Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емтихан билеті. 1. Радио репортаж

Читайте также:
  1. Емтихан билеті
  2. Емтихан билеті
  3. Емтихан билеті
  4. Емтихан билеті
  5. Курс бойынша емтихан сұрақтары

 

1. Радио репортаж

2.Радиодағыдиалогтық және монологтық жанрлар

3. Байтұрсыновтың тіл қисыны туралы қағидаларын эфир тілінің ережесі ретінде қолдану

1. "Радиорепортпаж дегеніміз – уақиға болып жатқан жерден берілген хабар, немесе репортердің микрофон алдында болып жатқан уақиға туралы алған әсерін баяндауы". Бұл анықтаманың өте дәл және ықшамды екенін айта кету керек.

Репортаж радиожурналистиканың неғұрлым ерекше жанрларының бірі болды. Ол әртүрлі жағдайда оқиға болып жатқан жерден хабар беруге, сол сәтте әңгімелесуге радионың барлық бейнелеуші құралдарын: сөзді, шуды, музыканы пайдалануға мүмкіндік берді.

Радиорепортаж – радионың табиғатына тән, оқиғаның дыбыстық суретін тыңдарманның көз алдына елестете алатын, жанды сөзбен әспеттелетін, оқиға аясындағы журналистің баяндауын табиғи шумен толықтырып, оқиғаға қатысушылардың әңгімесімен әсер етіп, тыңдарманды қайталанбас сәттің куәгері ететін ерекше жанр. Радиожурналистиканың тарихында алғашқы радиорепортаждар “Өмірдің ортасынан берілген хабарлар” деп аталған.

Өмірдің ортасынан берілген хабарлар деп біршама бұрыс аталған алғашқы радиорепортаждар студиядан кеңістікке шыққан микрофонның таңқаларлық мүмкіндіктеріне жол ашты. Радиорепортаждар радиолық шығармалардың ең таңдаулы түрі ретінде көрінді.

Демек, радиорепортаж радиожурналистиканың бейнелеуші құралдарын, яғни, сөзді, шуды, музыканы толық қамтыған, уақыт пен кеңістік аясындағы деректілігімен ерекшеленетін әуе толқынының төл жанры болып табылады. Сондықтан да радиорепортажды жүргізетін журналист, яғни, репортер шығармашылық, әрі техникалық тұрғыда кәсіби шебер болуы керек. Өйткені, өмірде болып жатқан қоғамдық маңызы бар оқиғаларды репортажға айналдыратын репортер.

Репортердің жанрлық элементтері:

1. Оқиға

2. Мекен-жай

3. Тілші баяндауы

4. Оқиғаға қатысушылардың әңгімесі

5. Уақыттық көрсеткіш.

Эфирден берілу сипатына қарай радиорепотаж тікелей және тікелей емес болып екіге бөлінеді.

Тікелей репортаж. Өтіп жатқан оқиғадан жүргізілетін репортаж сол сәтте қолма-қол әуе толқыны арқылы таралып, тыңдарманға жетеді. Өмірдегі оқиға мен эфирдегі репортаждың арасында уақыт айырмашылығы болмайды. Тікелей репортаж тарихи маңызы зор, елді елең еткізетін айтулы оқиғалардан жүргізіледі.

Тікелей емес репортаж. Оқиға ортасынан жазылып алынған репортаждың оқиғалық желісі тізбектеліп, мәнді тұстары іріктеліп беріледі. Яғни, оқиға барысынан таспаға басылып алынған дыбыстық жазба монтаждалып, қайта құрастырылған қалпында эфирге ұсынылады.

Ал тақырыптық тұрғыда қамтитын мәселесінің қисынына қарай радиорепортаж оқиғалық және проблемалық болып екіге бөлінеді.

Оқиғалық репортаж. Оқиға орнынан жүргізілетін репортаж. Бұл ретте тақырып оқиғаға орай туындайды.

Проблемалық репортаж. Бұл репортаждың мақсаты – күнделікті өмірде, заман ағымында туындаған проблемаларды нақты дерекке сүйеніп сөз ету, сол деректі немесе құбылысты әрекет аясында дыбыстық жазбамен дәйектеп, тыңдарманға ой салу.

2. Ауызекі сөйлесудің негізгі пішіні – диалог, яғни нақты бір проблеманы шешудің жолдарын бірлесе іздестіріп жүрген немесе бұл бағытта білетін ақпараттарымен ой бөлісуді көздеген екі немесе бірнеше адамның әңгімесі.

Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни сөйлеуші адам мен тыңдаушы арасын кеңістік бөліп тұрады, тікелей байланыс жоқ. Бірақ журналист тыңдаушылардың назарын өзіне аударып, белсенді тыңдаушыларды ойша елестетіп, алдын-ала оның реакциясын бақылап, ойын түсініп, әңгіме барысында туындайтын сұрақтарды біліп, екеуара әңгімелесіп, бетпе-бет отырғандай әсерде ақпараттардың берілу ретін, логикалық шешімдердің жүйесін құрып алады. Радиоәңгімені диалогтың, яғни ауыз екі сөйлеу стилінің элементтерін қолдану арқылы шынайы, әрі тартымды етіп құруға болады, ауыз екі сөйлесудің мақамын пайдалану, сөздердің құрылу тәртібін бұзу, адам сөйлеп отырып қажетті сөзді таппаған жағдайда немесе ойланған кезде қолданатын сөз арасындағы кідірістерді табиғи қалыпта қолдану.

