Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе

Читайте также:
  1. E) коммандиттік серіктестік
  2. I бөлім – Жалпы патофизиология
  3. VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе
  4. Ағымдық бақылауға арналған өз-өзін тексеру тест сұрақтарының нұсқасы
  5. Азақ тілінен тест тапсырмалары
  6. азақстан тарихынан 9-сыныптарға арналған мемлекеттік қорытынды аттестациялаудың (емтихан сұрақтары) билеттері

 

?

Қуық үсті безінің аденомасы бар науқаста тұншығу ұстамасын басу үшін қандай препаратты беруге болмайды:

+ Атровент

- Астмопент

- Дитек

- Теофиллин

- Сальбутамол

 

?

Төмендегі зерттеулердің қайсысы өкпенің созылмалы обструктивті ауруының ауырлық дәрежесін анықтауға барынша сенімді:

+ Спирография

- Бронхография

- Бронхоскопия

- Өкпе ангиографиясы

- Рентгенография

 

?

Науқас, 45 жаста көбінесе таңертеңгі уақытта 100 мл мөлшеріндегі шырышты-ірінді қақырықты жөтелге, 380C дейін дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Жөтел 5-6 жыл бойы мазалайды. Өкпеде әлсіреген тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі.

Кандай диагноз болуы барынша мүмкін:

- Созылмалы катаральді бронхит

- Өкпе абсцессі

- Ошақты пневмония

+ Созылмалы ірінді бронхит

- Бронхоэктаз ауруы

 

?

47 жастағы, қантты диабетпен ауыратын және пневмонияға байланысты ем алып жүрген науқас 2 аптадан кейін қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. Тыныс алу жиілігі -32 рет минутына, пульс -108 рет минутына. Қан қысымы 110/70 мм.с.б. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14%, сегмент ядролы -52%, лимфоциттер – 34%, эритроциттер тұну жылдамдығы – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. Эхокардиографиялық зерттеуде қақпақшалар өзгермеген. Науқаста қандай асқынудың дамуы барынша мүмкін:

+ Сепсис

- Инфекциялық эндокардит

- Жедел жүрек жеткіліксіздігі

- Жедел тыныс жеткіліксіздігі

- Жедел респираторлық дистресс-синдромы

 

?

Толық АВ- блокаданың жыбыр аритмиясымен бірлесуі қалай аталады:

- Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы

- Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы

- Дресслер синдромы

+ Фредерик синдромы

- Синус түйінінің әлсіздігі синдромы

 

?

Аталған дәрмектердің қайсысы соңғы мәліметтер бойынша жүрек ишемиялық ауруы бар науқастың өмірін ұзартады:

- Кальций антогонисттері

- Статиндер

- Ангиотензин-айналдырушы фермент ингибиторлары

- Антиагреганттар

+ Бета-адреноблокаторлар

 

?

38 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне артериялық қысымның жиі кенеттен 270\130 мм.с.б. дейін көтерілуіне, интенсивті бастың ауруына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі артериялық қысым -260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоциттер-9,2х109 /л, эозинофилдер-7%; глюкоза- 7,6 ммоль/л, несеп анализі патологиясыз. Электрокардиограммада- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы. Қорытынды диагноз қою үшін қандай тексеру барынша мәліметті:

+ Қандағы котехоламиндерді анықтау

- Қандағы кортизолды анықтау

- Қандағы альдестеронды анықтау

- Қандағы электролиттерді анықтау

- Қандағы ренинді анықтау

 

?

48 жасар әйел стационарға түсті. Анамнезінен: соңғы 1,5 ай ішінде дене қызуының периодты түрде 38-390С дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, аздаған физикалық күш түсу кезіндегі ентігу; өз бетінше аспирин, оксациллин қабылдаған. Қарағанда: дене қызуы-38,50С, тері жабындары бозғылт, беті мен алақандарында бірен-саран петехиальды сипаттағы экзантемалар, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, тахикардия, төстің сол жақ қырында ІІІ-ІV қабырғааралықтарда диастолалық шу, артериялық қысым 150/30 мм.с.б., орташа гепатоспеномегалия. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ-ның аса жоғарылауы, α2 және γ- глобулиндердің, с- реактивті белоктың, сиал қышқылдарының жоғарылауы. Несеп анализінде- патологиясыз.

Қандай ауруға күдіктенуге болады:

+ Инфекциялық эндокардит және аорта жетіспеушілігі

- Жедел ревматикалық қызба және қос жармалы стеноз

- Жедел ревматикалық қызба және аорта жетіспеушілігі

- Геморрагиялық васкулит

- Ревматикалық емес миокардит

 

?

38 жастағы науқас стационарға артериялық қысымының жиі кенеттен 270/130 мм.с.б., дейін көтерілуіне, интенсивті бастық ауырсындына, жүоек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тертеңдікке, дене қызуының 380Сдейін көтерілуіне шағынданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бөзғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі қан қысымы 260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоцитоз, гипергликемия, адреналин және норадреналиннің жоғарылауы. Бүйрек үсті безінің компьютерлык томографиясында істік тәрізді, гипоэхогенді түзілім байқалады.Осы жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс:

- Нифедипин

- Метопролол

+ Фентоламин

- Клофелин

- Каптоприл

 

?

62 жастағы науқас кардиологиялық бөлімшіге басынық ауырсынуы және бас айналуға тағымданың түсті. Анамнезінен: 10 жыл бойына артериялық гипертензия бойынша диспансерлік есепте тұрады, екі жыл алдын миокард инфарктісін өткерген Жағдайының нашарлауы соңғы 1 айда, оны дәрлектерді тұрақты қабылдамауымен байланастырады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, пульс минутына 86 рет, артериялық қысым 200/100 мм.с.б., жүрек жетіснеушілігі белгінері жоқ, аяұ тамырларының облитерирлеугі атеросклерозі белгілері бпр. Бұл жағдай қандай дәрмек дұрыс:

- Эгилок

+ Нормодипин

- Конкор

- Атенолол

- Небилет

 

?

51 жасар ер адам, стационарға ұзақ ауырсынуға және оң қабырға астының түйіліп тұруына шағымданып түсті. Зерттегенде: сарғыштық жоқ, Кери симптомы оң мәнді, температурасы субфибрильді, ЭТЖ – 30 мл/сағ. Болжам диагнозы қандай:

+ Созылмалы холецистит, өршу

- Созылмалы панкреатит, өршу

- Асқазан ойық жарасы, өршу

- Созылмалы гепатит, өршу

- Одди сфинктерінің дисфункциясы

 

?

