Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы
  3. Бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою
  4. Бап. Бақылау-касса машинасын пайдалану
  5. Бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару тәртiбi
  6. Бап. Камералдық бақылау нәтижелерi

 

Ескерту. 653-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Салық органдары акцизделетiн тауарларды өндiрушiлердiң, импорттаушылардың, борышкердің мүлкiн (активтерiн) өткiзу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың осы бапта айқындалған акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалау, акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тәртiбiн сақтауы бөлiгiнде, сондай-ақ акциздiк бекеттер орнату арқылы акцизделетiн тауарларға бақылауды жүзеге асырады.
РҚАО-ның ескертпесі!
1-1-тармақты алып тасталу көзделген - ҚР 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) акцизделетін тауарларды әкелу (әкету) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.
2. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі бұйымдары – акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.
3. Таңбалауды акцизделетiн тауарларды өндiрушiлер мен импорттаушылар, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар борышкердiң мүлкiн (активтерiн) өткiзген кезде жүзеге асырады.
4. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерге экспортталатын;
2) Қазақстан Республикасы аумағына бажсыз сауданың кедендiк режимдерiнде орналастыру үшін көзделген бажсыз сауда дүкендерінің меншік иелері әкелетiн;
3) Кеден одағының кеден аумағына уақытша әкелу (жіберу) және уақытша әкету кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан жекелеген даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелінетін;
4) тауарлар транзиті кедендік рәсімінде Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Кеден одағына мүше мемлекеттерден транзитпен өткізілетін;
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) алкоголь өнімдері мен сыраның үш литрден аспайтын шегінде, сондай-ақ темекі мен темекі бұйымдарын 200 сигареттен немесе 50 сигардан (сигарилден) немесе темекінің 250 грамынан аспайтын шегiнде не аталған бұйымдарды жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын ассортиментте Қазақстан Республикасының аумағына он сегіз жасқа толған жеке тұлға әкелетiн (жiберетiн) алкоголь өнiмдерi есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi бұйымдары акциздiк таңбалармен мiндеттi таңбалануға жатпайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалануы тиіс акцизделетін өнімдерді тиісті таңбалаусыз Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізуге тыйым салынады.
5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалармен қайта таңбалау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мерзімде жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
653-бапты 5-1 - 5-8-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Осы бапқа сәйкес:
РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
3) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
4) акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
7-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Салық органдары акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіретін салық төлеушінің аумағында акциз постыларын орнатады.
Жекелеген жағдайларда акциздік постылар мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары, темір жол көлігі бойынша өткізуді жүзеге асыратын, сондай-ақ осы Кодекстің 279-бабының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында белгіленеді.
8. Алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
9. Акциздік постының орналасқан жерін және қызметкерлерінің құрамын, оның жұмысының регламентін салық төлеушінің жұмыс режиміне сәйкес салық органы айқындайды.
Акциздік посты қызметкерлерінің құрамы салық органының лауазымды адамдарынан түзіледі.
10. Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы:
1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізілуін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына;
2) сатып алушыда тиісті қызмет түріне лицензияның болуына;
РҚАО-ның ескертпесі!
2-1) тармақшаны алып тасталу көзделген - ҚР 2014.06.18 № 210-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-1) импортталған акцизделетін тауарлардың есепке қабылдануына;
3) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуіне және (немесе) босатылуына немесе есепке алу құралдары арқылы өткізілуіне (құйылуына), сондай-ақ олардың пломбыланған түрде пайдаланылуына;
4) салық төлеушінің жекелеген акцизделетін тауарларды таңбалаудың тәртібін сақтауына;
4-1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері босатылған кезде оларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу қағидаларын сақтауына;
5) акцизделетін тауарларға акциз ставкаларының дұрыс қолданылуына және бюджетке акциздердің уақтылы төленуіне;
6) акцизделетін тауарлардың өндірісі үшін негізгі шикізаттың, қосалқы материалдардың, дайын өнімнің, есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың қозғалысына бақылауды жүзеге асырады.
11. Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-тексеруге;
2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;
3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлік құралдарын тексеріп қарауға құқылы.
12. Акциздік постыдағы салық органы лауазымды адамының акциздік пост қызметін ұйымдастыру тәртібінде көзделген өзге де құқықтары бар.
13. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 653-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі) 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз), 2012.01.09 N 535-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 158 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері | Бап. Салықтық тексерудi аяқтау | Бап. Салықтық тексеру нәтижелерi бойынша шешiм | Бап. Ақпарат көздері | Бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі | Бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою | Бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару | Бап. Бақылау-касса машинасын пайдалану |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Мемлекеттік тізілім| Бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)