Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН ТАРИХЫ
  2. Азақстандағы микроорганизм үлгілерінің музейлік архивтер
  3. ГАЗИ-БАРАДЖ ТАРИХЫ 1 страница
  4. ГАЗИ-БАРАДЖ ТАРИХЫ 2 страница
  5. ГАЗИ-БАРАДЖ ТАРИХЫ 3 страница
  6. ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

Емтихан билеті

Радио өзінің ағартушылық, насихатшылдық қызметі сонау Самуель Морзенің сызықшалары мен нүктелері түрінде болған кезінің өзінде-ақ атқарғаны тарихтан мәлім. 1914-1917 жылдарда дүниеге даңқы таралған Қысқы сарайдан саяси-тәрбиелік мәні бар ел зиялыларының сөздерін, патшаның нұсқауларын таратып, радиограммаларды басып шығарып, үлестіріп, ақпараттық-үгітшілдік саясаттың бір қызметін атқарған болатын. Сол тұста Ресей отары болып отырған Түркі халықтары да патшалық өкімет назарынан табылып, табиғи байлығы мол, бұратана халықты уысына ұстаудың басты құралы етіп, осы радионы пайдаланғаны құжат деректері арқылы мәлім.

Қазақ жерінде Ақтау қаласындағы (бұрынғы Шевченко, Форт-Александровск) радиостанцияның 1912 жылдан жұмыс істеуі де отарлау саясатын жүзеге асыру жолындағы шаралардың бірі екендігі айқын. Қазақ телерадиожурналистикасының тарихын зерттеуші ғалымдар – М. Барманқұлов, Р. Сағымбеков, С. Қозыбаев пікірлеріне сүйене отырып, қазақ жеріндегі радиостанциялардың 1913 жылдан емес, яғни 1912 жылдан жұмыс істегенін осы кітап авторы нақтылады.

Қазан революциясына дейін Александр Форты мен Түркістанда радиостанциялар жұмыс істеді. Олардың елге сіңірген еңбегі мен іс-тәжірибесі төңкеріске дейінгі жалпы радиотелеграф жұмысымен өзектес болып келеді.

Біріншіден, радиостанциялардың жалпы халыққа арналған кең аудиториясы болған жоқ. Ұйымдастырушылар алдарына ондай мақсатты қоймады. Радиохабарлары тек байланыс үшін қолданылып желілі телеграфты қайталады.

Екіншіден, радиостанциялар мемлекетке қарағанмен, шын мәнісінде түрлі ведомостволарға қызмет етті. Олар әскери және әскери-теңіз, сол сияқты почта-телеграф ведомостволары еді.

Үшіншіден, Қазақстан жеріндегі аталған радиолар негізінен әскери бөлімшелер арасын байланыстырушы қызметін атқарды. Олардың әскери байланыстағы рөлімен салыстырғанда шаруашылық, әкімшілік және саяси өмірге араласуы жоқтың қасы болатын. Әрине, ел өмірінің руханилығына араласпағанымен де радиобайланыстың қазақ даласында 1912 жылдан жұмыс істеп, Ресей радиосымен пара-пар жүруінің өзі де тарихи құндылық.

«Қазақ АКСР Халық комиссарлар Кеңесінің 1921 жылғы 29 қыркүйектегі шешімінің республикалық радионың дүниеге келуіне тікелей әсері болды. Онда Орынбордағы радиостанция арқылы күн сайын 1600 сөзден тұратын өздері дайындаған радиобюллетеньді республикаға таратуға құқық берілді. Бұл республика әуе толқыны арқылы көпшілікке арналып берілген алғашқы радио хабарлары еді»,- деп түсініктеме берілген Қазақ радиосының 80 жылдығына арналған «Әуе толқынында – Қазақ радиосы» деген еңбекте. Міне, ғылыми жүйеленген, тиянақты зерттеу қорытындысы бойынша айтылған осы пікір Қазақ радиосының тарихи бастау алған күнін белгілейді.

2. Қазақ радиосының құрылымы (кеше жіне бүгін)

Тәулік бойы хабар тарататын Қазақ радиосының сеткасында көрсетілген, тікелей эфирден шығарылатын әдеби-музыкалық бағдарлама түнгі 12 сағат 05 минуттан "Түнгі толқын" деген айдармен беріледі де 01 сағат 35 минутқа дейін созылады. Ал, "Шалқар" арнасында 23 сағат 05 минуттан 23.55-ке дейін "Жұлдызды түн" хабары жүргізіледі. Әрине, қазақ тіліндегі хабарлар ұлттық болмысқа сай жүргізілуі тиіс. Өйткені, жергілікті ұлт менталитеті өз тыныс-тіршілігінен, әдебиет, мәдениетінен, салт-дәстүрінен сезіліп тұруы тиіс. Әр елдің соны әйгілейтін, дәріптейтін арнасы болады.

Ұшқыр ақпарат құралы болғандықтан заман талабына қарай уақытпен бірге алға басып, жаңарып, жетіліп отыру радиоға тән қасиет. Осы орайда айтпағымыз, 2012 жылдың қазан айында Астанадағы Қазмедиа орталығына қоныс аударған Қазақ радиосының құрылымы мен шығармашылық зертханасында елеулі өзгерістер орын алды. Радионың басшылығы мен негізгі құрамы медиа орталыққа ауысты. Ал Алматыда тәжірибелі журналистер мен дыбыс монтаждау операторларынан, еліміздегі өзге ұлттар тілінде хабарлар дайындайтын «Достық» редакциясы және «Алтын қор» қызметкерлерінен құралған үлкен қосын – Қазақ радиосының Алматы студиясы жұмыс істеп жатыр. Осындай өзгерістермен қатар хабар тарату үрдісі де түбірімен қайта құрылып, уақыт тынысына сай жаңаша жұмыс жүйесі жасалды. Жаңалықтар бастап тікелей толқында өтетін бағдарламалар мен эфирдегі концерттер түгелдей Астанадан шығады. Бұған керісінше таспамен дайындалатын хабарлардың басым бөлігі және Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынатын хабарлардың барлығы Алматыдан беріледі.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 546 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Радиожурналистиканың ақпараттық жанры | Радиохабардың тілі мен стиль ерекшелігі | Шалқар»ақпаратты-сазды бағдарламасы,оның тарихы, өзгешелігі | Радиодағы талдамалы жанр | Радиожурналистикадағы деректі көркем жанрлар | Кеңес дәуіріндегі радио жетістіктері | Радиожурналистің соз мәдениеті | Логиканың радиодағы рөлі | Радиогазет, оның құрлымы, атқаратын қызметі | Емтихан билеті |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Глава 14 Американский менталитет| Радиожурналистика жаныры мен пішіндерінің эвалюциясы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)