Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Тауарлар экспортын растау. 1. Мыналар: 1) экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келiсiмшарт); 2) осы

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау
  2. Бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау
  3. Бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы
  4. Бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу
  5. Бап. Тауарлар экспортын растау
  6. Бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері

 

1. Мыналар:
1) экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келiсiмшарт);
2) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімінде жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ Кеден одағының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауарларға декларацияның көшірмесі тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.
3) мынадай жағдайларда:
магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;
тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде;
тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi бар тауарларға толық декларацияның көшiрмесi;
4) тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;
Тауарларды магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру
актісі табыс етіледі;
5) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның зияткерлік меншiк объектiсiне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда, оның құнының растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
2. Кеден аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу кедендік рәсімінде Кеден одағының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын әкетiлген тауарларды немесе олардың қайта өңделген өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, экспортты растау осы баптың 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттар:
1) қайта өңдеу рәсімі кеден аумағынан тыс жерде өңдеу кедендік рәсіміне өзгертiлетiн тауарларға декларацияның көшірмелері;
2) кеден аумағынан тыс жерде өңдеу кедендік рәсімінде ресiмделген жүктің кедендiк декларациясы;
3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде кеден аумағында қайта өңдеу (тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу) кедендік рәсімінде ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған тауарларға декларацияның көшiрмесi;
4) тауарларға декларацияның көшірмесіне сәйкес шет мемлекеттің аумағында тауарларды өңдеудің кедендік рәсімін шет мемлекеттің аумағында тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне өзгерту енгізілетін сол декларацияның көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
3. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді.
Ескерту. 243-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 N 535-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 153 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу | Бап. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте алынған табыс | Бап. Резиденттің халықаралық шартты шет мемлекетте қолдану тәртібі | Бап. Өзара келісу рәсімі | Бап. Салық жинаудағы көмек | Бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым | Бап. Сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар | Бап. Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді өткiзу орны | Бап. Өткiзу бойынша айналым жасау күнi | Бап. Салық салынатын айналым мөлшерi |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету| Бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)