Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі түсініктер. Әлеуметтік мәселелерді реттеу ең алдымен әлеуметтік саясатты қажет

Читайте также:
  1. Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері
  2. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  3. Гидродинамикалыќ берілістіњ (гидромуфта, гидротрансформатор) ж±мыс принціпініњ негізгі ќандай ?
  4. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
  5. Негізгі түсініктер
  6. Негізгі түсініктер

Әлеуметтік мәселелерді реттеу ең алдымен әлеуметтік саясатты қажет етеді. Ұлттық табысты мемлекеттің тікелей араласуынсыз, сұраныс пен ұсыныс заңына негізделген рыноктық механизм арқылы бөлу, әрине әділетті деуге болады. Бұл жағдайда біліктілігі төмен жұмысшының табысы төмен болады, ал нарық өзгерістеріне бейімделе алатын кәсіпкердің табысы жоғары болады. Алайда рыноктық механизм халықтың барлығының тұрмыс жағдайын тұрақты қамтамасыз етуге кепілдік бермейді. Сондықтан көптеген елдерде әрбір азаматтың тұрмыс жағдайын белгілі деңгейде құқықтық қамтамасыз ету міндеті мемлекетке жүктеледі. Осыған байланысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады.

Әлеуметтік саясат- бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбектің өнімділігін арттыруға, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауруға шалдығу деңгейін төмендетіп, өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты- қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Осы мақсатты жүзеге асыруда бірнеше міндеттер атқарылады:

Ø Қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту, халықтың әр түрлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру.

Ø Халықтыңматериалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыру, әлеуметтік мүдделерді теңестіру.

Ø Халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық құқықты қамтамасыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету.

Ø Қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету.

Ø Қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету.

Ø Әлеуметтік салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, тұрмыстық үй т.б.) дамыту.

Ø Еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 

Әлеуметтік саясат үлгілерінің бір-бірінен айырмашылығы мемлекеттің әлеуметтік салаларға араласу деңгейіне, халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейіне, халықтың әлеуметтік таңдау еркіндігінің қамтамасыз етілу деңгейіне, әлеуметтік үрдістер мен әлеуметтік жағдайлардың экономикаға әсеріне байланысты анықталады.

Қазіргі кезде көпке танымал патериалистік- социалистік үлгі. Оның негізгі ерекшелігі- мемлекеттің өз азаматтарының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына толықтай жауап беруі. Өндіру мен бөлудегі мемлекеттің басты рөлге ие болуы, халықтың әлеуметтік қорғалғандығына сенімділігі және әлеуметтік тұрақтылық. Бұл үлгінің жағымды жақтарымен қатар кемшіліктері де аз емес.Мұндай қоғамдағы экономикалық тиімділік төмен болғандықтан барлық адамдардың тұрмыс жағдайын толық жоғары деңгейде қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан аталмыш үлгіде бюрократтық элита үшін жеңілдіктер мен артықшылықтар беріледі, ал халықтың басым бөлігін әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейі төмен болады. Сондай-ақ адамдардың мемлекетке тәуелділігі жоғары болғандықтан қоғамда иждивенділік орын алып, адамдардың белсенділік қабілеті төмендейді. Нарық қатынастары дамығандықтан жұмысшылар өз еңбек нәтижелерін толық бағалауға мүмкіндіктері жоқ және қоғамда тұтынушы құқығын қорғау жүйесі жұмыс істемейді.

Әлеуметтік саясаттың шведтік үлгісі мемлекеттің әлеуметтік саланы реттеу деңгейі мен жауапкершілігінің өте жоғары болуымен ерекшеленеді. Кейде оны «шведтік социализм» деп те атайды. Бұл саясат халықтың жоғары әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік сала толықтай орталықтандырылып, тұтынушының таңдау еркіндігі шектелген. Сондай-ақ бұл үлгіде кәсіпкерлік пен халыққа салынатын салық қысымы жоғары деңгейде болады.

Ауқатты мемлекет үлгісі әлеуметтік саланы жоғары деңгейде реттеуге негізделген рыноктық үлгі болып табылады. Мемлекет рыноктық тетікті пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету міндетін өзіне алады. Ол нарық қамтамасыз ете алмайтын әлеуметтік қызметтерді көрсетеді. Бұл үлгіде әлеуметтік қажеттіліктерге шығындар жоғары болады.

Әлеуметтік салаға бағытталған рынок шаруашылығының үлгісі еркін кәсіпкерлік пен еркін таңдауға және жеке тұлғаның еркін дамуына негізделген. Оның негізін қалаушы Людвик Эркордт. Бұл үлгіде экономикалық еркіндік үстемдік ете отырып, халықтың әлеуметтік қорғалуы жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік қорғау мемлекеттің араласуымен табысты қайта бөлу, салық саясаты, құқықтық негіз арқылы қамтамасыз етіледі және халықтың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін әлеуметтік құрылымдар жүйесі қолданылады.

