Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дифференциал

Читайте также:
  1. I. Дифференциальное уравнение вида
  2. II. Дифференциальное уравнение вида
  3. VI. Дифференциальный диагноз.
  4. XI. Дифференциальный диагноз
  5. XI. ДИФФЕРЕНЦИАЛЬНЫЙ ДИАГНОЗ
  6. Басты беріліс, дифференциал және жартылай өс. Олардың атқаратын қызметі
  7. Бронхиальная и сердечная астма: дифференциальный диагноз.

Автомобильдің бұрылысы кезінде бұрылу бағытына бағыттас ішкі доңғалақ сыртқы доңғалаққа қарағанда аз жол жүреді, сондықтан ішкі доңғалақтың тербелісі сырғанаусыз болу үшін ол сыртқы доңғалаққа қарасты баяу айналу керек. Айналдыру моментін жетекші доңғалақтар арасында тең бөліп береді, ол үшін дифференциал ойлап табылған. Сондықтан аавтомобильдің бұрылысы кезінде және оның қисық сызықты траекториямен қозғалысы кезінде, сол және оң доңғалақтың бір-біріне қарасты әртүрлі бұрыштық жылдамдықпен айналуын қамтамасыз етеді. Бұрылыс кезінде доңғалақтың айналып кетуі болмайды, ол өз алдына шинаның тез тозуын, автомобильдің басқарымдылығын нашарлатады да, оның отын шығынын жоғарылатады.

Жетекші доңғалақтардың әртүрлі айналу жиілігін қамтамасыз ету үшін, бір жалпы білікте, және екі жартылай өсьтерде орналасады. Жартылай өсьтер өзара доңғалақ аралық дифференциалмен байланысқан, ол айналу моментін басты берілістен алып, жартылай өсьтерге таратады.

Дифференциалдардың орналастыруы бойынша төмендегідей топтастырылады: өс аралық (айналдыру моментін бір өсьтегі жетекші доңғалақтарға беретін) және жетеленетін біліктегі айналдыру моментінің қатынасы бойынша – симметриялы (моменттер бірдей) және симметриялы емес деп бөледі. Дифференциалда көбінесе конусты тісті доңғалақтарды орнатады.

Симметриялы доңғалақ аралық дифференциалдың сол жақ және оң жақ жартылай өсті тістідоңғалағының тістер саны тең болады, сондықтан мұндай планетарлы механизмге, жүргізгінің тоқтатылған кезінде беріліс саны бірге тең болады.

Жолсыздықтармен жүруге арналған грунттық кейбір автомобильдерде, мәжбүрлі тосқауылдаушысы немесе өздігінен тосқауылданатын дифференциалды қолданады. Бұл жағдайда айналдыру моментінің көп мөлшері қалыс қалатын жолдың ілінісу жағдайы жақсы учаскеде келе жатқан доңғалаққа беріледі, содан соң тарту күші артады.

Казіргі таңда көп тарағаны төмендегілер болып табылады: доңғалақ аралық конусты симметриялы, өс аралық, үлкен үйкелісті конусты және жұдырықшалы.

Конуты симметриялы дифференциал (4а-сурет) басты берілісте орнатылған тісті доңғалақты механизм болып табылады. Ол екі конусты тісті доңғалақты (2),(8), сателит тісті доалақтыры (1),(7) және (4) айқасты түрде берілген.

Басты берілістің жетеленуші доңғалағы (5) дифференциал қорабымен қатты байланыста болады. Қорап екі шәшкеден тұрады, шәшкелер арасында айқасша бекітіледі. Дифференциалдың қорабында, автомобильдің жетекші доңғалақтарымен байланысқан жартылай өстер (3) және (9) шлицтерінде, жартылай өстік тісті доңғалақтар (2) және (8) орнатылған. Басты берілістің жетекші тісті доңғлағынан (6) айналдырушы момент жетеленетін доңғалаққа (5) және дифференциал қорабына берілген уақытта оның ішінде айқасша арқылы байланысқан. Онда орналасқан сателит тісті доңғалақтарымен (1) және (7) бірге айналады.

