Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

кәсібилігі жеке қасиеттері компоненттілігі нәтижесі

Читайте также:
  1. E. Адамның физиологиялық қасиеттері туралы ғылым.
  2. Мұнайдың құрамы, жіктемесі және негізгі физикалық-химиялық қасиеттері
  3. Тарау. Тамақ өнімдерін суықпен өңдеу кезіндегі жылу-физикалық қасиеттерінің өзгеруі және жылу мен массаалмасулары
  4. Ші үлгі. Білім беру тиімділігі мен нәтижесі
инновациялық жаңа бағыттағы іс - әрекетке дайын; адамдармен мәдениетті қарым - қатынас жасай білетін; өз жұмысына обьективті талдау жасай алатын әр іске белсенді, дүниетанымы кең; өзінің және өзге тілді қадірлейтін; еңбек сүйгіш; жаңалыққа құштар; ақпараттық технологиялық білім мен дағдыны меңгерген; түрлі өмірлік жағдаятты шеше алатын; өзі жоспарлаған іске жете алатын; бәсекеге қабілетті, қалыптасқан жеке тұлға;

Тілдерді оқыту тұлғаның дамуында басты роль атқарады, себебі ол әлемдік мәдениет кеңістігіне ену және өзінің ұлттық-мәдени құндылықтарын түсіну, әлеуметтік қарым - қатынас және тұлғаның қалыптасуы мен әлеуметтену құралы.Шетел тілін меңгеру қажеттілігі басқа ұлттың тілі мен мәдениетін түрлі өмірлік мақсаттар үшін қолдана білуде басты рольді атқарады. Бірнеше тілді меңгеру қоғамда ғылыми-техникалық прогрестің алдынғы шебіне шығуға, әлемдік білім беру және экономикалық кеңістікке тез көтерілудің бірден-бір жолы. Жалпы қоғам мен экономиканың дамуының маңызды факторларының негізі - тұлғаға толыққанды білім беру.Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік өмірінің өзгеруіне оқытудың міндеттері мен мақсаттарының түбегейлі өзгеруін талап етеді. Білім берудің тиімді критерийлерінің бірі- оның әлеуметтік өмірдің барлық салаларына белсенді араласушы, сенімді, дербес және жауапкершілігі жоғары тұлғаны дайындау. Осыған байланысты И. Л. Бим атап өткендей, оқытудың заманауи парадигмасының шеңберінде өзін-өзі белсенді әрекетке кірістіре,алатын тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету қажет [60].Шетел тілін үйретуде лексикалық материалдың мүмкіндіктері зор. Тарихи себептерге байланысты ағылшын тілінің елу пайызға жуық сөздері француз және латын тілдерінен енген сөздердің үлесіне тиесілі. Бұл фактілер қазақ тілінде де кездесетіндіктен шетел тілін үйренуде оқушылардың сөздік қорын дамыту үрдісін жеңілдетеді. Сонымен қатар шетел тілі грамматикасын үйренуде сөзжасам мен синтаксис саласында жалпы морфологиялық категориялар мен сәйкестіктердің болуы да септігін тигізеді. Тіл үйрену барысында оқушылар тілді, тілдік жүйенің құрылу заңын түсіне бастайды. Сонымен қатар шетел тілін үйрену кезінде оқушы өз ана тілінің де құрылымын ұғынады, себебі екі тілді салыстыра отырып үйрену сөзсіз, өзара тіл байытуға ықпалын тигізеді. Шетел тілін үйрену үрдісінде оқушылар өздеріне лингвистикалық жаңалықтар ашуға мүмкіншілік алады, қабілеттерін дамытады. Нәтижесінде олар шетел тілін өз бетімен үйренуге жеке алгоритмге ие болады. Шетел тілін үйрену оқушыларды көптілді ортада қарым-қатынас жасауға үйрету сияқты педагогикалық міндетті шешуге көмектеседі. Тілдік қарым-қатынас жасауды модельдеу барысында оның мазмұны, формасы, қолдану аясы, оған әсер ететін факторларды түсінеміз. Әрине бұл жағдайда оқушы жастарда өз-өзіне сенімділік туғызатын коммуникативті құзыреттіліктің қалыптасуын айта аламыз. Сонымен бірге, шетел тілін оқыту үрдісінде жаңа әлеуметтік тәжірибе жинақтауға ықпал ету, әлеуметтік-бағдарлы оқыту барысында оқушының әлеуметтену үрдісін басқаруды назарда ұстау керек. Тілді қолдану екі түрлі өзгерістер арқылы іске асады: сөйлеушінің әлеуметтік болмысы және тілдік қарым-қатынас жүргізілу жағдайлары. Әрине, тілді оқыту барысында тек лингвистикалық ережелерді сақтау ғана емес, «ішкі факторларды да» ескеру тиімді болады. Қоғам дамуының заманауи сатыларында білім беру үрдісінің тұлғалық бағдар беру позициясы тұрақты дамуда. Тілдің әлеуметтенулік тезисі Е. М. Верещагин и В. Г. Костомаров бойынша тіл мен мәдениеттің, тіл мен қоғамның диалектикалық тұтастығын ұсынады: «дамудың қозғалтушы күші, жалпы тілдегі кез-келген өзгеріс - ол қоғам, ұлттық-мәдени және тілдік қоғам ұжымы болып табылады» [61]. Сонымен қатар, тілдің мәдениеттің дамуына әсері, яғни тіл мен мәдениеттің, тіл мен қоғамның бір-біріне әсерінің диалектикалық болмысы. Тіл-мәдениетті, әдет-ғұрыпты ұлт арқылы қалыптастыратын қоғамдық қару [61]. Белгілі бір пәнді оқыту арқылы, оның ішінде шетел тілі арқылы әлеуметтік үрдісті жүзеге асыру. Педагогикалық аспекте оқыту мен тәрбие бірге жүреді. Тәрбие беру үрдісі үш позиция арқылы белсенді жүреді. Олар: оқушының белсенділігі, мұғалімнің белсенділігі және ортаның белсенділігі. Бірақ оқыту үрдісіндегі тәрбие оқушыны тәрбиелеу үшін емес, оқушы өзі тәрбиеленетіндей, яғни әлеуметтенетіндей ұйымдастырылуы керек.

