Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Леуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз

Читайте также:
  1. A) нақты-әлеуметтік әдістер
  2. Аз. Кеуде және құрсақ қуысының жарақаттары, қаз.
  3. Аз. Хирургиялық гастроэнтерология және колопроктология, қаз
  4. Аз. Хирургиялық ифекция және амбулаторлы хирургия, каз.
  5. Андай рецепторлардан сенсорлық ақпарат Швальбе, Манаков, Дейтерс және Бехтерев ядроларына келіп түседі?
  6. Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс-шаралары
  7. Бiрiншi бағыт: оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

Әлеуметтік қызметтер – ізгілік пен теңдік қағидаларына, адам өмірінің түрлі салаларындағы білімге, әлеуметтік мәселелерді бағалау және қиындықтарды басынан кешкен адамдарды қолдау икемділігіне негізделген, адамдар мен қызметтердің түрлі топтары арасындағы жаңа қарым-қатынас моделінде қалыптасқан маңызды кәсіби қызмет. Әлеуметтік қызметкерлер Халықаралық Федерациясының анықтамасы бойынша әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге, адамдар өзара қарым-қатынастарындағы мәселелерді шешуге және адамның бостандық пен лайықты өмірге құқығына себепші болады. Адамның мінез-құлқы мен әлеуметтік жүйелер тағылымына негізделе келе, әлеуметтік жұмыс адам қоршаған ортамен өзара әрекеттестікте болғанда үдеріске қосылады. Адам құқықтары мен әлеуметтік әділеттік – әлеуметтік жұмыстың іргелі қағидалары. Нормативтік-құқықтық базаға сай: 29.12.2008ж. «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы негізгі заң» от года, 25.11.2009ж. «Әлеуметтік қызметтер стандарттары», 10.04.2009ж. №134 «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлеріне кәсіби талаптар мен оларды аттестаттау ережелерін бекіту туралы» бұйрық.

90 жылдары әлеуметтік саясаттың ең бір маңызды үрдістерінің бірі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қалыптасуы болды. Халықпен жұмыс істеуде қазіргі технологиялар мен әдістемелер кеңінен қолдынала бастады. Әлеуметтік әдебиеттерде осы кезге дейін әлеуметтік қызмет көрсетудің бірдей қалыптасқан ұғымы жок деп айтуға толық негіз бар, әркім әртүрлі қарастырады. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің кейбір ғылымы еңбектерде әлеуметтік жұмыстың баламасы ретінде қарастырылады. Ал басқа да еңбектерде оны жоғарғы дәрежедегі әлеуметтік жұмыстың техлогиясы деп санайды. Бұл әлеуметтік технологиялар қазіргі күрделі әлеуметтік ситуациялар кезінде азаматтарға нәтижелі әлеуметтік қолдау көрсетуде мүмкіншілік жасайды. Осы ситуация әлеуметтік өрістің маңызды секторы болып саналады, адамдардың кез- келген әлеуметтік топтың шын мәніндегі өмірдегі қызметін бұзады. Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсетуді іске асыру мүмкіншілігі территориялық әлеуметтік қызмет көрсету органдарын ұйымдастыру, оларды одан әрі дамыту нәтижесінде іске асырылады.Әлеуметтік жұмыс саласында кәсіби әлеуметтік қызметкерді және басқа мамандарды даярлау жеткілікті дәрежеде жүріп жатыр деп айтуға болады. Әлеуметтік жұмыстың теоретиктері әлеуметтік қызмет көрсетуді әлеуметтік жұмыстың түрі деп тұжырымдайды. Іс жүзінде тәжірибеде бұл жүйелер әлеуметтік адамгершілік, қайырымдылық қызметтің белгілі бір түрлері болып саналады. Ол жеке бастың, отбасының кез-келген адамдар жиынтығының қайта қалыптасып, түзетінілуін қамтамасыз етуге негізделген. Әлемнің барлық елдерінде де әлеуметтік қызмет көрсету бірдей түсініліп, нақтылы ұғымы қарастырылмаған. Сондықтан да бұл терминнің мазмұны әр түрлі болып келеді.
Финляндияның әлеуметтік қызмет көрсету заңында әлеуметтік қызмет көрсетуді, әлеуметтік қолдаудың өмір сүруге керекті қаражаттардың, әлеуметтік жәрдемақылардың жиынтығы деп түсініледі.
Әлеуметтік жұмыстың сөздігінде әлеуметтк қызмет көрсету адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру нақтылы қызмет түрлерін беру деп аталады. Әлеуметтік қызмет көрсетудің Қазакстандағы жағдайы оның мәнінің, мазмұнының теориялық тұрғыдан дәлелденгенін көрсетеді және заңнамалық негіздері кұрастырылған.
Әлеуметтік кызмет көрсету жөнінде күні осы уакытка дейін бірде-бір президент жарлыктары немесе үкіметтін каулылары кабылданбаган. Отбасына, карт адамдарга, балаларға, мүгедектерге, халыктың т.б. категорияларына әлеуметтік кызмет көрсетудің бағыттары орындалмаған. Өкінішке орай казіргі отандык әдебиетте әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің кұрылымы мен функциялары жеткілікті тереңінен дәлелденбеген.
Әлеуметтік қызмет әр түрлі мекемелердің ғылыми-әдістемелік қамтылуы бастапқы жағдайда болып отыр. Азаматтарға әлеуметтік тиімді, жетілдірілген қызмет көрсетудің критерийлерімен көрсеткіштері жеткілікті түрде белгіленбеген. Жұмысты мақсатқа сәйкес мына тұрғыдан қарастырған жөн. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйе түрінде мынадай құрылымдардың жиынтығы болып табылады.

1. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ұйымдастыру қызметінің түрлері.

2. Жалпы міндеттер мен мақсаттар мен функцияларымен бірлестерімен региондық жиынтығы құрамын анықтаудың белгілі бір тәсілі.

3. Әлеуметтік қызмет көрсету органдары мен мекемелердің өзара іс- әрекетін реттеп тәртіпке келтіру.
4. Ведомствалық өзара байланыс, халықтың әртүрлі қатарларын қолдауға бағытталған іс- әркеттің өз кезегінде орындалуы жэне негізделуі.

5. Мекемелер қызметін қаржылық- экономикалық, материалдық-техникалык ресурстармен қамтамасыз ету.
6. Аймақтық әлеуметтік мекемелердің қызметін кадрлармен қамтамасыз ету.

7. Нормативті, құқықтық базаның деңгейі.

8. Әлеуметтік мекемелер қызметімен клиенттердің қанағаттану дәрежесі.

9. Әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігі.

34. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің іс-әрекетін бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз

2012 жылдың 31 мамыр мен 1 маусым күндері МЗТО-ның мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалау сұрағы бойынша селекторлық кеңесу яғни видеоконференц байланыс арқылы өткізді. Мемлекет басшысы Н.­Ә.На­­зарбаевтың 2012 жыл­ғы қаң­тардағы Қазақстан хал­қына Жолдауы әлеуметтік саланы жаңғырту үдерісіне тың сер­піліс әкелсе, «Қа­зақ­станның әлеуметтік жаң­ғыр­тылуы: Жал­­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарла­ма­лық мақаласы жаңа бағыт­тар­ды айқындап, міндеттерді нақтылап берді. Атап айтқанда, Президент құқық пен әділдік қағидат­тарына негізделген әлеумет­тік қатынастарды қалыптас­тыруды жүктеп отыр. Оған бізде толық мүмкіндік бар. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қор­ғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және меди­циналық-педагогикалық тү­зеу арқылы қолдау туралы» тиісті заңдар да қабылданған. Әлеуметтік қызмет көр­сету саласын кеңейту, олар­дың сапасын арттыру мақса­тында Мемлекет басшысы өзінің «Қа­зақстанның әлем­де­гі бәсе­кеге барынша қа­білетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарса­ңын­да» атты Қазақстан халқына Жолдауында кепілді және қосымша әлеуметтік қызмет­тер­дің тіз­бесін әзірлеп, заң жү­зінде бекітуді, оларды көрсету тәр­тібіне өзгеріс енгізуді, әлеу­меттік қызмет көрсету стандарттарын енгізу және қыз­меткерлерді аккредиттеуді тап­сырған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2008 жылғы желтоқсанда «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заң қабылданып, әлеу­меттік қызмет көрсету жү­йесін ре­формалауға және қи­ын өмірлік жағдайларға тап болған адам­дардың, оның ішінде мүгедек­тердің құқық­тарын қорғауға жол ашылды. Осы заңға кеңірек тоқтала­тын болсақ, бі­ріншіден, мұн­да арнаулы әлеу­меттік қыз­меттерді бағалау және оларға деген қажеттілікті айқындау арқылы тең мүмкін­д­іктерге негізделген қоғамды қалып­тастыру идеологиясы айқын аңғарылады; адамдарды қи­ын өмірлік жағдайларға тап болған деп танудың негізде­месі айқындалған. Сол сияқ­ты, заң көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің көп­аспектілігі арқылы қиын өмір­лік жағдайларға тап болған адамдар үшін мүм­кіндіктерді молайтып отыр. Заңға сәйкес қиын өмірлік жағдайларға тап болған адам құқықтық мәселелерін шешу үшін заңгерлерден, медици­налық-әлеуметтік консультация алу үшін арнайы мамандардан, психологтардан ақыл-кеңес, басқа да көмектер ала алады. Реформаны іске асыру үш кезеңнен тұрады. Бірінші ке­зең дайындық кезеңі жалпы оңалту қызметтерін көрсету­ден арнаулы әлеуметтік қыз­мет көрсетуге ауысуды қам­тамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен іске асыруды көздейді. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді беймонополияландыру және толыққанды ар­нау­лы әлеуметтік қызмет көр­­­сету рыногын құруда бас­ты мақ­саттар болып табылады. «Арнаулы әлеуметтік қыз­меттер туралы» заңды іске асыру мақсатында 2009 жылдан 2011 жылға дейін әлеу­меттік қызмет көрсету саласында арнаулы әлеумет­тік қызметтерді енгізуге жұм­салған респуб­ли­калық бюджет шығыны (нысаналы ағым­дағы және жалпы сипаттағы трансферттер) 17,5 млрд. теңгеден асып түсті. Бұл қомақты қара­жат арнаулы әлеу­меттік қызмет көр­сету стандарттарын енгі­зуге, меди­ци­налық-әлеуметтік ұй­ым­дарда штат санын 78-ден 149 бірлікке дейін, шамамен 2 есе көбейту арқылы қосым­ша штат бірлік­терін ашуға жұм­салды. Біз сөз етіп отырған мәсе­леде арнаулы әлеуметтік қыз­мет көрсетудің балама нысандарын дамыту және үкі­меттік емес секторды тарта отырып, әлеуметтік қызмет­тер желісін кеңейту маңызды орын алады. Бұл бағытта тындырылған істер баршы­лық. Соның нәтижесінде 2008-2011 жылдары арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер желісі көбейді. Нақты айтсақ, респуб­лика­лық бюджет қаражаты есебі­нен Қарағанды облысының Саран қаласында психонев­роло­гиялық интернат үйін салу және Шығыс Қазақстан облысында тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған интернат үйін ашу есебінен стацио­нарлық мекемелер 101-ден 103-ке көбейді, үйде әлеу­меттік қызмет көрсету бөлім­шелері жаңа бөлімшелер ашу есебінен 454-тен 482-ге артты. Бұрын 12 оңалту орталы­ғы болса, қазір олардың саны 15-ке жетті. 2008 жылы рес­публикалық бюджет қаража­ты есебінен Атырау қаласын­да мүгедектерге арналған облыстық оңалту орталығы салынды. Ал 2010 жылы жергілікті бюджет есебінен Маңғыстау облысында осындай орталық іске қосылды. Сондай-ақ, Павлодар облы­сын­дағы санаторий жаңар­тылды. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің балама ны­сандары – күндізгі бөлім­шелер құрылды, 2008 жылы осындай бір ғана бөлімше болса, 2011 жылы олардың саны 22-ге жетті. Ағымдағы жылы реформаны одан әрі жүргізу мақ­сатына стандарттар енгізуге республикалық бюджеттен 41 мың адамды қамту үшін 2,2 млрд. теңге бөлінді. Төрт қанатқақты өңірде: Шығыс Қазақстан, Қостанай облыс­тары, Астана мен Алматы қалаларында белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеу­­меттік бейімдеу орта­лықтарында уақытша болу стандарты енгізіле бастады. Республикалық бюджеттен бө­лінген қаражаттың мөл­шері 155 млн. теңге. Осы жә­не басқа да шаралар мүм­кіндіктері шектеулі адамдарды көпшілікпен етене аралас­тыруға бағытталған әлеумет­тік парадигмаларды орындау­ға және өз кезегінде мүге­дектік­тің жаңа түсінігін және мү­гедектерді әлеуметтік қол­дау­ды іске асыруға, бастапқы тең мүмкіндіктерді қалып­тас­тыру және қоғамдық барлық игілікті алу мақсатында қиын өмірлік жағдайда жүрген бар­лық адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету арқылы әлеуметтік саланы дамытудың жаңа бағытын бастауға мүмкіндік берді. Вена халықаралық жоспарының 68-тармағына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру қызметтері ұлттық саясат құралы болып табылады. Мақсаты – қарт адамдардың әлеуметтік функцияларды барынша орындауы. Олардың жергілікті базасы болып, қартайған адамдарды белсенді және пайдалы азамат ретінде өз үйінде және қоғамдық ұжымда барынша тәуелсіз өмір сүрүуі үшін алдын алу, емдеу саласында әлеуметтік қызмет көрсетулердің кең ауқымын ұсынуы тиіс. Егде адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Адам қартайған кезде бұрынғы әлеуметтік ролінен айырылып, жиі туғандары мен жақындарын жоғалтады. Рухани құлдырап, байланыс шеңбері, әлемге көзқарасының нұсқалары тарылады. 