Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Акциз төлеу мерзiмдерi

Читайте также:
  1. Акцизы: объект и субъект налогообложения, подакцизные товары.
  2. Бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау
  3. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  4. Бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі
  5. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
  6. Бап. Әрекетсіз салық төлеуші
  7. Бап. Акциз ставкалары

 

РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-нан кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға жатады.
2. Алыс-берістік шикiзат пен материалдардан өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берiлген күнi төленедi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген шикi мұнайды, газ конденсатын өнеркәсiптiк қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берiлген күнi төленедi.
4. Шарап материалын және сыраны қоспағанда, осы Кодекстiң 279-бабының 2) тармақшасында белгiленген акцизделетiн тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн төленедi.
5. Салық органдарының тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін тиісті белгіні қою жолымен растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 292-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

Бап. Акциз төленетiн жер

 

1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайларды қоспағанда, акциз төлеу ол төленетін объектінің орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын акциз төлеушiлер акцизді салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жерi бойынша төлейдi.
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарлар импортталған жағдайда акцизді төлеу акциз төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 293-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Бап. Салық төлеушiлердiң құрылымдық бөлiмшелер, салық салуға байланысты объектілер үшiн акциз есептеу мен төлеу тәртiбi

 

1. Құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер салық кезеңі ішінде жүргізген акциз салынатын операциялар бойынша акциздің есеп-қисабы (бұдан әрі бөлім бойынша - акциз бойынша есеп-қисап) жеке жасалады.
Акциз бойынша есеп-қисап негізінде құрылымдық бөлімше, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциздің сомасы айқындалады.
2. Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшенің, салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органына акциз бойынша есеп-қисапты осы Кодекстің 296-бабында белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
Бір салық органында тіркелген салық салуға байланысты бірнеше объектісі бар акциз төлеушілер барлық объектілері үшін акциз бойынша бір есеп-қисапты табыс етеді.
3. Ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелер, салық салуға байланысты объектілер үшiн акциз төлеудi акциз төлеушi заңды тұлға тiкелей өзiнiң банк шотынан төлейдi немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледi.
4. Дара кәсіпкерлер салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциз бойынша есеп-қисапты салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша табыс етеді.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 408 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау | Бап. Тауарлар экспортын растау | Бап. Кеден одағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу | Бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері | Бап. Кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі | Бап. Акциз ставкалары | Бап. Салық салу объектісі | Бап. Операция жасалған күн | Бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы | Бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салықтан шегерім жасау| Тарау. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)