Қоғамның әлеуметтік қарым-қатынас факторлары мен әлеуметтік ортаның тәрбиесінің тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші ролін оның психологиялық ерекшеліктерін ескеру арқылы жүзеге асыруға болады деп тұжырымдаймыз.

Қай пәнді оқытуда болмасын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отыра оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойлай қабілетін, ынта жігерін арттыра түседі. Өз ана тілін қадір тұтып, шетел тілін еркін меңгерген, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын, тәуелсіз мемлекеттің ойшыл ұрпағын тәрбиелеу еліміздің білікті ұстаздарының қарызы мен парызы деп есептейміз.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері — жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып, оқыту құралдарында жаңа иллюстрация түрлерінің пайда болуы, қағаз тасымалдауыштарда бастырылып шығарылған, дәстүрлі оқулықтарда қолданылған алдынғы тәсілдерден мүлдем бас тартуды білдірмейді. Дәстүрлі оқу кітаптарын иллюстрациялау және полиграфиялық безеңдендіру аймақтарында едәуір тәжірибе жинақталған. Осыған байланысты иллюстрацияның өзі, басылымның элементтерін кеңістікте топтастыру ерекшеліктері, жеке элементтердің басым көрсетілуі (көзбен қарағанда), қабылдаудың физиологиялық жақтары (баспаның айқындығы, қаріп ерекшеліктері т.б.) ерекшеленеді.

Қазіргі уақытта арнайы бағыттағы ақпараттық коммуникативті технолгияның құралдарын құру үрдісінде көптеген білім беру бағыттары мен оқу пәндері бойынша мультимедиалық энциклопедиялар жасалған. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін беретін ойындық ситуациялық тренажерлар және мультимедиалық оқыту жүйелері құрастырылған. Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологиялар (АТ) — компьютерлік техника мен программалық құралдардың көмегімен оқушыға ақпаратты дайындауды және беруді жүзеге асыратын үрдіс. Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологияларда ақпаратты беріп үйренуде екі нәрсені бөліп айтуға болады: техникалық құралдар, оған компьютерлік техника, байланыс жолы, және әртүрлі жүктеме бойынша берілетін программалық құралдар (ПҚ). Оқытушы компьютердің көмегімен берілетін сабақты өңдеуде оның функционалдық мүмкіндіктерін және жоғарыда аталған компоненттердің әрқайсысын қолдану шартын білуі тиіс. Техникалық құралдардың да программалық құралдардың да өз ерекшеліктері бар және оқу барысына айтарлықтай әсерін тигізеді.

