Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 3 страница

Читайте также:
  1. A Christmas Carol, by Charles Dickens 1 страница
  2. A Christmas Carol, by Charles Dickens 2 страница
  3. A Christmas Carol, by Charles Dickens 3 страница
  4. A Christmas Carol, by Charles Dickens 4 страница
  5. A Christmas Carol, by Charles Dickens 5 страница
  6. A Christmas Carol, by Charles Dickens 6 страница
  7. A Flyer, A Guilt 1 страница

Кез-келген педагогикалық технология - ақпараттық технология болып табылады. Оқу-тәрбие үдерісінде білім беруді ақпараттандыру үшін жаңа ақпараттық технолгияны пайдалану қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология деп оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, есептегіш техника мен аспаптық құралдарының жиынтығы, есептегіш техника құралдардың оқу үрдісіндегі рөлі мен орнын, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесін айтады [24].

Білім беру саласында көтерілетін өзекті мәселелердің бірі - жаңа ақпараттық технологияларды орта мектептерде қолдану тиімділігі. Бұл шетел тілін оқытудың жаңа техникалық құралы ғана емес, сонымен қатар тілді үйретудің жаңа форма мен әдісі ретінде қарастырылып отыр. Шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушының коммуникативті мәдениетін қалыптастыру және дамыту, оның шетел тілін практикалық қолданыста пайдалану қабілетін дамыту.

Қазіргі таңда білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану қажет не қажет еместігін талқылауды қажет етпейді. Қазіргі заман қоғамы бұл сұраққа жаңа ақпараттық мәдениетті құру арқылы белсенді түрде еніп кетті. Ал, мультимедиалық құралдарды қолдану оқу барысын жеңілдету, одан әрі дамыту мен оқушыларға оқу материалдарын жеткізу мақсатын көздеуі тиіс.

Шет тілін оқыту мазмұны оқушыларды сөз қатынасының жаңа тәсілін ғана емес, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін, оқылатын тіл елінде сөйлеу дағдысының ұлттық -мәдени ерекшелігін білуге бағыттап отыруы керек. Ол оқушының бойында басқа қоғамның қазіргі өмірінің, тарихы мен мәдениетінің түрлі салалары туралы түсінік қалыптастыруға тиіс. Мұндайда оқушыларға тілді сол қолданыстағы елді мекендеген халықтардың мәдениеті арқылы пәнді оқытудың алғашқы қадамынан бастап үнемі жүзеге асыруға тиіс. Осыған байланысты социомәдени білім, эквивалентсіз лексиканы, оқылатын тіл елінде қабылданған мінез-құлық этикетін, георграфиялық, табиғат-ауа райы, саяси ерекшеліктерін, сол елдің тарихынан негізгі мәліметтерді, шетелдік құрдастарының өмірін, ұлттық дәстүрлерін, мерекелерін білу, оларды өз тәжірибесімен салыстыра білу өзекті болмақ. Шет тілді оқыту мазмұнының социомәдени компонентінің мәні бөтен өмір салтын жарнамалау емес, оқушылардың жалпы, әлеуметтік, мәдени дүниетанымын кеңейту, оларды саналы және зияткерлік қызметке, өз социумы мен басқа мәдениет өкілдерінің мінез-құлық ерекшеліктеріне төзе білуге ынталандыру.

Оқу үрдісінің сапасы мұғалімнің кәсіби шеберлігінен де, оқушының оқу пәнінің міндеті мен мазмұнын түсініп қабылдауына да тең дәрежеде қатысты. Оқушы сөйлеу дағдысы мен әдеттерін меңгеру қызметін тиімді де нәтижелі құруға, оқушылармен, мұғаліммен дұрыс қатынас орнатуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренуге тиіс.

 

 

1.2 Шетел тілін ақпараттық технология арқылы оқыту ерекшеліктері

 

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалайық» деген 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында (28.01.2011ж.) «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыру мен инновациялық дамуының негізі болуы тиіс» деп көрсетілген [19]. Қазіргі заман талабына сай жастардан тарихи танымдық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Сонымен қатар оқушыларды мектеп қабырғасынан жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, ақпараттық технологияны меңгерген азамат ретінде тәрбиелегенде ғана ол болашақта білігі мен білім жоғары, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасады [20].

Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру» Заңында көрсетілгендей ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу де, ақпараттық қызмет көрсету нарқын қалыптастыру шарттарын қамтамасыздандыруға, электрондық құжат айналымы жүйесін дамытып, электрондық сандық қолтаңбаны қолдану үшін жағдайлар жасауға, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты ақпараттық-компьютерлік технологиялар дамуының әлемдік деңгейін ескере отырып, қалыптастыруға және жүзеге асыруға бағытталағанын атап көрсетеді [21].

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы.

Қазіргі кезде жаңа білім беру жүйесінің заманауи технологиялар мен интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер мультимедиялық презентация, видеофильм, электрондық пошта, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Шетел тілдік ортада болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің басты мақсатының бірі шетел тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шетел тілін оқыту барысында компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі.

XXI ғасыр қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп аталады. Компьютер қоғам өмірінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта әлеуметтік өмірдің барлық саласын жаппай ақпараттандыру үдерісі қолға алынуда. Елдің экономикалық жағдайы, адам өмірінің сапасы, ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік, дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі оның ақпараттық технологиялық даму дәрежесіне байланысты болатыны белгілі. Экономикалық тұрғыдан дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды үдерісі жүріп жатыр.

Оқушыларды ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануға даярлау үшін оларда ең алдымен практикалық іс - әрекет барысында пайдалану дағдыларын, яғни ақпараттық-коммуникативтік технологиялар жайлы кәсіби білім, іскерлік және дағдылар жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру Қазақстандық білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары ақпараттық, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Компьютердің және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапалар мен бірқатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Әрбір оқытушы шет тілін меңгерген кезде тәжірибеге үлкен мән береді. Оқу процесінде фразаны бір рет рет айту жеткіліксіз, оны бірнеше рет қайталау қажет, және оның мазмұнын нақтырақ анықтайтындай етіп, оның тілдік ресімдеуін өзгерткен дұрыс. Өзіне деректер базасын қамтитын бағдарламалар жекелеген құраушыларын немесе мәнмәтіндерін ғана өзгертіп, мұндай нұсқаулықтарды қайталауға мүмкіндік береді. Бұл жерде материалды бағдарламалау жүйесіне тоқталған орынды. Оқу материалын бағдарламалаудың негізгі үш жүйесі бар: сызықтық, тармақталған және аралас (құрастырылған). Сызықтық бағдарламада материал зерттеу үшін жүйелі берілетін кішкендей үлестерге бөлінеді, Оқушы тапсырманы орындап, өзіндік бақылау мег өзін түзету үшін кілт алады және жаттығуды орындау нәтижелеріне байланыссыз материалдың келесі үлесін орындауға көшеді.

Тармақталған бағдарламаға оқушылар жауапта қателесетін немесе қиынға соғатын, яғни жаңа материалды хабарлау реттілігі алдыңғы тапсырманы орындау нәтижесіне байланысты өзгерген жағдайларда қосымша түсіндірмелер енгізіледі. Егер тапсырма дұрыс орындалса, онда оқушыға материалдың жаңа үлесін зерттеуге кірісуге рұқсат етіледі, олай болмаған жағдайда, ол қосымша, әдетте, жеңілдетілген жаттығулар алады. Бұл жаттығуларды дұрыс жасап, оқушы бастапқы позицияға оралып, оны ойдағыдай орындағаннан кейін ғана оған оқу материалының жаңа үлесін меңгеруге көшуге рұқсат етіледі. Бұл бағдарламалар құрастырылған бағдарлама атауын алып, жаңа түрді жасай отырып, жиі үйлеседі.

Кесте1- Компьютерлік бағдарламаларды әдетте келесі сипаттамалар бойынша жіктейді [22]

 

Компьютерлік бағдарламалардың негізгі сипаттамаларын жіктеу
функционалдық белгіленуі бойынша Бағдарламалау тәсілі бойынша Оқушылардың біліміне бейімделу тәсілі бойынша
1) оқытушы; 2) ойындық; 3) ақпараттық; 4) бақылаушы; 5) құрастырылған 1) сызықтық; 2) тармақталған; 3) құрастырылған 1) адаптивті; 2) ішінара адаптивті; 3) адаптивті емес

 

Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғарғы тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім сратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігін алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесінің ақпараттандыру бағыттарының бірі ақпараттық– телекоммуникациялық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып саналады.

