Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 7 страница

Читайте также:
  1. A Christmas Carol, by Charles Dickens 1 страница
  2. A Christmas Carol, by Charles Dickens 2 страница
  3. A Christmas Carol, by Charles Dickens 3 страница
  4. A Christmas Carol, by Charles Dickens 4 страница
  5. A Christmas Carol, by Charles Dickens 5 страница
  6. A Christmas Carol, by Charles Dickens 6 страница
  7. A Flyer, A Guilt 1 страница

Кез-келген ортаның қарапайым коммуникациялық жағдайын байланысудың себепті бағытталған қарым-қатынас ретінде қарастыруға болады. Демек, білім беру саласында бұл лекция, семинар, кеңес беру, ал ақпараттандыру жағдайында бұл байланысудың біршама баспа түрлері болады. Нақты жағдайда коммуникациялық тиімділік қарым-қатынас жасаулар арасындағы өзара түсінушілікке қол жеткізу арқылы анықталады. Әрине, тұлғааралық қарым-қатыныс жасауды байланыс жасаушылардың бір-бірін түсіну үшін лексикалық-грамматикалық құралдарды қолданумен ақпараттық технологиялар негізінде байланыс жасаудың арасында айырмашылық болады.

Оқу материалын көрнекі-бейнелік қабылдау үшін компьютерлік технологиялардың келесі мүмкіндіктері қолданылады:

Түс. Уақыт бірлігінде үйренуші қабылдайтын ақпараттың көлемін арттырады материал тез меңгеріліп, тез есте сақталады.

Анимация. Қандайда бір құбылысты көрнекі түрде сипаттайды оның болып өту заңдылықтарын бейнелейді.

Интерактивті-анимациялық модель. Модельмен өзара әрекеттеудің жеке тәжірибесіне негізделген ғылыми түсініктермен заңдылықтарды меңгеруді қамтамасыз ететін проблемалық оқытудың әдістемесін қолдану мүмкіндігін береді. Интерактивті модель болашақ кәсіптік оқу саласын есепке ала отырып, оқушылардың коммуникативтік құзырлығын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Сөйлеу саласының әртүрлі түрлері мен лексикалық-граматикалық құралдарды меңгеру оларды ғылыми-әдістемелік, іскерлік кәсіби қатынас жасау кезінде қолдану оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын қалыптастырады, оларды қажетті әлеуметтік байланысты тиімді орнату және қолдануға дайындайды. Заманауи ақпараттық технологиялар оқушылардың тілдік қарым–қатынас теориясы мен практикасын оқытуда білімнің барлық салаларын жақсы меңгеруіне әсер етеді.

Кесте 2-Ақпараттық технологияның педагогикалық ролі

 

ақпараттық технологияның педагогикалық ролі
Құзыреттілік қалыптастыру, дамыту
оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейін дамыту  
өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгеру
Инновациялық әдіс – тәсілдер нәтижесі  
Шығармашылық танымдық мүмкіндіктерін, қабілеттерін дамыту  
Оқыту мен ақпараттық технологияның бірлігі  

 

Шетел тілі сабақтарында ақпараттық технология қолдану арқылы оқушылардың тек қана шығармашылық қабілеттері емес, ауызекі және жазба тіліндегі білігі мен дағдылары жетіледі. Ұстаз әр оқушының қандай қабілеті бар екендігін байқап, оқушылардың мүмкіндіктерін, жас және дербес ерекшеліктерін ескеріп, қызығушылықтарын арттыра түседі.

Компьютерлік технология көмегімен сөйлеу дағдысын дамыту дегеніміз – оқушылардың компьютерлік технологияны оқу барысында тиімді пайдаланып, көптеген жаттығулар орындап, өзара ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау болып табылады [56].

Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың сөйлеу белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс [57]. Осы әдістерді құрастыру үшін компьютердің маңызы зор және компьютерді пайдалану барысында оқушылардың қызығушылығы артып, сөйлеу дағдысы дамуына септігін тигізеді.

Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен гөрі оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Сөйлеу коммуникациясын қамтамасыз ететін жүйе – адам тілі. Сондықтан мәдениетаралық коммуникацияда тілді коммуникацияға қатысушылардың өзара түсінісуіне арналған қатынас құралы ретінде түсінген жөн. Қазір әлемде 3000 шамалы тіл бар, әрқайсысында сол иелерінің әлемді өзінше қабылдауының алғы шарты болатын тілдік әлем суреті жасалған. Сондықтан түрлі тіл иелерінің коммуникациясы кезінде белгілі бір ұғымды айту үшін дәл эквиваленттің болмауынан немесе ондай ұғымның мүлдем жоқтығынан байқалатын тілдік сәйкессіздік жағдайы туады. Мұндай жағдайларда тілдік ауыстыру болады, басқа тілден алынған ұғымдар өз мәнінде қолданылады. Демек, мәдениетаралық коммуникация үрдісі түрлі мәдениет өкілдерінің қатынасындағы вербальдық элементтердің түрліше ара қатысымен күрделенеді. Контекст өте маңызды мәдениеттер де, контекстің мәні онша емес мәдениет те бар, мәдениеттер оларда контекст пен сөздерге қандай мән берілуіне қарай айрықшаланады. Батыста шешендік өнердің көне дәстүрі вербальды қатынастардың ерекше маңыздылығын алғы шарт етеді. Бұл дәстүр қисынды, ұтымды және аналитикалық ойдың типін толық көрсетеді. Батыс халықтарының мәдениеттерінде сөз әңгіменің контекстіне қатыссыз қабылданады, сондықтан оны бөлек және социомәдени контексттен тыс қарастыруға болады. Мұнда коммуникация үрдісіне сөйлеуші мен тыңдаушы екі дербес субъект ретінде қарастырылып, қатынастары ауызша айтылған сөздерінен түсінікті болады. Азия мен Шығыс мәдениеттерінде, керісінше, социомәдени контекст үлкен мәнге ие, сөз қатынасқа қатысушылардың жеке бас қасиеттері мен тұлғааралық қатынастарының сипаты енген тұтас коммуникативтік контекстің құрамдас бөлігі болып есептеледі. Осылайша бұл мәдениеттерде вербальды айтылымдар этикамен, психологиямен, саясатпен және әлеуметтік қатынастармен тығыз байланысты коммуникативтік үрдістің бөлігі болып есептеледі. Мысалы, жапондық кәсіпкерлер іс жағдайын жеке әңгімеде талқылауды жөн көреді. Шығыс мәдениеттерінде негізгі екпін ауызша айтылымдарды құрастыру техникасына емес, оларды айту мәнеріне, коммуниканттардың әрқайсысының қоғамдағы орнын анықтайтын қоғамдық қатынастарға сәйкестігіне түседі. Сөйтіп, араласуды, вербальды коммуникация құрамдарын меңгеру әрбір адамға қажетті, өйткені өзара іскерліктің тиімділігі ғана емес, басқа адамдармен өзара түсінісуі де соған қатысты деген қорытындыға келеміз. Араласу стилі коммуникацияда маңызды роль аткарады, соның көмегімен түрлі жағдайлар түсіндіріледі, коммуникация бойынша серіктермен қатынас орнайды, проблемаларды шешу тәсілі таңдалынады. Коммуникация стильдері түрлі мәдениеттерде түрленіп отырады. Т.Г.Грушевская, В.Д.Попков, А.П.Садохин [58] вербальды коммуникацияның төрт тобын (класын) бөледі: тура және тура емес;
астарлы, дәл және сығымдалған;тұлғалық және жағдайлық;инструментальды және аффективті. Вербальды коммуникация стильдерінің арқайсысына кеңірек тоқталайық: Коммуникацияның тура және тура емес стилі.
Осы стилдердің арқасында адамның ішкі пайымын және қатынас үрдісіне пиғылын білдіру дәрежесі айқындалады, яғни адамның ашықтығының дәрежесі айқындалады. Тура стиль адамның шынайы пейіл білдіруімен байланысты. Тура емес стиль қатынаста адамның тілегін, сұранысы мен мақсатын жасыруына мүмкіндік береді. Коммуникацияны таңдау түрлі мәдениеттерде қатынастың контекстуальдылығымен байланысты екені сөзсіз. Зерттеушілердің пікірінше, қатынастың тура, қатаң стилі төмен контекстуальды (айтылу контексі маңызды емес мәдениеттер) американдық мәдениетке тән, онда айтылмай қалу аз. Американдықтар сөйлесіп тұрған адамын тура да ашық әңгімеге тартады, оларға „Көңіліңіздегіні айтыңыз“, „Іске көшейік“, „Тура айтыңыз“ сияқты айтылымдар тән.1)Жоғары контекстуальды (айтылым контесі үлкен роль атқарады) мәдениеттерде тура емес стиль коммуникацияның жетекші стилі болып табылады. Мұндайда тура емес, қос мағыналы коммуникация басым болады, бұл басқа адамды сыйлаудан туған. Бұл көбіне ұжымдық мәдениеттер. Мәселен, корейлер „жоқ“ немесе „сізбен келіспеймін“ деп кесіп айтпайды. Әдетте олар „негізі сізбен келісемін“ немесе „сізге жаным ашиды“ сияқты жалтарма жауаптар береді. Мұның бас тарту екенін жағдайдың контексінен түсінеміз. 2)Коммуникацияның озат, дәл және сығымды стилі.