17 жасар жас адам, амбулаторлы тексерілуде. Дені сау жағдайда 380С-қа дейін қызба пайда болды, сол кезде терісінде және кілеген қабатында геморрагиялық бөртпелер, экхимоздар пайда болды. Бір рет «мелена» болды, сосын нәжісте Грегерсен реакциясы екі апта бойы оң мәнді болып тұрды. Қанда тромбоциттер 60х109/л. Барлық белгілер өз бетімен ізсіз өтіп кетті. Осыдан алдын баспамен ауырып, сульфаниламид дәрмектерін қабылдаған. Қандай диагноз болуы мүмкін:

- Мәллори-Вейса синдромы

- Бейспецификалық жаралы колит

- Тоқ ішектің дивертикулезі

+ Верльгоф ауруы

- Меккеля дивертикулі

 

?

28 жасар әйел, оң қабырға астының тұйық ауырсынуына, стресстік жағдайларда ауырсынудың пайда болуына, дене температурасы жоғарламайды, үлкен дәреті тұрақсыз, ашуланшақтық, ішінің ауруымазалаған соң, аймақтық терапевтке келген. Қолында зерттеу нәтижелері бар:қан анализі, копрология қалыпты. Холецистограммада: өзгеріссіз.

Дуоденальды зондтауда патология анықталмады:

- Созылмалы холецистит

+ Өт жолдарының дискинезиясы

- Ішектің тітіркену синдромы

- Нейроциркуляторлы дистония

- Одди сфинктерінің дисфункциясы

 

?

32 жасар науқас жедел «қанжа» тәрізді эпигастри аймағының ауырсынуына шағымданады. Анамнезінен:сонғы 3 жылда 12 елі ішек ойық- жара ауруымен аурады, және де ол жиі ресидив береді. Н2 гистамин блокаторлары терапиясына реакция оң мәнді. Қан құю жасалған. Ранитидинмен төрт апта терапия жүргізгенде жара тыртықталған.

Ары қарай емдеу тактикасы қандай:

+ Кларитромицин+амоксициллин+омепрозол

- Тетрациклин+метронидазол+омепрозол
- Кларитромицин+метронидазол+квамател
- Амоксициллин+де-нол+омепрозол
- Амоксициллин+метронидазол+квамател

 

?

48 жасар науқас оң қабырға астының ауырсынуына, сарғыштыққа жалпы әлсіздікке шағымданып, қабылдау бөліміне түсті. Анамнезінен: ішімдікті көп ішеді, бір апта бұрын өңештің барикозды кеңейген веналарына қан кету болған. Қарағанда: терісі және склерасы сарғыш, телеангиэктазиялы, іші кепкен, гепатоспленомегалия. Қанда: анемия тромбоцитопения, ЭТЖ-44 мм/сағ жалпы билирубин тура пракция есебінен 68 мк/моль –л.

Бұл жағдайда не тағайындаған жөн:

+ Гептрал + жаңа тағайындалған плазма + дәрумендер С, К.
- Преднизолон + гепабене + креон.
- Гептрал + эритромасса + креон
- Преднизолон + гепабене + креон.
- Феррум-Лек + преднизолон + гептрал

 

?

45 жасар ер адам тамақтанғаннан соң және физикалық күштемеден кейін болатын төс артының ауырсынуына, қыжылдауға, жеген тамақты кекіруге, тамақты жұтынғанда қиындықты сезіну мазалайды. Зерттегенде:ЭКГ патологиясыз; Эндоскопиялық пиброгастродуоденоскопия: томенгі өңештің спиинктері жабылмайды, гиперемия, өңештің шырышты қабаты ісінулі, бір қатар эрозиялар. Бұл жағдайда қандай дәрмектерді комбинациясы тиімді:

+ домперидон + рабепразол

- маалокс + ампициллин
- омепразол + смекта
- омепразол + маалокс
- омепразол + но-шпа

 

?

25 жасар ер адам, созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Қан анализінде: гемоглобин – 96 г/л, эритроциттер – 2,8 млн., лейкоциттер – 8,2 мың, ЭТЖ – 35 мм/ч., мочевина – 16 ммоль/л, креатинин – 0,250 ммоль/л. Зәр анализінде: сал. тығ. – 1005, белок – 4,5 г/л, лейкоциттер – 8-12 к/а, эритроциттер 20-25 к/а. Гломерулонефритте ең тиімді қосарланған терапия қандай:

- Цитостатиктер+антибиотиктер+иммуномодуляторлар+антиагреганттар

- Цитостатиктер+стероидты емес қабынуға қарсы дәрмектер+антиагреганттар+антикоагулянттар

+ Цитостатиктер+кортикостероидтар+антиагреганттар+антикоагулянттар

- Антибиотиктар+кортикостероидтар+антиагреганттар+антикоагулянттар

- Цитостатиктер+антибиотиктар+антиагреганттар+антикоагулянттар

 

?

76 жасар науқас,бөлімге бел аймағының ауырсынуы, дизуриялық белгілермен түсті, жоғары аталған шағымдар бойынша осыған дейін ем қабылдаған. Жалпы зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1007 г/л, ақуыз – 0,05г/л, эритроциттер – жоқ, лейкоциттер – 20-30 көру алаңында, бактериялар+++. Қанда: креатинин – 0,23 ммоль/л.

Қандай болжам диагноз:

+ Созылмалы пиелонефрит

- Жедел пиелонефрит

- Созылмалы гломерулонефрит

- Жедел гломерулонефрит

- Жедел цистит

 

?

24 жасар науқас, басының ауруы, шөлдеу, жүрек айнау, құсу, мұрнынан қан кету, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі мазалайды. 10 жыл көлемінде ауырады. Бірнеше рет стационарда ем қабылдаған. Объективті: бозғылт, теріде қасылған іздер, бел аймағында ұрғылау симптомдары екі жағында да оң мәнді. АҚ – 180/110 мм. сын. бағ. ЖЖЖ – 100 рет/мин. Қанда: гемоглобин – 96 г/л, эритроциттер – 2,8 млн., лейкоциттер – 8,2 мың, ЭТЖ – 35 мм/ч, мочевина – 16 ммоль/л, креатинин – 0,250 ммоль/л, билирубин 22 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1005 г/л, протеинурия – 4,5 г/л, эритроциттер – 20-25 көру алаңында, лейкоциттер – 8-12 көру алаңында. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің терминальды сатысындағы науқасқа дұрыс диеталақ нұсқауды таңдаңыз:

- Сұйықтық тәулігіне 2 литрге дейін

- Тұз тәулігіне 3 г дейін

+ Жануар тәулігіне ақуызы 20г дейін

- Майлар тәулігіне 90г дейін

- Камірсулар тәулігіне 50г дейін

 

?

70 жасар науқас, оң бел аймағының интенсивті ауырсынуына, дене қызуының 38оС-қа дейін жоғарлауына, зәрде құрт тәрізді қан ұйытқылрының пайда болуына, азуына шағымданады. Ұрғылау симптомы оң жақта оң мәнді. Қан анализінде: гемоглобин – 98 г/л, эритроциттер – 3,2 млн., лейкоциттер – 10 мың, ЭТЖ – 70 мм/сағ. Зәр анализінде: сал. тығ. – 1012, ақуыз – 1,2 г/л, лейкоциттер – 5-6 к/а, эритроциттер 50-ге дейін к/а.

