Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий. Эвакуация – тұрғындарды және материалды байлықтарды апатты

Читайте также:
  1. Глоссарий
  2. ГЛОССАРИЙ
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. ГЛОССАРИЙ

Эвакуация – тұрғындарды және материалды байлықтарды апатты жағдайлардан және адам өмірін сақтау мақсатында, өндірісті қамтамасыз етуде зақымданудың заманауи құралдарын қолдану мүмкін болатын аудандардан ұйымдасқан шығару.

Рассредоточение — соғыс уақытында өндірістік іс-әрекетті жалғастырушы кәсіпорынның жұмысшылатын және қызметкерлерін (олардың отбасы мүшелерін) категорияланған қалалардан ұйымдастырып шығарып, қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Қауіпсіз аймақ – мүмкін болатын бұзылулар, радиактивті ластану және химиялық улану, сонымен қатар апатты топан су басу аймақтарынан тыс орналасқан, көшірілген тұрғындарды орналстыруға және оның өмірінің бірінші ретті қажеттілігін қамтамасыз ету үшін алдын ала дайындалған территория.

Бөлшектеп эвакуациялауға көлік жұмысының графигін бұзбай эвакуациялық іс-шараларға дейінгі зақымданудың заманауи құралдарын қолдану қауіптілігі кезінде қызмет көрсету (зейнеткерлер, ЖОО-ның студенттері, колледж, лицей және гимназия, мамандандырылған мектеп-интернат оқушылары, балалар үйі мен арнайы балалар мекемелеінің тәрбиеленушілері, администрация мен оның жанұясының мүшелері) саласында және өндірісте қамтамасыз етілмеген тұрғындар жатады.

Сұлбалар, есептер, жағдайлар

Адамдарды эвакуациялау уақытын есептеу мысалы.

Эвакуациялау жолдары мен уақытының есебін әмбебеб дүкеннің екінші қабатының сауда залының мысалы бойынша қарастырамыз. Оның көлемі 10 мың.м3, ауданы F(t.3.)=544 м2, оның ішінде F(o6.)=108м2жабдық алып тұр. Төтенше жағдай туындауы кезіндегі залдағы адамдар саны (N) 400 адам болды.

Шешуі:

1)Ағынның орташа тығыздығы:

D(орт)=N / (F(с.з.)-F(жал.))=400/(544-108)=0,966адам/м2

2)Эвакуациялаудың барлық жолын 10 участокке бөлеміз

3)Ұзындығы 3 метр және ені 17 метр болатын бірінші участокте келесілер табылады:

N(l)=F(l)*D(оpт)='3*17*0,966=49адам. Формула бойынша бірінші участоктегі адам ағындарының тығыздығын табамыз, ал 4.2-кесте бойынша табылған тығыздыққа сәйкес жылдамдық мәні мен қозғалыс қарқындылығын анықтаймыз:

D(1)=49*0,125/3*7=0,12m2/m2

V=76м/мин; q=8,8м/мин

4) Өлшемдері бірдей 2-7 участоктерде (ұзындығы 26м және ені 2м) қозғалыс үрдісі кезінде орналасады:

N(2)=N(3)=N(4)=N(5)=N(6)=N(7)=F(2)*D(оpт)+(l/6)N(l)=26*2*0,966+(l/6)*49=584адам. 2-7 участоктердегі ағын тығыздығы, қозғалыстың жылдамдығы мен қарқындылығы құрайды:

D(2-7)=58*0,125/26*2=0,14m2/m2

V(2-7)=72m/мин; q(2-7)=9,6м/мин

5)Ұзындығы 3 метр және ені 17 метр сегізінші участокте ағында тоғысады. Осы участоктегі қозғалыс қарқындылығы келесі формуламен анықталады:

q(8)=9,6*2*6/17=6,8м/мин V=88м/мин

6)Тоғызыншы участок ені 5 метр болатын қуыс түрінде болады. Осы участоктегі қозғалыс қарқындылығы келесіге тең болады:

q(9)=q(8)*b(8) / b(9)=6,8*17/5=23,1м/мин >q(мах)=16,5м/мин. Нәтижесінде, бұл қуыс эвакуацияланып жатырған адамдарды кедергісіз өткізе алмайды және қозғалыс кідіруі мүмкін. Қуыс енін келесі өлшемдерге дейін үлкейту керек:

b(9)= q(i-i)*b(i-i) / q(Max)= 17*6,8/16,5= 7м

7)Сатыға апаратын оныншы участоктегі (ені 8 метр және ұзындығы 4 метр) қозғалыстың қарқындылығы және жылдамдығы келесіге тең болады:

q(10)=q(9)*b(9) / b(10)=16,5*7/8=14,4м/мин

V(10)=45,9м/мин

8)Ені 2,4 метр болатын саты бойынша қозғалыс ағынының қарқындылығы құрайды:

q(л)=q(10)*b(10) / b(л)=14,4*8/2,4=48м/мин >(мах)=16м/мин. Сатының енін ұлғайту мүмкін болмағандықтан, (норма бойынша оның максималоды ені 2,4 м) сатыда қозғалыстың кідіруі пайда болады. Ағын тығыздығы бойынша (0,966 адам/м2) 4.2-кестеден сатымен қозғалған адамдар қозғалысының қарқындылығы мен жылдамдығын табамыз:

V(л)=8м/мин; q(л)=7,2м/мин

Кідірту уақыты:

tкідірту400*0,125*(l/7,2*2,4 - 1/14,4*8)=2,95мин

9)Бірінші қабаттың есігінен (1,5 метр) өтетін қозғалыстың қарқындылығын анықтаймыз:

q(есік)=q(с)*b(с) / b(қозғ)= 7,2*2,4/1,5=11,5м

10)Әр участоктегі адамдар қозғалысының уақытын анықтаймыз:

t(1)=L(1)/V(1)=3/76=0,04мин

t(2-7)=26/72=0,36мин

t(8)= 3/88=0,03мин

t(10)=4/45,9=0,09мин

t(с)=2*3,6/8=0,9мин

Эваукуациялаудың жалпы уақыты:

t(p)= t(l)+t(2-7)+t(8)+t(10)+ t(л)+ t3aa =0,04+0,36+0,03+0,09+1,35+2,96=4,82мин Эвакуациялаудың есептік уақыты өрт сөндіру қауіпсіздігінің (4,3 және 47,4-кесте) талаптарын қанағаттандырмайды, сондықтан бөлмені қайтадан жобалау керек

Блиц–тест

1. Ғимараттар мен құрылыстардан эвакуациялау процесін сипаттайтын негізгі параметрлерге не жатады?

A. тығыздық – Р, үдеу – а, температура – Т

B. тығыздық – D, қозғалыс жылдамдығы – v, жолдың өткізу қабілеті - Q

C. D, T, v

D. D, a, q

E. Q, Т, а

2. N адамдардан тұратын ағынның тығыздығын анықтайтын формула?

A. D=N/A

B. A=q*l

C. P=N/A

D. A=P/N

E. D=Р/N

3. Жолдың өткізу қабілеттілігін анықтайтын формуланы тап?

A. q=D*v

B. D=v/q

C. Q=D*v*σ

D. D=N/А

E. q=D*v*σ

4. Адамдар ағыны қозғалысының интенсивтілігі қандай шамаларға тәуелді?

A. қозғалыс тығыздығы мен жылдамдығына

B. жолдың ұзындығы және адамдар санына

C. ағынның максималды интенсивтілігіне

D. эвакуациялық бөлік жолдарының ауданына

E. жол ұзындығы мен жылдамдығына

5. Баспалдақтар маршының максимум ені нешеге дейін рұқсат етіледі?

A. 1,8м

B. 2,4м

C. 2,8м

D. 3м

E. 3,5м

6. Эвакуациялық шығу дегеніміз не?

A. Эвакуациялық шығуға апаратын және арнайы уақыт ішінде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін жолдар

B. қалыпты қозғалыс кезінде пайдаланылмайтын, бірақ аяқ астынан болатын эвакуация кезінде қажетті уақытша қолданылуы мүмкін жерлер

C. есікті қуыстар, егер олар бөлмеден тікелей сыртқа шығаратын болса, тікелей немесе вестибюль алқылы сыртқа шығаратын баспалдақты торлар

D. адамдар эвакуациялық жолмен қозғала отырып, адамдар ағынының түзілуі

E. үйдің алыс нүктесінен эвакуациялық шығуға дейінгі адамдар қозғалысы

7. Эвакуациялық жолдар дегеніміз не?

A. Эвакуациялық шығуға апаратын және арнайы уақыт ішінде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін жолдар

B. қалыпты қозғалыс кезінде пайдаланылмайтын, бірақ аяқ астынан болатын эвакуация кезінде қажетті уақытша қолданылуы мүмкін жерлер

C. есікті қуыстар, егер олар бөлмеден тікелей сыртқа шығаратын болса, тікелей немесе вестибюль алқылы сыртқа шығаратын баспалдақты торлар

D. адамдар эвакуациялық жолмен қозғала отырып, адамдар ағынының түзілуі

E. үйдің алыс нүктесінен эвакуациялық шығуға дейінгі адамдар қозғалысы

8. Қордағы шығарылатын жерлер дегеніміз не?

A. Эвакуациялық шығуға апаратын және арнайы уақыт ішінде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін жолдар

B. қалыпты қозғалыс кезінде пайдаланылмайтын, бірақ аяқ астынан болатын эвакуация кезінде қажетті уақытша қолданылуы мүмкін жерлер

C. есікті қуыстар, егер олар бөлмеден тікелей сыртқа шығаратын болса, тікелей немесе вестибюль алқылы сыртқа шығаратын баспалдақты торлар

D. адамдар эвакуациялық жолмен қозғала отырып, адамдар ағынының түзілуі

E. үйдің алыс нүктесінен эвакуациялық шығуға дейінгі адамдар қозғалысы

9. Квазистационарлы деген терминге түсініктеме бер?

A. үйдің алыс нүктесінен эвакуациялық шығуға дейінгі адамдар қозғалысы

B. қарастырылатын уақыт кесіндісі үшін жылу алмасу режимі

C. ғимараттардан шыққан адамдар қозғалысы және олардың қала ағынында немесе зауыт территориясында таралуы

D. горизонтальді, әрі иілмелі бағытта бос ұзындықпен l және қозғалыс енімен δ сипаттайтын эвакуациялық жолдар

E. үйдің эвакуациялық шығатын жерінен сыртқа шыққанға дейінгі адамдар қозғалысы

10. Эвакуациялаудың қауіпсіздік шарты қандай өрнекпен анықталады?

A. tp < tн.б

B. tн.б = кқτп.к

C. t1 = l1/v1

D. tp = t1 + t2 +…. ti

E. t2 = l2/v2


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 179 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Глоссарий | РКонституциясы | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Блиц тест | Глоссарий | Есептеу мысалы | Блиц тест | Глоссарий | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар| Глоссарий

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)