Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 1 страница

Читайте также:
  1. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 1 страница
  2. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 10 страница
  3. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 11 страница
  4. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 12 страница
  5. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 13 страница
  6. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 2 страница
  7. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 3 страница

Жүйе ретінде білім – бұл өзара ұштасқан білімдену бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандартының жиынтығы əрі оларды іске асырушы білім мекемелері мен білімді басқару органдарының торабы.

Еліміздегі осы заманғы білімдену жүйесі Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған «Білім туралы заңына» сəйкес құрылады. Бұл Заң білім саласындағы келесідей мемлекеттік саясат принциптерін белгілеп берді. Олар:

білімнің адамилық (гуманистік) сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен салауаттылығының, тұлғаның еркін дамуы, азаматтық сезім жəне Отанға деген сүйіспеншілік тəрбиесінің басымдылығы принципі;

аймақтық мəдени жəне білім кеңістіктерінің бірлігі, білім жүйесі арқылы көп ұлтты мемлекет жағдайында ұлттық мəдени құрылымдар мен аймақтық мəдени салт-дəстүрді қорғау принципі;

жалпы халықтың білімге теңдей қол жеткізе алуы, білім жүйесін оқушы-тəрбиеленушілердің даму деңгейлері мен ерекшеліктері жəне дайындығына икемдестіру принципі;

мемлекеттік, жеке меншік білім мекемелеріндегі оқудың зайырлылық (светский) сипаты;

білім жүйесіндегі еркіндік пен əрқилы пікірлер сиыстығы (плюрализм) принципі;

білім басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты, білім мекемелерінің дербестігі принципі.

Заң өзіндік сипаттарымен, əсіресе, деңгейі жəне кəсіби бағыттарымен ажыралатын білім мекемелерінің құрылымын анықтап береді.

Қазіргі қалыптасып жатқан білім жүйесінде білім мекемелерінің төменде көрсетілген типтері белгіленген:

- мектепке дейінгі: ясли, бала бақшалар;

- жалпы білімдік (бастауыш, жалпы, негізгі жалпы, орта(толық) жалпы білім): мектептер, гимназиялар, лицейлер, т.б.

- бастауыш кəсіби (училищелер), орта кəсіби (техникумдар, колледждер), жоғары кəсіби (институттар,университеттер,академиялар) жəне ЖОО-дан соңғы кəсіби (аспирантура жəне докторантура, курс-тар, біліктілік көтеру жəне қайта дайындау институттары) білім мекемелері;

- дамуында ауытқуы бар оқушыларға арналған арнайы (түзету –коррекциялық) оқу мекемелері; көруі мүкісті жəне зағиптар, естуі мүкісті жəне кереңдер, ақыл- ес дамуы кемістер, есі ауысқандар жəне т.б. мектептері:

- қосымша білім мектептері: əн-күй, өнер, спорт мектептері, шығармашылық орталықтары, жас техниктер мен туристер станциялары жəне т.б.;

- жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларға арналған мекемелер: интернаттар, балалар үйі;

- білімдену процесін іске асырушы басқа да мекемелер.

Ұйымдасу – құқықтық формалары бойынша білім мекемелері мемлекеттік, мунициалды жəне мемлекеттік емес (жеке меншік, қоғамдық мекемелер мен діни ұжым оқу орындары) болуы мүмкін.

Жеке тұлға қажеттері мен мүмкіндіктерін ескеруге орай əрқилы білім алу формалары: оқу орнында (күндізгі, күндізгі-сырттай(кешкі), сырттай оқу формалары), отбасылық оқу формасында, өзіндік оқу, экстерін оқуы.

ҚР «Білім туралы Заңына» орай білім жүйесіне оқу мекемелері мен олардың іске асырып баруы тиіс білімдік бағдарламалар жəне стандарттар кіреді. Бағдарламалар қажетті деңгейдегі жəне бағыттағы білім мазмұнын анықтайды. Қазақстан Республикасында жалпы білімдік (негізгі жəне қосымша) жəне кəсіптік (негізгі жəне қосымша) болып ажыралған жалпы білім бағдарламалары бойынша оқу, білім процестері жүргізіледі.

Жалпы білімдік бағдарламалардың міндеті тұлғаның жалпы мəдениетін қалыптастыру, жеке адамды қоғам өміріне бейімдеу, кəсіби білім бағдарламаларын саналы таңдау мен игеру негіздерін қалау.

