Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы қоладныстағы телефон желілерін құрудың негіздері

Читайте также:
  1. A telephone number - номер телефона
  2. I бөлім – Жалпы патофизиология
  3. ICQ 1_____________________________ ICQ 2___________________________ моб. телефон_____________________________
  4. ICQ _______________________ NICK _______________________ Моб. телефон_________________________________
  5. Telephone Call» - телефонна розмова
  6. VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе
  7. VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе

М. Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы

 

Бекмагамбетова Ж.М.

Джунусова Д.Т.

 

 

«Телекоммуникациялар жүйелер мен байланыс желілері»

 

пәні бойынша

курстық жұмысты орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар

(050719 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенттеріне арналған)

 

 

 

Алматы - 2010

М. Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы

 

 

Бекітемін

Оқу және ғылыми жұмыс проректоры

_______________ А.Д.Монастырский

«___» _________________ 2010

 

«Телекоммуникациялар жүйелер мен байланыс желілері»

 

пәні бойынша

курстық жұмысты орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар

(050719 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенттеріне арналған)

 

 

 

Алматы - 2010

УДК 656.25(075)

050719 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» (РЭТ) бакалавриат мамандығының студенттері үшін «Телекоммуникациялар жүйелер мен байланыс желілері» элективтік пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар жұмыстық оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген.

 

 

Пікір берушілер:

Бегдуллаев К.Б.- т.ғ.к., доцент ҚазҰТУ

Айтмагамбетов А.З. - т.ғ.к., доцент ҚазККА

 

 

Авторлары: Бекмагамбетова Ж.М. – т.ғ.к., доцент

Джунусова Д.Т. - оқытушы

 

 

Берілген курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар телекоммуникациялар желілерін құру әдістерін зерттеу кезінде пайда болатын сұрақтарын қамтиды. Әдістемелік нұсқаулар студенттерді телекоммуникациялар желілердің құрылымдық компоненттерін есептеу, әр түрлі жергілікті желілердегі телефондық аппараттар арасындағы сөйлесу тракт сұлбасын, жалпы қолданыстағы телефондық желі құрылымын және екіншілік желісінің арналар тарату жоспарын құру әдістерімен таныстырады.

 

 

Әдістемелік нұсқаулар «Радиотехника және телекоммуникациялар» (РТ) кафедрасының отырысында талқыланды және қолдау туралы шешімге ие болды («___» _______________ 2010ж. Хаттама № ___)

 

 

Әдістемелік нұсқаулар «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» факультетінің оқу-әдістемелік бюросында қолдау тапқан («___» _______________ 2010ж. Хаттама № ___)

 

 

Әдәстемелік нұсқаулар «ҚазККА» АҚ Оқу-әдістемелік кеңесінде кеңесінде басып шығаруға және оқыту үрдісіне қолдануға ұсынылды («___» _______________ 2010ж. Хаттама № ___)

 

 

© М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, 2010

© Джунусова Диляра Тулебековна, 2010

КІРІСПЕ

 

 

Қазіргі телекоммуникациялық желілерді құрған кезде желілік деңгейдің үш түрі болады: біріншілік желінің деңгейі, екіншілік желінің деңгейі және электрбайланыс қызметі мен жүйелер деңгейі. Байланыстың әр нақты негізгі желісі біріншілік желінің мамандандырылмаған (алуан түрлі) деңгейі болып табылады, ол желілердың жиынтығын және олардың типтік физикалық тізбектерін, типтік тарату арналары мен желілік күре (тракт) жолдарын қосуды білдіреді. Яғни, біріншілік желі (БЖ) – бұл таратудың типтік универсалдық цифрлық арналардың негізгі торабы, немесе желілік түйіндер, желілік коммутация станцияларының немесе біріншілік желінің соңғы құрылғыларының негізінде құрылған және олардың тарату желілерін қосатын көліктік желі. БЖ негізінде әртүрлі екіншілік желілерді (ЕЖ) құрады және қалыптастырады. Желілік түйіндер жататын біріншілік желінің түріне байланысты оларды магистралдық, ішкі аймақтық, жергілікті немесе корпоративтік, ведомстволық (мекемелік) желінің аталуы бойынша атаймыз. Пайдаланушыларға дейін арналарды жеткізу үшін арналған ЕЖ мамандандырылған болып табылады және біріншілік арналар немесе пайдалы жүктеменің ағындары үшін БЖ-ні таратудың типтік арналардың негізінде құрылады. Электр байланысының түрлері бойынша мамандандырылған жүйелер, өзінен белгілі қызметтерді пайдаланушыларға ұсынуды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жинағын білдіреді. Олар жүйелер және электр байланыс қызметтерін құрайды, яғни ЕЖ-ні және бірқатар қосалқы жүйелерді қосады.