Рыноктық -әлеуметтік үлгі әлеуметтік құндылыққа негізделген. Бұл үлгінің негізгі принцепі әлеуметтік саланы мемлекеттің тікелей араласуымен емес, рыноктық әдістер арқылы реттеу. Ол мемлекеттен төленетін жәрдем ақшалар, дотация, субсидиялар т.б. көмектерді минималды деңгейде төмендету және рыноктық құралдарды кеңейту арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі әлеуметтік кешендердің даму деңгейі адам дамуының индексі арқылы сипатталады. Бұл көрсеткішті әлемдегі елдерді салыстыру үшін ЮНЕСКО енгізді. Оның ішінде ең негізгісі жан басына есептелген табыс деңгейі, өмір сүру деңгейі, халықтың білім деңгейі.

Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеу әдістері қолданылады:

v Құқықтық реттеу- бұл барлық деңгейде қабылданған құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардағы міндеттердің орындалуы;

v Қаржы- несиелік реттеу- қаржы ағындарын реттеу құралдары, яғни әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте арнайы баптың қаралуы. Сондай-ақ бюджеттен тыс әлеумметтік қорлар құру (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру т.б.)

v Жекешелендіру- әлеуметтік саладағы кәсіпорындардың меншікке беру шектелген, өйткені мұндай кәсіпорындардың шығындарын көпшілік жағдайда мемлекет өтейді.

v Мақсатты бағдарламалар- бұл өте маңызды әлеуметтік мәселелерге арналған бағдарламалар. Мелекет халықты еңбекпен қамту, еңбек етуге ынталандыру, мемлекеттік секторда жұмыс орындарын ашу, мүгедектерге көмек көрсету, құқықтық қорғау бағдарламаларын жасайды. Мұндай бағдарламалар мемлекеттен қаржыландырылады.

Әлеуметтік саясатты жүргізу құралдарына мыналар жатады:

v Әлеуметтік кепілдік.

v Әлеуметтік стандарттар.

v Минималды тұтыну бюджеті.

v Өмір сүру минимумы.

v Жалақының минималды деңгейі.

v Әр түрлі әлеуметтік шектеулер.

Әлеуметтік кепілдік- мемлекеттің азаматтар алдындағы, азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершіліктерін заңды түрде қамтамасыз ету.

Әлеуметтік стандарттар- бұл конститутцияда қаралған әлеуметтік қызмет көрсетудің әр түрлі формалары мен көлемдерін қалыптастыру. Бұл қаржы нормативтерін белгілеу үшін қажет. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар бірыңғай негізде және жалпы әдістемелік принцептерде жасалады.

Минималды тұтыну бюджеті тұрмысы төмен отбасыларына көмек беру үшін, сондай-ақ зейнетақы мен жалақының минималды деңгейін белгілеу үшін қолданылады.

Өмір сүру минимумы- бұл минималды табыс. Ол әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, табыстар реттеледі және оларды әлеуметтік төлемдер белгілегенде қолданылады. Өмір сүру минимумы экономиканың белгілі деңгейінде адамның денсаулығын сақтау мен қызметке қабілетін қамтамасыз ету үшін қажет. Оның құрамына ғылыми негізделген азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны және салықтар мен міндетті төлемдер кіреді.Минималды өмір сүру минимумын анықтау үшін тұтыну қаржыны қолданылады.

Жалақының минималды көлемі- квалификациясы төмен қарапайым еңбекке негізделген жалақының ең төменгі шегі. Оны басқа маман жұмысшыларының жалақысын белгілеу үшін қолданылады.

Зейнетақының минималды деңгейі- нормативті актілер бойынша белгіленетін зейнетақының ең төменгі шегі. Ол минималды жалақы мен өмір сүру минимумына негізделеді.

Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары:

1. Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, яғни халықтың материалдық және рухани игіліктермен қамтамасыз ету. Ресейлік ғалымдар өмір сүрудің 4 деңгейін атап көрсетеді:

- молшылық- жан-жақты қамтамасыз етілген өмір, яғни өмір сүрудің жоғары деңгейі;

- қалыпты өмір- адамның физикалық және интелектуалды күшін қалпына келтіру деңгейі;

- кедейшілік- еңбекке қабілетін сақтау мүмкіндігі;

- жоқшылық- бұл биологиялық критерий ойынша өмір сүру.

БҰҰ бойынша өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесі құрылған. Оған мыналар кіреді:

· Өмірге келу.

· Өмірден кету.

· Өмір сүрудің санитарлық-гигиеналық жағдайы.

· Азық-түлікті тұтыну.

· Тұрғын үй жағдайы.

· Жұмысбастылық.

· Білім деңгейі немесе сауаттылық.

· Мәдениеттілік деңгейі.

· Демалыс.

· Көлікпен қамтамасыз етілуі.

· Адам құқықтарының қорғалуы.

2. Мемлеекттің әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Халықтың кедейшлікке ұшыраған тобына, аурулар, мүгедектер, қарттар, көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ету жүйесін қалыптастыру. Бұл топтар мемлекеттен өмірге қажетті минималды игіліктер мен қамтамасыз етілуі тиіс. Ол үшін түрлі мақсаттағы қорлар, арнайы көмектер, тегін мемлекеттік мектептер, тегін медициналық көмек көрсетілуі сияқты түрлі жеңілдіктер алуға міндетті.

3. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты міндетті түрде еңбек қатынастары мен халықты жұмыспен қамту бағытын қамтиды.

Мемлеекттік еңбек нарығы тең құқты мамандық таңдау еркіндігіне кепілдік беруі тиіс. Ол үшін орта және жоғарғы білім беру жүйелері бар минималды жалақы деңгейі белгіленіп, жұмыс аптасының ұзақтығы, демалыс уақыты заңды түрде келісім арқылы белгіленеді. Сондай-ақ жұмыссыздықпен күресу, жұмыссыздарға көмек шаралары қолданылады. Мұндай бағдарламамен еңбек биржалары айналысады.

4. Көші-қон үрдістерін реттеу. Соңғы жылдары көш-қон әлеуметтік дамудың маңызды факторы болып табылады. Көші-қон саласындағы басты тілек- мақсатты көш-- қон бағдарламалары. Бағдарламалардың басты мақсаты – еркін көшуді қамтамасыз ету, мигранттардың ағымын реттеу, оларға жағдайлар жасау, мемлекет мүддесін қорғау, көш—қон салдарынан пайда болатын ауыртпашылықтарды жеңілдету.

5. Зейнетақы жүйесін жетілдіру. Қазіргі кезде зейнетақы жүйесін реформалау жүріп жатыр. Реформаның негізгі мақсаты- бірыңғай зейнетақы бөлуден аралас жүйеге көшу. Аталмыш жүйе зейнетақы қорларының басым болуымен ерекшеленеді.

6. Мемлекеттің денсаулық сақтау мен әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы рөлі. Бұл бағыт мемлекет тарапынан тегін медициналық көмек берілуін және емдеу сапасының болуын қамтамасыз етуді көздейді.

Әлеуметтік саясаттағы негізгі буын- халықтың табысын қалыптастыру саясаты. Табыс деңгейі- адамдардың тұрмыс жағдайының маңызды көрсеткіші болып табылады. Өйткені ол адамдардың материалдық және рухани өмірінің мүмкіндігін анықтайды. Халықтың табыс деңгейіне жалақыдан басқа баға деңгейі, нарықтың тұтыну таурлармен қамтамасыз етілуі әсер етеді.

Халықтың табыс деңгейін бағалау үшін төмендегідей көрсеткіш пайдаланылады:

Номиналды табыс (NY) - бұл адамдардың белгілі уақыт аралығында табатын ақша көлемі.

Қолда қалатын табыс (DY) – бұл адамдардың жеке тұтыну мен сақтауға жұмсай алатын табысы. Ол номиналды табыстан жеке салықтар мен міндетті төлемдерді шегергенде шығады.

Нақты табыс (RY) – белгілі уақыт аралғында қолда қалатын табысқа сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер көлемі, яғни мұнда баға деңгейінің өзгеруін ескеру қажет.

Салық төлемдері мен басқа да салымдар арқылы және халықтың тұрмысы төмен бөлігіне көмектер беру арқылы әлеуметтік саясат жүргізу негізінде мемлекет табысты әділетті бөлуді жүзеге асырады.

Табыстың бөлу теңсіздігін қалай өлшеуге болады. Экономикалық теорияда оны анықтау үшін Лоренц қисығы қолданылады.

Көлденең сызық бойында алынатын табыстың жиынтық үлесі, ал тік сызық бойында ең аз табыс алушыдан бастап, бүкіл халық табысының жиынтық үлесі бейнеленген. Егер абсолютты теңдік болса, онда халықтың 20%-ын қамтиды, 30%-30%... Бұл жағдайда абсолютті тең табысты 45 градуста орналасқан ОС сызығы көрсетеді (2- сурет).

Алайда, нақты өмірде бұл мүлдем басқаша болуы мүмкін. Мысалы: халықтың 40% -10% табыс алады. 60% халық - 20% табыс алады және т.с.с. Бұл жағдайда графикте ОАС қисығы пайда болады. Бұл Лоренц қисығы. АО-дан алыстаған сайын қоғам мүшелерінің табыс айырмашылықтары да соншалықты көп болатындығын көрсетеді.

ОАС үшбұрышын ОАВ үшбұрышына бөлу арқылы табысты бөлу теңсіздігінің деңгейін анықтауға болады:

G = Sоас / Sоав;

Мұны Джини коэффиценті деп аталады. Ол итальян экономисі Коррадо Джиннидың атымен аталған. Егер G 0-ге жақын болса, онда қоғам теңдік жағдайда болғаны. Ал егер G =1 болса, онда қоғамның көпшілігі кедей, аз бөлігі тым бай болғаны.

 

 


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 506 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Тақырып бойынша сұрақтар | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті табыс салығы , жер салығы, мүлік салығы бойынша беріледі. | Негізгі түсініктер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Көлденең Вертикалды Тікелей| Глоссарий

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)