Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халыктын денсаулык жағдайын сипаттаудағы ҚР бойынша статистикалык көрсеткіштер жуйесіне токталыныз.

Читайте также:
  1. Аурухана жағдайында туберкулезге бактериоскопиялық зерттеу үшін қақырықТЫ жинау
  2. ЕМШАРА МЕЙІРБИКЕСІНІҢ КӨМЕКШІСІ» КӘСІБИ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫҢДЫСЫ БОЙЫНША ІСКЕРЛІК ПЕН ДАҒДЫНЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ
  3. Жұмыс орнындағы микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету
  4. Маңғыстау облысы бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерінің тізімі- 2015 ж.
  5. пәні бойынша студенттің өзіндік жұмысының мазмұны
  6. Р қаржы құқығы» пәні бойынша /20 сағат/ дәрістік сабақтардың жоспары
  7. Р қаржы құқығы» пәні бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі

Мемлекет Қазақстан Республикасының "Қазақстан-2030" Даму
стратегиясымен азаматтардың денсаулығын қорғау мен әл-ауқатын қамтамасыз етуді негізгі ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі ретінде айқындайды.
Қазақстан - 2,7 миллион шаршы километр аумағы, 15,5 миллион халқы бар егемен мемлекет. Халқы ауқымды қашықтықта бір-бірінен шашыраңқы орналасқан елді мекендерде тұрады, мұның өзі халыққа медициналық көмек көрсетуде осы ерекшеліктерді ескеру қажеттігін алға тартады. Оның үстіне республикада экологиялық қолайсыз аймақтар (Семей полигоны, Арал) бар, сол сияқты әлеуметтік және экономикалық сипаттағы факторлар да жағдайды ушықтыра түсуде.
Халықтың денсаулық жағдайы жалпы нашарлай түсуімен сипатталады, сырқаттану, жалпы өлім-жітім және балалардың шетінеуі жоғары деңгейде қалып отыр, өмір сүрудің орташа ұзақтығы қысқаруда, барған сайын нашақорлық, темекі шегу, ішкілік ішу, әсіресе, балалар мен жастар арасында көптеп тіркелу үстінде, мұның өзі ұлттың тектік қорының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау ісінде жалпы ахуал жақсы деп айту қиын, дегенмен халыққа медициналық қызмет көрсету үшін берік база әрі көптеген білікті медицина қызметкерлері бар, соларға сүйене отырып қоғамдық денсаулық сақтаудың жаңа инфрақұрылымын түзуге болады.
Денсаулық сақтау жүйесі республикалық және жергілікті деңгейдегі ұйымдар желісі арқылы жұмыс істейді, қалыптасқан дәстүр бойынша, оларға мынадай функцияларды атқару жүктелген: халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен оған әркімнің де қолы жетуін қамтамасыз ету; эпидемиялар (індеттер) мен аурулардың таралуының алдын алу; дүлей апаттар кезінде шаралар қолдану және халыққа олардың зардаптарын еңсеруге жәрдемдесу. Денсаулық сақтау ісінің аса маңызды функцияларының қатарына халықтың денсаулық күйінің мониторингі, дерттің алдын алу, емдеу, сондай-ақ денсаулыққа байланысты проблемалар мен оны республиканың жекелеген аймақтарында қалыптастыратын факторларды зерделеу жатады.
Мемлекет денсаулық сақтау жүйесі алдында мынадай негізгі міндеттерді қойып отыр:
- халық денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;
- медициналық көмектің осы заманғы деңгейі мен оған жалпы жұрттың қолы жетуін қамтамасыз ету;
- халыққа медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен оны қаржыландыруды жетілдіру.
"Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мен медициналық көмек көрсетудің осы заманғы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірленді, ол республикадағы ауыр эпидемиологиялық ахуалды еңсеруге, медициналық қызмет көрсету сапасын түбірлі жақсартуға, көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтуға, азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Онда халық денсаулығына әсер ететін факторларға шолу келтіріледі және оны жақсартудың негізгі жолдары айқындалады. Салауатты өмір салтын қалыптастырумен, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті дамытумен, туберкулез бен басқа да әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алумен және оларға қарсы күреспен байланысты аса маңызды іс-шараларға, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруды, бақаруды және қаржыландыруды жетілдіруге зор маңыз беріледі.
Бағдарлама қысқа мерзімді (1998-1999 жылдар), орта мерзімді (2000-2003 жылдар) және ұзақ мерзімді (2003-2008 жылдар) шараларды қамтиды және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының "XXI ғасырда денсаулық баршаға" Стратегиясының негізгі принциптеріне сәйкес келеді.