Қандай диагнозды болжауға болады:

+ Бүйрек ісігі

- Бүйрек туберкулезі

- Бүйрек поликистозы

- Бүйрек амилоидозы

- Зәр тас ауруы

 

?

40 жасар науқас, бел аймағының ауырсынуына, ауырсынудың шат аймағына берілуіне, зәр шығарғанда ашытып ауырсынуына, жүрек айнуына, құсуға шағымданады. Қанда: лейкоциттер – 8,6 мың, ЭТЖ – 24 мм/сағ, мочевина – 9,2 ммоль/л, креатинин – 0,120 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1018 г/л, эритроциттер – 20-25 көру алаңында, лейкоциттер – 5-6 көру алаңында, оксалаттар+++, фосфаттар++.

Қандай диагнозды болжауға болады:

- Бүйрек ісігі

- Бүйрек туберкулезі

- Бүйрек поликистозы

- Бүйрек амилоидозы

+ Зәртас ауруы

 

?

42 жасар науқас жарақатқа байланысты ортопедия бөлімшесіне түсті. Зерттеу барысында ноқатқа дейін қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -107 г/л, эритроциттер 3,4х1012/л, тромбоциттер 172х109/л, лейкоциттер 45х109/л, пролимфоциттер-3%, сегменті ядролы-5%, моноциттер-2%, лимфоциттер-90%.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтималды:

- Сүйектің туберкулезі

- Агранулоцитоз

+ Созылмалы лимфолейкоз

- Лимфоцитарлық лейкомоидтық реакция

- Лимфосаркома

 

?

18 жастағы бойжеткен, денесіндегі көптеген қан құйылуларға және мұрнының қанауына шағымданады. Анамнезінен: тұмаумен (грипп) ауырғаннан кейін басталған. Объективті: терісінде әртүрлі түсті көптеген қан құйылулар байқалады. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бауыр және көк бауыр өлшемдері қалыпты. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -122 г/л, эритроциттер -4,1х1012/л, лейкоциттер 6,8х109/л, тромбоциттер – 22х109/л. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтималды:

- Аппастикалық анемия

- Жедел лейкоз айқындалу сатысы

- Тамырішілік шашыраңқы қан ұю (ТШҚҰ) - синдромы гипокоалуляция фазасы

- Тромбоцитопатия

+ Иммунды тромбоцитопениялық пурпура

 

?

Науқас 32 жаста. Шағымдары: жалпы әлсіздік, шаршағыштық, бас айналу, көз алдында «шіркейлердің» пайда болуы, ентігу, тырнақтарының сынғыштығы. Анамнезінен: 7 жүктілік болған, оның 4-інде түсік тастаумен аяқталған, етеккірі 5-7 күн, көп қан кетеді. Объективті: тері және көзге көрінетін сілемей қабаттары боз, таза, құрғақ. Тырнақтары жұмсақ, тез сынады. Ауыз бұрыштары тілінген. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -62 г/л, эр -2,6х1012/л, лейкоциттер 4,9х109/л, тромбоциттер – 180х109/л. Эритроциттердің тұну жылдамдығы - 30 мм/ сағ. Төменде аталған дәрілердің қайсысы ең ықтималды:

- В12- дәрумені

- Фолий қышқылы;

+ Сорбифер-дурулес

- Аскорбин қышқылы

- Эритропоэтин

 

?

71 жастағы науқас, тәбетінің төмендеуіне, тағам қабылдағаннан кейін эпигастрий аймағындағы ауырлыққа, тіл ұшындағы ауырсыну мен күйдіруіне, жалпы әлсіздікке, ентігуге, аяқта «құмырсқа жүру» сезіміне, аяқтың ұюына шағымданады. Анамнезінен: көптеген жылдар бойы созылмалы гастритпен зардап шегеді. Объективті: тері боз, сарғыш түстес, тілі тегіс, «лекталған», глоссит. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -80 г/л, эритроциттер -2,2х1012/л, лейкоциттер 7,1х109/л, тромбоциттер – 160х109/л. Гемограммады: макроциттер, мегалоциттер, эритроциттерде Джолли денешігі, Кебат сақиналары. Миелограммада: қан өндірілуінің мегалобласты түрде жүруі эзофагогастродуоденоскопияда жайылмалы атрофиялық гастрит. Төменде аталған дәрілердің қайсысы ең тиімді:

+ В12- дәрумені

- Фолий қышқылы

- Сорбифер-дурулес

- Флудара

- Эритропоэтин

 

?

26 жастағы ер науқас, 2 апта ішінде сол жақ тізе және тобық буындарының ауыру сезіміне, ісінуге, қозғалыстың шектелгеніне шағымданады. Анамнезінен: 1,5 ай бұрын уролог дәрігерде емделген. Қарап тексергенде сол жақ тізе, тобық буындарының пішіні өзгерген, гипертермия. Қанда: лейкоциттер-10 мың, эритроциттердің тұну жылдамдығы-25 мм/с. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу қажет:

+ Уретрадан қырынды алу

- Ревматоидты факторда анықтау

- Стрептококкқа қарсы

- Райт және Хедельсон реакциясы

- Зәр қыщқылының деңгейін анықтау

 

?

26 жастағы науқас, дене қызуының 380С көтерілуіне, сол жақ тізе, сирақ буындарындағы өткір ауыру сезіміне, олардағы домбығу мен қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Объективті: сол жақ тізе және тобық буындары ісінген, сипағанда ыстық, өткір ауру сезімді, сіңірі мен оң табан сүйегі ауырады. Қанында: лейк-10 мың, эритроциттердің тұну жылдамдығы-46 мм/сағ, С реактивті ақуыз оң мәнді. Ревматоиды фактор 1:10. Жалпы зәр анализі: протеин 0,066 г/л, лейкоциттер 7-8-8 к/а, эритроциттер 2-3 к/а. Қандай препарат емге қажет:

+ Антибиотик макролидтер тобынан;

- Қабынуға қарсы стероидты емес препарат;

- Антибиотик пенициллин тобынан;

- Алтын препараты;

- Хинолинді.

 

?

50 жастағы науқас, соңғы екі жыл бойы тізе буындарының аздап ауыруы мазалайды, жүргенде күшейетініне шағымданады. Объективті: тізе буындарының пішіні бұзылған, буын айналасындағы тін тығыздалған. Рентгенограммада: тізе буындарының саңылауының тарылуы, субхондральды склероз. Қандай препаратты тағайындау барынша тиімді:

+ Хондроитин сульфатты

- Кальцеминді

- Ампициллинді

- Индометацинді

- Триамцинолонды

 

?

