Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

РКонституциясы

Студент адам денсаулығын қорғау бойынша негізгі болып табылатын конституция баптарымен танысады (13,24,27 және т.б. баптар).

2.2 Еңбек туралы заңдар кодексі (ЕтЗК).

Студент ЕтЗК құрылымымен және еңбекті қорғау бойынша негізгі бөлімдердің мазмұнымен танысады (ұжымдық келісім, жұмыс уақыты, демалыс уақыты,әйелдер мен жастардың еңбегін қорғау, еңбекті қорғау бойынша бақылау).

2.3 «Еңбекті қорғау туралы» ҚР заңы

Студент заңның мазмұнын, оның құрылысын, еңбекті қорғау бойынша жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелердің құқығын және міндеттерін, еңбекшілерді білуі тиіс.

2.4 «Қазақ ССР-дағы қоршаған ортаны қорғау туралы» заң

Студент табиғатты қорғау сұрақтарын реттейтін ұйымдар мен кәсіпорындардың және азаматтардың құқығы және міндеттерімен танысады.

2.5 Табиғатты пайдаланудың құқықтық мәсәлері бойынша заңдар

Студент елімізде табиғатты пайдаланудың құқықтық негіздері бойынша заңдар жүйесіне мыналар жататынын меңгеруі тиіс:

· Қазақстан Республикасының Жер Кодексі.

· Қазақстан Республикасының Су Кодексі.

· Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы кодекс.

· Қазақстан Республикасының Орман кодексі.

· «Жануарлар әлемін пайдалану және өндірісті қалпына келтіру, қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

· Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заң.

Студент табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою, тұрғылықты халықты қорғау аймағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері және заң құрылымымен танысады.

Заңның мақсаты – авариядан, катастрофиядан және әр түрлі апаттардан тұрғындар мен ел территориясының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, құқықтық, экономиқалық және ұйымдастырылған-техникалық шараларды қалыптастыру жүйелері, бірыңғай мемлекеттік және техникалық саясатты жүргізу кезіндегі қоғамдық қатынастарды реттеу.

Басқа аталған заңдардың мақсаты– табиғатты қорғау көзқарасы тұрғысынан адам қызметінің экологиялық жүйелермен өзара байланысының тепе – теңдігін сақтау.

2.6 ЕҚСЖ стандарттары

ЕҚСЖ стандарттары 12 класқа ие. Оның классификациялық топтамалары 1.1. кестеде көрсетілген.

Классификациялық топтамалар стандарттары ЕҚСЖ стандартттарының құрылымы мен келісу ерекшеліктерін қалыптастыруы тиіс;

- еңбек қауіпсіздігі аймағындағы терминологияны;

- қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың классификациясын;

- еңбек қауіпсіздігін бағалау әдістерін;

1-классификациялық топтаманың стандарттары төмендегілерді қарастыруы керек:

· нормаланатын параметрлердің шектеулі жеткілікті мәндерін;

· оларды өлшеу әдістерінің талаптарын;

· қауіпті және зиянды заттармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік талаптарын.

2 және 3 классификациялық топтамалар өндірістік процестер мен өндірістік қондырғылардың барлық жеке топтарына жалпы қауіпсіздік талаптарды бекітетін мемлекеттік стандарттарды қамтуы тиіс, сонымен қатар өндірістік процестер мен өндірістік қондырғылардың бөлек топтарына, жалпы қауіпсіздік талаптарына қойылатын стандарттар және осы классификациялық топтамалардың стандарттарын дайындау бойынша нұсқауларды да қарастырады.

 

1.1. кесте

Классификациялық топтамалар коды Классификациялық топтамалар стандарттарының атауы  
  Негізге алынатын мемлекеттік стандарттар
  Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түрлері бойынша жалпы талаптармен нормалардың мемлекеттік стандарттары
  Өндірістік қондырғыларға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптарының стандарттары
  Өндірістік процестерге қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптарының стандарттары.
  Жұмысшыларды қорғау құралдарына қойылатын талаптардың стандарттары
5-9 Резерв (артық қор)

 

2–классификациялық топтаманың стандарттары мынаны қарастыруы тиіс:

· қондырғы конструкциясына толықтай және оның жеке элементтеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын (жұмысшы органдарға, басқару органдарына, бақылау құралдарына, сигнализацияға, қорғау жабдықтарына және тағы сол сияқты);

· қауіпсіздік талаптарын орындайтын бақылау әдістерін.

