Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Табыс салығын шартты банк салымынан бюджетке аудару тәртібі

Читайте также:
  1. Бап. Құн өсімінен түсетін табыс
  2. Бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс
  3. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  4. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  5. Бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі
  6. Бап. Қолдану тәртібі
  7. Бап. Қолдану тәртібі

 

1. Салық органы шартты банк салымында орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкімді банкке мынадай мерзімде:
1) резидент еместен осы Кодекстің 217-бабының 16-тармағында көрсетілген шағымның көшірмесін алмаған жағдайда – резидент емес осы Кодекстің 217-бабының 11-тармағында көрсетілген шешімді алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;
2) резидент емес осы Кодекстің 217-бабының 11-тармағында көрсетілген шешімге уәкілетті органға шағымданған жағдайда - резидент емес осы Кодекстің 217-бабының 20-тармағында көрсетілген шешімді алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;
3) сот осы Кодекстің 217-бабының 22-тармағында көрсетілген шағымды (арызды) толық не бір бөлігін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда – осындай шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде жіберуге міндетті.
Бұл ретте салық қызметі органдары немесе сот төлем көзінен ұсталған табыс салығын ішінара қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, инкассалық өкім резидент емеске бас тартылған талаптар бөлігіне сәйкес келетін шартты банк салымында орналастырылған салық сомасына жіберіледі.
2. Резидент емес осы Кодекстің 217-бабының 4-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін салық органына өтінішті табыс етпеген жағдайда, салық органы жоғарыда көрсетілген мерзім өткеннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде банкке шартты банк салымында орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкімді жіберуге міндетті.
3. Салық органы инкассолық өкіммен бір мезгілде табыс салығының сомасы резидент еместің шартты түрдегі банк салымында орналастырылған кезден бастап бюджетке аударылғанға дейін банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша банкке жібереді.
4. Банк сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік екі күн ішінде салық органына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысандағы банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.
Банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оларды ұсыну салық есептілігі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Салық органы банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерді алғаннан кейін күнтізбелік екі күн ішінде банк сыйақылары сомаларын бюджетке өндіріп алуға арналған инкассалық өкімді банкке жіберуге міндетті.
6. Банк инкассалық өкімді алған күнінен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасын және есебіне жазылған банк сыйақыларын бюджетке аударуға міндетті.
7. Банктің кінәсінен шартты банк салымы туралы шарттың талаптары бұзылған және табыс салығының ұсталған сомалары бюджетке уақтылы аударылмаған кезде банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
8. Банктің шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасын бюджетке аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауы мүмкін болмаған жағдайда, төлем көзінен табыс салығын, банк сыйақыларын және бюджетке салықты уақтылы аудармағаны үшін айыппұл санкцияларын аудару жөніндегі міндеттеме салық агентіне жүктеледі.
Ескерту. 218-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

Бап. Резиденттікті растайтын құжатқа және төленген табыс салығын халықаралық шарт негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға арналған салықтық өтінішке қойылатын талаптар

 