32 жастағы әйел, соңғы 2 ай ішінде физикалық күш түскендегі еңтігуге, кешке қарай табанының сыртқы беткейінде ісінулерге, әлсіздікке, тез шаршаңдыққа шағымданады. Анамнезінде: 12 жасында буындардың зақымдалуымен және эндокардитпен жүрген, алғашқы ревматикалық шабуыл болған. Жүрек тондары бәсендеген, дөрекі пансистололық шу естіледі. Көрсетілген зерттеулердің қайсысы барынша тиімді:
+ Допплерографиямен жүректің ультра дыбыстық зерттеу

- Электрокардиография
- Кеуде қуысының рентгенограммасы

- Фонокардиография
- СРБ анықтау

 

?

Ұзақ уақыт бойы қант диабеті І типімен ауыратын, 45 жастағы ер кісі тексеру кезінде тұрақты микроальбуминурия анықталды. Қандай емдеу түрі тиімді:

+ Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторларын тағайындау

- Диуретиктерді тағайындау

- Антикоагулянттар

- Ақуыз препараттары

- Антиагреганттар

 

?

Жансақтау бөліміне қант диабеті І типімен ауыратын 29 жасар науқас диабеттік кетоацидозбен түсті. Қандай дәрі бірінші кезекте тағайындалады:

+ Натрий хлорид 0,9% ерітіндісі

- Реополиглюкин

- Глюкоза 5%ерітіндісі

- Глюкоза 40%ерітіндісі

- Натрий хлорид 7,5% ерітіндісі

 

?

Науқас, 44 жаста шағымдары салмағының артуы, басының ауыруы. Объективті: беті қошқыл қызыл түсті, іші өскен, аяқ-қолдары жүдеген, артериалды қан қысымы-190/110 мм.с.б.б. Рентгенограммада: омыртқада остеопороз белгісі анықталды. Қан мен зәрде гидрокортикотропин деңгейі сәл жоғарылаған. Қандай ауру туралы ойлауға болады:

+ Иценко-Кушинго синдромы

- Семіздік

- Глоиерулонефрит. Созылмалы бүйрек жетіспеушелік

- Біріншілік альдестеронизм

- Гипертония ауруы

 

?

12елі ішек ойық жарасымен ауыратын науқастың уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі қанша:

+ 21-28 күн.

- 45-50 күн.

- 50-70 күн.

- 9-12 күн.

- 5-7 күн.

 

?

Дене жүктемесін тоқтатқанда басылушы, жүгіру барысында пайда болатын төс тұсында қысып ауырсыну стенокардияның қай түріне тән:

+ Тұрақты күштемелі стенокардия I ФК.

-Тұрақты күштемелі стенокардия II ФК.

-Тұрақты күштемелі стенокардия III ФК.

- Тұрақты күштемелі стенокардия IV ФК.

- Тұрақсыз стенокардия.

 

?

Жиі мұрынынан және асқазаннан қан кету, ерінде, тілде, ауыз қуысының кілегей қабатында телеангиэктазиялар қайсы ауруға тән белгі:

+ Вебер-Рандю-Ослер ауруына.

- Мэллори-Вейсс синдромына.

- Цингаға.

- Геморрагиялық гастритке.

- Верльгоф ауруына.

 

?

Қай препарат құрғақ жөтел тудырады:

- Теопек.

- Беротек.

+ Капотен.

- Недокромил.

- Аторис.

 

?

Пульс дефициті жүрек ырғағы бұзылысының қай түріне тән:

- Синустық аритмияға.

- Жүрекшелік экстрасистолияға.

+ Жүрекше фибрилляциясына.

- Суправентрикулярлы тахикардияға.

- Қарыншалық экстрасистолияға.

 

?

Қандай аритмия түрі миокард инфаркті диагностикасын қиындатуы мүмкін:

+ Вольф - Паркинсон - Уайт синдромы.

- Қарыншалық тахикардия.

- Синустық аритмия.

- Синустық тахикардия.

- Қарыншалық экстрасистолия.

 

?

Тізе буындарында қозғалғанда сықырлау және жүргенде пайда болып, тыныштық күйде басылатын ауырсыну; буын қуысының біркелкі емес тарылуы және остеофиттер қай ауруға тән:

- Подаграға.

- Ревматоидты артритке.

+ Остеоартрозға.

- Ревматизмге.

-Түйінді периартериитке.

 

?

Әлсіздік, жүрек айнуы, тәбет болмауы, эпигастрий аймағында тұрақты ауырсыну, салмақ жоғалту ойық жараның қай асқынуында байқалады:

+ Ойық жараның малигнизациясында.

- Асқазанның шығыс бөлігінің стенозында.

- Ойық жара пенетрациясында.

- Ойық жарадан майда қан кетуіде.

- Ойық жара перфорациясында.

 

?

29 жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге күндізгі уақытта аптасына 1-2 рет, түнгі уақытта айына екі реттен жиі мазалайтын демікпе ұстамасына шағымданды. Ұстама барысында сальбутамолды ингаляция түрінде қолданады. Ауру белгілері бір жылдан бері байқалады. Темекі шегеді. Жағдайы нашарлауын салқындаумен байланыстырады. Объективті - өзгерістер анықталған жоқ. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы сальбутамолмен дем алғаннан соң 20 минуттан кейін алғашқы көрсеткішімен салыстырғанда 25 % жоғары. Ұстамадан тыс уақытта тыныс шығарудың жылдамдық шыңы қажетті мөлшердің 80% құрайды, тыныс шығарудың жылдамдық шыңы көрсеткішінің ауытқуы 30%. Қандай диагноз ең дұрысы:

- Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, жеңіл интермиттирленген ағымы

- Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жеңіл ағымы

- Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, орташа ағымды персистирленген

- Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, ауыр ағымды персистирленген

+ Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, жеңіл ағымды персистирленген

 

?

45 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауыруына, жүрек айнуына, жүрек тұсында қысып ауырсынуға шағымданып келді. Екі жыл ішінде артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы бойынша диспансерлік бақылауда тұрады. Артериялық қан қысымының ең жоғарғы деңгейі 150/95 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі. Клиникалық зертханалық тексеру нәтижелері өзгеріссіз. Артериялық гипертензияның дәрежесі мен қатер тобын анықта:

+ Артериялық гипертензия I дәрежесі, қатер тобы IV

- Артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы III

- Артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы IV

- Артериялық гипертензия III дәрежесі, қатер тобы III

-Артериялық гипертензия, III дәрежесі, қатер тобы IV

 

?