3-классификациялық топтаманың стандарттары төмендегілерді қарастыруы тиіс:

· технологиялық жүйе элементтерінің жылжуына, өндірістік қондырғылардың жұмыс режиміне, жұмыс орындары мен персоналдың еңбек режиміне және басқару жүйелеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын;

· жұмысшыларды қорғау құралдарын пайдалануға қойылатын талаптарды;

· қауіпсіздік талаптарын орындайтын бақылау әдістерін.

4–классификациялық топтама жұмысшыларды қорғау құралдарының классификациясын бекітетін мемлекеттік стандарттарға және топтар мен бөлек қорғау құралдарына қойылатын талап стандарттарына ие болуы керек.

4–классификациялық топтама стандарттары мыналарды қарастыруы тиіс:

· қорғау құралдарының конструктивті, эксплуатациялық, қорғау және гигиеналық қасиеттеріне қойылатын талаптарды;

· оларды сынау және бағалау әдістерін.

 

ЕҚСЖ стандарттарын белгілейтін төмендегідей құрылымды қарастырады:

МССТ XX X XXX XX

 

Соңғы екі сан жылды белгілейді

топтамадағы реттік нөмірі

топтама коды(кесте бойынша)

класс (12)

 

индекс (МССТ)

 

Стандартты белгілеу, мысалы: «Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі.

Негізгі жағдайлар»: МССТ 12.0.001 – 74.

2.7 ТҚСЖ стандарттары

ТҚСЖ табиғи ресурстарды сақтауға, қалпына келтіруге және тиімді пайдалануға бағытталған өзара байланысты стандарттар комплексінен тұрады.

ТҚСЖ құрылысы:

ТҚСЖ МССТы 17 класқа ие және келесі комплекстерге бөлінеді:

17.0 – ұйымдастыру – әдістемелік стандарттары

17.1 – гидросфера

17.2 – атмосфера

17.3 – жер қойнауы

17.4 – топырақ

17.5 – жер

17.6 – флора

17.7 – фауна

17.8 – ландшафттар

 

Стандарттар топтамасы 1.2–кестеде келтірілген.

1.2. кесте

Классификациялық топтама коды Классификациялық топтама стандарттарының аталуы
  Негізгі жағдайлар
  Терминдер, классификация.
  Сапасы, қалдықтар параметрлері
  Табиғатты құқықтық қорғау
  Табиғи орта күйінің параметрлерін анықтау әдістері
  Бақылау құралдарына талаптар
  Аппараттарға қойылатын талаптар
  Басқалары

 

 

ТҚСЖстандарттарынбелгілеудіңтөмендегідейқұрылымыбекітілген:

ГОСТ X X X XXX XX

 


соңғы екі сан жылды белгілейді

 

топтамадағы реттік нөмір

 

топтама коды (1.2 –кесте бойынша)

комплекс

класс (17)

 

индекс (МССТ)

 

Стандартты белгілеу мысалы: «Табиғатты қорғау. Жер. Рекультивация үшін бұзылған жерлердің классификациясы».

МССТ 17.5.1.02 – 78.

2.8 Құрылыс нормалары және ережелері (ҚНжЕ) және құрылыс нормалары (ҚН)

Стдент ҚнжЕ және ҚН-мен танысқан кезде оның бір бөлігі ғимарат қондырғыларының талабын, қауіпсіздіктің қорғау құралдарын және өндірістік санитарияны реттейтінін игеруі керек.

Мысалы:

· ҚнжЕ 11-4-79 «Шынайы және жасанды жарықтандыру. Жобалау нормалары»;

· ҚнжЕ 2.0.02.-85 «Ғимараттарменқұрылыстардыөрткеқарсыжобалаунормалары»;

· ҚнжЕ 111-12-71 «Шудан қорғау»;

· ҚН 305-77 «Ғимараттармен құрылыстарды найзағайдан қорғау қондырғылары және жобалау бойынша нұсқаулар».

2.9 Қауіпсіздікережелері

Студент қауіпсіздік ережелерінің құрылысымен танысады, олардың мазмұның, яғни, негізінен, ережелер жарақаттардан қорғау бойынша ұйымдық және техникалық шараларға ие екенін меңгереді.