Әуелі мына сұраққа жауап берсек, компьютерлік техниканы сабақта не үшін қолданады және ақпараттық технология құралдарын қолданып қандай әдістемелік мәселелерді шешуге болады? Ақпараттық технологияны пайдаланудың педагогикалық мақсаты мынада:

1. Жеке басының дамуы

· ойлану

· эстетикалық тәрбие

· экспериментальды-зерттеу мүмкіндігін дамыту

· ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

2. Әлеуметтік тапсырысты орындау

• пайдаланушының жалпы ақпараттық дайындығы («компьютерлік сауаттылық» деп аталатын)

• белгілі бір мамандықтарды дайындау

3. Оқу- тәрбиелік үрдісті күшейту

• оқытудың тиімділігін және сапасын күшейту

• танымдық әрекетін қамтамасыздандыру

• ақпараттық және пән бойынша дайындықты интеграциялау арқасында пәнаралық байланысты тереңдету [62].

Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:

• Білім сапасын арттыру;

• Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;

• Орта білімді ақпараттандыру;

• Интернет жүйесін пайдалану;

• Электрондық оқулықтар;

• Қашықтықтан басқару:

Компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылыәын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:

• Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;

• Ғылыми — көпшілік журналының сайтына кіру;

• Әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;

• Интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;

Жаңа ақпараттық технологияның ішінде ең тиімді технологияларға: оқытудың компьютерлік технологиясы, мультимедиялық технологиялар, презентациялық технологиялар, дистанциялық оқыту технологиялары кіреді.

Оқытудың ақпараттық телекоммуникациялық технологиясы — ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдары жиыны.

Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті программалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындайтын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмыстың маңызы өте зор, әрине, қазіргі компьютер мен интерактивті программалық — әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа моделдерін (баяндама, реферат) іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек етеді. Бірнешеуін тізімдеп, бағытын айқындасақ:

Мультимедиялық технологиялар — бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.

Мультимедия құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып, тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын аппараттық және программалық -құралдардың біріктірілген кешендерін айтады.

Презентациялық технологиялар. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалдарды (иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материялдар, т.с.с.) көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеу жұмысын алдын ала мұғалім немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы — мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға дағдыландырады. Осыған қоса, оқу орнында жергілікті компьютерлік желісі болуы және бұл желінің Интернет жүйесіне қосылуы мұғалімдердің жаңа технологияны игеруге үлкен мүмкіндік жасар еді. Дистанциялық оқыту технологиясы — ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар (компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедия құралдары) және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Бүгінгі таңда осы технология жетілген елдерде өте кең тараған.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар (компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедия құралдары) арқылы оқытудың артықшылықтары:

a) компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыларға жылдам жеткізеді;

ә) ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық қуатын оқытуға

да, әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады.

Бұл технология біздің елімізде әлі кең тарала қойған жоқ, өйткені толыққанды дистанциялық оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Жаңа ақпараттық технология шеңберінде компьютерлер негізгі үш бағытта пайдаланылады:

• Адамды мезі ететін есептеу жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін жеке құрал ретінде;

• Проблемалы салаларда зерттеулерді жүргізу үшін құралдармен толықтырылған автоматтандырылған дербес жұмыс ретінде;

• Білімді бекітуге арналған автоматтандырылған кешен немесе жаттықтырушы ретінде қолданылады.

Жаңа ақпараттық технологияны сабақтарда пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктерін қорытындылай келе, компьютерлік технологияны пайдаланудың әр жақты екендігіне көз жеткізуге болады. Сонымен, компьютерлік технологияны сабақтарда пайдаланудың үш негізгі түрі бар:

• Ақпараттық технологияны сабақтарда үздіксіз пайдалану

• Ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс өзіндік жұмыстарды

орындау барысында пайдалану [63].

• Ақпараттық технологияны танымдық қабілетін дамытуға пайдалану. (дамытушылық ойындар, электрондық энциклопедия т.б) Оқыту барысында ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс істеу барлық бағыттарды кешенді түрде пайдаланумен саластырғанда төменгі нәтиже береді. Компьютерді пайдалану оқушылардың терең танып білуіне ғана емес сондай- ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру- уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.