55 жастағы ер адам, дәрігерге аяқ астынан пайда болған ентігуге, көкірек тұсында ауырсыну, жүрек соғысы жиілеуі, қанды қақырық, тершеңдік пайда болуына шағымданды. Объективті тексергенде цианоз, мойын веналары кеңеюі, аяқ веналарының варикозды кеңеюі байқалады. Өкпеде плевра үйкеліс шуылы естіледі. Электрокардиограммада: SІQІІІ синдромы, P-pulmonale, Гис бұтағының оң жақ аяғының толық емес блокадасы анықталды. Қандай диагноз ең дұрысы:

- Миокард инфаркті.

- Астматикалық статус.

+ Өкпе артериясының тромбоэмболиясы.

- Өкпе бөлігінің ателектазы.

-Өкпенің ошақты туберкулезі.

 

?

19 жастағы ер бала дәрігерге жүрек тұсында қысып ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінде дене жүктемесінен кейін естен танып қалу байқалған. Анасы жағынан жақын туысқандарының ішінде жастай аяқ астынан өлім жағдайлары болған. Объективті тексеруде дене бітімі жақсы, көкірек торы деформацияланбаған. Тері қабаты қалыпты. Жүрек аускультациясында жүрек түрткісінде төс бойына жақсы берілетін қатал систолалық шу естіледі. АҚҚ 120/80 мм сынап бағанасы бойынша, пульс минутына 84 рет. Электрокардиограммада І, aVL, V5,V6 тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі анықталды. Эхокардиограммада сол жақ қарынша мен қарыншааралық пердесінің айқын гипертрофиясы анықталды. Осы патологияда кардиалгияның пайда болу себебі қандай:

+ Салыстырмалы коронарлық жетіспеушілік.

- Спецификалық емес коронарит.

- Коронарлық артериялар спазмы.

- Қанда эндорфиндер деңгейінің төмендеуі.

-Коронарлық артериялар атеросклерозы.

 

?

35 жастағы ер адам, дәрігерге бас ауруына, бұлшық еттер әлсіздігіне, шөлге, көп зәр шығуына, қайтымды тырысу байқалатынына шағымданып келді. Ауру белгілері бірнеше ай бойы мазалайды, аурудың басталуын ешқандай себеппен байланыстырмайды. Объективті тексергенде науқаста АҚҚ 170/100 мм сынап бағанасына дейін жоғарылауы анықталды. Анализдерінде гипокалиемия– 2,5 ммоль/л, гипернатриемия – 170 ммоль/л анықталды. Болжам диагноз қандай:

- Реноваскулярлы гипертония.

- Феохромоцитома.

+ Біріншілік гиперальдостеронизм.

- Диабеттік нефропатия.

-Бүйрек поликистозы.

 

?

57 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсында 30 минутқа созылған, нитроглицеринге басылмайтын қысып ауырсынуға, ауырсынудың сол қолға берілуіне шағымданды. Электрокардиограммада І, ІІ, aVL, V5-V6 тіркемелерінде Q тісшесі және монофазалы қисық анықталды. Қандай диагноз ең дұрысы:

- Сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

- Сол жақ қарынша түрткісінің Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

- Сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік және бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

- Сол жақ қарыншаның артқы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

+ Сол жақ қарыншаның алдыңғы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

 

?

30 жастағы әйел, дәрігерге жүрек айнуымен, іш кебуімен, қатты терлеумен бірге байқалатын және көп зәр шығарумен аяқталатын жүрек соғысы жиілеу ұстамасына шағымданды. Алғашқы ұстама үш ай бұрын мазалаған, дәрігерге қаралмаған. Объективті тексергенде ішкі органдар жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. АҚҚ 110/80 мм сынап бағанасы бойынша, пульс минутына 78 рет. Электрокардиограммада PQ интервалының қысқаруы, QRS комплексінің кеңеюі мен деформациясы, QRS комплексінің алдыңғы тармағының «сатылы» деформациясы, ST интервалының дискордантты жылжуы анықталды. Науқаста жүрек ырғағы бұзылысының қай түрі:

- Синустық түйіннің әлсіздік синдромы.

- Қарыншалық экстрасистолия.

- Гис буынының оң жақ аяқшасының толық блокадасы.

+ Синдром Уайт-Паркинсон-Вольф синдромы пароксизмалды жүрекшелік. тахикардия ұстамасымен.

- II дәрежелі атриовентрикулярлы блокада Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасымен.

 

?

22 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге тез шаршауға, аздаған дене жүктемесінен кейін ентігуге шағымданып келді. Обьективті тексергенде беті көкшіл қызғылт, жүрек түрткісі солға жылжуы, жүрек аускультациясында І тонның әлсіреуі, сол жақ қолтықастына берілетін І тоннан кейін бірден естілетін систолалық шу, ІІІ патологиялық тон анықталды. Электрокардиограммада сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша гипертрофиясы анықталды. Қандай диагноз ең дұрысы:

- Митралді стеноз

+ Митралді жетіспеушілік

- Аорталді стеноз

- Аорталді жетіспеушілік

-Үшжармақты қақпақша стенозы

 

?

23 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге әлсіздікке, тез шаршауға шағымданып келді. Бала кезінде ангинамен жиі ауырған. Объективті тексергенде әлсіз, баяу пульс, каротид биі анықталды. Аускультацияда жүрек түрткісінде 1 тонның, аортада 2 тонның әлсіреуі, аортада және Боткин-Эрба нүктесінде систолалық шу анықталды. Систолалық шу аорта үстінде жақсы естіледі, ұйқы артериясына және жауырынаралық аймаққа беріледі. Қандай диагноз ең дұрысы:

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралді қақпақша жетіспеушілігі

+ Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, аорта қақпақшасының стенозы

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, үшжармақты қақпақша стенозы

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралді қақпақша стенозы

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, аорталді қақпақша жетіспеушілігі

 

?

45 жастағы ер адам, дәрігерге сол жақ табанында қатты ауырсыну пайда болуына шағымданды. Анамнезінде: жақын арада алкоголь қабылдаған. Ауырсыну аяқ астынан 1- ші алақанфалангалық буыннан басталған. Объективті тексергенде бас бармақ буыны тұсында тері қабаты айқын қызарған, ұстап көргенде ыстық, қозғалыс шектелген.

Болжам диагноз қандай:

- Реактивті артрит.

- Рейтер синдромы.

+ Подагралық артрит.

- Псориаздық артрит.

-Ревматикалық полиартрит.

 

?

26 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге дене қызуы 38оС жоғарылауына, іші ауыруына, тәулігіне 8-10 рет қан және кілегей аралас іші өтуіне шағымданып келді. Ауру жіті респираторлық вирустық аурудан соң жедел түрде дамыған. Объективті тексергенде іші аздап үрленген, сол жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады, осы аймақта жіп тәрізді тоқ ішек пальпацияланады. Науқаста қайсы аурудың белгісі болуы мүмкін:

- Жіті дизентерия

- Крон ауруы

+ Спецификалық емес ойық жаралы колит

- Тік ішек ісігі

- Уиппл ауруы

 

?

