Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емтихан билеті. 1. Радиодағы тікелей эфирдің психологиялық аспектілері

Читайте также:
  1. Емтихан билеті
  2. Емтихан билеті
  3. Емтихан билеті
  4. Емтихан билеті
  5. Курс бойынша емтихан сұрақтары

 

1. Радиодағы тікелей эфирдің психологиялық аспектілері

2. Шешендік өнерді меңгерудің кәсіби әдістері

3. Радиохабар жасаудағы шығармашылық процесс

1. Тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің негізгі екі тетігі бар: Бірі – тіл, екіншісі – тәртіп. Тіл – тікелей эфирдің лингвистикалық аспектісін айқындаса, тәртіп психологиялық аспектісін қамтиды. Тілді адам санасындағы ой иірімдері мен әр алуан психофизиоло-гиялық құбылыстар арқылы қабылданатын ақпараттардың күрделі таңбалық көрінісі ретінде де тануға негіз бар. Тіл – адамның дыбыс шығарып сөйлеу қызметін атқаратын мүшесі. Тіл – уақытты (секундты, минутты, сағатты) белгілейтін көрсеткіш. “Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі” деп дәріптейді қазақтың ірі лингвист ғалымы А. Байтұрсынов. Орыстың ұлы сыншысы В.Г. Белинский “Адам мінезін танудың кілті – оның тілі, сөз саптаудан ойдың бедері білінеді, ол әрбір тұлға мен мінез секілді әрқашан да жеке дара” деп мәлімдеген. Ал халық даналығы “Өнер алды – қызыл тіл” деп, оның барлық өнердің алдын орап өтетін өткірлігін сипаттаса, “Басқа бәле – тілден” деп тәртіптен асып кеткен тұста тәлкекке ұшыратынын ашық айтқан.

Ал журналистің тіл мен тәртіп аясындағы стратегиясын зерттеген ғалымдар М. Кузнецов пен И. Цыкунов “Кәсіби мақсатты жүзеге асыру үшін журналистердің барлығы дерлік тілді қолданады, ал тәртіпті көпшілігі ұмыт қалдырады. Әрине, ең әуелі тіл қатудың жалпы принциптерін негізге алу керек, келесі ретте аудиторияның қабылдауына бейімделу тәсілдерін игеру қажет” деп есептейді. Бәрі де орынды айтылған оң пікір. Ал іс жүзінде радиожурналистиканың тікелей эфиріндегі кәсіби шеберлікті қалыптастыру үшін тіл мен тәртіпті қалай пайдалануға болады? Тікелей эфирдегі тіл мәдениетін сақтауда лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың тіл қисыны туралы қағидаларын білуден артық ешнәрсенің де керегі жоқ. Онда тіл анықтығы да, тіл көрнекілігі де, тіл әуезділігі де, тіл тазалығы да, т.с.с. бәрі де қамтылған.

Тікелей эфирде тіл қызметін дұрыс қолдану үшін уақытқа ілесіп сөйлеу механизмін меңгеру қажет. Секундомерді нысанаға алып, санаулы минуттар аясында сөйлеп көріп, дәл солай уақытпен санасып өз ойыңды қағазға түсіріп, ешбір жалықпастан жаттығудың өзі – кәсіби шеберлікті шыңдау әдісінің бір түрі болып табылады. Негізінде, шамамен 1 минутта 185-200 сөз айтылады немесе оқылады, ал 1 минутта небәрі 25-30 сөз ғана жазылады. Әлбетте, әр адамның мүмкіндігі әртүрлі. Тәжірибе жүзінде студенттерді және тікелей эфирде қызмет ететін біздің түлектерді тексеріп көргенде олардың ең аз жазғаны 11 сөз, ал ең көп жазғаны 56 сөз болды. Сөз жазып жаттығу кезінде мынадай екі талап қатаң ескерілуі шарт. Біріншісі – сөз қайталамау, екіншісі – ой қайталамау. “Мұның мәнісі айтар ойыңды санаңмен өңдеу арқылы жүйелеп әдеби нормаға сәйкес сөз маржанымен, өрнектеп тізе білу. Жұтаң тіл журналистің жұмырына жұқ болмайтыны белгілі. Демек, оны әрдайым дамытып, сөздік қормен байытып, жетілдіріп отыру – кәсіби шеберлікті шыңдау әдісінің келесі бір тармағы.