Ақпараттандыру және бұқаралық телекоммуникацияларды ғаламдастыру кезеңінде қазіргі қоғамдағы ақпаратты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпараттық-технологиялар ағымын қалыптастыруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізудің, сондай-ақ кез келген қашықтықтағы ақпарат көзіне, оның ішінде оқу-ағарту ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайында компьютерді қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты ақпараттық қоғам мен зиялы қарым-қатынасқа оқытып тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға жағдай жасайды.

Заман ағымына қарай оқыту үдерісінде видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану болашақ мұғалімдердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі - оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны ақпараттық желілер арқылы тарату болып табылады.

Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып, жаһандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттердің бірі – Қазақстан Республикасы кәсіби білім беретін оқыту әдістемесін жетілдіру, болашақ мұғалімдердің кәсіби білім сапасын арттырып, әлемдік стандарттар деңгейінде білім беруге қол жеткізу. Осыған орай технология, ақпараттану және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында білім беруді ақпараттандыру.

Бүгінгі таңда ақпараттарды өңдеудің жаңа тұжырымдамалары пайда болуда, олардың арасында CASE- технологиялар, желілік технологиялар, гипермәтіндік технологиялар, ақпараттық жүйелерді және математикалық модельдеу технологиялары және т.с.с. басты орынға шығуда.

Қазіргі кезде әлеуметтік кеңістікте болып жатқан өзгерістер коммуникациялық үдерістердің құрамы мен бағытына айтарлықтай өз әсерін тигізеді. Коммуникацияның жаңа түрлерінің көмегімен ақпаратты жинау және өңдеу мүмкіндіктері пайда болды. Компьютерлендіру жағдайында болып жатқан ақпарат өрісінің өзгерістері қазіргі адамның көзқарасына әсер етіп, ойлаудың жаңа түрін қалыптастырады. Білім беруді ақпараттандыру мен бірге оқыту ақпараттық-компьютерлік технологиялардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл тек интернет желісі арқылы тұлға аралық байланыс жасаумен ғана емес, адамның кейбір қасиеттеріне ие болған компьютер мен адам арасындағы байланыс түрінде де сипатталады. Сонымен, осы адам – машина сұхбаты (диалогы) электронды коммуникацияның ауызекі немесе құжаттық коммуникациядан басты айырмашылығы болып есептеледі.

Нәтижесінде, осы немесе басқа да әдістердің көмегімен бір-бірімен жаңа сапалы түрде бірігіп, белсенді қызмет көрсететін байланыс жасаудың барлық түрлері туындайды.

Компьютер бүгінгі таңда байланыс жасаудың маңызды құрылғысына айналуда, ал келешекте ол коммуникациялық ықпалдасудың негізгі құралдарының бірі болуы мүмкін. Егер шынымен осындай болатын болса, онда компьютерлік желілердің логикасы қазіргі адамның байланыс (қарым-қатынас) жасау логикасына біртіндеп ауыса бастайды, нәтижесінде адамның қоғаммен арақатынасы қысқарып, қоғамдық байланыстары үзіледі, адамда жалғыздықтың салдарынан туындайтын әртүрлі жүйкені тудырушы жағдайлар көбейе түседі.

Қарым-қатынастың: нақты және виртуалды деп аталатын екі түрін бір уақытта дамыту қажет. Білім беру тұрғысынан қарағанда, бұл студентпен байланыс жасау міндетті болған оқыту үдерісінде ақпараттық құралдарды негізгі құрылғы ретінде қолдану қажет деген мағынаны білдіреді.

Кейбір оқытушылардың техникалық құралдарды пайдалану мүмкіндігі мен қабілетінің жоқтығына байланысты тұлғааралық қатынас педагогика саласының негізі болып қалуда.

Қазіргі туындаған сапалы ақпараттандырылған білім беру кеңістігіндегі ғылыми-әдістемелік және кәсіби-іскерлік байланысты тиімді оқытуда пайда болатын қиындықтарды шешу үшін түрлі оқытушылар мен студенттер кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салалары мен жағдайларындағы нақты және виртуалды коммуникацияның теориялық және практикалық іліміне ие болулары қажет. Әрине, қарым-қатыныс жасаудың виртуалды түрі мен нақты түрінің өз айырмашылықтары бар[23].

