Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. СалыҚ салынатын импорт

Читайте также:
  1. I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  2. Бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау
  3. Бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
  4. Бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары
  5. Бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық ставкалары
  6. Бап. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте алынған табыс
  7. Бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету

 

Бап. Салық салынатын импорттың айқындамасы

 

Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын, Кеден одағының аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген тауарлар (осы Кодекстің 255-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.
Ескерту. 246-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Бап. Салық салынатын импорт мөлшерi

 

Салық салынатын импорт мөлшерiне Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендiк құны, сондай-ақ, импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезiндегi салық және бюджетке төленетiн кеден төлемдерінің сомалары кіреді.
Ескерту. 247-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНАН БОСАТЫЛҒАН АЙНАЛЫМДАР ЖӘНЕ ИМПОРТ

 

Бап. Қосылған құн салығынан босатылған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар

 

Ескерту. 248-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді:
1) почта төлемақысының мемлекеттік белгілерін;
2) акциздiк маркаларды (осы Кодекстiң 653-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);
3) уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттiк баж алынатын қызмет көрсетулерді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшiн сатып алынған мүлiкті;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мекемелерге немесе мемлекеттік кәсіпорындарға өтеусiз негiзде берілетін негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке салынған инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді;
6) жерлеу бюроларының салт-жора қызмет көрсетулерін, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерін;
7) лотереяларды тарату жөнiндегi қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттерді;
8) төлем қарточкаларымен және электрондық ақшамен жасалатын операциялар бойынша есеп-қисаптарды қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнiнде қызмет көрсетулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетулерді;
9) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу" кеден режимінде әкелінген тауарларды қайта өңдеу және (немесе) жөндеу жөніндегі қызмет көрсетулерді;
10) осы Кодекстің 244-бабына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулерді, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны, сондай-ақ транзиттiк жүктердi тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөнiндегi, Кеден одағының кедендік шекарасынан өту кезінде вагондарды арбаларға немесе ені басқа дөңгелек жұптарға ауыстыру жөніндегі жұмыстарды, қызмет көрсетулердi; вагондар (контейнерлер) операторының көрсететін қызметтерін; әуежай қызметіне техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетулер жөніндегі қызмет көрсетулерді; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнінде теңіз айлақтарындағы қызмет көрсетулерді;
Вагондар (контейнерлер) операторы жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында кешенді түрде көрсететін және тасымалдау құжатында тасымалдау процесінің қатысушысы ретінде көрсетілген ол ұсынатын мынадай қызметтер:
1) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру жоспарын қалыптастыру және оны тасымалдау процесіне қатысушылар арасында келісіп алу;
2) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру;
3) жүк тиелген және бос вагондардың (контейнерлердің) іс жүзіндегі қозғалысын орталықтан жедел бақылау және қашықтан басқару арқылы диспетчерлік ету осы бөлімнің мақсатында вагондар (контейнерлер) операторының көрсететін қызметтері болып табылады;
11) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөніндегі қызмет көрсетулерді;
12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;
13) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе:
осындай өндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентiн мүгедектер құраса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентiн) құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдардың, сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарынан және акцизделетін тауарларды өндіру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, қызмет көрсетулерін;
14) алып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
15) егер мәміле шарттарында салық төлеушінің өткізген тауарларының, орындаған жұмыстарының, қызмет көрсетулерінің сапасына кепілдік беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде, олардың қосалқы бөлшектері мен бөлшектерінің құнын қоса алғанда, оларды өтеусіз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, қызмет көрсетулерді;
РҚАО-ның ескертпесі!
16) тармақша 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
16) егер осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, тазартылған қымбат бағалы металдарды – өз өндірісі шикізатынан дайындалған алтынды, платинаны;
16-1) егер осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған:
қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде өткізілген инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын;
қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде өткізілген инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай:
өткізілген инвестициялық алтынның салмағын
өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы)
көбейту
өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына
көбейту
тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын кезде инвестициялық алтынды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды:
құймалар;
пластиналар;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар нысанында өткізу кезінде қолданылады;
17) осы Кодекстің 411 және 420-баптарында аталған қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетулерді;
18) осы Кодекстің 249-254-баптарында аталғандарды;
19) нотариаттық іс-әрекеттерді, адвокаттық қызметті жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулерді;
20) мыналар:
ұлттық басқарушы холдинг;
дауыс беретін акцияларының 100 проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар төлемдік, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операциялары.
Аталған заңды тұлғалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
21) бажсыз сауда дүкенінің кеден режиміне орналастырылған тауарларды өткізу бойынша айналымдар;
РҚАО-ның ескертпесі!
22) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2016.01.01 дейін қолданыста болады (ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
22) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (оларға көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен көрсетілетін резидент еместің қызметтер көрсетуі;
23) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын;
24) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктердің діни мақсаттағы заттарды өткізуі бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшада көрсетілген заттардың тізбесі мен оларды іріктеу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ескерту. 248-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV(2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2016.01.01 дейін қолданыста болады), 2010.06.30 N 297-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 N 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 466-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 N 535-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 443 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым | Бап. Сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар | Бап. Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді өткiзу орны | Бап. Өткiзу бойынша айналым жасау күнi | Бап. Салық салынатын айналым мөлшерi | Бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету | Бап. Тауарлар экспортын растау | Бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу | Бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу | Бап. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Жекелеген жағдайларда салық салу| Бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)