Халық шаруашылығының барлық саласындағы объектілер мен кәсіпорындарды эксплуатациялау, құрылыс және жобалау кезіндегі сала аралық қауіпсіздік ережелерін студент айыра білуі керек, мысалы:

- «Электрқондырғыларын қондыру ережелері»

- «Жүк көтергіш крандарды қондыру ережелері және қауіпсіздік эксплуатациясы»;

және кәсіпорының тек қана бір саласына таралатын салалық қауіпсіздік ережелері. Мысалы:

- «Домна өндірісіндегі қауіпсіздік ережелері»

- «Прокат өндірісіндегі қауіпсіздік ережелері».

2.10 Өндірістік санитария нормалары

Студент ҚН 245-71 мазмұны және құрылысымен танысады. «Өнеркәсіп орнын жобалаудың санитарлық нормалары» кәсіптік аурулардан сақтау талаптарын санитарлық нормалар реттейтінін түсіндіреді.

2.11 Қауіпсіздік техникасы бойынша инструкция

Бұл әрбір мамандық үшін бөлек әкімшілік цехтарының қауіпсіздік ережелері негізінде немесе әрбір жұмыс істеп жатқан адам үшін оның жұмыс орнындағы жұмысының қауіпсіздік ережелерін қабылдау мақсатында құрылады. Мұнда берілген цехтың ерешеліктері, жабдықтары, технологиялық процестері, орындалатын операциялары ескеріледі.

Инструкцияны баяндау тәртібі процесс барысына сәйкес келуі керек. Инструкция мазмұны төмендегідей:

- жұмысшыларға тікелей арналуы керек;

- айқын, анық, техникалық сауатты және түсінікті болуы керек;

- операцияны қауіпсіз орындау тәртібін,жұмыс істеген кездегі міндеті мен ережелерін, жұмысшыларға қойылатын тиянақты түрдегі қалыптасқан талаптарды анықтауы керек;

- орындалуы жұмысшыларға байланысты емес талаптарды қамтымайды.

Сонымен қатар инструкцияға жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыс орнына ауысу және одан кету кезіндегі қауіпсіздік шаралары және алғашқы көмек көрсету әдістері кіреді. Инструкция техникалық қауіпсіздік бөлімімен, кәсіподақ комитетімен келісіледі және кәсіпорын басшысымен бекітіледі.

3. Есепке қойылатын талаптар

Есепте мыналарды көрсету керек:

- жұмыс мақсаты.

- қоршаған орта мен еңбек қорғау бойынша құқықты және нормативті техникалық құжаттардың түрлерін, құрылымын және тағайындалуын.

Блиц тест:

1. Қоршаған ортаны қорғау заңдылығы неге бағытталған?

A адам әрекетінің табиғатқа зиянды әсерін болдырмауға

B табиғи тепе – теңдікті сақтауға

C табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға

D адам құқығын, өмірі мен денсаулығына қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге

Eбарлық жауап дұрыс

2. Берілген заңдардың қайсысы нормативті – техникалық құжаттарға жатпайды?

A Қазақстан Республикасының конституциясы

B Табиғатты қорғау бойынша стандарттар жүйесінің стандарттары

C Табиғатты пайдаланудың құқықтық мәселелері бойынша заң

D Еңбек туралы заң кодексі

E «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы

3. Берілген заңды актілердің арасынан артығын тап.

A «Еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы

B Қауіпсіздік ережелері

C Өндірістік санитарияның нормалары

D Қауіпсіздік техникасы бойынша инструкция

E Құрылыс нормалары мен ережелері

4. Табиғатты пайдаланудың құқықтық негіздері бойынша заңдар жүйесіне не жатпайды?

A Қазақстан Республикасының Жер Кодексі

B Қазақстан Республикасының Су Кодексі

C Қазақстан Республикасының Орман Кодексі

D Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы кодекс

E Қазақстан Республикасының Ауа Кодексі

5. ЕҚСЖ стандарттары неше класқа ие?

A 11

B 10

C 12

D 9

E13

6. ЕҚСЖ стандарттарының 4 классификациялық топтама кодына сай келетін атауды көрсет.

A Негізге алынатын мемлекеттік стандарттар

B Өндірістік қондырғыларға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптарының стандарттары

C Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түрлері бойынша жалпы талаптар мен нормалардң мемлекеттік стандарттары

D Жұмысшыларды қорғау қорғау құралдарына қойылатын талаптардың стандарттары

E Өндірістік процестерге қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптарының стандарттары

7. ТҚСЖ стандарттары неше класқа ие?

A 13

B 14

C 17

D 16

E 15

8. ТҚСЖ стандарты комплекстерін белгілеуде жіберілген қателікті тап.

