Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тегін медициналык комекке кандай кепілдік беріледі және оны кімдер пайдалана алады.Екеуи уксайды

Читайте также:
  1. Аз. Кеуде және құрсақ қуысының жарақаттары, қаз.
  2. Аз. Хирургиялық гастроэнтерология және колопроктология, қаз
  3. Аз. Хирургиялық ифекция және амбулаторлы хирургия, каз.
  4. Андай рецепторлардан сенсорлық ақпарат Швальбе, Манаков, Дейтерс және Бехтерев ядроларына келіп түседі?
  5. Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары
  6. Бiрiншi бағыт: оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
  7. Бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдіктер. Құрылуы және құрамы

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетуді қамтиды.

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (бұдан әрі - ТМККК) мыналар кіреді:
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
2) амбулаториялық-емханалық көмек, ол:
медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі - МСАК);
медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі - КДК) қамтиды;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны (шекті көлемі) шеңберінде МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, төтенше айғақтары бойынша - жолдаманың болу-болмауына қарамастан берілетін стационарлық медициналық көмек;
4) МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.

 


2. ТМККК тізбесі

 


3. Жедел медициналық көмек нысанындағы ТМККК тізбесі мыналарды қамтиды:
1) шұғыл айғақтары бойынша медициналық көмек көрсету және дәрілік формулярларға сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
2) науқастарды медициналық айғақтары бойынша медициналық ұйымдарға жеткізу;
3) бұқаралық іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету.

4. Санитариялық авиация нысанындағы ТМККК мыналарды қамтиды:
1) пациенттің тұратын жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету;
2) әртүрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау.

5. Амбулаториялық-емханалық көмек нысанындағы ТМККК азаматтарға МСАК, КДК түрінде ұсынылады және мыналарды қамтиды:
1) мамандардың тексеріп-қарауы, консультациясы;
2) MСАК маманының және (немесе) бейінді мамандардың медициналық айғақтары және жолдамасы бойынша 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдерге, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, мүгедектерге, көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, атаулы әлеуметтік көмек алатындарға, жасы бойынша зейнеткерлерге, инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастарға және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратындарға (бұдан әрі - әлеуметтік қорғалмаған топтар) көрсетілетін полимеразды тізбекті реакция негізінде диагностикалауды, иммунофенотиптелуді, компьютерлік және магнитті-резонансты томографияны, ангиографияны, медициналық-генетикалық зерттеулерді қоспағанда, зертханалық және аспаптық зерттеулер;
3) медициналық қызметтер (инъекциялар, дәке, қатайтатын таңғыштар, шендеуіштер салу, медицина ұйымының шығыс материалдарын пайдаланып хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да амбулаториялық ем-шаралар (бұдан әрі - медициналық қызметтер);
4) медициналық айғақтары бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға физиотерапиялық емшаралар;
5) халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына шұғыл стоматологиялық көмек, тіс жұлуды қоса алғанда, 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек (ортодонттық және ортопедиялық көмектен басқа), қыздыру және химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломба салу;
6) салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар:
салауатты өмір салтын насихаттау және тамақтану;
тұрғындарды гигиеналық оқыту, отбасын, ана болуды, әке болуды және балалықты қорғау;
халыққа қауіпсіз сумен жабдықтау және ұтымды тамақтану жөнінде түсіндіру жұмыстары;
7) белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттармен мамандандырылған емдік өнімдер тізбесіне сәйкес тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз етуге сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
8) уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарау;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егуді жүргізу;
10) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар.

6. Стационарлық көмек нысанында көрсетілетін ТМККК мыналарды қамтиды:
1) мамандардың тексеріп-қарауы, консультациясы;
2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулер;
3) медициналық қызметтер (ақылыны қоспағанда) медициналық айғақтар бойынша дәрілік фармулярларға сәйкес дәрімен қамтамасыз ету;
4) медициналық айғақтар бойынша қан мен оның компоненттерінің препараттарымен қамтамасыз ету;
5) тиісті күтім жасауды және тамақтануды қамтамасыз ету;
6) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
7) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.

7. Стационарды алмастыратын көмек нысанындағы ТМККК мыналарды қамтиды:
1) мамандардың тексеріп-қарауы, консультациясы;
2) медициналық айғақтары бойынша бір күн ішінде 4-тен 8 сағатқа дейін медициналық қызметтер (ақылыны қоспағанда), дәрілік формулярларға сәйкес дәрімен қамтамасыз ету.

