Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Төртінші және соңғы крест жорықтары. Крест жорықтарының салдары.

Читайте также:
  1. Aуіпсіздік және еңбекті қорғaу бөлімі
  2. Quot;Крестьянка".
  3. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  4. АГРАРНО-КРЕСТЬЯНСКИЙ ВОПРОС
  5. Аграрно-крестьянский вопрос
  6. Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет
  7. Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.

1. Крест жорықтары дегеніміз Европа феодалдарының ХІ ғасырдың соңынан ХІІІ ғасырдың соңына дейін Таяу Шығыс елдеріне ұйымдастырған, ұзақ уақыт бойы жүрген әскери отаршылдық науқаны, жорықтары. Сырттай алып қарағанда бұл экспедициялар діни сипат алды. Католик шіркеуі бұл жорықтарды “крестінің - жарты айға” қарсы, яғни христиандықтың исламға қарсы күресі деп жариялады. Жорықтардың мақсаты палестинаны “дінсіздерден” азат ету, “құдайдың табытын” қайтару деп есептелді. Шын мәнісінде бұл Европа феодалдары тарапынан жүргізілген басқыншылық соғыстар болды. Европа барондары мен рыцарлары жорықтардың барысында шығыс қалаларын айуандықпен тонады, бүтіндей бір корольдықтар мен княздықтарды жаулап алды. Алайда, крест жорықтарына феодалдардан бөлек, европа қоғамының басқа да әлеуметтік топтары, атап айтқанда, шаруалар қатысты. Бұл жағдай крест жорықтарына бұқаралық, жалпы халықтық сипат берді. Замандастары үшін бүкіл Европа қозғалысқа келгендей, халықтардың жаңа қоныс аударуы басталғандай еді.

Крест жорықтарының себептері ХІ- ғасырдың соңына қарай Батыс Европа елдерінде байқалған экономикалық дамуда, әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуінде жатыр. Ұсақ рыцарлар үшін ХІ ғасырда жер көлемі азайды. Жергілікті шаруаларды қанаудан түсетін табыстар, жаңа жағдайларда феодалдарға жеткіліксіз болды. Сауда мен қалалардың дамуы нәтижесінде феодалдардың қажеттері арта түсті. Көптеген рыцарлардың жерлері болған жоқ, өйткені европалық феодалдық дәстүр бойынша жер – феод үлкен ұлға ғана мұралықпен қалдырылды, ал кіші ұлдардың мұралық үлес алу құқы болмады. Ондай рыцарлар үшін жағдайдан шығудың бірден – бір жолы шығысқа жорық жасау, жаңа жерлерді жаулап алу арқылы байлыққа кеңелу болды. Ірі феодалдар үшінде – князьдар, барондар – наразы рыцарлардың көңіл күйін басқа жаққа бұру маңызды еді.

ХІ ғасырдың аяғы ХІІ-ғасырлардағы крестшілер қозғалысында шаруалар мәселесі де орасан зор роль атқарды. Феодалдық езгіден жаншылған шаруалар, алғашында жалпылама дақпыртпен жорықтарға белсене қатысты. Шығыстан жер алуды, қарыздан құтылуды, феодалдық езгіден азаттық алуды аңсаған шаруалардың түсінігі де қиял – ғажайыпқа толы болды. Оларға барлығы оңай болып көрінді. Шығыста көпшілігін, тек ажал күтіп тұрғанын олар еш түсінбеді.

Светтік және діни феодалдарда әлеуметтік және саяси қиындықтардан шығудың бірден бір жолын – шығысқа жорықтардан көрді. Феодалдық крепостниктік құрылыстың таралуы, тауарлы – ақша қатынастарының дамуымен Европада шаруалар соғыстары тұтануының мүмкіндігі зор еді. Көптеген монахтар және басқа кезбе уағызшылар шаруалардың арасында үгіт – насихаттар жүргізді. “Құдай жолы, құдай – ісі” ұранымен жүрген мұндай үгітке көптеген шаруалар сеніп қалды. Алайда, шаруалар алғашқы екі жорыққа ғана қатысты, мұның өзі шаруалардың мәселенің ақ – қарасын ерте ажыратқанын білдірсе керек. Үшінші крест жорығынан бастап, бұл науқанға тек қана феодалдар қатысты. Европа корольдары мен феодаладры шығыста жаңа феодалдық үлгіде мемлекеттер құру міндетін ашықтан ашық қойды. Европалықтардың саяси жобасында Араб халифаты мен Византияға да орын қалған жоқ.