Кəсіби білім бағдарламалары кəсіби жəне жалпы білімдік деңгейлерді бірізді көтеру міндеттерін іске асыруға, белгілі талаптарға сəйкес мамандар дайындауға бағытталады.

Осы заманғы білім жүйесінің аса бір көзге түсетін ерекшелігі –білім жүйесін басқарудың мемлекеттік формасының мемлекеттік – қоғамдық формаға біртіндеп ауысуы, мұндай басқарымның мəні- білім проблемасын мемлекет пен қоғам мүдделерін үйлестіре жасау үшін осы екі жүйенің бірлікті күш- қуат жұмсау қажеттігі.

Білімнің мемлекеттік сипатын елде ҚР «Білім туралы Заңына» сай жүріп жатқан білім саласындағы біртекті мемлекеттік саясат айқындайды. Оның ұйымдасу негізі- нақты уақытқа арналған жоғары заң шығарушы билік қабылдаған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама мазмұны, бір жағынан, мемлекеттік саясаттың жалпы принциптерімен анықталса, екінші жағынан, замандық бағыт-бағдар жəне болашақ даму жағдайларын ескерумен білім жүйесіне жасалатын объектив талдаулар нəтижелерімен белгіленеді.

Білім кеңістігінде мемлекет саясатын бірізді асырып бару үшін мемлекеттің білім басқару- республикалық, облыстық, аудандық - органдары түзіледі. Елдегі басқару құрылымдары- білім жəне ғылым министрлігі, облыстық оқу департаменттері жəне аудандық оқу бөлімдеріне бөлінген.

Білім жүйесін басқарудың мемлекеттік органдары құзырына төмендегідей міндеттер жүктеледі:

- білім бағдарламалары мен стандарттарын дайындау, стандарттар негізі білім бағдарламаларын міндетті білімнің ең аз педагогикалық ықшамдалған (минимум) көлемін, оқушыларға арналған оқу жүктемесінің ең жоғары (максимум) ауқымын, түлектер дайындығына қойылатын талаптарды белгілейді;

- оқу мекемелері мен оқушыларды аккредитациялайды жəне аттестациялайды;

- білімдік құрылым бірліктерін қалыптастырады;

- білім мекемелері торабының дамуын қамтамасыз етеді жəне болжастырады;

- білім жүйесіндегі бюджеттік жəне қаржылық қызметтерде ҚР заңдарының орындалуын қадағалайды.;

- бүгінгі таңда білімді басқару жүйесі бір орталыққа тəуелділігінен босатылған, яғни республикалық органдар дамудың стратегиялық бағыттарын береді де, ал жергілікті мекемелер нақты ұйымдастыру, қаржылық, мамандар жəне материалдық қамтамасыз ету мəселелерін шешеді. Мемлекеттік басқару көздерімен бірқатар мұғалімдер мен оқушылар ұжымдарының өкілдері, ата-аналар мен əлеумет белсенділерінен жасақталған қоғамдық басқару органдары да жұмыс алып барады.

Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты. арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынатын ұйымдағы қабылдау, ауыстыру, бітіру талаптарыеа сипаттама беріп жауабыңызды нақтылаңыз.

1. Жалпы ережелер

1. Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі — Стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін субъектілерге (бұдан әрі — әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілер), өмірде қиын жағдайға душар болған балаларға таратылады.
3. Осы Стандартта балаларға олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері, оларды ұсынудың көлемі мен шарттары белгіленген.

2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілер

.

3. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін адамдар санаты

4. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері, көлемі және ұсынылу шарттары

6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер тағайындалуына байланысты төмендегідей бөлінеді:
1) балаларды тұрмыстағы тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
2) баланың жеке жағдайын ескере отырып, денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер;
3) балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың психологиялық жағдайын түзеуді қарастыратын әлеуметтік-психологиялық қызметтер;
4) дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды педагогикалық түзеуге және оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер;
5) балалардың өмір сүру сапасын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтер;
6) балалардың құқықтық мәртебесін қолдауға немесе өзгертуге, заңдық көмек көрсетуге, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтер;
7. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер тізбесі:

8. Мыналар:
1) азаматтардың белгілі санаттарының білім алу, тұратын орын мен күндіз болуларымен қоса тәрбие алу құқықтарына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету тізбесі:

9. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсетудің тізбесі:

10. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету тізбесі:

11. Әлеуметтік-экономикалық қызметтердің тізбесі:

мониторингті жүзеге асыру және қорғаншылықтан (қамқоршылықтан) шығу процесін жоспарлау мен іске асыруға қолдау көрсету.
12. Әлеуметтік-құқықтық қызметтердің тізбесі:

жұмысқа орналасу, төлқұжат пен заңды күші бар басқа да құжаттарды алу үшін құжаттарды ресімдеуге заңды көмек көрсетуге жәрдемдесу.

. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға;

3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;

5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға; оқу орнын толық бітіруге

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;

10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;

11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.

Энди Билсон және Джудит Харвинның «Отбасылар мен балалармен әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі кураторлык функцияларды ендірудің әдістемелік құралдар жиынтығы» енбегіндегі кураторлык стандарттар ерекшелігіне сипаттама бер. таппадым

Медициналык кызметтин тиімділігін жоғарылату факторлары қандай. Медициналық қызмет корсететін мекемелердің іс әрекетін бағалау критерийлеріне талдау.Осы суракка жауап бере отырып медициналык кызметтегі әлеуметтік стандарттар жүйесіне корытынды жаса.

Медициналық қызметкерлерді жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге ынталандыру сапа менеджментінің құрамдас бөлігін құрайды. Медициналық көмек сапасы денсаулық сақтау жүйесінің кешенді параметрлерінің талдау нәтижелерін сипаттайтын, ұйымның ресурстық мүмкіндіктерін анықтайтын, басқару тиімділігін, функционалды қасиеттерін, жұмысының нәтижелерін бағалайтын маңызды аспект. «Медициналық көмектің сапасы» атты түсінік адамдардың медициналық қызметтің нәтижелілігінен қалыптасады. Мысалы, пациентке емдеуден күтілген нәтижелердің үмітін қаншалықты ақтағаны маңызды.

Өйткені пациентті медициналық көмектің жылдамдығы, дәрігердің қаншалықты ықылас танытқаны, ем-шаралардың оның өмірінің сапасына қандай әсер еткені туралы сұрақтар толғандыратыны анық. Сондықтан пациентке медициналық көмек сапасы деңгейін анықтауда қызмет көрсету туралы ақпарат маңызды. Медициналық көмектің сапасы көптеген елдерде,соның ішінде дамыған елдер үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Көптеген зерттеулер осы мәселеге арналған.

Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы сапаны басқару Мемлекет басшысының жіті назарында. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында адами әлеуеттің деңгейін көтерудегі маңызды бағыттардың бірі ретінде медициналық қызметтің сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау екендігін нақтылап көрсетті.

Медициналық қызмет көрсету сапасының Президенттің жіті назарында отырғандығы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында көрініс тауып отыр. Ұлт көшбасшысы еліміздің барлық аймақтарында сапалы медициналық қызмет алу үшін қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті. Медициналық көмек сапасын арттыруда медициналық ұйымдардың техникалық жабдықталуын жақсарту шаралары жасалуда, ол өз кезегінде емдеу-диагностикалау үрдісінің техникалық деңгейінің жетілуіне, медициналық техниканың мақсатты жұмсалуына және медициналық көмек деңгейі мен тиімділігіне қолайлы әсер етеді. Осы тапсырма емдеу-профилактикалық ұйымдарында, медициналық көмек көрсетудің әртүрлі сатыларында медициналық іс-әрекет пен ресурстық қамтамасыз ету (жабдықтау технологиясы) стандарттарының жіктемесін жасау арқылы іске асырылып отыр Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы қолжетімді, сапалы, әлеуметтік-бағдарлы және экономикалық жүйесінің дамуына қажетті шаралар қосындысын нақтылады. Бүгінгі таңда медициналық көмектің сапасы тиімділік, баламалылық, өнімділік, моральдық-этикалық қағидалар жағынан қарастырылады. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады.

Қазақстандағы бүгінгі күнгі медициналық қызмет көрсетудегі сапаны басқарудың үлгісі сыртқы (мемлекеттік), ішкі (ауруханаішілік), тәуелсіз бақылау (сараптама) болып бөлінеді. Осы бағдарлама аясында денсаулық сақтау саласында ұлттық стандарттардың біріңғай жіктемесі және мәліметтер базасы; медициналық технологияларды бағалау жүйесі дайындалып, енгізілді; диагностикалау, емдеу және клиникалық нұсқаулар стандарттары дайындалып, іс жүзіне енгізілді және оның тиімділігінің мониторинг жүйесі құрылды.

