Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Радиожурналистикадағы деректі көркем жанрлар

Читайте также:
  1. Ж. радиода пайда болған жанрлар мен пішіндер радионың дамуына қандай үлес қосты?

Радиожурналистиканың деректі-көркем жанрлары радионың табиғатын танытып, оның тек бұқаралық ақпарат құралы ғана емес, үлкен өнер саласы екенін көрсетуге мүмкіндік береді, дыбысталатын тіл құдіретімен деректі-көркем туындылардың жасауына жол ашты. Өйткені, жанрлардың бұл тобы радиожурналистика мен радиодраматургияның үйлесімі мен үндестігі аясында дүниеге келетін радиотуындыларды қамтиды. Олардың құрылымы деректі және әдеби-көркем элементтердің синтезімен, өзара бірлесіп әрекет етуімен сипатталады.

Радиожурналистиканың деректі-көркем жанрлары – радиоочерк, радиофельетон, деректі драма, радиокомпозиция.

Радиоочерк – ақпаратты, талдамалы жанрлар функциясын атқара отырып, қамтитын тақырыбының ауқымына, бейнелейтін нысанасын тереңінен дәйектеу дәрежесіне қарай деректі-көркем жанрларға келіп топтасады.

Жанрлық даму тенденциясына байланысты радиоочерктің үш тармағын талдап айтқан жөн.

1. Алғашында радиоға тән сипатта емес, жалпы журналистиканың принциптеріне сүйеніп жазылған жазушылар мен әдебиетшілердің газет-журнал бетінде жарияланып, эфирден оқылған очерктері.

2. Тыңдаушыға қалай естілетіні ескеріліп, музыкамен көркемделетіні есепке алынатын арнайы жазылған радиоочерктер эфирден берілетін болады.

3. Дыбысталатын көркем мәтінмен бірге кейіпкердің нақты әңгімесін таспаға түсіріп алып қоса беретін жанды дерекке құрылған шын мәніндегі шынайы радиоочерктер эфирге шықты, яғни, радионың табиғатына тән радиожурналистиканың деректі-көркем жанры сипатында құрылымдық ерекшеліктері мен айқындалған толыққанды радиоочерк қалыптасты.

Радиоочерктің жанрлық элементтері: журналистің микрофон алдындағы жанды әңгімесі, дыбыстық деректерінде таспаға түсіріліп алынған оқиға кейіпкерінің өз сөзі, дәйекті деректер мен мәліметтер, жеке адамның тұлғасын сомдау, көркем шегініс пен көркем ойдан қосу, музыка және дыбыс эффектілері.

Бейнелейтін нысанына қарай радиоочерк үш түрге бөлінеді: жолсапар, проблемалық және портреттік.

Радиофельетон. Бұл – қоғамдық құрылыста кездесетін зиянды құбылысты ащы әжуаға айналдыратын жанр. Ондағы мақсат – жақсы сценарий жазумен қоса, жанрдың акустикалық табиғатынан туындайтын өзіндік ерекшеліктерді дұрыс игергенде ғана жүзеге асады. Радиофельетонның обьектісі біздің әлеуметтік өмірімізге, тұрмыс-тіршілігімізге, әдет-ғұрпымыз бен салт-санамызға сай емес, жалпы ілгері дамуымызға кедергі болатын жағымсыз фактілер. Арқау болатын фактілерінің сипатына қарай радиофельетондар деректі және деректі қойлымды деп екіге бөлінеді. Біріншісі – таспаға түсірілген жазбалардан, яғни белгілі бір нақты айғақтан тілшінің, яғни, автордың өзі оқитын мәтіннен тұратын деректі радиофельетон. Екіншісі – эфир сахнасында әртістердің орындауымен жасалатын және типтік деңгейде жинақталған фактілерге негізделетін деректі-қойылымды радиофельетон.

Радиофельетон күнделікті өмірде, заман ағымында өзіміз бетпе-бет тап болатын қоғамдағы келеңсіз жайттармен, кейбір кертартпа әрекеттермен күресуге арналған әдіс, типтік кемшіліктерді жоюға қолданылатын журналистік тәсіл, өткір де өміршең жанр.

Радиокомпозиция – радиожурналистиканың бейнелеуші құралдарын біртұтас, әрі толық мәнде пайдаланудың кешенді қисынын жүзеге асыруға жол ашқан жанр.

Радиокомпозиция – құрамына дыбыстық дерек, музыка, әдеби материал енетін, автордың шешімімен алуан түрлі материал бір тақырып аясында топтасатын радиохабар.

Радиоәңгіме – монологқа құрылатын деректі-көркем жанр. Оған да радиоочерктегі тәрізді өмірлік дерек өзек болады. Сондықтан да, радиоәңгіме деректік сипат алады. Ал көркемдік деңгейі тұрғысынан келетін болсақ, бұл жанр әдебиеттегі әңгіме жанрының белгілерін тұтас қамтиды да, радионың табиғатына тән көркемдік элементтерді бойына сіңіреді. Әңгіменің негізгі жанрлық элементі ең алдымен, жанды сөз, содан соң музыка, келесі кезекте дыбыс эффектілері. Радиоәңгіменің мазмұнымен қатар эфирден берілу тәсілі, естілу ерекшелігі де тыңдармандарды тартып, оның көңіл күйіне әсер етіп, дыбыс арқылы оқиға көрінісі, кейіпкер бейнесі сомдалуы қажет. Радиоәңгімедегі ең басты қызмет атқаратын нәрсе – сөйлеушінің дауыс ырғағы.

Деректі драмада автордан басқа адамдардың рөлдерін актерлер орындайды. Автор, яғни, журналист деректі драманы тыңдарманға ұсынатын тұлға. Ағылшын, неміс журналистерінің деректі драмаларының «Мен сіздерге мына бір жайды баяндап берейін», «Мен келе жатып, таңғажайып оқиғаға тап болдым», «Бірде маған бейтаныс кісі қоңырау шалды» деп басталуы дәстүрге айналған.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 591 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Азақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы | Радиожурналистика жаныры мен пішіндерінің эвалюциясы | Радиожурналистиканың ақпараттық жанры | Радиохабардың тілі мен стиль ерекшелігі | Шалқар»ақпаратты-сазды бағдарламасы,оның тарихы, өзгешелігі | Радиожурналистің соз мәдениеті | Логиканың радиодағы рөлі | Радиогазет, оның құрлымы, атқаратын қызметі | Емтихан билеті | Емтихан билеті |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Радиодағы талдамалы жанр| Кеңес дәуіріндегі радио жетістіктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)