Виртуалдылық. Нақты өмірде бірікпейтін нәрселерді біріктіретін техникалық қасиетімен ерекшеленіп, қазіргі адамның жаңа өмір сүру ортасы ретінде қарастырылады.

Интерактивтілік. Қазіргі ақпараттық технологиялар ақпаратты жеке және таңдаулы түрде қолдануға бағытталып, олар бастапқы кезден үздіксіз байланыс пен әсерлесуге арналған болады.

Гипермәтінділік. Интернетті көбінесе гипермәтін деп атайды, себебі ол басқа мәтіндерде көрсеткіш немесе сілтемелерден құралып, ақпараттың көпшілік және бір уақытты ағымына бағытталған қоғамда байланыс жасаудың тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін. Интернет байланыс жасаудың жалпы сипаты ретінде жад қызметін атқарады.

Жалпылылық. Коммуникацияны жалпыландыру бұл – бүкіл адамзаттың пайда болуына жағдай жасайтын кеңістік-уақыттың байланысудан тыс болған қарым-қатынастың әртүрлі түрлері жүзеге асатын кеңістіктің шектік кеңеюі болып есептеледі.

Креативтілік – жобалау саласында адамға көптеген мүмкіндіктерді беретін виртуальды кеңістік. Ақпараттық технологиялардың көмегімен қолданушы жаңа нәрселерді өз бетінше жобалауға қабілетті. Осының нәтижесінде қарым-қатынас монолог емес, диалог түрінде болады.

Жасырындылық. Әдетте, on-line режімінде байланысу лақап ат және сырттай жүреді. Қарым-қатынас жасауының тек стилі ғана білімді болып, ол туралы басқа мәліметтер белгісіз болады. Бұл жағдай қарым-қатынастың еркін, бірақ көпжақты және белгісіз түрде болуына әсер етеді.

Көптүрлілік. Ықпалдасу нәтижесінде кездейсоқ (көптүрлі желілік) құрылымдар пайда болады. осылайша виртуальды ақиқат қолданушыдан әртүрлі мәліметтер қорына үнемі ауысып тұруды талап етеді. Қазіргі кезде мәдениетаралық қатынастардың өрісін кеңейту коммуникацияның тиімділігін арттыруға бағытталған мәселелерді зерттеудің негізі болып есептеледі. Олар серіктестердің мәдени айырмашылығының дәрежесіне ғана емес, олардың жеке сипатына, коммуникацияның кедергілерін жеңетін құрылғыларына, жартылай мәдени ортадағы әсерлесу модулдеріне қатысты жетістікке жету дайындығына да тәуелді. Олай болса, ақпараттық – коммуникациялық дамусыз қоғамның өмір сүруі мүмкін емес.

Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі жаңа оқыту құралдары, яғни компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындататын әдістемелік құралдар ретінде атқаратын жұмысының маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру кезінде түрлі бағдарламаларды, жүйелер мен орталарды қең қолдану кезінде оқытудың формалары мен әдіс-тәсілдері, сонымен қатар білім беру үдерістерінің мазмұны да маңызды өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту тиімділігін арттыруға компьютерлік технологияны қолдану оны жүзеге асыру мен оңтайландыруға тікелей әсерін тигізеді:

- оқушылардың өзіндік жұмысын арттыру;

- ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру;

- -ақпаратты беру, өндеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне оқушыны үйрету;

- олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту;

- -өмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын қалыптастыру [25].

Ю.К. Бабанскийдің теориясын қолданушылар оқытудың тиімділігін көтеруге келесі тәсілдермен жетуге болады деп есептейді:

- оқыту мен оқушылардың еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру формасын жетілдіру жолымен;

- оқытудың интенсивтендіру тәсілін қолдану арқылы;

- -оқытудың қазіргі заманғы технологиялық құралдарын жасап, қолдану арқылы [26].

Ал, мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа модельдерін (баяндама, есеп беру, жұрт алдында жобаларды топ болып бірге отырып қорғау) ізденуге итереді, оқытудың жеке оқушыға бағытталған қызықты түрлерін енгізуге қөмектеседі. Біз компьютерді кең көлемде ақпарат құралы ғана емес, сонымен қатар адамның қоғамда өзін-өзі басқаруына, өзіндік танымына жаңа жол ашатын және қуатын жаңа жағдайға жаңаша көзқараспен пайдалануға мүмкіндік беретін қуатты құрал деп есептейтін философтардың пікіріне біз де қосыламыз.

