Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Өткiзу бойынша айналым жасау күнi

Читайте также:
  1. азақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы
  2. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  3. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
  7. Бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру

 

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе:
1) егер шарт талаптарына сәйкес тауарды алушыға (сатып алушыға) немесе ол көрсеткен тұлғаға тауардың тұрған жерінде берілуге тиіс болса – тауарды алушының (сатып алушының) немесе ол айқындаған тұлғаның, оның ішінде мұндай тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаның иелігіне мұндай тауарды берудің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған күні;
2) егер шарт талаптарына сәйкес жеткізушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе:
жеткізуші (сатушы) айқындаған тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, оның ішінде ол сенім білдірген тұлғаға беру күні;
тауар жеткізушінің (сатушының) көлік құралына тиеу күні;
3) қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, мұндай тауарды беру фактісін растайтын шарттың, құжаттың тараптары болып табылатын жеткізуші (сатушы) мен алушы (сатып алушы) қол қойған күн тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
1-1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
Бұл ретте:
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні деп танылады.
2. Кредит (қарыз, микрокредит) беру, теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және поштаны тасымалдау бойынша, мүлікті уақытша иелікке және пайдалануға беру жөніндегі қызметтерді, банк операцияларын көрсеткен кезде мына күндердің неғұрлым ертерегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады:
1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазып берілген күн;
2) әрбiр төлем (есеп айырысу түріне қарамастан) алынған күн;
3) бухгалтерлік есепте жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету танылған күн.
2-1. Электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметтерiн көрсетуді, коммуналдық қызметтер көрсетудi, әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау қызметтерін көрсетуді, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша тасымалдау қызметтерiн көрсетуді өткізген кезде жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күнтізбелік айдың соңғы күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
2-2. Жүзеге асырылуы кезінде құжаттар Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделетін жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген неғұрлым кешірек күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
3. Тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда өткізу бойынша айналым жасау күні:
1) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын өткізу пунктінде іс жүзінде Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен күн;
2) мына жағдайларда:
тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда;
тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні болып табылады.
3-1. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарлар кері импорттың кедендік рәсімінде әкелінген жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, тауарды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдаланбай, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде Кеден одағының кеден шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өткен күн;
2) тауарларды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.
4. Кепiл берушiге кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл беруші үшiн мына күндердiң бiрi:
1) кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепіл тұрғысынан кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу айналысы процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына ауысқан күн;
2) егер сауда-саттық өтпедi деп жарияланса, кепіл тұрғысынан кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiл ұстаушыға ауысқан күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде, осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көрсетілген салық салынатын айналым бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күн:
1) қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтініші немесе осы Кодекстің 37, 39, 39-1, 40 және 41-баптарында көрсетілген салықтық өтініші берілген күн;
2) салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстің 571-бабының 6-тармағында көрсетілген күн болып табылады.
6. Лизинг берушінің лизинг алушы негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті, қайтарымды лизинг шарты бойынша беруiн қоспағанда, қаржы лизингіне берген кезде өткізу бойынша айналым жасалған күні:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингінің шартында белгіленген кезең-кезеңдік лизингтік төлемді лизинг берушінің алу мерзімінің басталу күні;
2) егер қаржы лизингінің шарты бойынша лизинг берушінің лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленсе, айналым жасау күні мүлікті қаржы лизингіне берген күн болып табылады;
3) қаржы лизингінің шартында көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген кезде, түпкілікті есеп айырысу күні қаржы лизингінің осы шарты бойынша өткізу бойынша айналым жасалған соңғы күн болып табылады.
7. Лизинг алушының (сатушының) негiзгi құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша лизинг беруші берген кезде өткiзу бойынша айналым жасау күнi мүлiктi қаржы лизингiне берген күн болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
8-тармақтың қолданылуы 01.01.2012 бастап 01.01.2015 дейін тоқтатыла тұрады (ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңының 3-б. қараңыз).
8. Күнтізбелік жыл ішінде осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар болмаған кезде:
1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазылған күннің;
2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнің қайсысы бiрiншi басталса, сол күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда:
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген қол қою күні сатып алу бойынша айналым жасау күнi деп танылады.
10. Егер осы бапта айқындалған құжаттарда, осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында айқындалғандарын қоспағанда, бірнеше күн көрсетілсе, онда көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі құжатқа қол қойылған күн болып табылады.
Ескерту. 237-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 N 535-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 188 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару тәртiбi | Бап. Табыс салығын шартты банк салымынан бюджетке аудару тәртібі | Тарау. РЕЗИДЕНТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | Бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу | Бап. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте алынған табыс | Бап. Резиденттің халықаралық шартты шет мемлекетте қолдану тәртібі | Бап. Өзара келісу рәсімі | Бап. Салық жинаудағы көмек | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым | Бап. Сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді өткiзу орны| Бап. Салық салынатын айналым мөлшерi

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)