Бұл стильдер тілдің экпрессивті құралдарын, үзілісті, үнсіздікті қолдану дәрежесін көрсетеді. Озат немесе астарлы стиль қатынаста бай, экпрессивті тілдің қолданылуын қажет етеді. Мәселен, араб мәдениеттерінде сыйдан бас тарқанда, „жоқ“ деп қана қоймай европалықтың немесе американдықтың көзқарасы тұғысынан мүлде қисынсыз анттар мен сендіру сөздерін қоса айтады. Себебі кейінгілер қысқа айтылымды қажет ететін дәл стильді қолдануға үйренген. Дәл стиль ақпарат беру үшін қажетті және барынша қысқа (қажеттіден көп те емес, аз да емес) айтылуында. Сығымды стильге қысқалықпен қоса жалтару, үзіліс жасау мен мәнерлі үнсіздік те енеді.
Көптеген таяу шығыс мәдениеттеріне астарлы, Батыс Европа мен АҚШ үшін дәл, көптеген азиялық мәдениеттер мен американдық үндістердің кейбір мәдениеттеріне сығымды стиль тән. 3)Коммуникацияның тұлғалық және жағдайлық стильдері.Коммуникацияның тұлғалық стилі қатынаста екпінді индивидтің тұлғасына, жағдайлық стилі оның рөліне түсіреді. Вербальды құралдармен тұлғалық стильде Мен-ұқсастық, ал жағдайлық стильде рольдік ұқсастық күшейтіледі. Әлеуметтік теңдікті білдіретін тіл тұлғалық стильді пайдаланып, жеке (индивидуальный) мәдениеттерге тән, жағдайлық стиль қоғамдық қатынастардың сатылығын білдіріп, ұжымдық мәдениеттерге тән деуге болады. Мәселен, американдықтар басқалармен араласқанда мінез-құлықтың формальды кодтарынан, атақ-даңқтан, құрмет көрсету мен салт-дәстүр нақыштарынан қашқақтайды. Ол сөйлесіп отырған адамын атымен атап, вербальды қатынас стилінде жыныстық айырмашылық жасамауға тырысады. Жапондықтар өздерінің адами қатынастарында формальдықты ең басты санайды. Олар қатынастың сыпайы және болжамсыз болуына мүмкіндік береді. Жапон тілі әңгімеге қатысушылар рольдік позицияға қоюға, дәрежелік сатыда әркімнің орнын айқындауға бейім.4) Коммуникацияның инструментальды және аффективті стильдері. Бұл стильдер вербальды коммуникацияға қатысушылардың қайсысына бағдарлануымен айрықшаланады. Қатынастың инструментальды стилі сөйлеуші мен коммуникацияның мақсатына, ал аффективті стиль тыңдаушы мен коммуникацияның үрдісіне бағдарланған. Инструментальды стиль айқындылыққа жетісіп, әңгімелеушінің келісімін алу үшін дәл білімге сүйенеді. Инструментальды стиль адамның өзіне сенуіне, бет-бейнесін көрсетуіне, жеке қасиетін білдіруіне және өзгеге тәуелді болмауына мүмкіндік береді. Аффективті стиль, керісінше, қатынас үрдісінің өзіне, әңгімелеушінің сезімі мен сұранысына бейімделуге, топтық үйлесімге жетісуге бағдарланған. Бұл аффективті стиль кезінде адамның байқап сөйлеуіне, оқыс пікір айтудан сақтануына соқтырады. Сол үшін дәлсіздіктерге сүйеніп, тура, кесіп айтудан қашқақтайды. Әңгімелесуші екі жақ та осы стильді ұстанса, айтылғанды түсіндіру, оны тексеру проблемасы үнемі туындайды, бұны жанама түрде жүргізуге тура келеді. Мұндай жағдайда не айтылғаны емес, не істелгені маңызды. Сөйлеудің аффективті стилінде қатынас контексі ерекше маңызға ие болады. Қатынастың жапондық стилі коммуникацияның аффективті стиліне үлгі бола алады. Сөйлеушіден сөздер арасындағы мәнге интуитивті сергектік таныту күтіледі. Сөйлеушілерден бірін бірі түсіну үрдісін өзіне басты мақсат етіп қояды. Сөздердің өзі вербальды айтылымдар нақты мазмұнға шара ретінде ғана қызмет етеді, оларды ақиқатты бейнелейтін нақты фактілер ретінде ешкім қабылдамайды. Коммуникативтік стильдердің аталған варианттары барлық мәдениеттерде бар, алайда арқайсысы оны өзінше бағалап, оларға өзіндік мән береді. Әр жағдайда коммуникация стилі белгілі бір мәдениеттің негізінде жатқан құндылықтар мен нормаларды, әлемді өзіндік танымында көрсетеді.
Сөйтіп, коммуникация, тіл, қоғам, мәдениет сияқты ұғымдар түрлі мәдениет иелерінің арасындағы қатынаста тілдік сәйкессіздік туу тұрғысынан мәдениетаралық коммуникациясын маңызын ашу үшін теориялық негіз жасауға ықпал етті. Тілдің қоғам коммуникациясының негізгі құралы болып табылатынын нақтыладық. Тілдің байлығы мен маңызы жеке халықтың мәдени факторлары арқылы ашылады. Мәдениетаралық коммуникациясының мәнін қолданбалы сипаттағы жеке ғылым ретінде анықтадық. Коммуникацияда қатынас стилінің маңыздылығы оның көмегімен түрлі жағдайда түсіністік орнауында, коммуникация бойынша серікке қатынастың қалыптасуында деген пікірге келдік.