Бағдарламаның мақсаты - Қазақстан халқының денсаулық жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау ісінің халыққа медициналық қызмет көрсетудің жаңа сапалық деңгейіне жеделдете көтерілуіне жәрдемдесетін қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және іске асыру.

ҚР медицинаның негіңзгі стандарттары

1. Халыққа медициналық қызмет көрсетудің қол жеткізілген деңгейін сақтауға және ұстап тұруға әрі денсаулық сақтау жүйесін нарық жағдайында оңтайлы жұмыс істеуге бейімдеуге бағытталған экономикалық, құқықтық, ұйымдық шаралар кешенін жүзеге асыру.
2. Медициналық қызметтердің ішкі нарығын қалыптастырудың экономикалық-құқықтық алғышарттарын жасау.
3. Медицина мекемелері қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, медициналық көмектің сапасын арттыру.
4. Халық денсаулығын қалыптастыру, нығайту және сақтау ісіндегі мемлекеттің жауапкершілігі, оған жұмыс берушілер мен азаматтардың қатысуы.

Мониторингті іске асырудың негізгі жолдары:

1. Денсаулық сақтау ісін басқару жүйесін жетілдіру.
2. Медициналық қызмет көрсету жүйесін көп укладты және көп
деңгейлі жүйеге айналдыру.
3. Денсаулық сақтау ісіндегі қаржыландыру мен экономикалық қатынастар жүйесін өзгерту.
4. Медициналық кадрлар даярлау жүйесін реформалау.
5. Денсаулық сақтау ісінің материалдық-техникалық базасын
нығайту.
6. Медициналық қызметтер көрсетуде бәсекелестік орта құру.

 

Халыктын денсаулык жағдайын сипаттаудағы ҚР бойынша статистикалык көрсеткіштер жуйесіне токталыныз.Жауабыныздынакты көрсеткіштермен дәлелдеп салыстырмалы кесте турінде ұсынуғаа болады.Жыл бойынша осы материалдармен кетсе жасауға болады.Накты статистика жок.

Денсаулық сақтау деңгейі адам əлеуетінің

дамуының нық негізін қалайды. Денсаулық сақтау

жүйесінің жағдайы жəне мүмкіндіктері мен білім деңгейі,

өмір сүру ұзақтығы, тұрмыс жағдайларының арасында

тығыз байланыс бар.

Бүгінгі таңда елімізде денсаулық сақтаудың да-

муында белгілі жетістіктер бақыланады. Қазақстанда

бюджеттен қаражаттандыру, медицина мекемелерінің

торабы, кереуеттер қоры жыл санап өсуде. 10 000

тұрғынға шаққанда кереуеттермен қамсыздандыру

72,2, медицина кадрларымен - 35,6 (дəрігерлер), 74,1

(орташа персонал) құрайды.

Денсаулық сақтауды қаржыландырудың жарқын іл-

герілеуіне қарамастан 2012 жылы өткізілген денсаулық

сақтау Жылының нəтижелері қаралудан өткен 1,6 млн.

мектеп оқушыларының 900 мыңы, яғни осы жастағылар

дəрежесіне жататын балалардың жартсынан астамы,

ауру ба

лалар екендігін көрсетіп отыр. Əр он адамның

біреуінде демалыс органдарының, тоғыздың біреуінде

– жүйке жүйесінің, жетінің біреуінде – ас қорыту жəне

қаңқа-бұлшық ет жүйесінің аурулары ұшырасады. Зəр-

жыныс жəне қан қорыту жүйелерінің патологияларының,

көруі нашарлаудың, бой түзеу кемісі мен сколиоздың

пайда болуының пайыздық үлестері жоғары.

