Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 2 страница

Читайте также:
  1. A Christmas Carol, by Charles Dickens 1 страница
  2. A Christmas Carol, by Charles Dickens 2 страница
  3. A Christmas Carol, by Charles Dickens 3 страница
  4. A Christmas Carol, by Charles Dickens 4 страница
  5. A Christmas Carol, by Charles Dickens 5 страница
  6. A Christmas Carol, by Charles Dickens 6 страница
  7. A Flyer, A Guilt 1 страница

Коммуникация, әсіресе мәдениетаралық коммуникация жайлы болғанда әлеуметтік психология саласында жүргізілген социологиялық және психологиялық зерттеулердің ара жігін ажырату қиын. Екеуі де коммуникация үрдісіне туындаған немесе сол арқылы берілетін күрделі категориялар – құндылықтармен, пайымдармен, ұстанымдармен, стереотиптермен және ырымдармен байланысып жатыр. Екеуінің де міндеті – қадаланатын феноменді (мүмкін басқалармен байланыстырып) белгілеу және мәдениетаралық қатынаста емес, топ ішіндегі жағдайларда ұқсас реакциялар мен ұстанымдардан айырықшылығын көрсету. Оның қалай өтетінін бірінші кезекте лингвистерді ғана қызықтырады.

Тілдік қатынаста мәдениетаралық өзара іс-әрекет бар екенін не білдіреді? Әртүрлі мәдениет өкілдері алмасатын хабарларды сипаттайтын не? Ол қандай коммуникативтік контекстерде байқалады? Түсінбеушілік, жете түсінбеушілік қалай болады, тілдік ерекшеліктер мен механизмдердің қайсысы түсінбеушіліктің орнын толтыруға мүмкіндік береді немесе бермейді? Жасалынған лингвистиқалық тақырыптардың ішінде түрлі коммуникативтік стильдерді өз тобының ішінде және тыс қолданылуында зерделеу психологияға тақау тұр. Аккомодацияның психологиялық ұғымы сөйлеу екпіні, тиісті лексиканы (шетелдікпен сөйлесекенде, баламен т.с.с. әңгімелескенде) таңдау, қарапайымдандырылған немесе күрделендірілген грамматикалық құрылым сияқты коммуникация параметрлеріне қолданылады. Аккомодацияның позитивті (әңгімелесіп тұрған адамның ыңғайына бейімделу) немесе негативті (әңгімелесушіден өзгеше стильді ұстану) болуы мүмкін. Түрлі топ өкілдері араласқанда (мәдени компоненттің үлесі туралы айтар болсақ) аккомодацияның бағыты бір топтың басқасына көзқарасына қатысты болады. Қатынастар құрылымына „жақсы-жаман“, „төмен-жоғары“, „жақын-алыс“ межелері енеді (8, б.50). Сөздің өзінің және сөздің болмауы ретінде үндемеу функциялары сияқты қарама қарсылықтар ерекше қарастырылады. Мәселен, Европа мәдениеттерінде, шала таныс немесе тіпті бейтаныс адамдармен араласқан жағдайда үндемеу әдепсіздік болып саналады. Үнсіздік жайлап алмас үшін әртүрлі, мысалы, ауа райы жайлы әңгіме қозғайтыны сондықтан. Мысалы, поездің купесінде жолаушылардың сөйлесіп отыратыны сол себепті. Солтүстік Американың үндістерінің Атапаск мәдениетінде таныс емес адамдармен әңгімелесу құпталмайды ол қауіпті саналады. Әбден біліп танып алмағанынша бейтаныс адаммен тіл қатыспайды. Европа мәдениетінде қалыптасқандай әңгімелесу жақынырақ танысудың амалы болып саналмайды.
Лингвистикалық зерттеулердің екінші маңызды бағыты соңғы он жылдықтарда коммуникативтік қызмет үшін орталық кейбір интегралды үрдіс ретінде дискурсты зерделеудің қарқынды дамуымен байланысты. Дискурс сияқты құбылыстың күрделілігі мен көп қырлылығы мен олардың тұлғаларына ықпал ететін факторларды бөлуге талпыныс дискурста бар тілдік (грамматика мен лексикадан өзге) факторлардың өзін зерделейтін бірқатар бағыттардың дамуына соқтырды. Прагматикалық факторлар шегінде мәдени сипат факторлары айқындалды. Белгілі бір, тіпті мейлінше қатаң берілген тақырыпқа (мысалы, ертегілердің немесе рәсімдердің дәстүрлі жанрларын айтпағанның өзінде, қызмет хаты, көңіл айту, жиналыста сөйлеу, кешіккені үшін кешірім өтіну) дискурс осы дискурс қалыптасқан топтың мәдениетіне қарай дискурсивтік ережелердің (пайдаланылған макро – және микроқұрылымдар) өзінің терминдерінде ерекше айырмашылықтар бар [9]. Мәселен Оңтүстік-Шығыс Азияда қызмет хаты индуктивті құрылады: алдымен себебі, жағдайы да, ең соңында талап немесе іскерлік ұсыныс. Европа және Солтүстік Америка дәстүрлерінің өкілдеріне бұл стиль „қойыртпақ“, іскерлі