Автомобильдің тура, түзу жолдармен жүргенде, оның екі доңғалағы да тербеліске бірдей қарсылық танытады және бірдей жол жүреді. Сондықтан сателиттер өз өсіне қарасты айналмай, дифференциал қорабы және айқасшамен бірге айналы, тісті доңғалақтарға (2) және (8) бірдей айналу жиілігін беріп отырады. Бұл кезде саталиттер екі жартылай остерді де қосып, жартылай ості тісті доңғалақтарды тосқауылдайды.

 

 

4 – сурет. Конусты симметриялы дифферениал

ГАЗ - 4738 автомобильдерінде дифференциалы басты беріліс секілді артқы белдік картерінде орналастырылған. Дифференциал құрамында қорап (18) (5 – сурет), оның тесігіне саталиттер өсі (17) кіреді, ол өске бос күйде екі конустық саталит кигізілген. Саталиттер жартылай өстердің (8) тісті доңғалақтарымен (13) тұрақты іліністе болады. Дифференциал қорабы жетеленуші тісті доңғалағымен бірге (12) екі роликті конустық мойынтіректерде (21) айналады. Мойынтіректер екі реттеуші бұрандамамен (9) бірігіп тұрады. Басты берілістен келген жүктеме дифференциал қорабына беріледі, содан кейін өстер арқылы сателиттерге және жартылай өстердің тісті доңғалақтарынан жартылай өстерге және жетекші дағалақтарға береді. ВАЗ – 2108 автомобилінде конусты екі сателиттік дифференциал беріліс қорабымен бірге бір қорапта орналасады.

 

 

1 - жартылай өс ернемегі; 2 - доңғалақтық тежеуіш барабанын бекітетін бұрандама; 3 - бағыттаушы штифт; 4 - тежеуіш барабан; 5 - жартылай өс; 6 – сальник; 7 – артқы белдік қаптамасы; 8 – жартылай өс; 9 – мойынтіректі реттеуші бұрандама; 10 – сапун; 11 – сателлит; 12 – басты берілістің жетеленуші тісті доңғалағы; 13 – жартылай өс тісті доңғалағы; 14 – жетекші білік ернемегі; 15 – басты беріліс картері; 16 – жетекші тісті доңғалақ; 17 – саталиттер өстері; 18 – дифференциал қорабы; 19 – стопорлы төсем; 20 – дифференциал мойынтірегінің қақпағы; 21 – мойынтірек; 22 – жартылай өсті мойынтірегінің бекітілу төсемі.

5 – сурет. ГАЗ - 4738 автомобилінің артқы белдігі

 

Жүктеме алдыңғы жетекші доңғалақта келтірілген сол және оң біліктерімен беріледі. Дифференциал қақпағы бар қорабы екі конустық мойынтіректерде айналады. Диффернциал қорабына пластмассадан жасалған тісті доңғалақша спидометрдің жетегі престелген. Екі сателит өсте орналасқан.

Өс аралық конусты дифференциал оны 6х4 және 6х6 доңғалақтық формуласы бар жоғары жүргіншікке ие автомобильдерде орнатады, олардың жетекші белдіктері доңғалақтың жермен ілінісуінің әртүрлі жағдайларында жұмыс істеуі мүмкін. КамАЗ-5320 автомобилінің өс аралық дифференциалы келесі құрылымдық элементтерге ие: өс аралық дифференциалдың картері (2) (6а-сурет) аралық белдіктің басты берілісінің картеріне бекітілген, ал дифференциал қорабы (3) бұрандамамен қосылған үш шәшкеден тұрады. Алдыңғы шәшкенің артынан шарикті мойынтірекке тіреледі. Артының шлицтік бөлігінде дифференциалды кардан берілісімен байланыстыратын ернемек (1) орнатылған. Дифференциалды механизм қораптың (3) ішінде орналастырылған. Тісті доңғалақ (13) шлицтердің арқасында аралық белдіктің басты берілісінің жетекші тісті доңғалағымен (9) қатты байланыста болады, ал доңғалақ (14) артқы белдік жетегінің өтпелі білігінің (10) шлицтік соңымен байланыста болады. Ішкі тісті муфта (12) және дифференциалды тосқауылдаушы муфта (11) тісті доңғалағының (13) сыртқы тістерімен тұрақты іліністе болады.