Нəсіл қуу себепкер шарттарымен қатар жарықтың

аздығы, бектітілген санитарлық-гигиеналық талаптардың

сақталмауы жəне үлгіқалыптарға сəйкес мектеп жиһа-

зы

ның жетіспеушілігі де аталып отыр. Медициналық

қаралудан өткізумен қатар республикадағы барлық

мектептердің жай-күйі де зерттелді. 2012 жылғы де-

ректер бойынша барлық мектептердің 14,7% немесе

8130-дың 1198-і санитарлық-гигиеналық талаптар-

ды қанағаттандырмайды. Бұл мектептер түбегейлі

жөндеуді, су, жылу жүйелерін, төбесін жөндеуді қажет

етеді. 14 жасқа дейінгі балалардың 10% жуығы темекі

шегеді жəне 20% алкоголь тұтынады, есірткіні алғаш

тату табалдырығы 13-14 жасқа дейін түсіп кеткен. Ме-

дицина пункттарымен қамтамасыз етілуге жүргізілген

талдау мектептердің тек 44%-ның ғана медицина пункт-

тері бар екендігін көрсетті.

Жоғарыда айтылған нəтижелердің негізінде мем-

лекеттік деңгейде тұтастай денсаулық сақтау жүйесін

жақсартуға бағытталған нақты шаралар жүргізілді.

Мысалы, 2013 жылдың ішінде қосымша 949 мектеп

медпункттары ашылды. Жергілікті денсаулық сақтау

ұйымдары арқылы 761 890 мектеп оқушыларының

денсаулығы жақсартылды. Осы арқылы 90 мыңнан

астам мектеп оқушылары денсаулық индексі жоғарырақ

топқа өтіп 80 мыңы айығуына байланысты диспансер-

лік есептен шығарылды. Өз кезегінде, оқушылардың

денсаулығының айтарлықтай жақсаруы – білім алуы

мен машықтануының жемісті болуының нық негізі. Соны-

мен, төрт жылда бір рет оқушылардың денсаулығының

жағдайын осылайшы бағалап тұрған абзал. Мұндай

тəсілдер оқушылардың денсаулығына, яғни үлгіріміне

де байланысты туындаған мəселелермен күресудің ор-

нына профилактикалық шаралар арқылы олардың ал-

дын алуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтаудың басқа бір шешілмеген

мəселесі медициналық көмектің кепілденген көлемін

алудағы теңсіздік, бұл да адамның дамуы деңгейіндегі

аймақтар бойынша айырмашылыққа ықпал етеді.

Медициналық көмектің кепілденген көлеміне сəйкес

бір тұрғынға 6095 теңге (2013ж.) бөлінеді. Соның

өзінде қаражаттардың көлемі əртүрлі жерлерде қатты

ауытқиды: Алматы облысындағы 3500 теңгеден бастап

Маңғыстау облысындағы 10400 теңгеге дейін, мұның өзі

география бойынша теңестірудің пəрменді механизмінің

жоқ екендігін көрсетеді.

Сонымен, тұтастай алғанда, денсаулық сақтау

жағдайы бірнеше негізгі кезеңдермен сипатталады:

егер кереуеттер қоры жəне дəрігерлер саны

көрсеткіштері бойынша пайымдаса ресми

тұрғыдан қол жеткізілу теңдігі мен жоғары даму

деңгейі бар;

қорлармен нақты қамтамасыз етілу дамыған

елдерден гөрі дамитын елдердегіге сəйкес;

қорлардың құрылымы мен олардың пайда-

ланылу тиімділігі қанағаттандырғысыз;

қазіргі заманғы медициналық көмекке қол жет-

кізудегі айқын көрінетін теңсіздік, жəне де қол

жеткізілу өлшемдері əрдайым айқын емес,

көлеңке нарықтың ролі жоғары.