18 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек соғуы жиілеу, дірілдеу, қатты терлеу, бас айналу, жүрек айну, құсу, қатты басы ауруы, көзі қарауыту байқалатын ұстамаға шағымданды. Объективті тексергенде: Тері қабаты қалыпты түсті. Жүрек тондары айқын, аорта үстінде 2 тон акценті, жүрек түрткісі тұсында нәзік систолалық шу естіледі. АҚҚ 180/100-170/95 мм сынап бағанасы бойынша. Бауыр қабырға доғасы шетінде пальпацияланады. Бүйрек тұсын пальпациялағанда науқастың жағдайы күрт нашарлайды: үрей, тері қабатының күрт бозаруы, мұздаюы, тремор, жүрек айнуы, тершеңдік пайда болады. АҚҚ 220/120 мм сынап бағанасына дейін жоғарылауы, пульстің кернелуі, минутына 120-140 ретке дейін жиілеуі байқалады. Ұстама соңында 1,5 литрге жуық ашық түсті зәр бөлінді. Зертханалық тексеру нәтижелері аздап лейкоцитоз, глюкозурия, гипергликемия және зәрде норадреналин деңгейі бірнеше тәулік бойы 254 мкг, адреналин 326,4 мкг деңгейіне жоғарылауын көрсетті. Болжам диагноз қандай:

- Реноваскулярлы гипертония.

+ Феохромоцитома.

- Біріншілік гиперальдостеронизм.

- Созылмалы гломерулонефрит.

- Бүйрек поликистозы.

 

?

39 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас айналуына, ентігуге, тез шаршауға, аяқтарында сезімталдықтың бұзылуына және жиі іші өтуіне шағымдаып келді. Объективті тексергенде тері қабаты сарғыш түсті, тіл емізікшелерінің тегістелуі, глоссит белгілері анықталды. Науқасқа 2 жыл бұрын гастрэктомия жасалған. Жалпы қан анализінде гиперхромды анемия анықталды. Сүйек кемігі пункциясында: мегалобластты қан жасалу түрі байқалады. Қанда ферритин деңгейі жоғары. Болжам диагноз қандай:

-Теміртапшылық анемия.

+ В12- тапшылық анемия.

-Аутоиммунды гемолитикалық анемия.

- Туа пайда болған гемоглобинопатия.

-Апластикалық анемия.

 

?

20 жастағы ер бала бас ауруына, көшпелі ақсаңдауға және тез шаршауға шағымданып қаралды. Объективті тексергенде тұлғасының жоғарғы бөлігі төменгі бөлігімен салыстырғанда жақсы дамыған. АҚҚ қолынан өлшегенде 190/100 мм сынап бағанасымен. Аяғында пульстің айқын әлсіздігі анықталды. ЭКГ — сол жақ қарынша гипертрофиясының белгілері. Болжам диагноз қандай:

- Түйінді периартериит

- Феохромоцитома

+ Аорта коарктациясы

- Кон синдромы.

-Иценко—Кушинг синдромы

 

?

57 жастағы ер адам, дәрігерге ентігуге, демікпеге, қызғылт көпіршікті қақырықпен жөтелге шағымданды. Науқас жағдайының нашарлауын дене жүктемесімен байланыстырады. Анамнезінде 5 жыл бойы артериялық гипертензия ауруы бойынша диспансерлік бақылауда тұрады. Объективті қарағанда: Ортопноэ. Өкпесінің екі жағында да әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар анықталады. Жүрек аускультациясында тондар тұйықталған, ырғақ бұзылған. АҚҚ 160/100 мм сынап бағанасымен. Электрокардиограммада жыбыр аритмиясы, ЖСЖ минутына 120 рет орташа есеппен. Сол жақ қарынша гипертрофиясы күштену белгісімен. Аталған симптомдар қайсы патологияға тән:

- Бронх демікпесі ұстамасына

+Жіті сол жақ қарыншалық жетіспеушілікке

-Өкпе артериясының тромбоэмболиясына

-Спонтанды пневмотораксқа

-Инфарктті пневмонияға

 

?

38 жастағы ер адам, аймақтық дәрігерге жиі шөлдеуге, тері қышымасына шағымданып қаралды. Объективті тексергенде: мұрын, құлақтары, төменгі жақ сүйектері ұлғаюы салдарынан бет келбеті іріленген, қол басы мен табандары да ұлғайған. Қандағы қант деңгейі 8,2 ммоль/л. Бас сүйегі R - граммасында күмбез сүйектері, шүйде төмпешігі қалыңдаған, түрік ершігі үлкейген. Соматотропты гормондар гиперпродукциясы анықталды. Қайсы ауруды болжау мүмкін:

- Қант диабеті.

-Иценко-Кушинг ауруы.

+ Акромегалия.

-Глюкагонома.

- Кортикостерома.

 

?

37 жастағы, фермер, жалпы тәжірибелік дәрігерге аралас сипаттағы ентігуге, дірілдеуге, дене қызуы 390С жоғарылауына, аздаған қан ізі байқалатын қақырықты жөтелге шағымданып қаралды. Бұл симптомдар шіріген шөптермен жұмыс істегеннен кейін 6 сағаттай уақыт өткен соң пайда болған. Қан сарысуында преципиттирлеуші қарсы денелер анықталған. Қайсы патология болуы мүмкін:

-Милиарлы өкпе туберкулезі

- Пневмония

+ Экзогенді аллергиялық альвеолит

- Идиопатиялық фиброзирлеуші альвеолит

- Бронх демікпесі

 

?

15 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге 200 мл дейін иісті кілегейлі іріңді қақырықпен жөтелге, қанды қақырыққа, дене қызуының 38,2 С жоғарылауына, ентігуге, тез шаршауға шағымданып қаралды. Бала кезінен жиі жөтеледі. Соңғы 5 жыл ішінде жылда жөтел мазалайды. Ең алдымен қайсы ауруды анықтау қажет:

-Пневмония

-Созылмалы өкпе абсцессі

+Туберкулез

-Өкпе поликистозы

-Бронхоэктатикалық ауру

 

?

32 жастағы әйел, екі ай бойы дене қызуы 39*С жоғарылауына, тоңып дірілдеуге, аздаған дене жүктемесінде ентігу пайда болуына, бас ауруына шағымданып жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралды. Дене қызуын түсіретін препараттар, сульфаниламидтер, бір рет ампициллиннің бес күндік курстық емін қабылдаған. Температурасы 38,2*С, тері қабаты бозғылт, бетінде, алақандарында бір екі петехиалді экзантемалар байқалады. Пульсі минутына 100 рет, АҚҚ 140/90 мм сынап бағанасымен, жүрек тондары тұйықталған, төстің сол жақ бойында II тоннан кейін бірден жоғарғы жиілікті диастолалық шу естіледі. Гепатоспленомегалия анықталды. Қайсы диагноз ең дұрысы:

-Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы және митралді стеноз.