емес болып көрінеді. Олардың көзқарысында, мұндай хат негізгі талапты немесе ұсынысты білдіріп, соңынан негізделіп, нақтылануға тиіс. Жалпы дискурстың кросс-мәдени зерттеулері оқиғалар мен барынша есте қалған жайлар туралы әңгімелердің сыртында тұрған әлемнің мәдени шартты көрінісін табуды өзіне мақсат ете алады [10]. Коммуникативтік қызмет пен тиісінше мәдени сценарийлерді сипаттайтын жекелеген ұстанымдарды салыстырмалы талдаумен айналысатын кросс-мәдени прагматика дискурстың прагматикалық аспектілері бойынша зерттеулердің басқа варианты болды. Барынша маңызды және прагматикалық ұстанымдардың мәдени қатынасында қарама-қайшыларының арасынан сөйлеу актісіне, сол ұстанымда әлдеқалай құрылған тиымдарға, кешірім сұрауға арналған. П.Браун мен С.Левинсонның „Принцип вежливости“ және көптеген еңбектерді атап өту қажет. Сыпайлықтың қай типінің - ынтымақтастыққа құрылғаны немесе арақашықтықты ұстануға негізделгенінің сол мәдениетке тән болуынан кросс-мәдени айырмашылықтар байқалады [11]. Мәселен, коммуникативтік серіктестігімен ынтымақтастығынан орыстың өз пікірін айтуы, кеңес беруі жеке дара және арақашықтықты сақтау ұстанымында тәрбиеленген неміске өрескел көрінеді. А.Вежбицкая мен ізбасарлары кросс-мәдени прагматика бойынша зерттеулерінде өзге жолды өткерген. Түрлі тілдерде дәл сәйкестік сияқты болып табылатын сөздерді, конструкцияларды, мәтіндерді салыстыра келіп, Вежбицкая өзі жасаған семантикалық примитивтерді пайдаланып, тура аударма эквивалентерінің елеулі мәдени шартты айырмашылықтарды бүркемелейтінін көрсетті [12]. Біз, мысалы, достық, бостандық, ашу-ыза туралы айтқанда, сол ұғымдарға сол тілдің тиісті сөздеріне тән мәдени шартты мағыналарды еріксіз жапсырамыз. Сөйтіп, оларға жоқ әмбебаптылықты танып, елеулі мәдени қате жібереміз. Ағылшынның friend ұғымында орыстың „друг“ ұғымына тән мағыналық компонентер жоқ (мысалы, жан сырымен бөлісу, риясыз көмек көрсету). Сөздердің мағынасы ғана емес, нақты мәдениеттің коммуникативті қызметінде атқаратын рөліне қатысты әмбебапты емес мәдени сценарийлерді қолданғанда да жағдай осындай. Кросс-мәдени прагматиканың сыпайылық категориясын, ізет көрсету белгілерін дәстүрлі лингвистикалық салғастырмалы зерттеуден айырмашылығы, ең алдымен, функциональдық бағытында. Нақты тілдің тілдік құрылымы көп варианттылығы, стратегияны таңдау мүмкіндігі бар әлдебір тұлғаны қолдануға қатаң тиымдарды қосарлайтын салалар қызығушылық тудырады. Қандай стратегияның таңдалуы, осы дискурстың (осы айтылымының) қандай мәдени сценарийге айналуға тиісті коммуникативтік қауымдастықтың мәдени ерекшеліктеріне қатысты. Темекі тартуға тиым салу немісше Rauchen verboten (жобамен Темекі тартуға тиым салынады!), ағылшынша – No smoking (жобамен мұнда темекі тартпайды). Неміс айтылымының ағылшыншаға тура аудармасы (Smoking forbidden) темекі тарту өмірге қауіп туғызып тұрғанда ғана айтылады, себебі ағылшын тілді (британ, американ) мәдениеті әлдекімнің адамға қалай жүріп, тұруын үйретуді қабылдамайды. Қалыпты жағдайда тек қана ескертеді. Кросс-мәдени лингвистикалық зерттеулер көбіне тілдік коды ортақ сияқты екі мәдени қарсы қойылған топтардың „тілдерін“ салғастырмалы талдау тұлғасында болды. Дебора Танненнің еркектер мен әйелдердің коммуникативтік мінез-құлқының ерекшеліктері туралы еңбегі – соның жарқын мысалы. Осы екі топ өкілдерінің сол ағылшын тілінде айтқан ең қарапайым айтылымдары түрлі сценарийлер шеңберінде түрліше түсініледі. „Кәдімгі“ әйел „кәдімгі“ еркекке әлдебір шаруасын айтып, шағымданса, екеуі мүлде өзгеше коммуникативтік актілерге тартылады: әйел жанашырлық күтеді, ал еркек нақты іскерлік кеңес беруді жөн санайды. Сөйтіп, мәдениетаралық коммуникацияның ғылым ретінде қалыптасуы түрлі мәдениет өкілдерінің өзара қатынасы проблемаларын өзектендіру салдарынан маңызды мәнге ие болады деген қорытындыға келеміз. Бүгінгі таңда мәдени біліктіліктің түрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы жемісті коммуникацияның бөлінбес бөлігі екенін дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас.

