Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі түсініктер. · макроэкономикалық тұрақтылық

Читайте также:
  1. Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері
  2. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  3. Гидродинамикалыќ берілістіњ (гидромуфта, гидротрансформатор) ж±мыс принціпініњ негізгі ќандай ?
  4. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
  5. Негізгі түсініктер
  6. Негізгі түсініктер
  7. Негізгі түсініктер

· Макроэкономикалық тұрақтылық

· Өндірiстiк бағдарламалар

· Экономикалық өсу үлгiлері

· Жан басына шаққандағы ЖІӨ

Мемлекеттiң экономикалық саясатын қалыптастыру негіздерi мен факторлары және оның әлеуметтiк бағытталуы. Қоғамдық өндiрiс: көрсеткiштер, өсу қарқыны және құрылымдар. Мемлекеттiң құрылымдық саясатынын қажегтiлiгi мен негiздемесi. Өндірiстiк бағдарламаларды жасақтау принциптерi. Макроэкономикалық тұрақтылық және оған қол жеткiзудегi мемлекеттiк шаралар. Макроэкономикалық көрсеткіштер жуйесi мен олардың өзара байланысы.

Экономикалық өсу: факторлары, көрсеткiштерi және оларды аңықтау әдiстерi. Экономикалық өсудi қамтамасыз етудегi мемлекет iс-ерекетiнiң негiзгі бағыттары. Экономикалық өсу үлгiлерiн салыстыру. Ағымдар мен запастар. Өндiрiс факторларын тиiмдi пайдаланудың негiзгі көрсеткiштерi мен оны ынталандыру жүйесi. Еңбек ондiрiмдiлiгi мен қор қайтарымдылығы деңгейiн өлшеуге макроэкономикалық жағынан келу. Мемлекеттiң индустриалдық және аграрлық саясатының қалыптасу ерекшелiктерi.

Салалардың басыңқылығын аңықтаудың ұйымдастырушылық- әдiстемелiк астары.

Өндiрiстiк күштердi ұтымды орналастыру проблемасы және оны шешу барысында мемлекет мүддесiн есепке алу.

Қоғамның экономикалық дамуы – бұл көп факторлы, қарама-қарсы және қиын өлшенетін процесс. Экономикалық дамудың динамикасының көрсеткіштері өте көп, әрқашан мөлшерлік бағаға бейімделмейді және төмендегідей топтарға енгізілген:

· экономикалық өсу көрсеткіштері (ЖІӨ/ЖҰӨ, жекелеген салаларда тауарлар мен қызметтер)

· даму мен өмір сапасының көрсеткіштері (мысалы: тұтыну корзинасы, халықтың білім деңгейі, қызмет көрсету салаларының деңгейі т.б.)

Макроэкономикада көбіне экономикалық өсу, яғни елдегі өңдірілген тауарлар мен қызметтердің көлемінің өзгеруі талданады.

Экономикалық өсу динамикасының көрсеткіштері төмендегідей:

· ЖІӨ мен ЖҰӨ көлемінің өсуі

· Жан басына шаққандағы ЖІӨ мен ЖҰӨ қарқынының өсуі

· Негізгі салалар бойынша және жан басына шаққандағы өнеркәсіптік өндіріс қарқынының өсуі

Экономикалық өсу барлық елдерде маңызды экономикалық мақсат ретінде қарастырылады.

Экономикалық өсу кедейшілікпен күрес және қоршаған ортаның ластануына қарсы күрес бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Экономикалық өсудің негізгі бағыттары:

.Материалдық игіліктерді жоғарлату- басты мақсат, ол төмендегілермен сипатталады:

· халықтың орташа табысын өсіру

· бос уақытты ұлғайту

· халықтың әртүрлі топтары арасында ұлттық табысты қайта бөлуді жақсарту

· өндірілетін тауарлар мен қызметтер ассортиментін және сапасын жақсарту

· ұлттық қауіпсіздікті қолдау

Мемлекеттің экономикалық өсуге әсер етуінің басты мақсаты- өндіріс өсуінің жоғарғы қарқыны, әлеуметтік мәселелерді шешу, оның ішінде жұмыссыздық, Нарық сенімді қызмет етуі үшін мемлекет бәсеклік орта қалыптастырып, демеп тұруы керек. Бәсеке – экономиканың өзін-өзі реттелуінің шынайы құралы. Осы мәселенің маңызды міндеттерінің басты инструменті моноплияға қарсы заңдар болып табылады, оларды арнайы мемлекеттік құрылымдар жүзеге асырады. Қазақстанда – ол шынайы монополиялар қызметін реттейтін, бәсекені қорғайтын, шаығ бизнесті қолдайтын Агенттілік. Монополияға қарсы саясат заңшығарушылық және басқа да шаралар кешені, монополияға қарсы шараларды жүргізу, бөгеттерді орнату бойынша әрекеттер монополиялық биліктен қорғайды. 2001ж. монополияға қарсы заңда ҚР шынайы монополиялар қызметін реттеу, бәсекені қорғау және шағын бизнесті қолдау Агенттілігінің қызметінің негізгі бағыттары анықталған. Заңмен баға бойынша келісімдерге тыйым салынған, фирамлар арысндағы кез-келген келісімдерге, сатудың демпингті саясаты және т.б.

