Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық салу объектiсi. 1. Осы келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Осы келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган бекіткен пайдалы қазбалар қорларының физикалық көлемі коммерциялық табу бонусын салу объектісі болып табылады.
2. Барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табуға байланысты өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқық шеңберінде 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасалған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) осы жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде тиісті келісімшарт аумағында бұрын жариялаған;
2) кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. Келісімшарттар жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осындай келісімшарт жасасу сәтінде мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында;
2) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында айқындалады.
4. Келісімшарттар жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында;
2) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында айқындалады.
5. Бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша салық салу объектісі келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдаланушы жариялаған әрбір коммерциялық табу кезінде, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында табу үшін, бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
Осы баптың және осы Кодекстің 320 және 323-баптарының мақсаттары үшін көмірсутек шикізаты бойынша пайдалы қазба қорлары – алынатын пайдалы қазбалар қорларын білдіреді.
Ескерту. 319-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 136 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық салу объектісі | Бап. Операция жасалған күн | Бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы | Бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау | Бап. Салықтан шегерім жасау | Бап. Акциз төлеу мерзiмдерi | Тарау. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ | Бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөнiндегi қызметке салық салу | Бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттемесін орындау тәртібі | Бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі| Бап. Төлеу тәртібі мен мерзімдері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)