Қазіргі кезде елімізде шетел тілін оқытудың негізгі міндеттерінің бірі –тілді толыққанды мәдениетаралық қарым–қатынас құралы ретінде үйрету. Осыған байланысты отандық әдістемеде мәдениетаралық қарым – қатынас және мәдениет диалогын жүргізуге қабілетті тілдік тұлға даярлау мәселесі алдыңғы орынға шықты.

Жаңа заман талаптары шетел тілін оқытушы ұстаздардың алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай шетел тілінде қарым - қатынасқа түсу бұрынғыдай белгілі бір пәннің, уақыттың аясында шектеліп қалмай, әртүрлі мәдениетаралық байланыстарға түсу, басқа елдердің рухани құндылықтарына құрметпен қарай отырып, елді әлемдік аренаға таныстыру мәселесіне бағытталып отыр.

Бүгінгі таңда шетел тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, шетел тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін өзара тығыз байланыста қарастырудың, оқушының бойында мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені шетел тілін оқытудың бұл аспектісі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты қарастыруды, соның негізінде оқушылардың бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді.

Ал мұндай шынайы өмірге негізделген білім оқушыны көп мәдениетті орта жағдайында, әрекет ете алуға, жағдайға сай шешім қабылдауға, шетел тілін тек тілдік нормаларға ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші ұлт дәрежесінде қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз [13].

Қазақстан Республикасының көпұлтты сипаты мен жалпы білім беретін орта мектептерінде тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік ерекшелігі ескерілді және тілдерді деңгейлік меңгерудің Еуропалық жүйесі сарапталды[14]. Соған орай,

· Біріншіден, Европалық жүйеге сәйкестелген тілдік деңгейлер жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сыныптары бойынша сараланды.

· Екіншіден, бастапқы деңгейдің екі кезеңі айқындалды.

· Үшіншіден, бастапқы тілдік деңгей түйінді құзыреттерге негізделді.

· Төртіншіден, бастауыш сатыдағы базалық білім мазмұны тілдік деңгейлер бойынша түзілді.