 

Тегін медициналык кызметті есепке алынгандар, Казакстанда азаматтыгы бар осындар тіркелген он сегіз жаска дейнгі кез келген азамат,мемлекеттік женілдікке ілінген азаматтар пайдалана алады

 

Р Үкіметтінің 2004 ж 15 желтоксандагы каулысымен комитет туралы ереже және оның кұрылымыбекітілді. Осы комитеттің негізгі міндеттері кандай. Қазакстанның кай аймактарына бөлімшелер ашылды. Жауабынызды негіздеп нактыланыз. Осы суракты өздеринде карап коріндерші дым таппадым

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1397 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың(облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті санында:
«Барлығы, штат саны* (бірлік)» деген 2-бағанда:
«Ақмола» деген жолдағы «3242» деген сандар «3390» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ақтөбе» деген жолдағы «2468» деген сандар «2554» деген сандармен ауыстырылсын;
«Алматы» деген жолдағы «3976» деген сандар «4144» деген сандармен ауыстырылсын;
«Атырау» деген жолдағы «1569» деген сандар «1654» деген сандармен ауыстырылсын;
«Шығыс Қазақстан» деген жолдағы «3997» деген сандар «4191» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жамбыл» деген жолдағы «2651» деген сандар «2745» деген сандармен ауыстырылсын;
«Батыс Қазақстан» деген жолдағы «2280» деген сандар «2406» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қарағанды» деген жолдағы «3467 деген сандар» «3634» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қостанай» деген жолдағы «3488» деген сандар «3642» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қызылорда» деген жолдағы «1893» деген сандар «1994» деген сандармен ауыстырылсын;
«Маңғыстау» деген жолдағы «1225» деген сандар «1284» деген сандармен ауыстырылсын;
«Павлодар» деген жолдағы «2806» деген сандар «2926» деген сандармен ауыстырылсын;
«Солтүстік Қазақстан» деген жолдағы «2667» деген сандар «2791» деген сандармен ауыстырылсын;
«Оңтүстік Қазақстан» деген жолдағы «4404» деген сандар «4570» деген сандармен ауыстырылсын;
«Алматы қаласы» деген жолдағы «1361» деген сандар «1485» деген сандармен ауыстырылсын;
«Астана қаласы» деген жолдағы «817» деген сандар «892» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жиыны:» деген жолдағы «42311» деген сандар «44302» деген сандармен ауыстырылсын.
2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
3-бағанда:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 4-жолдағы «11243» деген сандар «10728» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 8-жолдағы «10724» деген сандар «9517» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 11-жолдағы «4220» деген сандар «3951» деген сандармен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 553-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымында:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 23 және 24-тармақтармен толықтырылсын:
«23. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
24. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы».

 

Арттар мен мүгедектердің әлеуметтік көңіл күйін мониторингтеу калай жүргізіледі және негізгі максаты кандай. Қазакстан аумағында салыстыра отырып жауабынызды кесте турынде келтіруге болады.

 

БҰҰ-ның егде адамдарға қатысты 1-қағидасынан шығатын, егде адамдар оларға қоғам тарапынан қолдау көрсету, кіріс қамтамасыз ету арқылы азық-түлік, су, тұрғын-үй және медициналық қызмет көрсету талаптарына сәйкес қол жетімділікке ие болу тиіс.

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлері бүгінде қарттарға қамқорлықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің кең тараған түрі болып табылады.

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлердің қызметін Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетулердің үлгі ережелері (бұдан әрі – Үлгі ереже), 2005 жылғы 1 желтоқсанда қабылданған «Мүгедектер мен қарттарды үйде әлеуметтік көмек бөлімшелерінде, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсету» 1457-2005 ҚР ГОСТ (бұдан әрі – ГОСТ) реттейді.

Қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған интернат-үйі денсаулық жағдайына байланысты тұрақты күтімді, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді, әлеуметтік-еңбекке бейімделуді қажет ететін қарттар мен 1, 2-топтағы мүгедекердің уақытша немесе тұрақты тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады. Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінің қызметін басқаруды облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мониторинг жүргізүді жүзеге асырады.

Интернат-үйге жақын, кәмелетке толған, еңбекке қабілетті туыстары жоқ, заң бойынша оларды асырау және қамқорлыққа алу міндетті, сондай-ақ объективтік себептерге (жасының егделігіне байланысты, бірінші, екінші топтағы мүгедек, онкологиялық, психиатриялық ауру, бас бостандығынан айыру орындарындағы немесе шетелге тұрақты тұру үшін көшіп кеткен) байланысты оларға тұрақты көмек пен күтім көрсетуді қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар адамдар (жұбайлар) қабылданады.