A 17.7 – флора

B 17.2 – атмосфера

C 17.4 – топырақ

D 17.8 – ландшафттар

E17.3 – жер қойнауы

9. ТҚСЖ стандарттарының 2 классификациялық топтама кодына сәйкес келетін атау

A аппараттарға қойылатын талаптар

B сапасы, қалдықтар параметрі

C табиғатты құқықтық қорғау

D бақылау құралдарына талаптар

Eнегізгі жағдайлар

10. Қауіпсіздік техникасы бойынша инструкцияны кім бекітеді?

A кәсіпорын басшысы

B кәсіподақ басшысы

C бас инженер

D инженер

E кәсіподақ комитеті

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Сәйкес мамандық бойынша оқулық.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

3. Еңбек туралы Заң Кодексі (ЕтЗК)

4. «Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң.

5. «Табиғи және техногенді сипаттағы кездейсоқ жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

6. Қазақстан Республикасындағы «Еңбекті қорғау туралы» Заң.

7. ҚнжЕ, қауіпсіздік ережелері.

8. ЕҚСЖ және ТҚСЖ стандарттары.

 

Практикалық жұмыс №2

Қондырғылардың жұмыс істеу сенімділігін және өндірістік жарақаттардың анализі.

Жұмыстың мақсаты: Сәтсіз оқиғаларды талдау. Қондырғылардың сенімді жұмыс жасауын анықтау.

Сабақтың жоспары:

- негізгі теориялық сұрақтарды қайталау

- тақырып бойынша берілген есептерді және мысалдарды шешу

- жиілік пен ауырлық коэффициентін анықтау

- сәтсіз оқиғалардың болмау ықтималдығы және т.б.

- өзіндік жұмыстарды орындау

Теориялық бөлім

Өндірістегі сәтсіз оқиға дегеніміз - өндірістік қауіпті факторлардың әсерінен жұмысшымен болған оқиға. Сәтсіз оқиғалар топтық ауыр және өндірістік оқиғалары болып екіге бөлінеді.

Қауіпті өндірістік факторлар деп адам денсаулығының күрт нашарлауына немесе жарақат алуына алып келетін өндірістік факторлар.

Зиянды өндірістік фактор деп жұмысшылардың жұмыс істеу қабілетін төмендедетін және кәсіби сырқатқа әкелетін өндірістік фактор.

Жарақат Кж жиілік коэффициентімен және жарақат ауырлығының коэффициентімен Кт сипатталады:

Кж = 1000 N/Ж, Кт =Д/N,

Мұндағы N –таңдалған уақыт аралығындағы болған сәтсіз оқиғалар саны;

Ч – осы уақыт аралығындағы орташа жұмысшылар;

Д – жұмысқа қабілетті болған күндердің қосындысы.

Сәтсіз оқиғалар:

Pm (t) = e-λt, (m = 0,1,2….) (1.2)

Мұнда λ – уақыт бірлігіндегі сәтсіз жағдайлардың орташа мәні.

Сәтсіз жағдайлар ықтималдығы болмаған жағдайдағы, яғни (m=0) болғанда

P0 (t) =e-λt (1.3)

Кем дегенде сәтсіз жағдайлардың ықтималдығы келесідей анықталады.

Pn (t) = 1 - e-λt (1.4)

Жарақат - қоршаған ортадағы түрлі факторлар әсерінен болуы, мүшелерінің немесе ұлпаларының анатомиялық бүтіндігінің бұзылуы.

Тоқтап жұмыс істейтін қондырғы формуласы:

Pn,l = P`n (t) Pl (1.5)

Тоқтаусыз жұмыс істейтін қондырғы формуласы

P = (N/…n/)/N/ (1.6)

Бақылау сұрақтары

1. Жарақат дегеніміз не?

2. Сәтсіз жағдай дегеніміз не?

3. Жарақаттану немен сипатталады, формулалар келтір Кж, Кт?

4. Қандай формуламен Pm (t), P0 (t), Pn (t), P1 (t) табылады?

5. Тоқтаусыз жұмыс істейтін қондырғы формуласы?

6. Тоқтап жұмыс істейтін қондырғы формуласы?

7. Қауіпті өндірістік факторлар?

8. Зиянды өндірістік факторлар?


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 210 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Блиц тест | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Глоссарий | Глоссарий | Глоссарий | Есептеу мысалы | Блиц тест | Глоссарий | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Глоссарий| Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.043 сек.)