энергия диапазоны немесе нуклидті (нуклидтерді) өлшеу; өлшеу құралдарындағы жіберілетін негізгі олқылықтар (қателер) шегі, сезімталдық және энергетикалық тәуелділік.Радиациялық бақылау приборлары дайындалуы бойынша шартты түрде төмендегідей топтарға бөлінуі мүмкін:

· Рентгенметрлер – ионданған сәуленің экспозициялық доза қуаттылығын өлшейтін приборлар.

· Радиометрлер – ионданған сәулелер ағынының тығыздығын өлшейтін приборлар (бета-бөлшек, нейтрондар және басқалардың сыртқы ағынының интенсивтілігі.)

· Ионданған сәулелердің экспозициялық немесе сіңірілген дозасын өлшейтін жеке дозиметр-приборлар.

 

ИД-1 қондырғысы және жұмыс принципі

Жеке дозиметрлер адамның қабылдаған нейтронды сәуле гаммасының дозасын жеткілікті дәл анықтауға мүмкіндік береді. Дозиметр жұмысының принципі (6.3-сурет) төмендегілерге негізделген: ионизациялық камера және конденсатор (3) потенциялын азайтатын ионизациялық ток иондаушы сәуленің ионизациялық камера (2) көлемінде зарядталған дозиметрге әсер етуі кезінде пайда болады.

Потенциалдың азаюы сәуле дозасына пропорционалды. Потенциал өзгерісін өлшеу ионизациялық камера ішінде орналасқан, аз габаритті электроскоп (1) көмегімен жүргізіледі. Платиналы жіпті электроскоптың қозғалмалы жүйесінен ауытқу радаларда градуирленген, шкаласы бар микроскоп көмегімен өлшенеді (4 контакт). Дозиметрдің сызықтық шкаласын қамтамасыз ету үшін ионизациялық камераның зарядты потенциалы 180-нен 250 В дейінгі аралықта болады.

Бақылау сұрақтары

1. Ионданған сәулеленудің түрлерін атаңыздар және оларға сипаттама беріңіздер.

2. ШДД-ның сәулеленуіне анықтама беріңіздер.

3. Ионизациялаушы сәулелену адам ағзасына қалай әсер етеді?

4. Қандай материалдар рентгендік сәулеленуден сақтауы мүмкін?

5. ШШД-ның сәулелену нормалары неге байланысты?

6. Нейтрондық сәулеленуден қорғайтын құралдар.

7. және сәулеленуден қорғайтын құралдар?

8. Ионизациялаушы өлшеулер көзімен жұмыс істеу қауіптілігі неде?

9. Ионизациялаушы сәулеленуге жағымсыз әсер етуден қорғайтын шараларды атаңыздар?

10. ИД-1 қондырғысына, дозиметрлік приборларға сипаттама беріңіздер.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 333 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Глоссарий | РКонституциясы | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Глоссарий | Глоссарий | Глоссарий | Есептеу мысалы | Блиц тест | Глоссарий | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар| Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)