Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кеңес дәуіріндегі радио жетістіктері

Читайте также:
  1. Азақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы
  2. Анализ радио как средства массовой коммуникации
  3. Блок 7. Радиолинии ВСС РФ
  4. В эфире «Авторадио» в Нижнем Новгороде
  5. Виды радиоактивного распада.
  6. Вопрос 1. Основные радиометрические величины и единицы
  7. Вопрос 4. Радиологические величины

Алматы радиостанциясының қашан құрылғандығы туралы әр түрлі пікірлер бар. Белгілі ғалым Р.Сағымбеков: «Алматыда радиохабарын беру 1928 жылғы ақпанда басталған болатын. Хабар тарататын жүйеге алғашқы күні 60 абонент қосылды. Ал бірер күннен кейін 105-ке жетті. Қолда бар трубка саны бұдан артыққа жетпеді. Олардан басқа байланыс басқармасының клуб күзет ротасының қазармаларына күшейткіштер, кеңестік сауда қызметкерлерінің клубына 600 адамдық аудиторияны қамти алатын «Рекорд» үлгісіндегі 40 күшейткіш орнатты» дейді.

1930 жылы Мәскеуде алғаш рет аса ірі радиоорталықтар өкілдерінің кеңесі болды. Кеңесте радиохабары жанрларының проблемалары да егжей-тегжейлі талқыланды. «Бізде қазір, – деп атап көрсетті кеңеске қатысушылар, – радиохабарының білікті қызметкерлерін даярлайтын мектеп жоқ. Жағдай бізді бәрін де іс үстінде үйренуге, жұмысты тастамай оқып-үйренуге мәжбүр етуде. Кадрларға деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін 50 радиоорталықтан 2000 радиотораптан және 115 шақты өлкелік, республикалық радиогазеттен тұратын жүйеде, орталық газеттерді қоспағанда, үстіміздегі жылы барлық категорияда кем дегенде 2000 қызметкер даярлау керек”. Журнал қалыптасқан жағдайды осылай сипаттады.

1933 жылғы 31 қаңтарда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі «КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы бүкілодақтық радиоландыру және радиохабары комитеті туралы» қаулы қабылдады. Онда: «Радио еліміздің бүкіл шаруашылық және саяси өмірінде айрықша маңызды мәнге ие болуына байланысты КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі жанынан Бүкілодақтық радиоландыру және радиохабары жөніндегі Комитет құру қажет деп танылсын» делінген.

КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1933 жылғы 27 қарашадағы № 2574 қаулысымен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Бүкілодақтық радиоландыру және радиохабары жөніндегі комитет туралы жаңа ереже бекітілді.

1936 жылдан кейін радиоақпарат және радиохабары комитеті өз функциясын Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесі жанында жүзеге асырды. Радио желісі күшті дами бастады, осыған байланысты Қазақ радиокомитетінің құрылымы 1939 жылы штаттық кестеге сәйкес мынадай болды:

Басшылық; Үгіт және насихат секторы; «Соңғы хабарлар» редакциясы; Музыкалық хабарлар редакциясы; Әдеби-драмалық хабарлар редакциясы; Балалар хабарлары редакциясы; Шығару секторы; Тақырыпты жоспарлау және кесте секторы; Бұкаралық жұмыс және радиотыңдаушылар хаттары секторы; Радиоландыру бөлімі; Радиоәуесқойлар секторы; Бақылау инспекторлық топ; Механикалық хабарлар бөлімі; Тораптық хабарлар секторы; Атқарушы адамдар; Қызмет көрсетуші адамдар; Кадрлар секторы; Арнаулы бөлім.

Сөйтіп, соғыстың алдындағы онжылдық ішінде Қазақ радиохабары жаппай даму фазасынан өтті, өзін орнықтырудың жолдары мен формаларын іздеді.

1947 жылы радио рөлі күрт күшейді. Халыққа ақпарат таратуда, саяси тәрбие беруде, елдің мәдени деңгейін арттырудағы беделі арта түсті. Жаңа радиоциклдар – «Біздің Отан», «Күн тақырыбында», «Ғылым мен техника жаңалықтары» т.б. пайда болды. Зерттеліп отырған тұстағы радиохабарларында негізінен газет материалдары көп пайдаланылғанымен, озаттар тәжірибелері туралы ұйымдастырылған, басқа тыңдармандар атымен эфирге шыққан материалдарды көптеп кездестіруге болады.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 198 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Азақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы | Радиожурналистика жаныры мен пішіндерінің эвалюциясы | Радиожурналистиканың ақпараттық жанры | Радиохабардың тілі мен стиль ерекшелігі | Шалқар»ақпаратты-сазды бағдарламасы,оның тарихы, өзгешелігі | Радиодағы талдамалы жанр | Логиканың радиодағы рөлі | Радиогазет, оның құрлымы, атқаратын қызметі | Емтихан билеті | Емтихан билеті |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Радиожурналистикадағы деректі көркем жанрлар| Радиожурналистің соз мәдениеті

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)