Ардагерлер, мүгедектер ісі кеңесінің шешімі бойынша ерекше жағдайларда интернат-үйге қақтығыстар себебінен бірге тұру мүмкін емес жақын кәмілетке толған еңбекке қабілетті туыстары бар қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектер қабылдануы мүмкін. Интернат-үйде мемлекеттік қамқорлыққа алынған негізгі контингентке залал келтірмей, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді қажет ететін қарт азаматтардық уақытша және тұрақты тұруына араналған ақылы бөлімдер ұйымдастыруға жол беріледі.

Интернат-үйлерде арнайы мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажетететін процестің белсенді сатысындағы туберкулездің, невроздарды қоспағанда, соматикалық аурулар кезіндегі невроздық жағдайларды, психиатриялық аурулардың, жеңіл сатыдағы ақыл-ой кемдігін, адамдардың ақыл кемдігінсіз және айтылған өзгерістерсіз сирек талып қалатын (2-3 айда кемінде 1 рет) түрлі этиологияның тырысу синдромдарын, уақытша тыйым салынған жұқпалы ауруларды, тері мен шаштың зиянды ауруларын, венериологиялық ауруларды, ЖҚТБ-нің болуы әлеуметтік қызмет көрсетуді медициналық теріске шығару болып табылады.

Интернат-үйінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: қарттар мен мүгедектерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, оларға үйдегіге ұқсас өмірдің қолайлы жағдайларын жасау; онда тұратын адамдарға күтімді үйымдастыру, оларға медициналық көмек көрсету және мәденибұқаралық жұмыс жүргізу; мүгедектерді әлеуметтік-тұрмыстық және еңбектік ақтап алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру.

Негізгі әлеуметтік терапия қамқорлыққа алынған адамдардың өз ішінтерінде де, дені сау адамдармен де әлеуметтік байланысын орнату болуы тиіс. Сонымен қатар, әлеуметтік терапия палаталардағы жабдықтаулар, өзіне және басқаларға өзгелердің көмегінсіз қызмет көрсету мүмкіндігі, жұмыс тәртібі, микро және макро әлеуметтік топтарды ұйымдастыру, өзіндік культтерапия, қызметтің психотерапевтік өнері секілді элементтерді қамтуы тиіс.

Қарттар мен мүгедектерге халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстық (республикалық дәрежедегі қалалық, астаналық) уәкілетті орган интернат-үйлерге жолдама береді. Әлеуметтік қызмет көрсетуге адамдарды қабылдау мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

үлгі ережелері бекітке нысан бойынша өтініш;

уәкілетті органның жолдамасы (ММӘМ-де әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау үшін);

жеке куәлік;

салық төлеушінің тіркеу нөмірінің бар екендігі туралы куәлік;

әлеуметтік жеке кодының бар екендігі туралы куәлік;

үлгі ережелері бекіткен нысан бойынша медициналық карта;

емхана картасынан үзінді;

зейнеткерлік куәлігі (зейнеткерлік жастағы адамдар үшін);

мүгедектігін, ҰОС-на қатысушы және оған теңестірілген адамдарды (мүгедектер, ҰОС-на қатысушы және оған теңестірілген адамдар үшін) растайтын куәлік;

мүгедектер үшін қосымша:

мүгедектігі туралы анықтама үзіндісінің көшірмесі;

мүгедекті ақтап алудың жеке бағдарламасы үзіндісінің көшірмесі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2006 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтері бойынша Қазақстанда қарттар мен мүгедектерге арналған 78 мемлекеттік интернат-үйі (2002 жылға қарағанда 20-ға артық), оның ішінде қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған 48 интернат-үйі және 30 психоневрологиялық интернат-үй есептелген.

Мына аудандарды кесте кылып екіге бөліп жазсандар болады.

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлердің көп бөлігі Шығыс Қазақстанда жұмыс істейді – 2380 орындық 11, олардың 8-і қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған, 3-уі – психоневрологиялық интернат-үй; Ақмола облысында – 1103 орындық 10, оның ішінде 7-і қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған, 3-уі – психоневрологиялық интернат-үй; Қостанай облысында – 1129 орындық 9, оның ішінде 6-уы қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған, 3-уі – психоневрологиялық интернат-үй; Қарағанды облысында – 1802 орындық 8, оның ішінде 5-еуі қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған, 3-уі – психоневрологиялық интернат-үй; Батыс Қазақстанда 4 жалпы үлгідегі интернат-үй; Жамбыл облысында қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған 3 интернат-үй жұмыс істейді.