1. Осы Кодекстің 217-бабы қолданылған жағдайда, төленген табыс салығын халықаралық шарттың негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға арналған салықтық өтінішті резидент емес салық органына мыналарды қоса тіркей отырып, табыс етеді:
1) жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған немесе өзге де мақсаттарға арналған келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің) нотариаттық куәландырылған көшірмелері;
2) резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын) және мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, құрылтай құжаттарының нотариаттық куәландырылған көшірмелері не сауда тізілімінен (акционерлердің тізілімінен немесе резидент емес тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан) үзінді көшірмелер;
3) алынған табыстар мен ұсталған (төленген) салықтар сомаларын растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмелері;
4) резиденттік мемлекетінің құзыретті органы берген, резиденттікті растайтын құжат немесе оның нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
5) резидент емес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жалдаған қызметшілер немесе басқа персонал болып табылатын резидент емес жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың және олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін растайтын құжаттардың көшірмелері болған кезде қабылдайды.
2. Егер резидент емес депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынған табыстардан төленген табыс салығын халықаралық шарттың негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға арналған салықтық өтінішті берсе, өтінішке мынадай құжаттар:
1) мыналарды:
резидент еместің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);
депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпаратты;
резидент еместің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін (жеке тұлға үшін), резидент еместің мемлекеттік тіркелу нөмірін және күнін (заңды тұлға үшін) қамтитын "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамынан алынған шоттың көшірме үзіндісі;
2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентінің акционерлері жалпы жиналысының бір акция есебінен дивидендтің мөлшерін және дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күнді көрсете отырып, белгілі бір кезең үшін дивидендтер төлеу туралы шешімі;
3) келіп түскен дивидендтердің сомалары бойынша валюта шотынан көшірме үзінділер;
4) осындай резидент еместің резиденттігін растайтын, осы баптың 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжат қоса беріледі.
3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалса, резидент емес олардың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариаттық куәландырылған аудармасын қоса беруге міндетті.
4. Осы тараудың ережелерін қолдану мақсатында резидент еместің резиденттігін растайтын құжат табыс алушы резидент еместің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжатты білдіреді.
Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде резидент емес Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып танылады.
Егер резиденттікті растайтын құжатта резидент еместің резиденттігі уақытының кезеңі көрсетілмесе, резидент емес Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің осындай құжат берілген күнтізбелік жыл ішінде резиденті болып танылады.
Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты табыс алушы резидент емес резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырады.
5. Егер осы тармақта немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған органның қойған қолы мен мөрі, сондай-ақ шетелдік нотариустың қойылған қолы мен мөрі осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жатады.
Егер халықаралық шарт шеңберінде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы резиденттікті растайтын құжатты заңдастырудың өзгеше тәртібін көздейтін өзара келісімге келген болса, онда көрсетілген тәртіп қолданылады.
Ескерту. 219-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама

 

1. Резиденттік елінде Қазақстан Республикасында төленген салықтарды есепке жатқызуды немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар шегерімін алу мақсатында резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы салық органынан алуға құқығы бар.
2. Резидент емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы алу үшін салықтық өтінішті төменде көрсетілген салық органына:
1) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға - салық агенті орналасқан жер бойынша;
2) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға - тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша;
3) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам - салық агенті орналасқан жер бойынша;
4) Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстардан салықтарды дербес төлейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам - Қазақстан Республикасында болатын (тұрғылықты) жері бойынша табыс етуге міндетті.
3. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы салық органы мынадай күндерден неғұрлым кеш:
салықтық өтініш берілген күннен;
резидент еместің есебіне жазылған табыстарының және төлеуге жататын салықтардың сомалары көрсетілген салық есептілігінің тиісті нысанын резидент емес салық төлеуші және (немесе) салық агенті табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей береді.
4. Резидент еместің салықтық өтініші деректерінің салық төлеушінің және (немесе) салық агентінің салық есептілігі нысандарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі анықталған кезде, сондай-ақ салық төлемі болмаған немесе салық төлеушіде және (немесе) салық агентінде салық өтініші берілген күні резидент еместердің табысынан салықты аудару бойынша салықтық берешек болған жағдайда, салық органы резидент емеске анықтама беруден жазбаша бас тартуды жібереді.
5. Резидент емес салық органына салықтық өтінішті табыс етпеген жағдайда, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама берілмейді.
6. Резидент емеске құжаттарды беру журналына қол қойғызып Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беріледі.
Ескерту. 220-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 114 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі | Бап. Салық есептілігін табыс ету | Бап. Салық салынатын табысты анықтау | Бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі | Бап. Резидент емес жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстары | Бап. Төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару тәртібі | Бап. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына жекелеген жағдайларда салық салу тәртібі | Бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайы | Бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі | Бап. Резидент еместің табыстарынан табыс салығын бюджетке немесе шартты банк салымына аудару тәртібі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару тәртiбi| Тарау. РЕЗИДЕНТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)