Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі

Читайте также:
  1. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  2. Бап. Қолдану тәртібі
  3. Бап. Қолдану тәртібі
  4. Бап. Қолдану тәртібі
  5. Бап. Қолдану шарттары
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

 

1. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбір келісімшарт үшін мынадай мөлшерде жеке белгіленеді:
1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау жүргізуге арналған келісімшарттар үшін:
мұнай келісімшарттары үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2800 еселенген мөлшері;
техногендік минералды құралымдарды игеруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикізатты барлауға арналған келісімшарттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 280 еселенген мөлшері;
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар жөніндегі келісімшарттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген мөлшері;
2) өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар үшін:
мұнай келісімшарттары үшін:
егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшері;
егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0,04%) + (Қа х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:
Қ - А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі мұнайдың, газ конденсатының немесе табиғи газдың жиынтық қорларының құны;
Қа - әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған К2 санатындағы алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
техногендік минералды құралымдарды игеруге арналған келісім шарттарды қоспағанда, минералды шикізат өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім шарттар үшін:
егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшері;
егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0,01%) + (Қа х 0,005%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінен кем емес, мұнда:
Қ - А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен минералды шикізаттың жиынтық қорының құны;
Қа - әлеуетті коммерциялық объектінің және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған С2 санатындағы минералды шикізаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарға арналған келісімшарттар үшін - (Қ х 0,01%)) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған, бірақ айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшерінен кем емес.
Бұл ретте осы баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, осы баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, өндіруге арналған келісімшарттар үшін қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері осы Кодекстің 319 - 322-баптарына сәйкес есептеп шығарылған коммерциялық табу бонусының сомасынан аз болуына болмайды;
3) техногендік минералды құралымдарды қайта өңдеу келісімшарттары үшін - (Қ1 х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем емес;
4) сарқынды суларды ағызу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшері.
2. Пайдалы қазбалар қорларының құны:
1) осы тармақтың 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды қоспағанда, шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшін - қол қойылатын бонусты төлеу күніне белгіленген теңгенің тиісті шетел валютасына айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстің 334-бабына сәйкес конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннің алдындағы күні шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәні негізінде айқындалады. Бұл ретте шикі мұнай мен газ конденсатының Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкілеттік берілген мемлекеттік органы бекіткен қорларының құнын айқындау үшін мәні көрсетілген күні ең жоғары болып табылатын осы Кодекстің 334-бабының 3-тармағында көрсетілген шикі мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәні пайдаланылады;
1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өндірілген табиғи газды жеткізудің ең төменгі көлемі туралы жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша табиғи газ үшін мына формула бойынша:

 

Қ = V1 * Б1 + V2 * Б2,

 

мұнда:
V1 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге жататын А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен табиғи газ қорларының көлемі;
V2 – V1 қоспағанда, А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен табиғи газ қорларының көлемі;
Б1 – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;
Б2 – осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, табиғи газ бағасын белгілеудің орташа арифметикалық мәні;

 

Қа = V1 * Б1 + V2 * Б2,

 

мұнда:
V1 – әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы табиғи газ қорларының көлемі;
V2 – V1 қоспағанда, әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы табиғи газ қорларының көлемі;
Б1 – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;
Б2 – осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, табиғи газ бағасын белгілеудің орташа арифметикалық мәні;
2) осы Кодекстің 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген пайдалы қазбалар үшін - қол қойылатын бонусты төлеу күніне белгіленген теңгенің тиісті шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстің 338-бабына сәйкес конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннің алдындағы күні пайдалы қазбаның шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәні негізінде айқындалады.
Конкурс шарттары жарияланған немесе тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннің алдындағы күні пайдалы қазбалардың тиісті түрлері бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.
Егер пайдалы қазбаларға биржалық баға белгіленбеген жағдайда, пайдалы қазбалардың тиісті түрлерін өндіруге арналған келісімшарттар үшін қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген ең төменгі мөлшерде белгіленеді.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері құзыретті органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.
4. Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкілікті мөлшерін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналып өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер қойнауын пайдаланушымен тікелей келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзыретті орган белгілейді және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгізіледі.
5. Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылатын бонус мөлшері мынадай тәртіппен:
1) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілсе – осындай қорлардың көлеміне қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тәртіппен пайдалы қазбалар түріне қарай;
2) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілмесе – келісімшарт аумағының кеңейту коэффициенті мен осы келісімшарт бойынша қол қойылатын бонустың бастапқы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентін құзыретті орган немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы орган келісімшарт аумағы кеңейтілетін алаң мөлшерінің келісімшарт аумағы алаңының бастапқы мөлшеріне қатысы ретінде айқындайды.
Бұл ретте, егер келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентінің мәні 0,1-ден асқан жағдайда, оның кеңейтілу жағдайларының санына қарамастан, осындай асып кетуге келетін қол қойылатын бонус мөлшеріне 3 коэффициенті қолданылады.
Ескерту. 314-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 210 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Акциз ставкалары | Бап. Салық салу объектісі | Бап. Операция жасалған күн | Бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы | Бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау | Бап. Салықтан шегерім жасау | Бап. Акциз төлеу мерзiмдерi | Тарау. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ | Бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөнiндегi қызметке салық салу | Бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттемесін орындау тәртібі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері| Бап. Салық салу объектiсi

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)