Жоғарыда аталғандардың бəрі де тұрғындардың

табыстарының дифференциялануының жоғары болуы-

ның жəне денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырудың

нарықтық қатынастар жағдайына жарым-жарты-

лай көшуінің салдары. Тұрғындардың сапалы жəне

көлемді шығындарға батырмайтын медициналық

көмекке қол жеткізуінің қиындау мəселесі денсаулық

сақтау жүйесі үшін ең маңыздыларының бірі бо-

лып қалып отыр. Қалыптасқан жағдайдан шығудың

жолы денсаулық сақтау жүйесін денсаулық сақтау

мекемелерінің қызметінің тиімділігін арттыру бағытында

реформалау жəне де ақысыз медициналық көмек беру

бағдарламаларын қаржыландыруды кеңейту. Бұл

бағытта үлкен үміт жақында қабылданған 2010-2015

жылдарда денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың

Мемлекеттік бағдарламасына жүктеледі

 

 

Дамушы ердердегі халыктын денсаулығын және медициналык кызметті сипаттайтын көрсеткіштер жуйесі кандай.,ҚР салыстыра отырып жауабынызды кесте түрінде ұсыныныз.Мемлекеттерді әр катарға бөліп жазып кесте курсандар болады осы материалмен

2011 жылғы әлем елдеріндегі Адамның даму индексі осы жылдың күзінде жариялаған болатын, БҰҰ адамның дамуы туралы деректері бар есептер, әдетте екі жылға кешіктіріледі, өйткені ұлттық статистикалық қызметтер жариялағаннан кейін халықаралық салыстыруды талап етеді.. Осылайша, ағымдағы 2011 жылға арналған баяндамада 2009 жылғы қорытындылар бойынша есептелген деректер ұсынылды.

Барлық елдер рейтингте төрт санатқа жіктеледі:

АДИ деңгейі өте жоғары елдер.

АДИ деңгейі жоғары елдер.

АДИ деңгейі орташа елдер.

АДИ деңгейі төмен елдер.

2011 жылы ұлттық жетістіктер рейтингін Норвегия бастады, ол 2001-2006 жыл аралығында бірінші орын алған, одан кейін оны Исландияға берді, алайда 2008 жылы тізімнің басына шықты және барлық осы уақыт ішінде көшбасылықты жалғастыруда. Норвегия АДИ 0,943 тең. Бұл мемлекетте өмірдің ұзақтығы деңгейі әлемдегі ең жоғарылардың бірі —81,1 жас, халықтың жан басына орташа жылдық табысы - 57,130 АҚШ долл., халықтың жан басына жалпы ұлттық табыс – 47 557 АҚШ долл. (тұрақты халықаралық долларда көрсетілген сатып алу қабілеті паритеті бойынша, база – 2005ж.). Мұнда іс жүзінде кедейлер жоқ, «сыныптық» деп аталатын айырмашылықтар өте әлсіз көрсетілген. Халықтың әл-ауқаты айтарлықтай дәрежеде мұнай және газ өндіруші және мұнай өңдеуші өнеркәсіппен байланысты, өйткені Норвегия –әлемдегі ірі және Батыс Еуропадағы ең ірі көмірсутегін өндіруші және экспорттаушы. Елдегі инфляция және жұмыссыздық қалған Еуропамен салыстырғанда дәстүрлі төмен, бірақ сонымен бірге — бұл ең қымбат әлем елдерінің бірі.

Сондай-ақ, даму деңгейі өте жоғары елдер рейтингі көшбасылары ондығына - сондай-ақ, Австралия, Нидерланд, Құрама Штаттар, Жаңа Зеландия, Канада, Ирландия, Лихтенштейн, Германия және Швеция кірді. Алайда, зерттеу авторлары АДИТ бойынша ішкі әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті ескере отырып, Индексті түзетуден кейін ең бай елдердің кейбірі бірінші ондыққа да жете алмай жатқындығын ерекше атап өтеді. Мәселен, Құрама Штаттар 4-орыннан 23-орынға, Оңтүстік Корея — 15-орыннан 32-орынға, Израиль 17-орыннан 25-орынға түсіп қалған. Теңсіздікті ескере отырып, түзетілген Адамның даму индексі бойынша АҚШ және Израиль рейтингінің төмендеуі негізінен халық табыстарындағы теңсіздіктермен түсіндіріледі, дегенмен медициналық көмек сондай-ақ, АҚШ-тың рейтингін өзгертуге ықпал ететін фактор болып табылады.