Қарттар мен мүгедектерге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес интернат-үйлерде тұратындардың саны 2006 жылғы 1 қаңтарда 15923 адамды құраған. Олардың ішінде 5300 адам – зейнеткерлер, 10257 адам – мүгедектер, 252 адам – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер. Мысалы, Алматы қаласында қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратындардың жалпы саны – 350 адам, Қарағанды облысында – 652 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 1160-нан астам, Жамбыл облысында – 450 адам, Астана қаласында – 250 адам, Маңғыстау облысында – 156 адам.

 

 

Леуметті к мониторингті жүргізгенде мәліметтер жинаудың кандай принциптері сакталу кажет.Әлеуметтік кызмет сапасын мониторингтеудегі акпараттык технологиялардың ролі кандай. Әр принципке жеке сипаттама беріп жауабынызды нактыланыз.

 

Біріншіден, қолданыстағы заңға енгізілетін маңызды деген толықтырулардың бірі - мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті орган және мониторинг жүргізу туралы нормалар болып табылады.

Бұл пікірді ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева айтты. Ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымында баяндама жасады.

Атап өту қажет, қолданыстағы заңда уәкілетті орган туралы норма жоқ. Осының салдарынан қазіргі уақытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу барысына қажетті деңгейде жалпы бақылау жасалмайды.

Сондықтан уәкілетті орган туралы түсінікті енгізу бүкіл мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестірудің нақты жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа мониторинг жүргізу тәртібін бекітетін заңға тәуелді актіні, яғни, Үкімет қаулысын дайындауды қажет етеді.

Екіншіден, енгізіліп отырған түзетулерде салалық бағыттар бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нақты бағдарлары қарастырылуда. Бұл дегеніміз, әрбір министрлік, ведомство әлеуметтік тапсырысты тек өз құзырларының шеңберінде ғана жасақтап, жүзеге асырулары тиіс. Сондықтан, 4.2-бапта мемлекеттік органдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шараларын қатаң түрде Үкімет белгілеген тәртіппен жүргізуге міндеттейтін норма беріліп отыр.

Сонымен қатар 4-2-бап мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және әске асыру тәртібін анықтайтын заңға тәуелді актіні қабылдауды қажет етеді.

Үшіншіден, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына конкурстық құжаттаманы міндетті түрде мемлекеттік тілде дайындау шарттарын қарастыратын толықтыру енгізу ұсынылып отыр.

ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева: «бүгінгі таңда қалыптасып отырған жағдайды атап өтетін болсақ, барлық мемлекеттік органдар жеткізушілерге арналған конкурстық құжаттамаларды тек орыс тілінде жүргізіп отыр. Ұсынылып отырған түзетулер заңнамадағы тек осы ғана кемшілікті жойып қоймай, сонымен қатар мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге де үлес қосады. Бұл заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген. Сонымен қатар, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тексеру жөніндегі сараптамалардан да өтті. Еліміздегі жетекші деген үкіметтік емес ұйымдар, атап айтқанда Қазақстан азаматтық Альянсы, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы ұсынылып отырған заң жобасын мақұлдап отыр. Қарастырылып отырған заң жобасы республикалық және жергілікті бюджеттен қосымша шығындарды қарастырмайды»,- деп заң жобасы жөнінде жан-жақты түсінік беріп өтті.

Әлеуметтік мониторингті жүргізгенде мәліметтер жинаудың мынадай принцптері сақталуы қажет:

әлеуметтік және статистикалық бақылаудың бір территорияда немесе әкімшілік аймақта жүргізілуі;

әлеуметтік жә статистикалық мәліметтер жинау мерзімінің жоспарлығы;

мәліметтер алудың бірыңғай формаларының болуы;

әлеуметтік және статистикалық мәліметтерді салыстыру өлшемдерінің жасалуы;

бірыңғай әлеуметтік ақпарат банкінің болуы, оның сақталуы және толықтырылып отыруы.

 

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 172 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз | Леуметтік-еңбектік қатынастар жүйесіндегі минималды әлеуметтік стандарттар | Леуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз | Леуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз | Леуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз | Білім беру қызметтеріндегі стандарттарды атаңыз және оларды басқару жүйесіне сипаттама беріңіз | Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 1 страница | Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 2 страница | Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 3 страница | Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 4 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Халыкаралык әлеуметтік стандарттаур жуйесі мен олардын аткаратын кызметі кандай.Артыкшылыктары мен кемшіліктері неде.Өз жауабынызды негізденіз| Социологиялык мониторинг,әлеуметтік мониторинг, статистикалык мониторинг аныкткма бере отырып айырмашылыктарын көрсетініз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)