· Бесіншіден, оқушының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар бастапқы деңгей бойынша сөйлесім әрекетінің бес түрі негізінде айқындалды.

· Алтыншыдан, әр сыныптағы бағдарлама материалдары тілдік бөлім, қатысымдық-сөйлесімдік бөлім және мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша сараланып ұсынылды.

Қазіргі білім беру стандарттары маман даярлауды құзырлылық термині арқылы түсіндіреді. Құзырлылық (латын тілінен аударғанда) – адамның өте жақсы және терең меңгерген мәселелер жүйесін, танымы мен іс – әрекет тәжірбиесін білдіреді. Чошанов М. А. «егер құзырлылықтың орнын кәсіби шеберлік деңгейінде анықтап көрер болсақ, онда ол атқарушылық пен кемелденудің аралық мәніне ие» деп түсінік береді. Ал белгілі бір аймақтағы құзырлылық – осы салада нақты ғылыми негізге сүйене отырып тиімді әрекет етуге мүмкіндік жасайтын сәйкес білімдер мен қабілеттерге ие болу.

“Құзыр”, “құзырлық” және “құзырлы” түсініктері бұрынырақта тұрмыста, әдебиеттерде кеңінен пайдаланылды, сөздіктерде түсіндірмелері берілді. “құзырлы (лат. competens, competentis қабілетті) – анықталған аймақта жетекші, білуші; өз білімі деңгейінде бір нәрсені шешу немесе талқылау статусы бар” деп анықтама берілген.[15] Құзырлық құзырлары мәселесі бойынша жұмыстарды талдау Н.Хомский, Р.Уайт, Дж. Равен, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, В.Н.Куницина, Г.Э.Белицкая, Л.И.Берестова, В.И.Байденко, А.В.Хуторский, Н.А.Гришанова, және т.б. еңбектерінде кездеседі.

Білім беру құзырлары түсінігін анықтап, оның иерархиясын айқындайық. Білім беру мазмұнының жалпы метапәндік (барлық пәндер үшін), пәнаралық (пәндер немесе білім беру аймақтары циклі үшін) және пәндік (әрбір оқу пәні үшін) болып бөлінуіне сәйкес үш деңгейлік иерархиясы белгілі:

1) негізгі құзырлар – білім берудің жалпы (метапәндік) мазмұнына қатысты;

2) жалпы пәндік құзырлар – оқу пәндері мен білім беру аймақтарының анықталған шеңберіне қатысты;

3) пәндік құзырлар – алдыңғы екі деңгейге қарағанда дербес, нақты сипаты мен оқу пәндері шеңберінде қалыптасу мүмкіндігі бар.

Осылайша, білім берудің негізгі құзырлары білім беру аймақтары мен оқытудың әрбір сатысындағы оқу пәндерінің деңгейінде нақтыланады.

Ресей ғалымы Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша «Құзырлық дегеніміз – педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы деді».[16]

Құзыр – өкілетті қызмет адамы, сол салада оның сәйкес білімі, танымы болуы қажет және жауапты шешімдерді қабылдауға құқылы.

Құзырлық – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.

Бүгінгі таңда, әлемдік мәдениетке қатысу, әлемдік нарықтан шығу мүмкіндігін қамтамасыз ететін практикада шетел тілін білуге білім алушы жастар қызығушылық танытып отыр. Сондықтан негізгі құнды мақсат ретінде мәдениетаралық қарым қатынас құзырлылық танылады.

Шетел тілінің мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттілік оқыту мәселесі ғылымда орын алған жаңа бағыт екендігіне байланысты Халеева И.И, Тер-Минасова С.Г, Сысоев В.П, Выготский Л.С, Құнанбаева С.С. сынды отандық және әлем ғалымдарының зерттеу жұмысының нысанына айналған.