Денсаулық сақтау саласында сапаны басқаруды жетілдіру туралы әдебиеттерге шолу жасауда, медициналық көмек сапасын қамтамасыз етудің түрлі механизмдері мен құралдарының бар екенін көрсетіп отыр. Сыртқы және ішкі бақылауды, сондай-ақ тәуелсіз сараптаманы қатар жүргізу денсаулық сақтауда сапаны басқарудың тиімді үлгілерінің көпшілігіне ортақ сипаттама болуда. Дүние жүзіндегі көптеген елдерде медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында, денсаулық сақтау саласының түрлі үлгілерінде және түрлі қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілетін медициналық ұйымдарды аккредитациялау жүйесі енгізілген.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету жүйесінде денсаулық сақтаудағы мемлекеттік бақылауды жетілдірумен қатар, медициналық ұйым деңгейінде медициналық көмек сапасын басқару мен тәуелсіз сараптама біртіндеп дамып келеді. Медициналық көмек сапасын арттыру мәселесі тек біздің елде ғана емес, сондай-ақ бүкіл дүние жүзінде артып отыр. Медициналық көмек сапасының төмендігі, пациенттерді емдеуге жұмсауға болатын қажетті ресурстардың шығындалуына алып келеді, ал тұрғындар болса медициналық көмек сапасына күн өткен сайын сынмен қарауда.

 

Халықтың денсаулығына көрсетілетін медициналық қызметтің мынадай тиімділіктерін арттыру керек, ақпараттандырудың жетімсіздігі, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстанудың және аурудың алдын алу тұрғысындағы біліксіздік, қоршаған ортаның қолайсыздығы, таза су және тағам тұтыну, тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған бөлігінің күнкөріс деңгейінің төмендігінің де әсері бар. Денсаулық сақтау жүйесінің аурудың алдын алуда белсенділік таныта алмай, профилактикалық жұмыстардың орнына, келген науқастарды емдеумен айналысып отырғандығы байқалады.

 

1.3) Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Тұрғындардың денсаулығына, жай-күйін көрсететін көрсеткіштердің деңгейіне, ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.

Сыртқы факторлар:

(әлеуметтік-экономикалық, зиянды әдеттерге әуестігі, салауатты өмір салты т.б.),

Ішкі факторлар:

кеселдің алдын-алу шаралары мен ерте анықтау жұмыстарының тиімділігінің өз дәрежесінде болмауы;

мамандардың біліктілігінің төмендігі;

бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету мен стационар арасындағы сабақтастықтың жоқтығы;

 

Тұрғындарға медициналық көмекті көрсету деңгейіне сыртқы және ішкі факторларының стандарты

Сыртқы факторлар:

денсаулық сақтау саласының қажеттілігінше қаржыландырылмауы;

аймақтың географиялық ауа райының ерекшеліктері;

экологиялық факторлардың адам ағзасы мен денсаулығына кері әсері;

көрсетілген факторлардың жағымсыз әсерін жою үшін бөлінген қаражатты тиімді қолдануды арттыру, ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу, қосымша мемлекеттік емес қаржыландыру көздерін тарту. Шалғай жатқан елді мекендердің медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру, сонымен бірге табиғи катаклизм кезінде мобилді және санитарлы авиацияны дамыту керек.

Ішкі факторлар;

бастапқы медико-санитарлық көмек деңгейіндегі медицина қызметкерлерінің шамадан тыс жүктемесінің көптігі;

кадрлардың тұрақтамауы, кадр тапшылығы, (әсіресе ауылдық жерлерде) қызметкерлердің телемедицина арқылы кеңес алуға дайындықсыздығы;

науқасты қабылдаудағы кезеңділіктің сақталмауы;

аймақ бойынша амбулаториялық-емханалық деңгейде медициналық көмекті қаржыландырудың ерекшеліктері;

медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу барысында ынталандыру тетіктерінің жоқтығы;

денсаулық сақтау қызметкерлерінің дифференциалды еңбек ақысын төлеу тетіктерінің жетілдірілмегендігі;

медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасының төмендігі;

медицина ұйымдарының басқару жүйесінің шешім қабылдаудағы тәуелділігі.