Импровизация, яғни, суырып салма өнерінің өзі алдын-ала жинақталған білім негізінде пайда болады. Әлбетте, сөздік қоры мол, қажетті тіл қисынын меңгерген, сөз тауып сөйлей алатын адам ғана шешендік өнердің шеберіне айналмақ. Негізінде, шешендік өнердің әдеби-эстетикалық мәні, оны құнттап-зерттеу, шешендік сөз нұсқаларын кәдеге жарату – тікелей эфирдегі жүргізуші журналистер үшін ең бір қажетті игілікті іс. Тікелей эфирдегі сөйлеу тілін шешендік өнер дәстүрімен байытудың 5 түрлі әдісін қолдануға болады. Біріншісі – кітаптан оқығанды көңілге тоқу, Екіншісі (аудиотәсіл) шешендік өнер туындыларын (жыр, терме, айтыс т.с.с.) үн таспадан тыңдау арқылы қабылдап, бойға сіңіру. үшіншісі – жиған-терген дүниелерді қажет жерінде орнымен пайдалануға үйрену сол үшін эфирге кірмес бұрын қолданатын сөздік қорының тезисін әзірлеу. Төртінші - (бейнетәсіл), бейнетаспадан сөйлеп тұрған шешеннің іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын, дауыс ырғағын, үн үзілісін, сөз екпінін жіті қадағалау арқылы сөйлеу мәнерінің психологиялық желісін меңгеру. Бесінші – сабақтаған ойыңды дұрыс жеткізіп, уақыт аясына сыйғыза білуге машықтану.

Тіл жазған сайын қалыптасады, сөйлеген сайын жетіледі. Тікелей эфир жүргізушілері сол үшін де эфирге дейін ерінбей еңбектеніп, нағыз кәсіби шеберлікті игеремін десе әйгілі диктор Сауық Жақанова айтқандай алдарына “Эфирдің бір секунды бос кетпесін” деген мақсат қоюлары тиіс”. Тікелей эфирдегі лингвистикалық аспектіге тән шығармашылық шеберлікті шыңдау әдістерінің бірі – жүргізушінің аузынан шыққан сөзіне жауапкершілікпен қарауы, яғни, өз сөзін өзі үнтаспаға түсіріп алып қайта тыңдап, артықшылығы мен кемшілігін саналы түрде саралауы, бір рет жіберген кемшілігін екінші рет қайталамауы. Осынау аталып өткен кәсіби шеберлікті шыңдау әдістерін тұтас қамтып тілді меңгерген жүргізуші тәртіпті білмейінше нағыз кәсіби маман бола алмас еді. Тәртіп, тікелей эфирдегі психологиялық аспектіні қамтитынын ескерсек, ол – жүргізушінің жұмыс процесіндегі іс-әрекетіне сәйкес байқататын мінез-құлығы, көрсететін қабілет-қарымы, бір сөзбен айтқанда сөйлеушінің кәсіби шеберлігі екені аян. Бірақ, соның бәрін кәсіби қажеттілікті қамтамасыз ету үшін қалай жүзеге асыру керек. Мәселе сонда. Тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің екі тетігін оның екі аспектісі ретінде бөле-жара сөз еткенімізге қарамастан екеуінің нәтижесі бір мезгілде, бір деңгейде, біртұтас әрекет ретінде жүзеге асқанда ғана өзінің толыққанды мән-мағынасына ие болады.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 260 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Радиохабардың тілі мен стиль ерекшелігі | Шалқар»ақпаратты-сазды бағдарламасы,оның тарихы, өзгешелігі | Радиодағы талдамалы жанр | Радиожурналистикадағы деректі көркем жанрлар | Кеңес дәуіріндегі радио жетістіктері | Радиожурналистің соз мәдениеті | Логиканың радиодағы рөлі | Радиогазет, оның құрлымы, атқаратын қызметі | Емтихан билеті | Емтихан билеті |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Радиоөнер және әуе толқынындағы әрбір сөздің салмағы| Шешендік өнерді меңгерудің кәсіби әдістері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)