+Инфекциялық эндокардит және аорта жетіспеушілігі.

-Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы және аорта жетіспеушілігі.

-Инфекциялық эндокардит және митралді жетіспеушілік.

-Инфекциялық эндокардит және митралді стеноз.

 

?

27 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге тоңып дірілдеуге, құрғақ жөтелге, оң жақ бүйірінде ауырсынуға, дене қызуы 38,5 С жоғарылауына шағымданып қаралды. Үш күннен бері ауырады. Кеуде торының оң жақ бөлігі тыныс алу актісіне ілеспейді. Перкуссияда кеуде торының алдыңғы 3-ші қабырғааралығында және жауырынаралық аймақтың ортаңғы бөлігінен бастап дыбыстың тұйықталуы анықталады, тыныс бұл аймақтарда естілмейді. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1,5 см сыртқа ығысқан. Болжам диагноз қандай:

+ Оң жақты экссудативті плеврит.

- Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы.

- Оң жақты крупозды пневмония.

- Созылмалы бронхиттің өршу фазасы.

- Оң жақты гидроторакс.

 

?

50 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге бір жылдан бері төстің жоғарғы үштен бір бөлігінде түнгі мезгілде ұзақтығы 15 минут өз бетінше немесе нитроглицеринмен басылатын ауырсыну ұстамасы пайда болуына шағымданып қаралды. АҚҚ - 120/80 мм сынап бағанасымн, пульс минутына 62 рет. Ұстамадан тыс уақытта түсірілген электрокардиограммада өзгерістер жоқ. Дене жүктемесімен сынама теріс мәнді көрсетті және жүктемеге төзімділігі жоғары. Ұстама кезінде түсірілген ЭКГ да көкірек тіркемелерінде ST сегментінің жоғары көтерілуі тіркелді. Дұрыс диагноз қандай:

-Перикардит.

-Нейроциркуляторлы дистония.

-Күштемелі стенокардия.

+Вариантты стенокардия.

-Обструктивті кардиопатия.

 

?

50 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге 2-3 сағатқа созылған тыныс алумен байланысты емес мойынға берілетін төс артында қыжыл пайда болуына, күрт әлсіздікке және тершеңдіке шағымданып қаралды. Анамнезінде созылмалы бронхиттің жиі өршуі байқалады. Шылым шегеді. Ұстама бүгін түнде алғашқы рет пайда болды. Қайсы ауру жайында ойлаған дұрыс:

-Мойын остеохондрозы.

-Спонтанды пневмоторокс.

-Өкпелік жүрек.

+Миокард инфаркті.

-Өкпе инфаркті.

 

?

50 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге күрт дене жүктемесіне байланысты пайда болатын кеуде торының сол жақ бөлігінде ауырсынуға шағымданып қаралды. Сол қолын қозғалтқанда және терең дем алғанда ауырсыну күрт күшейеді. Перкуссия жасағанда сол жақ өкпе үстінде тимпанит анықталады. Өкпе аускультациясында сол жақта тыныс айқын әлсіреген. Қандай патология туралы ойлаған дұрыс:

- ЖИА. Стенокардия

- Остеохондроз

- Қабырғааралық невралгия

+ Спонтанды пневмоторакс

- Экссудативті плеврит.

 

?

40 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге мойынға берілетін және тыныс алғанда күшейетін көкірек артында жіті ауырсыну пайда болуына шағымданып қаралды. Ауырсыну кеше кешке пайда болған және біртіндеп таңертеңге қарай барынша күшейген. Бір апта бұрын гриппен ауырған. Жөтел байқалмайды. Қандай патология туралы ойлау керек:

- миокард инфаркті

- Жіті трахеобронхит

+ Жіті перикардит

- Остеохондроз

- Титце синдромы

 

?

45 жастағы ер адам, амбулаторияға жүректің үзілісті соғуына шағымданып қаралды. Электрокардиограммада синустық ырғақ фонында жиі кезектен тыс деформацияланған Р тісшесінен кейін қалыпты QRS комплексі, РQ интервалының қысқаруы және толық емес компенсаторлық үзіліс анықталды. Науқаста қандай ырғақ бұзылысы анықталды:

- Синустық аритмия.

-Атриовентрикулярлы блокада П дәрежесі.

+ Жүрекшелік экстрасистолия.

-Қарыншалық экстрасистолия.

-Жыбыр аритмиясы.

 

?

50 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге барлық денесінде ісіну пайда болуына шағымданып қаралды. 5 жыл бойы оң сирақ аймағында жыланкөз мазалайды, екі жылдай ісіну байқалады. АҚҚ жоғарыламаған. Қан анализінде гемоглобин 45 г/л, зәр анализінде – салыстырмалы салмағы 1015, белок 10 г/л, зәр тұнбасында көп мөлшерде гиалинді және дәнді цилиндрлер анықталды. Мочевина, креатинин қалыпты деңгейде. Зимницкий сынамасы ауытқусыз. Болжам диагноз қандай:

+ Екіншілік бүйрек амилоидозы.

- Созылмалы гломерулонефрит.

- Созылмалы пиелонефрит.

- Жіті пиелонефрит.

- Біріншілік бүйрек амилоидозы.

 

?

45 жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсына берілетін тамақтан соң жарты сағаттан кейін, дене жүктемесі мен тұлғаны еңкейткенде пайда болып күшейетін семсер өсіндісінің негізі тұсында ашытып ауырсынуға шағымданды. Ауырсыну алмагель қолданғанда толық басылмайды. Сонымен қатар ауамен кекіру, демікпе ұстамасы, жөтел мазалайды. Барий жүзгінімен жасалған рентгенологиялық тексеруде контрастты массаның асқазаннан өңешке қайта өтуі (рефлюксі) анықталды. Қайсы патологияға күдік туады:

- Рефлюкс-эзофагитқа.

- Өңеш ісігіне.

+ Кардия ахалазиясына.

- Бронх демікпесіне.

- Созылмалы гастритке.

 

?

44 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге соңғы тамақты қабылдағаннан соң 12 сағаттан кейін жүрегі айнып, көп рет қайталанған жеңілдік әкелмейтін құсық, эпигастрий тұсында жағымсыз сезім, күрт әлсіздік пайда болуына шағымданып қаралды. Анамнезінде бір апта бойы алкоголь қабылдаған. Объективті қарағанда – жалпы жағдайы ауыр, аузынан алкоголь исі шығады, есеңгірегендік, тері қабатының бозғылттығы байқалады. АҚҚ 60/20 мм сынап бағанасымен, ТСЖ минутына 60 рет. Пальпациялағанда ішінде ауырсыну байқалады, бұлшық еттік қорғаныс реакциясы жоқ, ішперде тітіркену сипмтомы теріс мәнді. Нәжіс формалы күніне бір рет. Науқастың болжам диагнозы қандай:

+ Панкреонекроз.