 

6 – сурет. ГАЗ – 53 автомобильдерінің өс аралық дифференциалы.

Механизм (8), тосқауылды жүзеге асырады және ол автомобиль кабинасындағы қондырғылар тақтасындағы пневматикалық басқару краны мен құбырлар арқылы байланысады. Басқару кранын ашқан уақытта сығылған ауа мембрана (19) және қақпақ арасындағы кеңістікке келеді. (6б - сурет). Мембрана иіліп, қайтарушы серіппенің (17) серпімділігін жеңіп, серіппе (16) арқылы стақан (18) және жылжығышты (15) алдыға жылжытады. Бұл кезде құрылғылар тақтасындағы бақылаушы лампаны қосатын микросөндіргіштердің (6) түйіспелері түйіседі.

Аша (7) жылжығышпен бірге жылжып, муфтаның (11) дифференциал тұрқысындағы тісті тәжбен ілініске келтіреді. Қатты ортаңғы белдік жетегінің доңғалағымен дифференциал қорабының қатты ілінісуі болады, соның нәтижесінде дифференциал мәжбүрлі түрде тежеліп тосқауылданады және де белдіктер жетегінің тісті доңғалақтары (14) және (13) бірқалыпты жиілікпен айналады. Дифференциалды тосқауылдан босату үшін, басқару кранын жабады, нәтижесінде тосқауылдаушы механизм мембранасының кеңістігі атмосферамен байланысқа түседі. Мембрана (19) ашамен (7) жылжығыш (15) қайтарушы серіппенің қысымымен оңға қарай орын ауыстырады, бұл кезде тосқауылдаушы муфта қайта орнына келеді.

Жоғары үйкелістегі жұдырықшалы дифференциал өздігінен тосқауылдану нәтижесінде (7 - сурет) қосымша үйкеліс күштердің арқасында айналатын жетекші доңғалаққа момент көбірек беріледі. Ол автомобиль доңғалағының айналып кетпеуін қамтамасыз етеді және автомобильдің шеткі тартқыш кетуіне қарсы орнықтылығын арттырады.

Жұдырықшалы картер механизмі екі жартыдан тұрады.

Дифференциал оң жақ жартысы оның шәшкесі, (5) ал оның сол жақ жартысы сеператор (2) болып табылады. Сеператорда (2) радиалды тесіктің екі қатары орналасқан (әр қатарда 12 тесіктен). Тесіктерде ішкі (1) және сыртқы (4) жұлдызшалар арасында орнатылған сухалар (6) орналасқан, ол шлицтің арқасында жартылай өстермен байланысқан. Ішкі жұлдызшаның (1) сыртқы беті шеңбер бойына екі қатар жұдырықшасы болады (әр қатарда алты жұдырықшадан), ал сыртқы жұлдызшаның (4) ішкі беті жұдырықшаның бір қатарына ие. Айналдырушы момент жетеленуші доңғалақтан (3) сепараторға (2) беріледі, ал одан сухалар (6) арқылы жұлдызша жұдырықшаларына және содан жартылай өстерге беріледі.

ГАЗ-6611 автомобильінде алдыңғы жетекті белдіктегі басты беріліске өзі тосқауылдаушы дифференциалды орнатқан бұл автомобильдерді ауыр жол жағдайларында тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

 

7 – сурет. ГАЗ-6611 автомобилінің жоғары үйкелісті жұдырықшалы дифференциалы.


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 796 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Автомобиль | Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері | Басты берілістің жабдықтары мен жұмыс қағидасы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Басты беріліс, дифференциал және жартылай өс. Олардың атқаратын қызметі| Жартылай өстер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)