Крест жорықтарына белсенді қатысқан Итальян қалалары, әсіресі – Генуя мен Венеция болды. Олардың флоттары крестшілерді шығысқа тасыды, тылдан азық – түлікпен қамтамасыз етіп отырды. Жаулап алған территориялардағы шығыс порттары мен рыноктарында олардың монополиялық үстемдігі орнады.

Крест жорықтарының негізгі идеологі рим папасы мен дін иелері болды. Папаның билігі мен беделі бұл жылдары шырқау шыңына жеткен еді. Светтік биліктермен күресте папалар императорларды үнемі жеңіп отырды. Папалардың саяси жобалары мен көздеген материалдық игіліктері орасан зор еді: бытыраңқы феодалдық Европаға діни ғана емес саяси жетекшілік жасау, православие әлемі мен шіркеуін қайтадан өзіне бағындыру т.б. 1095-жылы күзде папа Урбан ІІ Оңтүстік Францияның Клермон қаласында Собор шақырып, қалың жұрттың алдында жиналғандарды крест жорықтарына шақырды. Папаның негізгі үндеуі: христиандарға “құдайдың табытын” қайтару мен “қасиетті жерді” - Палестинаны азат ету болды. Папа жорыққа қатысушыларға олардың күнәсін кешіруге уәде берді.ХІ ғасырда Таяу Шығыста Крестшілер үшінде қолайлы жағдай қалыптасты, бір кездердегі құдіретті, Араб халифаты мен Византияда құлдырап жатқан еді.

Загрузка...

Крест жорықтары 1096-жылдың көктемінде басталды. Жорыққа Солтүстік және Шығыс Францияның, Батыс Германияның шаруалары бірінші болып шықты. Жорықтың басшылары монах Петр Амьенский мен кедейленген рыцарь Вальтер Голяк тұрды. Бұл нашар ұйымдасқан, стихиялы шаруалар қозғалысы болды. Құрамында тапсызданған элементтер де аз болған жоқ. “Киелі жерге” жетпей – ақ қозғалыстың тонаушылық сипаты айқын көрінді. Жол жөнекей кездескен елді мекендердің барлығы қатты ойрандалды. Әсіресе, Рейн жағалауындағы Кельн, Майнц т.б., сондай – ақ Болгария, Венгрия қалалары қатты жапа шекті. Крестші–шаруалар тобыры Константинопольге келген кезде, император тәртіпсіздіктерден сескеніп, оларды Кіші Азия жағалауларына өткізіп жіберуге асықты. Кіші Азия жағалауларында шаруалар тобыры, кәсіптік түрік әскерлеріне тап болып, қырғынға ұшырады. Сонымен, шаруалардың крест жорықтары толығымен сәтсіздікпен аяқталды.

1096- жылдың күзінде жорыққа рыцарлар шықты. Бұлар негізінен француз, итальян және батыс герман феодалдары еді. Бұл жорықты екі інісі Балдуин және Естафиймен бірге жорыққа шыққан төменгі Лотарингия герцогі Готфрид Бульонский басқарды. Солтүстік француз феодалдарын екі Роберт – Нормандия графы Роберт, Фландрия графы Роберт – басқарса, оңтүстік француз феодалдарын Тулуза графы Раймунд басқарды. Бұлармен бірге папаның легаты - өкілі епископ Адемар жүрді. Оңтүстік итальян феодалдарына Тарент герцогі – Боэмунд басшылық жасады. Бұл жорыққа барлығы 30 – 40 мың рыцар қатысты. Рыцарлар Константинополь бағытына әртүрлі жолдармен жүрді. Бірінші отряд Рейн – Дунай бойымен жүрсе, екінші отряд Солтүстік Италия арқылы өтіп, Адриатика жағалауымен жүріп отырды.

Рыцарлар, тек 1097 жылдың көктемінде ғана Константинополь қаласынна біржолата жиналды. Феодал – рыцарлар осы жерде Византия императорына адалдық антын беруге тиісті еді. Европа рыцарлары ұзақ уақыт ондай антты бергісі келмей қасарысты, бірақ ақырғы соңында беруге мәжбүр болды. Алайда, Европа рыцарларының ойында оны мүлтіксіз орындау ниеті болған жоқ.