Сонымен бірге мәдениеттану біліктілігі тілді нақты бір жағдайда қолдануды

анықтайтын және міндеттейтін фактор ретінде оған көп көңіл бөлу керек деген С.В.Сенченконың пікірмен келісеміз. Мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттілік біздің түсінігіміз бойынша нақты бір ортада тілді лингвистикалық, психологиялық, мәдени қабылданған әлеуметтік ережелерді білу. Бұл ережелерді оқушыға меңгерту табиғи жолмен мәдени және қатысымдық ара-қатынасы кезінде сол қоғамның өміріне мәдени құрамдас бөлігін енгізген білім берудің мазмұнын жаңарту керек. Шетел тілін оқыту мазмұнының мәдени құрамдас бөлігі оқушының мәдениетаралық еркін қатынас алуға себебін таныстыруға, түрлі ұлттардың мәдениетін түсініп, құрметтей білуге, үйретеді десек, оның мұндай маңыздылығы мәдени біліктілікті теориялық және практикалық тұрғыдан тереңірек зерттей түсуді қажет етеді. Қоғамдық сұраныспен ұштасып жатқан мәдениет құрамдас бөлігін енгізген білім берудің мазмұнын жаңарту керек. Шетел тілін оқыту мазмұнының мәдениетаралық құрамдас бөлігі оқушының мәдениетінің диалогқа еркін қатыса алуға себеп болатын тұлғалық қасиеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттері: тілдік біліктілік, сөйлеу біліктілігі, оқу-танымдылық біліктілігімен қатар жүретін негізгі құрамы.

Мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттілік дегеніміз не?

Мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттілік дегеніміз - оқып жатқан тіл елінің немесе елдерінің мәдени ерекшеліктері туралы білімін кеңейту, тілдік және тілдік емес іс-әрекетті сол ерекшеліктерге сай қолдана білуін дамыту, өз елі мен оқып жатқан тіл елінің жалпы және жеке мәдени ерекшеліктерін айыра білу [17]. «Қарым қатынас» ұғымы онтогенезде тарихи тұрғыдан мәдениетаралық қатысым теориясында мәдениетаралық қарым қатынас құралы ретінде өзінің ғылыми интерпретациялық анықтамасына кеш қол жеткізді, өйткені мәдениетаралық қатысым теориясы дербес ғылыми сала ретінде Америкада ХХ ғасырдың ортасында ғана көрсетіле бастады. «Мәдениетаралық қатысым» деп аталатын білім аспектісінің пайда болуы мемлекеттер арасындағы байланыстың артуына, көші қон миграциясының артуына байланысты әлеуметтік тарихи тұрғыда негізделеді.Осы ережеге қарап, бұл іскерлік өзінің негізі бойынша күрделі және оны меңгеруге еңбек керек екенін көрсетеміз. Мәдениетаралық қарым – қатынасқа түсу үшін жақсы дайындық қажет.

Бүгінгідей ғаламдық жаһандану кезеңінде, ғылым мен техниканың қарыштап дамыған ХХІ ғасырда әлемнің көшбасшы елдері мен алпауыт мемлекеттерінің жетегінде кетпес үшін, жас тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде еліміздің экономикасын көтеріп, өндірістерін жандандыру маңызды болмақ. Ол үшін ең алдымен отандық білім және ғылымды дамыту қажет. Әрбір қазақстандық қызметкер, болашақ білікті кадрлар – бүгінгі студенттер, оқушылар мен жастар білімді болуы тиіс. Біртұтас әлемдік қауымдастықты қалыптастыру үрдістері мен интеграциялық қалыптастыру үдерістері, халықаралық қарым–қатынас салаларының кеңеюі сияқты ғаламдық процестер қатарына халықаралық ынтымақтастықты ғылыми білім-беру тұрғысынан қамтамасыз ету мен қарым–қатынас салаларында мәдениетаралық байланысты арттыру мәселесін білім беру жүйесінің, атап айтқанда Қазақстан Республикасы оқу орындарының басым міндеттерінің біріне айналдырып отыр. Қоғам өмірінің барлық жақтарының ғаламдану нәтижесінде өзара тәуелді, біртұтас дүниежүзілік және әлеуметтік-мәдени көп өлшемді кеңестіктің қалыптасу динамикасы мен қарқыны білім беру жүйесінің алдына халықаралық кәсіби–мәдени ынтымақтастықты жүзеге асыруға қабілетті мамандарды даярлау міндетін; түрлі әлеуметтік мәдени бірлестік өкілдерінің белсенді қарым – қатынас жасауын қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік маңызы зор міндеттерді қояды. Мәдениетаралық қатынасқа үйрету іс жүзінде әр түрлі мәдениет өкілдері арасындағы қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік беруге бағытталған.