Ғылыми әдістеменің обьективті түрде дамуы шет тілін оқыту әдістемелерінің жаңа тиімді түрлерін қарастырып, табуына әкеліп соқтырды. Бұл салада еңбектенген ғалым педагогтардың ішінде Е.И.Пассовтың шет тілін үйретудегі коммуникативтік оқыту әдістемесін, интернет мүмкіндіктерін қолдану әдістерін жоғарыда ұсындық [59]. Интернет ағылшын тілін үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.Шетел тілін меңгеру оқушылардың өмір қажеттілігінен туындап отыр.Біздің ойымша, шетел тілі сабақтарында жоғарыда көрсетілген әдіс тәсілдерді, компьютерді қолдану оқушылардың шетел тілі сабақтарында шығармашылық, актерлік, логикалық ойлау қабілеттерімен қоса белсенділігін жетілдіріп, қызығушылығын арттырады. Сондықтан сабақты бір сарынды өткізбей, түрлендіріп, тартымды өткізу, оқулықпен шектеліп қоймай, қосымша материалды да пайланану әр ұстаздың шеберлігіне байланысты болмақ. Оқытудың өзі өнер және ғылым болып табылатындықтан мұғалім өзінің кәсіби іс әрекетінің аясында біліктілік деңгейін үзбей шыңдап, ғылыми әдістемелік деңгейін көтеріп, шетел тілінен өткізетін сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды, қазіргі заманда өміршеңдігі дәлелденген әдіс тәсілдерді қолданса ғана XXI ғасырға сай білімді және дарынды азаматтарды тәрбиелей алады.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Соңғы жылдары қоғамда адамдардың әлеуметтік, мәдени, ғылыми және өндірістік қызмет аясына тікелей әсер еткен ақпараттық технологиялық революция болды. Ақпараттық технологияның оқу үдерісіне тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды. Қазіргі заманғы ғылым мен техникалық даму кезеңі білім беру саласында ақпараттық технологиялық әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын компьютерлендіру, ғаламтор, компьютерлік желімен қамтамасыз ету, электрондық телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау.

Білім беру мекемелерінде ақпараттық құралдарды пайдалану оқушылардың мәдениетаралық қарым қатынас құзыреттіліктерін қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызатындығы зерттеу жұмысы барысында дәлелденді. Шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытып, заманауи дерек көздерін үйлесімді пайдалана отырып шетел тілін практикалық тұрғыдан жетік меңгеруіне, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу және түсіну дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының барысында оқу үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері жөніндегі С.А.Бешенков, Б.С.Гершунский, А.П.Ершов, М.П.Лапчик, В.В.Лукин, Б.А.Досжанов, Ұ.Т.Нұрманалиева, С.Т.Сиргебаева, Б.Т.Абыканова, Г.Б.Таутаева, Ж.А.Қараев және т.б. педагог ғалымдардың еңбектерін зерттеу жұмысымыздың тірегі ретінде қарастырдық.

- зерттеу жұмысымыздың тақырыбы төңірегінде отандық және шетелдік ғылыми-әдістемелік еңбектері мен тәжірибелік-эксперименттер төңірегінде жасалған талдаулардың нәтижесінде зерттеу жұмысының алға қойған мақсаты орындалып, шетел тілін оқытуда оқушылардың мәдениетаралық қарым қатынас құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияны пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктерінің теориялық тұжырымдамасы айқындалып, олардың тиімділігі анықталды.

Оқытудың ақпараттық телекоммуникациялық технологиясы — ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдары жиыны.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар (компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедия құралдары) арқылы оқытудың артықшылықтары анықталды:

а) компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыларға

жылдам жеткізеді;

ә) ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық қуатын оқытуға да,

әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысын талдай отыра келесідей қорытынды жасауға болады:

- шетел тілін оқытудың заманауи талабына сәйкес, оқушылардың мәдениетаралық қарым қатынас құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологиялық құралдармен қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды;

- шетел тілін оқытуда ақпараттық технологиялық құралдарды пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың білім сапасын жетілдіре алады;

- жаңа ақпараттық технологияларды дәстүрлі немесе дәстүрлі емес сабақтарда пайдалану тиімділігі тек алдын-ала жоспарланған және ұйымдастырылған жағдайда ғана жүзеге асады;

- оқушылардың мәдениетаралық қарым -қатынас құзыреттіліктерін қалыптастыруындағы ақпараттық технологияның алатын орны айқындалды;

- жұмыс барысында зерттеу болжамы мен теориялық негіздері дәлелденді.

Зерттеу жұмыстарын қорытындылай келе, шетел тілін оқыту үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану мәселесі мен заманауи әдістер кешенді дамып отыруы қажет, себебі осы зерттеу жұмысында қарастырылған құралдардың барлығы оқушының құзыреттілігі мен шығармашылық әрекетінің қалыптасуына ықпал етеді.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1. Назарбаев Н.Ә. «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» лекция, 2011ж.

2. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы. //Алматы, – 2010. - 75б

3. Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы. Алматы, 1997

4. Қазақ тілінің әдеби сөздігі. А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты, бас редакторы Уәли Н.Алғысөз. 2010.

5. Шило В.Е. Конституционная реформа: противоборство Оттавы и провинции. В кн: Современная внутренняя политика Канады. М., 1986. с. 88.

6. Абдыгаппарова С.К. Культурное многообразие. Практикум по межкультурной коммуникации, (часть 1) Учебное пособие на английском языке. Алматы: КазУМОиМЯ им. Абылaй хана, 2002 г. – 34с.

7. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация / учебное пособие М: Высшая школа 1999. - 234с.

8. Stevenson D.C. American Life and Institutions. Stuttgart, 1987.

9. Абдыгаппарова С.К. Культурное многообразие. Практикум по межкультурной коммуникации, (часть 1) Учебное пособие на английском языке. Алматы: КазУМОиМЯ им. Абылaй хана, 2002 г. – 34с.

10. Ощепкова В.В. Язык и культура Великобритании, США, Канады, Новый Зеландии. "Издательство ГЛОССА – ПРЕСС". М: издательство "КАРО". Санкт-Петербург.2004. –

11. Браун П., Левинсон С., „Принцип вежливости“ 1999.-10-12 б.

12. Гришаева Л.И., Цурикова Л.В. Введение в теорию межкультурной коммуникации. М., 2006.

13. Кажигалиева Г. Категория языка, культуры, личности в контексте

современной лингводидактики // Вестник АГУ сер. Филологические науки

№3,2003,56-59стр. ГОСО РК 2.3.4.01–2010 (приказ МОН РК № 367 от 09.07.2010)

14. Педагогика. Большая современная энциклопедия /Сост. Е. С. Рапацевич. –

М., «Современное слово», 2005

15. Абдыгаппарова С.К. Американские и Казахстанские культурные ценности.

Практикум по межкультурной коммуникации, (часть 3) Учебное пособие на английском языке. Алматы: КазУМОиМЯ им. Абылaй хана, 2002 г.–37с.

17.Абдыгаппарова С.К. Язык и культура. Практикум по межкультурной

коммуникации, (часть 2) Учебное пособие на английском языке. Алматы:

КазУМОиМЯ им. Абылй хана, 2002 г. – 38с.

18.Назарбаев Н.А. «Болашақтың іргесін бірге қалайық». 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы (28.01.2011ж.) // ЕгеменҚазақстан, 29 қаңтар 2011жыл. –Б.2-6.

19.Нұртаева Э.Е. Болашақ мұғалімдерді электронды оқулықпен жұмыс істеуге даярлау. – Алматы: -2007-15 б.

20. Қазақстан Республикасы “Ақпараттандыру туралы” Заңы. Астана, 2007ж.

21.Нұрғалиева Г.К., Тілеуова С.С. Ақпараттандыру – білім беруді

реформаландырудың негізгі механизмі. //Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – Алматы, 2006. - №1. - 286б.

22.Дацюк Г.И. Психолого-педагогические особенности применения

информационных-коммуникативных технологий в учреждених общего

среднего образования: дисс. канд. пед. наук. - М., 2001. – С.175.

23.Кобдикова Ж. Технологизация учебного процесса. Школа "Ақ желкен",

Алматы. 1999 ж.-262 б.

24.Курс лекции на электронных носителей по дисциплине «теория и практика межкультурной коммуникации», 2005

25.Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса:

Методические основы – М.: Педагогика, 1982. – С.192.

26.Стернин И.А. Коммуникативное поведение в структуре национальной

культуры// Этнокультурная специфика языкового сознания. - М., 1996. –

С.97-112

27.Беспалько В.П. Системно-методическое обеспечение учебно-воспитательного процесса подготовки специалистов. – М.: Высшая школа, 1998. – С.288.

28.Қараев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в

условиях преминения компьютерной технологии обучения: дисс. док. пед.

наук. - Алматы, 1995. – С.335.

29. Добудько Т.В. Формирование профессиональной компетентности учителя в условиях информатизации, образования: дисс. док. пед. наук. – Самара, 1999. – С.171.