Қазақстан 2011 жылғы рейтингте 0,745 АДИ-мен 68 орын алады және БҰҰДБ бағасы бойыншажоғары дамыған мемлекеттер тізімінің ортасында орналасқан. Жалпы, елдің көрсеткіштеріне әлеуметтік теңсіздік, экологиялық проблемалар, сондай-ақ, өмірдің ұзақтығының төмен болуы теріс әсер етеді. Зерттеу авторлары Қазақстанда (посткеңестік кеңістіктегі мұнай және газ экспорттаушы басқа да елдерде) экономиканың саралануына емес, табиғи ресурстарды пайдалануға өте күшті екпін жасалатынын көрсетеді, бұл соңғы жылдардағы тұрақтылыққа және адам дамуының тұрақтылығына елеулі әсер етуі мүмкін.

Бұрынғы КСРО мемлекеттері қатарынан АДИ деңгейі жоғары елдер тобында Қазақстанмен қатар Беларусь (65 место), Ресей (66), Грузия (75), Украина (76), Армения (86) және Әзірбайжан (91) бар. Басқа да посткеңестік мемлекеттер даму деңгейі орташа елдер тобына енгізілді: Түрікменстан (102 орын), Молдова (111 орын — Еуропадағы ең төмен көрсеткіш), Өзбекстан (115), Қырғызстан (126) және Тәжікстан (127). Барлық бұрынғы КСРО мемлекеттерінен тек қана Балтық жағалауы елдері адамның даму деңгейі өте жоғары мемлекеттердің бірінші тобына кіре алды: Эстония 34, Литва — 40, Латвия — 43 орынды алады.[38]

Рейтингті даму деңгейі өте төмен нашар дамыған мемлекеттер жабады. Соңғы ондықтың барлық елдері Сахарадан оңтүстікке Африкада орналасқан: Гвинея, Орталық-Африка Республикасы, Сьерра-Леоне, Буркина-Фасо, Либерия, Чад, Мозамбик, Бурунди, Нигер және Конго Демократиялық Республикасы (0,286 АДИ соңғы орын). Бұл мемлекеттерде өмірдің ұзақтығы өте төмен — 40 жастан 50 жасқа дейін, әлеуметтік-экономикалық орта барынша қолайсыз, халықтың сауаттылығы төмен - барлық тұрғындардың 30%-дан аспайтыны оқи және жаза алады, халықтың жан басына табысы — жылына 1 адамға 1 000 АҚШ долларынан төмен. Соңғы жылдары қол жеткізілген ішінара прогреске қарамастан бұл елдер бұрынғысынша жеткіліксіз табыстан, білім саласында шектеулі мүмкіндіктерден және безгек пен ЖҚТБ сияқты ауралардан өлімнің салдарынан айтарлықтай дәрежеде өмірдің ұзақтығының төмендігінен азап шегеді. Бірқатар елдердегі бұл проблемалар қарулы қақтығыстардың жойқын салдарларынан ушыға түседі.

 

Медициналық қызметтің түрлері

Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің мынадай түрлері:
1) медициналық көмек;
2) зертханалық диагностика;
3) патологиялық-анатомиялық диагностика;
4) қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет;
6) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет;
7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі мен ғылыми қызмет;
8) денсаулық сақтау саласындағы сараптама;
9) осы Кодексте тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жүзеге асырылады.

11-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

38-бап. Медициналық көмектің түрлері

Медициналық көмектің негізгі түрлері:
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
2) білікті медициналық көмек;
3) мамандандырылған медициналық көмек;
4) жоғары мамандандырылған медициналық көмек;
5) медициналық-әлеуметтік көмек болып табылады.