Диалогта ой дамып, қозғалыста болғаны жөн, әр түрлі көзқарастар мен дәйектемелердің жан-жақтылығынан ойлар туындап, әңгіменің бар мазмұны өз мәнінде ашылғаны дұрыс.

Монолог – радионовелла, радиохат сияқты хабар түрлерінде қолданылады.

Монологтың сөз сөйлеушінің өзінің көңіл – күйі мен ішкі толғаныстарынан басқаша келетін түрі де бар. Ол хабарлау, баяндау тұрғысындағы монолог. Мұнда оқиға сендіру мақсатында оның жай – күйін логикалық тұрғыда дамыта мазмұндау қажет. Яғни, үгіттік сипатта бар болуы мүмкін. Бұл орайд субьекті мен объекті бөлініп, сөйлеуші сөзі өзіне байланысты емес, керісінше басқа біреуге арналғандай болады. Оның өз адресі бар деген сөз. Монологты бір адам жүргізетін болғандықтан, көбіне – көп ол шешендікті, сөз тапқырлықты қажет етеді.

Радиоәңгіме – монологқа құрылатын деректі-көркем жанр. Оған да радиоочерктегі тәрізді өмірлік дерек өзек болады. Сондықтан да, радиоәңгіме деректік сипат алады. Ал көркемдік деңгейі тұрғысынан келетін болсақ, бұл жанр әдебиеттегі әңгіме жанрының белгілерін тұтас қамтиды да, радионың табиғатына тән көркемдік элементтерді бойына сіңіреді. Әңгіменің негізгі жанрлық элементі ең алдымен, жанды сөз, содан соң музыка, келесі кезекте дыбыс эффектілері. Радиоәңгіменің мазмұнымен қатар эфирден берілу тәсілі, естілу ерекшелігі де тыңдармандарды тартып, оның көңіл күйіне әсер етіп, дыбыс арқылы оқиға көрінісі, кейіпкер бейнесі сомдалуы қажет.

Радиожурналистика жанрларының өзіндік ерекшеліктері радионың бейнелеуші құралдарынан келіп туындайды. Олар: жанды сөз (оны пайдалану әдісі; монолог пен диалог), дыбыстық дерек (өмір шындығының дыбыстық көшірмесі), музыка (радиохабардың әуенмен әрленіп, сазбен көмкерілуі, монтаж) сөз, музыка, дыбыс эффектілерінің астастырылып, көркемдік деңгейге жетуі.

3. Ал Ахмет Байтұрсыновтың қағидасына сүйенсек “бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп, қисынын, қырын, кестесін келтіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады”. Яғни Мағжанша айтсақ адамдардың ішкі жан дүниесіндегі толғаныстарды жеткізудің негізгі құралы, сонымен қатар ойдың тілі – сөз болса, ал Ахметше көңіл түкпіріндегі өзгерістерді, құбылыстарды жай тілмен емес, көркем, қисыны келіскен сөзбен кестелеп, жүйелеп жеткізу әр азамат үшін парыз болмақ. Ал сөз қадірін бірінші кезекте бағалайтын журналистер үшін Ахмет Байтұрсыновтың бұл талабы негізгі қағида болуы тиіс.

Ең алдымен сөзбен жұмыс істегенде журналистің алдында тұратын үш міндетті жүйелеп өтейік:

Біріншісі – журналист көңіл қойып, назар аударған оқиғаны және оның барлық болмысын сөзбен дәл әрі нақты мазмұнда суреттеп тыңдаушыға жеткізе білуі қажет.

“Айтушы өз ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білуі тиіс. Яғни әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс.

Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз”. Бұдан шығатын тұжырым сөзді дұрыс тауып қана қоймай, оны оқиғаның бар болмысын, негізгі мән-мазмұнын шынайы етіп суреттейтіндей дәрежеде қолдану керектігі.

Екінші міндет – сөздің оқу мақамын дәл табу, кез-келген мәтінді нақышына келтіріп оқи білу шеберлігі. “Бар” немесе “жоқ” сөздерін жазудың бір ғана тәсілі бар, ал айтудың 50 түрі бар, көп жағдайда кері мағынада, яғни айтылу мақамын таппасаңыз кез-келген сөздің өзіндік мәні, берер мазмұны жойылады.

Жазбаша түрде немесе ауызша айтылған сөз нақты бір мағынаны білдіретін болса адамның елестету қабілетіне тиімді түрде әсер ете алды, радиожурналист материалының көп бөлігі, әсіресе ақпараттық бағыттағы хабарлары аудиторияға осы жолмен жетіп жатады.

 


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 285 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Радиожурналистика жаныры мен пішіндерінің эвалюциясы | Радиожурналистиканың ақпараттық жанры | Радиохабардың тілі мен стиль ерекшелігі | Шалқар»ақпаратты-сазды бағдарламасы,оның тарихы, өзгешелігі | Радиодағы талдамалы жанр | Радиожурналистикадағы деректі көркем жанрлар | Кеңес дәуіріндегі радио жетістіктері | Радиожурналистің соз мәдениеті | Логиканың радиодағы рөлі | Радиогазет, оның құрлымы, атқаратын қызметі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Емтихан билеті| Радиоөнер және әуе толқынындағы әрбір сөздің салмағы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)