Телекоммуникациялық желілердің қазіргі жағдайы біріншілік және екіншілік желілердің интеграциясының процесітерін күшейтуімен және БЖ негізінде мультисервистік желісіне БЖ және ЕЖ-ні айналдыруымен сипатталады, яғни цифрлық біріншілік желінің екі деңгейлі жаңа құрылымы – көліктік желісі және жеткізу желісі пайда болады. Жеткізу желісі – бұл арналар және “соңғы миля” желілері арқылы сигналдарды қолданушылардан көлік желісінің порттарына және кері таратылуын қамтитын желі.

Телекоммуникациялық желінің сәулеті деп, желінің физикалық, логикалық, құрылымдық элеметтерінің, солардың арасындағы байланыстың және олардың өзара әрекеттесу ережелерінің жиынтығын атаймыз. Иеархиялық - жоғарыдан төменге деген тәртіпте бүтін элементтері мен бөлшектерінің орналасуы. Қатынастық дегеніміз жүйедегі сыртқы – ортамен және ішкі – элементтер мен қосалқы жүйелер арасындағы көптеген байланысты айтамыз.

Барлық телекоммуникациялық желілер қызметтер түрі бойынша жіктеледі: жалпы қолданыстағы телефондық желілер, радиотелефондық желілер (транкинг, ұялы және спутниктік байланыс), компьютерлік желілер және деректерді беру желілері.

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР

 

 

«РЭТ» мамандығының студенттерімен орындалатын осы курстық жұмысы «Телекоммуникациялар жүйелері және байланыс желілері» курсы бойынша дәрістемелік материалдарын тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Курстық жұмысты орындау жалпы қолданыстағы телефондық желілері мен радиотелефон желілерін құруын ұсынады.

1.1 - кестеде курстық жұмыстың көлемі туралы ақпарат берілген.

 

1.1 - кесте.

Курстық жұмыстың көлемі

Жұмыс бөлімі Парақтар көлемі
текст сызбалар суреттер
Мазмұны   - -
Кіріспе 1-2 -  
Техникалық тапсырма   - -
1. Курстық жұмысы бойынша мәселелерін зерттеу 6-8 Х 2-5
2. Техникалық жоба 12-14 Х 5-7
2. Жұмысша жоба   2-3 Х
Қорытынды 1-2 - -
Әдебиеттер тізімі   - -
Барлығы 28-34 2-3 (Х) 7-12 (Х)

 

Х – сызбалар мен суреттер саны кез-келген болу мүмкін.

 

Курстық жұмысы техникалық тапсырмасына сәйкес орындалады, варианты А, Б, В қосымшалардан алынады. Түсіндірмелік жазбасы MS Word программасында KZ Times New Roman 14 шрифтпен А4 форматында жазылады. Сызбалар А4 форматтағы миллиметрлік қағазда ұсынылу қажет.

Курстық жұмысының теориялық бөлімінде телекоммуникациялық желілердің жіктелуі, жалпы қолданыстағы телефондық желілер және радиожелілердің құру негіздері туралы ақпарат келтіру қажет.

Курстық жұмыста екі жергілікті желілердің телефондық аппараттар арасындағы сөйлесу тракт сұлбасын, жалпы қолданыстағы телефон желісінің сұлбасын және екіншілік желідегі арналар тарату жоспары құру қажет, телефондық жүктемесін есептеу қажет.

 

 

Курстық жұмысты орындауға арналған теориялық мағлұматтар

 

Жалпы қоладныстағы телефон желілерін құрудың негіздері

 

 

Телефон байланысы жедел байланыстың ең таралған түрі болып табылады. Телефон байланысы желілерінің абоненттері жеке қолданушылар және кәсіпорындар болып табылады. Телефон байланысы фирмаларда, офистерде және т.б. маңызды роль атқарады. Сөйтіп телефон көптеген фирмалар үшін өзгеше ресми карточкасы болып табылады, өйткені тапсырыскерлер және қатарластар жағынан бірінші байланысты телефон бойынша іске асырады. Телефонның сервистік мүмкіндіктері мен байланысу ыңғайлығы офистік автоматтық телефон станцияларымен анықталады (АТС). Ол фирманың орнықтылығы туралы пікір береді. Ал ол фирма үшін маңызды.