Халықтың денсаулығын жақсарту
Бұл міндет:
1) қолайлы қоршаған ортаны сақтау;
2) саламатты өмір салтын ынталандыру;
3) денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру арқылы шешілетін болады.
Қолайлы қоршаған ортаны сақтау. Елдің әрбір тұрғынына таза суға, ауаға және толымды биоресурстарға қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады. Қоршаған ортаның қолайлы жағдайын қолдау және экологияға зиянды әсер етуді барынша азайту жөнінде шаралар енгізіледі.
Саламатты өмір сүру салтын ынталандыру. Саламатты өмір сүру салтын қалыптастыру және жаппай тарату шеңберінде спортпен, оның ішінде жұмыс орындарында айналысуға жағдай жасалады. Жұмыс берушілердің қызметкерлер денсаулығын нығайту жөніндегі бағдарламаларды енгізуі осы шаралардың бірі болады. Халықаралық тәжірибе тәуекел факторларына бірінші кезекте назар аудару ұзақ мерзімді перспективада едәуір табыс алып келетінін көрсетеді. Осыған байланысты, алкоголь мен темекіні шектен тыс тұтыну, дене қозғалысы белсенділігінің жетіспеушілігі және дұрыс тамақтанбау сияқты денсаулыққа теріс ықпал ететін факторлар жөнінде халықтың хабардарлылығын арттыру бойынша шаралар қабылданады. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының санын және өндірістік жарақаттану деңгейін азайту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру. Ұзақ мерзімді перспективада аурулардың алдын алу және ерте анықтау – денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарына айналады. Өз денсаулығы үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің ынтымақты жауапкершілігі қағидаттарын кезең-кезеңмен енгізу жүзеге асырылатын болады.
Кең ауқымды Ұлттық скрининг бағдарламасы баладан бастап егде жасқа дейінгі өмір циклінің барлық кезеңдерін қамтиды. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) барлық қалалық және ауылдық елді мекендерді қамтиды. Жалпы дәрігерлік практика негізінде ұйымдастырылған МСАК жүйесі медициналық көрсетілетін қызметтің негізгі көлемін көрсететін болады. МСАК деңгейінде жұмыс істейтін жалпы практика дәрігерлерінің үлесі жыл сайын ұлғайтылатын болады.
Денсаулық сақтау саласында көліктік медицина көмегін, санитариялық авиацияны, телемедицинаны және жылжымалы дәріханалар желісін, апатты медицинаны дамыту үшін барлық қажетті инфрақұрылымдық және материалдық-техникалық жағдайлар жасалатын болады. Әрбір азаматтың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты біріктіретін электронды денсаулық сақтау жүйесі енгізілетін болады. 2020 жылға қарай барлық денсаулық сақтау ұйымдары бірыңғай ақпараттық желіге қосылатын болады. Барлық азаматтардың электронды медициналық карталары болады.
Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету барлық әлеуметтік серіктестермен (мемлекет, жұмыс беруші, қызметкер) ынтымақты түрде жүзеге асырылатын болады. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері пысықталады.
Азаматтардың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуларын ұтымды ету мақсатында халық табысының өсуіне қарай медициналық көрсетілетін қызметтерді бірлесіп төлеу тетігі енгізілетін болады.

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 250 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Леуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз | Леуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз | Білім беру қызметтеріндегі стандарттарды атаңыз және оларды басқару жүйесіне сипаттама беріңіз | Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 1 страница | Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 2 страница | Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 3 страница | Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 4 страница | Халыкаралык әлеуметтік стандарттаур жуйесі мен олардын аткаратын кызметі кандай.Артыкшылыктары мен кемшіліктері неде.Өз жауабынызды негізденіз | Тегін медициналык комекке кандай кепілдік беріледі және оны кімдер пайдалана алады.Екеуи уксайды | Социологиялык мониторинг,әлеуметтік мониторинг, статистикалык мониторинг аныкткма бере отырып айырмашылыктарын көрсетініз. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Халыктын денсаулыгын мониторингтеу дегеіміз не және ол калай іске асады.ҚР медициналык стандарттарынын мәні неде .Жауабынызды корытындыланыз.| Методико–экономические стандарты КМП

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)