Денсаулық сақтау жүйесі қызметінің тиімділігін көтеру үшін жоспарлануда:

бастапқы медициналық-санитарлық көмектің әлеуметтік моделін құрып, әлеуметтік қызметкерлер енгізу;

әлеуметтік бағдарлану моделін құру;

БМСК қаржыландыру жүйесін жетілдіру: екі компонентті жан басына шаққандағы нормативті қолдану, ішінара қор жасақтау);

стационарлық, стационарды алмастыратын көмекті қаржыландыру жүйесін негізгі құрал-жабдықты жаңарту арқылы жетілдіру;

бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін екіжақты ақы төлеудің механизмін ендіру арқылы әрі қарай жетілдіру;

мемлекеттік және жеке медицина мекемелері арасындағы әріптестікті арттыру;

корпоративтік басқару ұстанымын енгізу арқылы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының дербестілігін арттыру;

денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрлымын транспорттық медицинаны дамыту арқылы жетілдіру, сонымен бірге пациенттерді санитарлық авиациялық тасымалдауды дамыту.

Халыктын денсаулык жагдайын сипаттаудагы статистикалык корсеткіштер жуйесі кандай.Халыктын денсаулығын және медицмналык кызметті сипаттайтын корсеткіштерді атаныз.Қазакстанда когамдык денсаулык сактау концепциясынын мәні неде.Жалпыланган корытынды жасаныз.

«Қазақстан-2050» стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты атты, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, 2012 жылғы 14-желтоқсандағы кезекті халыққа Жолдауында «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі», – деп айта кетті [1]. Аталған ұзақ мерзімдік стратегияда халықтың экономикалық белсенділігін арттыру, әлеуметтік тұрмыстық жағдайының жоғарылату, адам капиталының жақсаруы мен ғылыми-техникалық, инновациялық дамыған, тұрақты үнемді экономиканы, ұлт денсаулығы көзделген. Елбасы тапсырмасын орындау жолдары 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында да нақты көрсетілген. Барлық күш азаматтардың өмір жасының ұзақтығына әсер ететін негізгі міндеттерін шешуге топтастырылады [2].

Ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық дамудың негізі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеру. Әлеуметтік қайта жаңғыруда тұрғындардың денсаулығы, тұрмыс деңгейі мен қауіпсіздігін сақтандыру маңызды рөл атқарады. Сәйкесінше, мемлекет әлеуметтік жағдайды көтеруде сақтандыру компанияларын, зейнетақы қорларын және несие нарығын дамыту арқылы тұрғындарды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етеді. Ал осы аталған компаниялардың қызметі барысында туындайтын өзекті мәселе қаржылық тәуекелді төмендету. Қаржылық тәуекелдерді төмендетуде әлеуметтік факторлар қатарына тұрғындардың өмір ұзақтығы негізгі фактор ретінде қарастырылады. Сондықтан ауру-сырқаулық, мүгедектiктiң көрсеткiштерiнің әсері халықтың ұдайы өсуiнiң көрсеткiштерiмен қатар халықтың денсаулығын бағалау үшiн, ал халықтың денсаулығын бағалауда өлiм-жiтiмнiң көрсеткiштерi маңызды орынға ие. Статистикалық деректерге сүйенсек жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім бүкіл дүние жүзі бойынша бірінші орында тұрады. Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион адам, ал Қазақстанда 80 мың тұрғын осы аурудан көз жұмады. Елімізде адам өлімінің себептері арасында жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары бірінші орынға шығып отыр [5].


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 429 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Леуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмек ұғымдарына анықтама беріңіз. | Леуметтік мониторинг:мәні, прнциптері мен ұйымдастыруға талдау жасаңыз | Мониторинг сипаттамасы және тиімді басқарудың компоненті ретінде, түсіндіріңіз. | Күнкөріс минимумы» әлеуметтік индикатор ретінде | Леуметтік-еңбектік қатынастар саласындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесіне сипаттама беріңіз | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жүргізілу механизмін сипаттаңыз | Леуметтік-еңбектік қатынастар жүйесіндегі минималды әлеуметтік стандарттар | Леуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар мен нормативтер жүйесін түсіндіріңіз | Леуметтік қызмет көрсетудегі әлеуметтік қызмет түрлерін атаңыз және сипаттама беріңіз | Леуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік жұмыстың өзара байланысын түсіндіріңіз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Білім беру қызметтеріндегі стандарттарды атаңыз және оларды басқару жүйесіне сипаттама беріңіз| Білім беру қызметінің мен оның деңгейлеріне сипаттама беріңіз 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)