Ақпараттық құралдарды қолдану барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекетінде компьютерлік даярлықтары байқалдық. Мультимедиадағы бейнелер мен графикада шетел тілін сазды кескіндемелік анимациялық иллюстрациялар арқылы бере отырып, шетел тілін оқытуда үлкен маңызға ие болатындығын аңғардық [27]. Бұл кездегі ұсынылған формалар, құралдар, политра, дизайн, лингвистикалық, көркемдік және т.б. шешімдердің үйлесім табуы шетел тілін үйрену үдерісіндегі оның мазмұнын толықтырады. Олар оқушының барлық сезім мүшелеріне әсер ете отырып, оның ойлау қабілетін арттырып, аналитикалық ойлауы мен бейнелік қабылдауының, есте сақтауының барлық түрлеріне қозғау салып, оқу ақпаратын толыққанды қабылдауына және тануына негіз салатындығын байқадық.

Мультимедиа оқушылардың оқу ақпаратын қабылдаудағы көру және есту бейнелерін өзара үйлестіреді. Мультимедиалық бағдарламалар оқушының ақпарат алмасу жағдайында мультимедиалық жүйемен интерактивті диалог орнату сияқты көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Шетел тілін оқыту үдерісінде компьютер, мультимедиа, мультимедиялық оқу бағдарламаларын қолдану ағылшын тілін оқытудағы сән салтанат көрінісі емес, өткен материалдарды қайталану мен жаңа ақпараттарды қабылдаудың аса қажетті құралы болып табылады. Шетел тілін менгеруде оқушының танымдық, әдеби-көркем және әлеуметтік ақпараттарды игеруінде компьютер, мультимедиа мен интернеттің рөлі артып, оқу материалы және қосымша тақырыптық материалдарды мәнерлеп, көрнекілеп беруде иллюстративті құрал ретіндегі маңызы ұлғайды. Мультимедиа, презентациялар, видеофильмдер сонымен қатар оқушының оқу мазмұнын анықтап, жақсы меңгеру үшін, шетел тіліндегі экстралингвистикалық ақпаратты игеруге көмегін тигізеді. Бұл ақпарат шетел тіліндегі грамматикалық ерекшеліктер мен лингвистикалық ақпараттарды айқын да дәл қабылдауға ықпал етеді. Грамматикалық категориялар кеңестік дәуірдегі оқыту әрекетінде басты назарда, оқушылар грамматикалық ережелер мен сөз жаттады. Ақпараттық технологиялар арқылы сабақта табиғи орта жасалатын, сөйлесудің үлгілері беріліп, оқушыларға сөйлеу дағдысының пайда болғаны тәжірибе барысында байқалды. Оқу-танымдық ақпараттардың формалары (суреттер, слайдтар, сызбалар), көрсету формаларының дизайны (анимация, түрлі эффектілер), сөз және дыбыспен сүйемелдеу формалары жобаның басты мақсатына сай келіп, ең түйінді мәселеден оқшауланбауы керек. Оқытушы өз кезегінде бақылап, кеңес беріп, іс-әрекетін оқушының да бақылауына мүмкіндік жасайды. Ол қажетті технологиялардың функциялары мен жұмыстарына сәйкес тактиканы түсініп, видеофильмдер немесе презентациялар элементтерін жобалау және безендіру мәселелерінде дұрыс бағыт ұстанып жобаның әдістемелік сипатын жасайды. Бұл оқушының мультимедиялық жоба барысындағы орнын ығыстырмайды, олар жобаның өздеріне тиісті бағыттарын орындауды жоспарлауды үйреніп, даярлық шаралары, тақырыптық және кескіндемелік ақпарат нәтижелері болып табылатын презентациялар, видеофильмдер, тақырыптық нәтиже және дыбыстық сүйемелдеуде белсенді бола алады. Жұмыста ақпараттық ортамен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, оған шын беріліп, бастапқы үйрену зерттеу пәні – тіл және оның лингвистикалық түрлерін оқып үйренуге айтарлықтай қызығушылықтарын көрсетеді [28].


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 335 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 1 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 2 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 5 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 6 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 7 страница | кәсібилігі жеке қасиеттері компоненттілігі нәтижесі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Инструкция пользователя.| Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)