Тек, 1097 жылдың жазында ғана рыцарлар жасағы Кіші Азияға өтіп, Дорилей түбінде түрік отрядтарын талқандады, сөйтіп Полестина бағытында жылжыды. Таулы жердің жолымен жүру европалықтар үшін қиынға соғып, көптеген адамдар өлді. Жорыққа толығымен апатқа ұшырау қаупі төнген кезде, күтпеген жерден көмекке армяндар келді. Өйткені Кіші Армения (Киликия) крестшілердің көмегіне мұқтаж еді. Армяндар византиялықтармен де, түріктермен де дұшпандық қарым – қатынаста болды. 1098 жылдың жазында крестшілер “шығыстың астанасы – Антиохияны” алды. Ақырғы соңында, 1099- жылдың жазында крестшілер Иерусуалим қаласына жетті. 1099- жылдың июлінде Иерусуалим қаласы штурммен алынды. Крестшілер қаланы айуандықпен тонап, мұсылмандарды да, христиандарды да аямады. Қала тұрғындарының үлкен бөлігі өлтірілді.

Жаулап алулардың нәтижесінде Жерорта теңізінің шығыс жағалаулары – Финикия, Полестина, Сирияда крестшілердің үстемдігі орнады. Иерусуалим, Антиохия, Триполи, Эдесса, Тир, Сидон, Акра қалалары крестшілердің қолына өтті.

2. Жаулап алған территорияларда крестшілер өз мемлекеттерін құрды. Олардың ішіндегі ең ірісі Иерусуалим корольдығы болды. Оның алғашқы корольі Готфрид Бульонский болды. Оның мұрагері Болдуйнның кезінде (1100 – 1118 жж) корольдық біржолата қалыптасты. Корольдықтың шекарасы негізінен Палестинаны қамтыды. Бұлардан бөлек формальді түрде Иерусалим корольдығының вассалдары болып есептелген үш ірі княздық: Антиохия княздығы, Триполи мен Эдесса графтықтары құрылды. Бұлардың барлығы барондықтарға, олар өз кезегінде рыцарлық ленндерге бөлінді.

Иерусалим корольдығында айрықша феодалдық конституция жасалынып, кіші феодалдардың сеньор барондармен, сеньор барондардың корольдармен қарым қатынастары реттелді. Бұл конституция тарихта “Иерусуалим ассизі” деген атпен қалды. Ассизде рыцардың жылына қанша күн әскери қызмет атқару керек екендігі көрсетілді. Феодты мұрагерлікпен беру тәртібі айтылды. Король билігі сайланбалы болды және шектелді. Аса ірі феодалдар кеңесі – Жоғарғы Палата корольдарды сайлады. Жоғарғы Палата сондай–ақ феодалдардын жоғарғы соты болды. Барондар мен княздардың бұл Палатасынсыз король бірде - бір маңызды шешім қабылдай алмады.

Иерусалим корольдығындағы барлық жер иелігі әскери сипат алды, яғни феод болды. Сонымен, европалықтар шығыста классикалық феодалдық батыстық үлгідегі мемлекеттер құрғысы келді. Алайда, шығыста құрылған жаңа мемлекеттер баянды берік мемлекеттер бола алмады. Феодалдардың арасында тәртіп жетіспеді. Жергілікті халықтар басқыншы европалықтарды жек көрді. Рыцарлар, тіпті селолық жерлерде жергілікті халықпен араласып тұра алмады. Олар қалаларда тұрды, ешқандай шаруашылық жүргізбей, жергілікті халықтан алған ренталарын қанағат тұтты. Католик шіркеуі едәуір жер көлемін иеленді. Латын (католиктік) Иерусалим патриархы елде корольден кейінгі екінші адам болды. Жаулап алулардың нәтижесінде Генуя мен Венеция көпестері Сирия мен Палестинадағы барлық сауданы өз қолына алып, арабтар мен византиялықтарды екінші кезекке ығыстырды. Итальян қалалықтары мұнда шаруашылықпен айналысып бағалы дақылдар екті (мақта, қант құрағы, өсімдік майы т.б.). Жұмыс күші ретінде жергілікті халықтарды пайдаланды.

