Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

Читайте также:
  1. SP 2302 Арнайы педагогика
  2. Атерлі жаңа түзілімдері бар балаларды реабилитациялау ерекшеліктері
  3. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  4. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  5. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  7. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
1) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;
2) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
3) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi өндiру;
4) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
5) машиналар мен жабдықтарды жасау;
6) металлургия өнеркәсiбi;
7) электр жабдығын, оның iшiнде электр-жарық берушi жабдық жасау;
8) жарық берушi аспаптарға арналған шыны компоненттерiн өндiру;
9) тамақ өнiмiн өндiру;
10) сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз бен картон өндiру;
11) жиһаз жасау;
12) автокөлiк құралдарын, трейлерлер мен жартылай тiркемелердi жасау;
13) темiр жол локомотивтерi мен жылжымалы құрамды жасау;
14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын жасау;
15) негiзгi фармацевтикалық өнiмдер мен препараттарды өндiру;
16) электрондық бөлшектер жасау;
17) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектiлерiн, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерiн салу және пайдалануға беру;
18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептердi, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кiтапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерiн салу және пайдалануға беру.
2. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуі кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) – 17) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша және басқа қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
Ескерту. 17-тарау 151-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Бап. Қызметiн «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:
1) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;
2) мұнай-химия өнiмдерiн өндiру;
3) еркін экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылыс объектісі еркін экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келетінін растайтын қорытындысы болған кезде осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттама шегінде салу және пайдалануға беру.
2. Қызметiн «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша және басқа қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
Ескерту. 17-тарау 151-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 240 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету | Бап. Салық салынатын табысты азайту | Бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу | Бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу | Бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарына салық салу | Тарау. ЗАЛАЛДАР | Бап. Залалдарды ауыстыру | Бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу | Бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар | Бап. Салық ставкалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Жалпы ережелер| Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)