Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері

Читайте также:
  1. Volkswagen - очень удобный автомобиль для...
  2. Автомобиль
  3. Автомобильные аварии
  4. Автомобильный транспорт
  5. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы
  6. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Еуропа және Америкада автомобильдер шығарыла бастады. Кеңес Одағында 1924-1931 жылдары автомобиль шығарудың алғашқы қадасдары жасала бастады. 1924 жылы Москва АМО зауыты толық салынып, 1,5 тонналы жүе машинасы шығарыла бастады. 1931 жылдан бастап Москва, Горький және ЯрослABSк автомобиль зауыттары (АЗ) жүк және жеңіл машиналар мен автобустарды шығара бастады.

Екінщі дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО құрамындағы Республикаларда да автомобиль өндірісі дами бастады. Мысалы, Белорусияда – Минск ауыр жүк автозауыты, Арменияда автобус зауыты, Ригада – РАФ т.б.

Өткен ғасырда Қазақстанда Сайрам арнайы Автомобиль құрастыру зауыты, Петропавл қозғалтқыш, Павлодар трактор зауыттары және басқа мекемелер жұмыс істей бастады.

ХХІ ғасырдың басында Өскемен қаласында «Азия-авто» мекемесі «Нива» автомобилін шығара бастады. Жылдық өндірістің қуаты – 40 мың автомобиль. Зауыт конвейерінде осы заманға сай шетел жеңіл автомобильдерін жинау мүмкіндігі бар. Зауыттың конвейерінен 2003 жылы 4000 автомобиль құрастырылды.

Қазіргі кезде бір техникалық прогресс қалай өз дегеніне жетіп отырғанын байқай аламыз. Дүние жүзінде жылына 50 млн.автомобиль шығарылады. Оларды шығаратын әлемдегі автотаркторлық өнеркәсіп бензинді (карбюраторлы) және дизельді қозғалтқыштарда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады. Күрделі де қымбатты отандық жүйелермен жабдықтау көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық стандарт секлді енгізулермен түсіндіріледі. Бұл жерде отынның едәуір үнемделуі туралы айтуға болмайды. Бензинді қозғалтқыштардың бүрку жүйелерін келесі түлерге бөлуге болады: орталық; таралымды; тікелей іштен жану қозғалтқышы мен электрлік қозғалтқыштарлы автомобильдерде бірге қолдану, бензинді және дизельді қозғалтқыштарының Еуропа стандартына сай жаңа қоректендіру жүйелері, автомобильдерде қолданыла бастаған навигациалық, маршруттық компьютерлер, автомобиль қауіпсіздігін жақсарту жолындағы ABS жүйесі, сығу көрсеткіші мен газ тарату фазаларын жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта реттеу, оптимальды автомобиль техникасын пайдалануға автоматты бақылау мен басқару мағлұматтары оқулықта жарық көрген.

Беріліс – қозғалысты (әдетте айналмалы қозғалысты) жетекші элементтен (мысалы, автомобиль қозғалтқышы) жетектелуші элементке (мысалы, автомобиль доңғалағы) жеткізуге арналған механизм. Беріліс арқылы: әр түрлі жетектерге жылдамдықтарды арттыруға (немесе азайтуға); жылдамдықтарды сатылы немесе сатысыз реттеуге; қозғалыс бағыттарын өзгертуге; бір қозғалтқышпен бірнеше механизмдерді қозғалысқа келтіруге; күш пен айналу моментін өзгертуге; қозғалыс түрлерін өзара түрлендіруге болады. Берілістің негізігі сипаттамалары: берілетін күштер мен бұраушы момменттер, бұрыштық жылдамдық, жетектелуші буын (қозғалыстағы) мен жетектегі буынның жылдамдықтарның қатынасы (беріліс саны), пайдалы әсер коэфициенті.

Беріліс механикалық, гидравликалық, пневматикалық және электрлік болып ажыратылады. Механикалық беріліс іліністі (тісті беріліс, шынжырлы беріліс,бұралаңды беріліс т.б.) және үйкелісті (белбеулі беріліс, фрикциялы беріліс, т.б.) пайдалануға негізделген. Олар беріліс қатынасы тұрақты немесе өзгермелі, қуаты шағын және орташа жетектерде, сондай-ақ, станоктардың, автомобильдердің, тракторлардың, беріліс қораптары мен вариаторларында қолданады. Гидравликалық беріліс пен электрлік беріліс үлкен қуатты жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай берілістер техниканың әр түрлі саласында, әсіресе, ауыр көлік машиналарының жетектерінде қолданылады. Пневматикалық беріліс шығар жердегі буынның айналу жиілігі үлкен болған жағдайда (мысалы, ішкі бетті ажарлауыш станоктарда 30000 айн./мин-қа дейін жетеді) пайдаланылады. Техника мен өнірісте, көбінесе, электромеханикалық, электромеханикалық, гидропневматикалық сияқты аралас беріліс қолданылады.


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 1031 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дифференциал | Жартылай өстер | Басты берілістің жабдықтары мен жұмыс қағидасы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Автомобиль| Басты беріліс, дифференциал және жартылай өс. Олардың атқаратын қызметі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)