- Экзотоксикалық шок.

- Миокард инфарктінің абдоминалді түрі.

- Тамақтан болған токсикоинфекция.

- Алкоголь суррогаттарымен улану.

 

?

55 жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсында физикалық жүктемеге байланысы жоқ, бірақ нитроглицеринге басылатын, қысып ауырсынуға шағымданып келді. Аяқ көқтамырларында варикозды ісіну бар. Қан қысымы 160/90 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі. Электрокардиограммада спецификалық өзгерістер жоқ.

Келесі диагностикалық тексеру түрі қандай:

- Велоэргометрия

- Обзиданмен сынама жүргізу

+ Тәуліктік мониторинг

- Коронароангиография

- Қандағы ферменттер мөлшерін анықтау

 

?

43 жасар ер адам, аспаз, жалпы тәжірибелік дәрігерге жеңілдік әкелмейтін, аз мөлшерде кілегейлі қақырық бөлінетін қатты жөтелге, физикалық жүктемеде пайда болатын ентігуге шағымданып келді. 4 жылдан бері ауырады. 14 жасынан темекі шегеді. Көкірек торы бөшке пішінді, бұғана үсті кеңістіктері ісінген. Дауыс дірілі екі жақтама төмендеген. Перкуссияда қораптық дыбыс. Тынысы қатаң, тыныс шығаруы ұзарған, бүйір бөлімдерінде дисканттық, қатты тыныс шығарғанда күшейетін сырылдар естіледі. Науқасқа не тағайындау қажет:

- Жөтелге қарсы препараттар.

+ Бронхты кеңейтуші препараттар.

- Дәрумендер.

- Антиагреганттар.

- Седативті препараттар.

 

?

30 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге 1 ай бойы антибиотиктерге тұрақты, 38 0С дейін жоғарылаған дене қызуына, гипергидрозға шағымданып келді. Тексеріп көргенде: мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы, нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ-ң 50 мм/сағатқа көтерілуі анықталды. Диагнозын анықтау үшін не істеу қажет:

- Цитостатиктер тағайындап көру

- Жергілікті антибиотиктер тағайындау

+ Бейспецификалық ем тағайындап көру

- Кортикостероидтар тағайындап көру

- Антибиотиктер тағайындап көру

 

?

40 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге әлсіздікке, бас айналуына, көз қарауытуына шағымданып келді. Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, терісі және кілегейлі қабаты бозғылт. Эритроциттері – 3,6 х 109 г/л, гемоглобин – 100 г/л, түстік көрсеткіші – 0,83.Сарысудағы темір – 9 мкмоль/л. Сарысудың жалпы темірбекіту көрсеткіші – 76 мкмоль/л. Науқасқа қандай дәрілік ем тағайындау қажет:

- Витамин В12 200 мкг б/і күнара.

- Преднизолон 20 мг/т.

+ Темір сульфаты 150 мг/т.

- Фолий қышқылы 5 мг/т.

- Витамин Е 200 мг/т.

 

?

40 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге оң табанында қатты ауырсынуға шағымданып келді. Бір күн бұрын досының туылған күнінде болған, көп мөлшерде кәуап жеп, қызыл шарап ішкен. Ауырсыну таңғы сағат 6 шамасында басталып, оң аяқтың бірінші саусақ буынында орналасқан. Буын үстінде тері қызарған, ісінген, сипағанда ыстық және қатты ауырсыну байқалады, қозғалғанда, жүргенде күшейеді. Әлсіздік, дене температурасы 37,60С, бас ауыруы байқалады. Бұндай жағдай өмірінде бірінші рет болып тұр. Сіздің күдігіңіз подагралық шабуыл. Сіздің диагностикалық тактикаңыз қандай:

- Буын пункциясы.

- Қанның клиникалық талдауы.

- Табанның R-граммасы.

- Ревматоидты факторды анықтау.

+ Тәуліктік зәрде зәр қышқылын анықтау.

 

?

55 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға шағымданып келді. Ауырсыну сол қолға беріледі, 3 қабатқа көтерілгенде немесе тегіс жерде 500 метрден артық жүргенде пайда болып, тыныштық күйде басылады. Бұл симптомдарға жүрек соғуы және беттің қызаруы қоса байқалады. Қандай дәрі тағайындау дұрыс болады:

- Нитроглицерин тіластына (шектеусіз).

- Кардикет 20 мг тәулігіне 3-4 рет.

- ТромбоАсс 100 мг тәулігіне.

+ Метопролол 100 мг тәулігіне 2 рет.

- Симвастерол 10 мг тәулігіне.

 

?

67 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге ентігу мен жөтелдің күшеюіне, кілегейлі-іріңді қақырықтың бөлінуіне, субфебрилді температураға шағымданып келді. Көп жылдан бері өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауырады. Аускультативті өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар. Тыныс алу жиілігі – минутына 28 рет, жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Артериялық қан қысымы 130/90 мм сынап бағанасы, пульс минутына 88 рет. Қай препаратты тағайындаған дұрыс:

- Гентамицин бұлшықетке.

+ Кларитромицин per os.

- Сальбутамол көктамырға.

- Вентолин ингаляциялық.

- Сальбутамол ингаляциялық.

 

?

47 жасар әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауру, жүрек айну, жүрек тұсында ауырсыну, жүректің қатты соғуына шағымданып келді. 10 жылдан бері бронх демікпесімен диспансерлік тіркеуде тұрады. Қан қысымы 170/90 мм сынап бағанасы.

Науқастың қосымша бронх демікпесімен ауыратынын ескере отырып, қайсы препаратты тағайындауға болмайды:

- Лизиноприл.

- Верапамил.

- Индапамид.

+ Карведилол.

- Амлодипин.

 

?

38 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге физикалық күш түскенде пайда болатын ұзақтығы 20 минутқа созылатын, соңғы 2 күнде күшейген, нитроглицеринмен нашар басылатын кеуде қуысындағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. ЭКГ-де: ST сегменті 2 мм ығысқан, Т тісшесі теріс. Қандай диагностикалық тест диагноз қоюға мүмкіндік береді:

- Жалпы қан талдауы.

- Холестерин, үшглицеридтер деңгейінің жоғарылауы.

+ Кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы.

- Физикалық жүктемемен сынама.

- Эхокардиография.

 

?

25 жасар әйел дәрігерге қорқу сезімі, үрей, басының айналуына шағымданды. Объективті: беті бозғылт, суық. Жүрек соғу жылдамдығы минутына 100 рет. Артериялық қан қысымы кенеттен 230/140 мм сынап бағанасына дейін жоғарылады. Жалпы тәжірибелік дәрігер феохромацитомадағы гипертониялық криз диагнозы


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 288 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Working Conditions and Welfare| VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.168 сек.)