30.Вымятнин В.М., Демкин В.П. Мультимедия курсы: методология и

технология разработки. – Томск, 2003. – С.265.

31. Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың ІV

32. Каменский Я. А.

33.Кожевникова Т.В. статья «Компьютерные технологии в изучении

иностранных языков», Современные теории и методы обучения

иностранному языку, Москва, «Экзамен» 2006, С.126

34.Могилёв А.В. Интернет приходит в школу. Воронеж: ВГПУ, 2001. – С.242.

35.Брагин В.Е. Электронный учебник нового поколения. //Информатика и

образование. – 2002.

36.Құнанбаева С.С. “Шеттілдік және көптілдік білім берудің танымдақ

лингвомәдени әдіснамасы мен теориясы”. Алматы, 2005-262с.

37.Доллинер Л. Ақпараттық коммуникациялық технологияларының мәселелері және болашағы. Информатика негіздері. 2003

38. Могилёв А.В. Интернет приходит в школу. Воронеж: ВГПУ, 2001. – С.240.

39. Полат Е.С. Метод проектов на уроках иностранного языка. //ИЯШ. – 2000. - № 2.- С.98.

40. Гаффин А.К. Путеводитель по глобальной компьютерной сети Интернет. – М.: ТПП Сфера, 1995. – С.269.

41.Құнанбаева С.С. Қазіргі шеттілдік білім берудің теориясы мен практикасы

Алматы: 2011-323б.

42. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 21-142 бб.

43.Митина Л.М. Психология развития конкурентоспособной личности.-

.:Московский психолого-социологический институт; Воронеж: НПО

«МОДЭК», 2002. – 400 с.

44.Педагогический энциклопедический словарь. Научное издательство

«Большая российская энциклопедия» М., 2003

45. Шетел сөздерінің қысқаша сөздігі, М.,1952ж.

46.Маслова В.А. Лингвокультурология / учебное пособие М: АСАДЕМА 2001. - 203с.

47.Құдайбергенова Қ. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий //

«білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және

практикалық нәтижесі» атты халықаралық ғылыми – практикалық

конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б.

48.Ү.И.Көпжасарова., А.С.Далабаева. Көптілді білім беру саласында

ақпараттық технологиялардың рөлі. ҚарМУ хабаршысы педагогика сериясы. -2010.-№1, 81-85 б.

49.Шарипова А. Жаңа ақпараттық технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану. Информатика негіздері. 2001

50.Молдабаева К.Е. Білімді ақпараттандырудың маңызды факторы –

Интернетке шығу. //Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді

ақпараттандырудың ІV- Халықаралық форумының ғылыми мақалалар

жинағы Алматы, 2006. – 392б.

51.Н.Ә.Назарбаев.«Үштұғырлы тіл» жобасы Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайы, қазан 2006 ж.

52. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, Pауан, 1993 ж.

53. Соболева М.Н., Гомулина Н.Н., Брагин В.Е. Электронный учебник нового

поколения. //Информатика и образование. – 2002. - №6. – С.239.

54.Иманбаева А., Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан

мектебі, №2, 2000

55.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту

тұжырымдамасының жобасы // Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан 2003ж. –

83б.

56.Грушевицкая Т.Г., Попоков В.Д., Садохин А.П. Основы межкультурной

коммуникации. Учебник для вузов/ Под. ред. А.П. Садохина. – М., 2002.
57.Пассов Е. И. Основы коммуникативной методики. - М.: Русский язык, 1989. – С.278.

58. Бим, И. Л. Модернизация структуры и содержания школьного языкового

образования (иностранные языки) Текст. / И. Л. Бим // Иностранные языки в школе. 2005.-№ 8. - С. 2-6.

59. Верещагин, Е.М. Язык и культура: Лингвострановедение в преподавании

русского языка как иностранного: Методическое руководство Текст. / Е. М.

Верещагин, В. Г., Костомаров. 4-е изд., пер. и доп. - М.: Рус. яз.,1990-14 б.

60.Елубай С. Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары. Алматы,

2001жыл.

61.Вымятнин В.М., Демкин В.П. Мультимедия- курсы: методология и

технология разработки. – Томск, 2003. – С.265.


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 276 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 1 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 2 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 3 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 4 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 5 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 6 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 7 страница| А380: ОПТИМАЛЬНОЕ РЕШЕНИЕ ДЛЯ ОБСЛУЖИВАНИЯ МАРШРУТОВ С БОЛЬШИМИ ПАССАЖИРОПОТОКАМИ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.045 сек.)