2002 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қамсыздандыруға жыл сайынғы республикалық бюджет шығысы 2006 жылға жоспарланған шығыстарды қосқанда, 160 миллиардтан 362 миллиардқа дейін, яғни екі есеге дейін өсті. Әлеуметтік қызметкерлердің штат санының нормативтері 1457-2005 ҚР Стандартына сәйкес айқындалған. Соған сәйкес қалаларда 8-10 адамға және селолық елді мекендерде 4-6 адамға 1 әлеуметтік қызметкерден келуі тиіс. Қазақстан Республикасында барлығын 329 үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі жұмыс істейді және 33 мыңнан астам жалғызілікті қарттарға қызмет көрсетіледі. Әлеуметтік көмек бөлімшелерінің ең көп саны Қарағанды облысында жұмыс істейді. Қарағанды облысында – 47 (әлеуметтік қызметкерлер штаты – 509, қызмет көрсетілетін егде адамдар мен мүгедектер – 4971), Шығыс Қазақстан облысында – 42 (штатта – 543 әлеуметтік қызметкер, қызмет көрсетілетін егде адамдар мен мүгедектер – 4610 адам), Алматы қаласында – 27 (штатта – 329 адам, қызмет көрсетілетін егде адамдар мен мүгедектер - 2826), Солтүстік Қазақстан облысында – 27 (штатта – 474 әлеуметтік қызметкер, 2741 адамға қызмет көрсетіледі). Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 26 әлеуметтік көмек бөлімшелері жұмыс істейді. Павлодар облысында әлеуметтік қызметкерлер штаты 391 адам, қызмет көрсетілетін жалғызілікті зейнеткерлер мен еңбекке қабілетсіз азаматтар 2188 адам. Оңтүстік Қазақстан облысында 2687 адамға қызмет көрсетіледі. Батыс Қазақстан облысында 24 әлеуметтік көмек бөлімшесі (штатта – 396 әлеуметтік қызметші, қызмет көрсетілетін жалғызілікті қарттар мен мүгедектер - 2507), Қостанай облысында 20 әлеуметтік көмек бөлімшесі (штатта 269 мүгедекке, 125 соғысқа қатысушыларға, 29 қайтыс болған жауынгерлер бар отбасыларға, 1879 жалғызілікті егде адамдарға қызмет көрсететін 396 әлеуметтік қызметкер) жұмыс істейді. Алматы облысында 19 бөлімше (штатта 161 қызметкер, 1407 егде адамдарға қызмет көрсетіледі), Ақтөбе облысында – 16 әлеуметтік көмек бөлімшесі (штатта – 313 әлеуметтік қызметкер, қамқорлық көрсетілетін егде адамдар - 1387) жұмыс істейді. Ең аз әлеуметтік көмек бөлімшелері мынада облыстарда: Қызылорда облысында – 9 (штатта – 161 әлеуметтік қызметкер, қызмет көрсетілетін жалғызілікті қарттар - 828), МАңғыстау облысында – 8 бөлімше (штатта – 109 әлеуметтік қызметкер, қызмет көрсетілетін жалғыз ілікті және қарт адамдар - 647), Жамбыл облысында – 7 (штатта 80 қызметкер, қызмет көрсетілетін егде адамдар – 612), Астана қаласында – 3 (штатта жалғыз тұратын 150 адамға қызмет көрсететін 31 маман) бөлімше жұмыс істейді. Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсетуді іске асыру мүмкіншілігі территориялық әлеуметтік қызмет көрсету органдарын ұйымдастыру, оларды одан әрі дамыту нәтижесінде іске асырылады.Әлеуметтік жұмыс саласында кәсіби әлеуметтік қызметкерді және басқа мамандарды даярлау жеткілікті дәрежеде жүріп жатыр деп айтуға болады. Әлеуметтік жұмыстың теоретиктері әлеуметтік қызмет көрсетуді әлеуметтік жұмыстың түрі деп тұжырымдайды. Іс жүзінде тәжірибеде — бұл жүйелер әлеуметтік адамгершілік, қайырымдылық қызметтің белгілі бір түрлері болып саналады. Ол жеке бастың, отбасының кез-келген адамдар жиынтығының қайта қалыптасып, түзетінілуін қамтамасыз етуге негізделген.

35. Мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарды әлеуметтік қызмет көрсетудегі мемлекеттік стандарттарды атаңыз және сипаттама беріңіз Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген Қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетулердің «Мүгедектер мен қарттарды үйде әлеуметтік көмек бөлімшелерінде, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсету» үлгі ережелері қабылданған. Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарға қатысты мемлекеттік стандарттарға мемлекет тарапыныан берілетін мүгедектігіне байланысты жәрдемақылар, зейнетақы және тегін медициналық көмек пен дәрі дәрмектер жатқызылады. Интернат-үйінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: мүгедектерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, оларға үйдегіге ұқсас өмірдің қолайлы жағдайларын жасау; онда тұратын адамдарға күтімді үйымдастыру, оларға медициналық көмек көрсету және мәденибұқаралық жұмыс жүргізу; мүгедектерді әлеуметтік-тұрмыстық және еңбектік ақтап алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру. Интернат-үйге жақын, кәмелетке толған, еңбекке қабілетті туыстары жоқ, заң бойынша оларды асырау және қамқорлыққа алу міндетті, сондай-ақ объективтік себептерге (жасының егделігіне байланысты, бірінші, екінші топтағы мүгедек, онкологиялық, психиатриялық ауру, бас бостандығынан айыру орындарындағы немесе шетелге тұрақты тұру үшін көшіп кеткен) байланысты оларға тұрақты көмек пен күтім көрсетуді қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар адамдар (жұбайлар) қабылданады. Мүгедектер ісі кеңесінің шешімі бойынша ерекше жағдайларда интернат-үйге қақтығыстар себебінен бірге тұру мүмкін емес жақын кәмілетке толған еңбекке қабілетті туыстары бар қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектер қабылдануы мүмкін. Интернат-үйде мемлекеттік қамқорлыққа алынған негізгі контингентке залал келтірмей, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді қажет ететін қарт азаматтардық уақытша және тұрақты тұруына араналған ақылы бөлімдер ұйымдастыруға жол беріледі.Қазақстанда мүгедектіктің туындауына байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін мемлекеттік саясат пен ұлттық заңнама негізінен еліміздің экономикалық даму деңгейінің өсуіне сәйкес мүгедектердің тұрмыс тіршілігінің қарапайым жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Егер мүгедектердің құқықтары туралы тұжырымды құжаттар көбінесе халықаралық стандарттарды сақтау қажеттігін ескерсе, ұлттық заңнама олармен толық келісе бермейді. Мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі көптеген нормативтік құқықтық актілер ескірді және кейбір бөліктерде бір-біріне қайшы келеді, мүгедектердің құқықтары туралы нормалар жүйелендірілмеген.Мүгедектердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауға кепілдік беретін нормаларды іске асыруда проблемалар кездеседі. Заңнама талаптары бірқатар себептер бойынша орындала бермейді: заңдарды орындау үшін заңға тәуелді актілердің, оны іске асырудың айқын әрі нақты тетіктерінің, бірыңғай бақылаушы органның жоқтығы, қаржы ресурстарының тапшылығы.Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер көбінше әлеуметтік және экономикалық құқықтарды қорғауға, қайғылы оқиға, ауру, генетикалық ауру сияқты мүгедектіктің нақты оқиғаларының салдарын жоюға бағытталған. Халықаралық стандарттар мүгедектік проблемасын ушықтыратын және сол арқылы мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және экономикалық өмірге қатысу мүмкіндігін шектейтін барлық - әлеуметтік, экономикалық, институционалдық және саяси кедергілерді жою қажеттігін талап етеді. Мүгедектік бойынша жәрдемақы тұлғаның мүгедектігі жұмыс істегеніне немесе істемегеніне жұмыс уақытында немесе жұмыстан кейін болғанына қарамастан мүгедектік анықталған күннен бастап тағайындалады. Бұл жәрдемақыға құқықтары барлар келесі мүгедектер:

- жедел қызметтегі әскери қызметкерлер санынан;

- ішкі істер органдары басқарушы және қатардағы әскери қызметкерлер санынан;

- жарақаттан кейін мүгедек болған әскери қызметкерлер санынан;

- төтенше экологиялық жағдайдан кейінгі мүгедектер.

Елімізде зейнетақының да, жәрдемақының да мөлшері жыл сайын артып жатыр. Биыл еліміздегі ең аз мөлшердегі зейнетақы көлемі 17 491 теңгеден 19 066 теңгеге көтерілді. Ал арнайы мемлекеттік жәрдемақылар айлық есептік көрсеткіш көлеміне байланысты көбейді. Биылғы айлық есептік көрсеткіш мөлшері – 1731 теңге, ал арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатындар үшін – 1763 теңге. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне байланысты артты.

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 749 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Білім, денсаулықсақтау, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік минималды стандарттарды атаңыз | Леуметтік стандарттар жүйесіне анықтама беріңіз. | Леуметтік индикаторлар мен әлеуметтік нормаларды түсіндіріңіз | Леуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз. | Леуметтік мониторинг:мәні, прнциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз | Мониторинг сипаттамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз. | Күнкөріс минимумы» әлеуметтік индикатор ретінде | Леуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз | Леуметтік-еңбектік қатынастар жүйесіндегі минималды әлеуметтік стандарттар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Леуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз| Леуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)