Еліміздегі оқыту үдерісіне енгізіліп жатқан жаңа технологиялар мазмұны оқушыларды шетел тілін оқытуда және мәдениетаралық қарым- қатынас құзыреттілік қалыптастыруда оқушы назарын «ана-өзге тілдікті» салыстыруға бағытталуы керек:
- оқушылардың өзге тілдік мәдениет құбылыстары мен феномендері жайлы білім жүйесін дамытып, өзінің және өзге тілдік мәдениеттің құндылықтарын аялай білуге тәрбиелеу;
- өзге халыққа тең, оның мәдениетімен тығыз байланысқан стереотиптерді ұғындыру;
- тіл және мәдениетінің өзара байланысын түсінуге негізделген қатынастық біліктілікті қалыптастыру;
- мәдениетаралық қатынаста жүзеге асыра үйрету.
- мәдениетаралық қатынастың негізгі ұғымдарын;
- екі мәдениеттің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білу;
- қажетті білімді тілдің өзге тілдік мәдениетті түсіну үшін пайдаланып, ондай білімді иелену стратегиясын меңгеру;
- мәдениетаралық қарым-қатынас үрдісінде талдау жүргізіп, өзіндік рефлексия мен өзіндік бақылауды жүзеге асыру [18].

Тіл үйрету жұмысы – өте күрделі үрдіс. Сондықтан оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың барлығы бір-біріне байланысты, жеңілден ауырға қарай, сатылап жүргізілуі қажет. Оқушылар шетел тілі сабағында тек тіл үйреніп қана қоймайды, олардың сабақ барысында ойлау дағдылары қалыптасып, өмірге өзіндік көзқарасы айқындалып, ұғым-түсінігі кеңейеді. Мұғалім сыныбындағы әр оқушының қабілетін, шет тіліне деген көзқарасын білуі қажет. Шетел тілін қатысымдық бағытта оқытуда оқушылардың психологиялық, әлеуметтік күйін ескере отырып, мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын меңгерген дара тұлғаны қалыптастыратын танымдық, репродуктивтік, шығармашылық кезеңдерге лайықталған оқу-әдістемелік ұстанымдар басшылыққа алынады. Оқушылардың әр сабақта алған теориялық білімдерін күнделікті қарым-қатынаста орынды да тиімді қолдана алулары көзделеді. Сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу мұғалімнің сабақтағы негізгі міндеті болып табылады. Айтылым мен тыңдалым сөйлесім әрекетінің ауызша түрін, ал жазылым мен оқылым – жазбаша түрін құрайды. Тілдік қатынастың ауызша және жазбаша түрі өзара тығыз байланысты және үнемі бір- бірімен әрекеттес болады.

Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу-ағарту саласында технологиялық жаңа әдістерді кең қолдануды қажет етеді. Еліміздегі әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму – білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде.

Жарқын болашақтағы Қазақстан Республикасының дүниежүзілік ғаламдық үрдісте алатын орны оның үкіметі мен халқының Қазақстанды материалдық емес, парасат – пайымға негізделген, әрі ғылымды мол қажет ететін материалдық өндірістері басым дамыған мемлекетке айналдыру жөнінде алдына стратегиялық мақсат қоюға бел байлауымен айқындалады. Сондықтан болашақ мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеледі. Мұндай міндетті шешу болашақ мұғалімдерден мектептерде оқушыларға берілетін ғылым негіздері олардың болашақ іс-әрекетінің ерік негіздері тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие үдерісінің, білім мазмұн жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен сан алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды, оқытудың жаңа технологиясын меңгертуді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибиеге батыл енгізуді талап етеді.


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 329 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 3 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 4 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 5 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 6 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 7 страница | кәсібилігі жеке қасиеттері компоненттілігі нәтижесі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 1 страница| Chmod 751 my_file

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)