Барлық нарықтардың өзіндік ерекшеліктері бар, ол мәміле объектілер қадімгі тауарлар мен қызметтерден бөлек, құнды қағаздар, жұмыс күші болуы мүмкін.

Ақша нарығының қалыпты қызмет етуі үшін мемлекет қысқа мерзімді және ұзақмерзімді ақгша саясатын пайдалануы мүмкін. Қысқа мерзімді ақша саясатының мақсаты- процент нормасын реттеу, ол мемлекет ақша ұсынысын не ұлғайтады, не азайтады.

Ұзақ мерзімді ақша саясатының мақсаты- инфляцияның қалыпты, басқарылатын қарқыныда тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

Ақша нарығының ұзақ мерзімді тепе-теңдігінің жағдайын М.Фридмен теңдеуі көрсетеді.

Мs = Y + Pe

 

Ақша ұсынысы мен тауарлар нарығын макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі IS – LM моделі ретінде.

Нарықтық жүйенің тепе-теңдігі тауарлар, ақша, облигация және еңбек нарығындағы бір уақыттағы макроэкономикалық тепе-теңдігін туындайды.

Соңғы есепте, макроэкономикалық тепе-теңдік екі нарықтың өзара әрекетін білдіреді- тауар және облигациялардың, немесе тауар және ақшалардың. Соңғы модель “IS- LM» Хикс- Хансен моделі деп аталынады. Таурлар мен ақшаның бір уақыттағы макроэкономикалық тепе-теңдігі тепе-тең процент нормасын береді. Осыдан келесідей қортынды шығады- нарықтық жүйе қысқа мерзімде әсер ету механизміне ие, ол инветсиция, өндіріс, жинақты, процент ставкасын тиімді реттеуге мүмкіндік береді.

Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу төмендегі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асады:

- фундаментальды ғылымның дамуын жетілдіру. Онсыз ғылыми техникалық прогрестің, сонымен бірге елдің экономикалық дамуы мүмкін емес. Осы бағыттағы мемлекеттің табиғи ортаны және қайта қалпына келмейтін ресурстарын сақтау шараларын айта кету керек. Мемлекет экологиялық қорларға сүйене отырып экономиканың өсу шегін анықтау керек.

- Антициклдық реттеу (қысқа мерзімді тұрақтылық) Нарықтық экономикада экономикалық даму циклдық болады, яғни өндірістің кезеңдік құлдырауы немесе оның өсуінің төмендеуі. Тұрақсыздық қысқа уақытқа болса да экономикалық динамика көрсеткіштеріне кері әсерін тигізеді. Құлдырау терең әрі ұзақ болған сайын ұлттық табыс қарқыны төмен болады. Сондықтан мемлекеттің антициклдық саясатын экономикалық дамудың және экономикалық өсудің реттеушісі деп қарастыруға болады.

- Мемлекеттің құрылымдық және аймақтық саясаты. Аймақтық саясатты жүргізу қажеттілігі елдегі экономикалық өсуді шектейтін аймақтық қарама қайшылықтардың болуы. Аймақтық саясат арқылы мемлекет аймақтық жұмыссыздық мәселесін шешеді.

- Макроэкономикалық теңсіздіктің тұрақтылығын қамтамасыз ету (жинақтар мен инвестициялар арасындағы ұтымды пропорцияларын қолдау,инфляцияға қарсы реттеу, бюджеттік және әлеуметтік саясат)

- Салықтық саясат. Салықтық саясаттың негізгі салық салу ставкасының дифференциациялық төмендеумен байланысты. Бұл принцип дамыған елдердің үкіметінің негізгі саясаты болып табылады.

Негізгі әдебиеттер:

1. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. ГРЭ в условиях Казахстана. Алматы: Экономика, 1998г.

2. Л.Г.Ходов. Основы государственной экономической политики. БЕК Москва 1997г.

3. Р.С.Каренов. Основы государственного регулирования экономики. Алматы 1999г.

4. Экономика / под ред. А.С.Булатова. М:Юристъ 2001г.

5. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Отношения между правительством и бизнесом. Алматы: Экономика, 2002г.

6. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Государство, предпринимательство и общество. Алматы: Экономика, 2002г.

7. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Алматы: Экономика, 2002г.

8. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Теория государственного ценообразования. Алматы: Экономика, 2002г.

11.Демушкина Л.О., Мұқашева Б.Ә., Әбіл Е.Қ. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. –Астана, 2010


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 693 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Емтихан сұрақтары | Меркантелизм ілімі қай ғасырда пайда болды. | Д) дәрігерлік лауазым мен орта медициналық қызметкерлердің саны | Экономиканы мемлекеттік реттеу» курсынан таПсырмаларды орындау және тапсыру кестесі | Тақырып ЭМР-дің ғылыми негіздері, объективті қажеттілігінің факторлары. ЭМР-дің мақсаты мен міндеттері | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып бойынша сұрақтар| Негізгі түсініктер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)