Қорытындылай келе, бүгінгі таңда оқушылардың қоғам сұранысының талаптарына сай ақпараттық мәдениетаралық қарым -қатынас құзырлылығын арттыру қажеттілігі еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бет бұрып, соған сәйкес білім берудің парадигмасының өзгеруі және бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен болашаққа қарай ұстанған бағыты білім беру мекемелерінің жаңа бағдарын анықтауға әсер етеді.
Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол мұғалім.Сол себепті жаңа технологияны енгізуші таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр. Ұстаздардың алдына қойылған міндет оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.

Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқыту.Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өз ара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.

Ғылыми әдістеменің обьективті түрде дамуы шет тілін оқыту әдістемелерінің жаңа тиімді түрлерін қарастырып, табуына әкеліп соқтырды. Бұл салада еңбектенген ғалым педагогтардың ішінде Е.И.Пассовтың шет тілін үйретудегі коммуникативтік оқыту әдістемесін, интернет мүмкіндіктерін қолдану әдістерін жоғарыда ұсындық [59]. Интернет ағылшын тілін үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.Шетел тілін меңгеру оқушылардың өмір қажеттілігінен туындап отыр.Біздің ойымша, шетел тілі сабақтарында жоғарыда көрсетілген әдіс тәсілдерді, компьютерді қолдану оқушылардың шетел тілі сабақтарында шығармашылық, актерлік, логикалық ойлау қабілеттерімен қоса белсенділігін жетілдіріп, қызығушылығын арттырады. Сондықтан сабақты бір сарынды өткізбей, түрлендіріп, тартымды өткізу, оқулықпен шектеліп қоймай, қосымша материалды да пайланану әр ұстаздың шеберлігіне байланысты болмақ. Оқытудың өзі өнер және ғылым болып табылатындықтан мұғалім өзінің кәсіби іс әрекетінің аясында біліктілік деңгейін үзбей шыңдап, ғылыми әдістемелік деңгейін көтеріп, шетел тілінен өткізетін сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды, қазіргі заманда өміршеңдігі дәлелденген әдіс тәсілдерді қолданса ғана XXI ғасырға сай білімді және дарынды азаматтарды тәрбиелей алады.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шетел тілі сабақтарын арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстар олардың тек қана ойлау дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, шетел тіліндегі сөздерді есте сақтауға, образдық кейіпке бойлау мен өз ойын әсерлі жеткізу дағдыларын бекітуге үлкен көмегін тигізеді. Жоғарыда айтылған тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Оқушылардың шетел тілі пәніне деген қызығушылығын артуы, шетел тілінде сөздерді есте сақтауға, образдық кейіпке бойлау мен өз ойын әсерлі жеткізу дағдыларын бекітуге үлкен көмегін тигізеді. Оқушылардың шетел тілі пәніне деген қызығушылығын артуы, шетел тілінде қарым-қатынас іс әрекетінің белсенділігінің артуы және оқу материалдарын меңгеру нәтижелері бұған айқын дәлел болып табылады.

Кесте – 3 Оқу материалдарын меңгеру нәтижелері:

 

Мәдениетаралық қарым–қатынас құзыреттілігі қалыптасқан оқушы – кең білімді, мәдениетті, ізгілікті, зиялы, адал, инновациялық бағытта жұмыс жасайтын, өзіндік мәні қалыптасқан, обьективті қабылдау мүмкіндігі бар тұлға

 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 314 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 1 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 2 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 3 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 4 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 5 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 6 страница| кәсібилігі жеке қасиеттері компоненттілігі нәтижесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)