Бірақ телефон желілерінің мүмкіндіктері телефон байланысы жүйелері абоненттеріне ұсынатын сервистік қызметтер туралы, көбісі әлі білмейді. Барлық осы сервистік қызметтерді толық қарастыру қажет. Олардың қазіргі уақытта 600 –ден астам атауы бар. Олардың барлығын қарастыру мүмкін емес, бірақ кейбіреулерімен қысқаша таныстыруға болады.

Телефон байланысын келесілерге бөлуге болады:

- жалпы қолданыстағы телефон байланысы (қалалық, халықаралық және т.б.);

- ішкімекемеелік телефон байланысы.

Телефон байланысының ерекше түрлері радиотелефондық байланыс, видеотелефондық байланыс болып табылады.

Телефон байланысының жүйесі телефон желілерінен және абоненттік терминалдардан тұрады.

Жалпы жағдайда телефон желісі – бұл АТС–пен абоненттер терминалдарын байланыстыратын, байланыс арнасының және абоненттік арнасын қосатын автоматтық телефон станцияларының (АТС) рөлін орындайтын, коммутация түйіндерін құрайтын жиынтығын білдіреді. Абоненттік арналарды “соңғы миля” немесе жәй ғана “соңғы миля” арналары деп атайды.

Абоненттік терминалдар “олар – абоненттік телефондық аппараттары, офистік АТС немесе компьтерлер болуы мүмкін” әдетте, абоненттік желінің – мыс сымдарының қосындысы бойынша желіге қосылады. Абоненттік жолдың желіде өзінің жеке нөмірі болады (абонент нөмірі), оның ұзындығы әдетте, 7-8 км аспауы керек, және сол бойынша ақпаратты тарату әсіресе аналогты түрде жүргізіледі.

АТС бір-бірімен байланыс жолдары арқылы қосылады – қазір жалпы пайдалану желілерінің барлығында 4 – сымдық цифрлық желілер қолданылады (1 АТС - дан басқасына тура және кері бағытта сигналдарды тарату үшін сымдардың бір қосындысы бойынша).

Жалпы қолданыстағы екіншілік желі құрамына АТС жиынтығы, автоматты коммутация түйіндері, абоненттік аппараттар мен беру арналар кіреді. Бұл желіге абоненттер жергілікті (қалалық немесе ауылдық) байланыс желілер арқылы қосылады – желінің төменгі ярус. Жергілікті желілер зоналық – аймақтық желілерін құрайды – орташа ярус. Бірнеше аймақтар абоненттері біріншілік магистралдық желі арқылы қосылады – жоғарғы ярус.

Қалалық телефондық желінің құрылымы абоненттер саны мен жер мөлшерінен тәуелді. Сыйымдылық 10 мың нөмірге тең жағдайда бір АТС қолданатын, 40-50 мың нөмір үшін бірнеше өзара қосылған АТС құрылатын.

Ауылдық телефондық желілер (СТС) радиалды немесе радиалды-түйінді әдісі бойынша құрылады.

Ішкізоналық желі радиалды-түйінді принципі бойынша құрылады.

Автоматты қалааралық телефондық желі екі принцип қолданады: радиалды-түйінді және «әрқайсысы әрқайсысымен».

Аймақтық телефон желісінің құрылымын телефон желісін қарастырайық. Аймақ дегеніміз барлық абоненттері ортақ жеті мәндік нөмірлеуді қамтитын мемлекет территориясының бөлігі мен конфигурациясы, әкімшілік бөлінуіне байланысты аймақтағы телефондар саны және тұрғындардың максималды санын есептей отырыпаймақтың шекараларын белгілейміз. Аймақтың шекараларын анықтау кезіндегі төмендегі факторлар ескеріледі.

- аймақтың жергілікті телефон желісінің шартты (теориялық) сыйымдылығының жалпы саны желінің кем дегенде 20 жылдық дамуын ескере отырып 8млн нөмірден аспауы керек.Сонымен қатар, нөмірлеу қоры назардан тыс қалмауы керек;

- аймақ әкімшілік ауданының территориясынын қамту керек.

- бір ауданның териториясырда бірнеше аймақ ұйымдасуы мүмкін.

 

 

Арналарды жоғары қолданумен тіке жолы

Жоғары қызмет көрсетуімен айналым немесе тіке жолы

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 811 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сурет. Қалааралық желінің құрылу сұлбасы | Телефондық жүктемені есептеу | Ялы жылжымалы байланыс желілері | Бөлімге нұсқаулар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Монопольная власть продавцов ресурсов производства.| Сурет. УИС және УВС аудандалған ГТС құрылу сұлбасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)