Шығыстағы позицияларын ұстап тұру үшін Европа билеушілері мен рим папалары діни – рыцарлық ордендер құрды. Оның мүшелері әрі монах әрі рыцарлар болды. Олар үш монахтық ережені орындады: кіршіксіздік (некеден бас тарту), кедейлік (байлық жинаудан бас тарту) және елгезектік (орденнің үлкенін тыңдаушылық, яғни папаны тыңдау). Кәдімгі монахтардан ерекшелігі діни – рыцарлық монахтар діни нанымы үшін қолына қару алып соғысуы тиіс болды. Діни – рыцарлық ордендердің айрықша монахтық уставы және ерекше діни - әскери басшылары – орден магистрлері болды. Ордендер папаларға тікелей бағынды. Рыцарлық сауыт – сайманнан бөлек орден мүшелері айрықша монахтық плащтар – мантиялар киді. Осындай сыртқы ерекшеліктері болмаса, бұлар нағыз кәсіпқой соғысушы рыцарлар еді. Әдетте, әлеуметтік тегі жағынанда бұлар рыцарлық семьялардан шықты. Палестинада және Европаның әртүрлі елдерінде ордендердің сан жағынан көп поместьелері болып одан түскен қаржылар ордендерге жұмсалды. Шығыста үш орден құрылды. Ең алғашқы орден 1119 жылы құрылып, ол Тамплиерлер немесе храмшылар ордені деп аталды. (фр.temple – храм). Себебі, ол аңыз бойынша ежелгі еврей патшасы Сүлеймен орналасқан храмда орналасты. Орденнің негізін қалаған француз феодалдары болды. Көп ұзамай осы Орденнің үлгісінде итальяндықтардың госпитальерлер немесе иониттер (Әулие Иоан Александрийскийдің құрметіне) ордені құрылды. 1070- жылы монахтар жараланған жауынгерлерді күтті, өздері де ұрыстарға қатысты. 1113 -жылы папа орденнің уставын бекітті. Палестинаны 1309 -жылы мұсылмандар жаулап алғаннан кейін олар Родос аралына қоныс аударды, ал 1522- жылы аралды түріктер басып алғаннан кейін Мальта аралына қоныс аударып, жаңа Мальта ордені деген атқа ие болды.

1190-жылы неміс феодалдары Неміс немесе Тевтон орденін құрды. Бұл басқа ордендерге қарағанда кейінірек құрылды және Палестинада көп орныққан жоқ. ХІІІ ғасырдың басында Тевтон ордені Европаға қоныс аударып төменгі Висла бойына қоныс тепті. Мұнда оларды пұтқа табынушы прусстарға қарсы соғысу үшін поляк феодалдары шақырған еді. Пруссияны жаулап алған Тевтон ордені атын өзгертіп “Прус” ордені деп атала бастады. Бүкіл Балтық жағалауын қамтыған Тевтон мемлекеті енді поляк мемлекетінің өзіне қауіп төндірді.

3. ХІІ ғасырдың 30 – 40 жылдары Иерусалим корольдығының күш қуаты шырқау шыңына жетті. Алайда, 40 – жылдарының басынан бастап, түріктер қайтадан күшейіп, 1144 жылы Эдесса графтығын басып алды. Иерусалим королі рим папасына үндеу тастап, бүкіл Европа феодалдарын көмекке шақыруға өтініш жасады. Бұған жауап ретінде 11471149 жылдары екінші крест жорығы ұйымдастырылды. Оны басқарған француз королі Людовик ҮІІ мен Герман императоры Конрад ІІІ болды. Алайда, жорық өте сәтсіз аяқталды, неміс рыцарлары Дорилей түбінде, француздар 1148 жылы Дамаскі түбінде жеңіліске ұшырады. Жорықтың барысында “франктер” мен византиялықтардың арасында алауыздықтар басталды. Иерусалим корольдығының жағдайы әлсірей берді. 1187-жылы тегі курд, түрік сұлтаны Саладин (1171 – 1193) Иерусалим қаласын алды.

Салодинге қарсы Европада үшінші крест жорығы (1189 – 1192 жж) ұйымдастырылды. Кеңінен ойластырылған бұл жорыққа Европа елдерінің үш билеушісі: ағылшын, француз және герман корольдері қатысты. Герман рыцарларын басқарған Штауфен династиясының өкілі атақты император Фридрих І Барбаросса болды. Бірақ Барбаросса Палестинаға дейін жетпей 1190- жылы Сирия өзендерінің бірінен өтерде суға ағып өлді. Басшысыз қалған неміс отрядтарының көпшілігі еліне қайтып оралды. Қалған екі король – француз Филип ІІ Август пен ағылшын королі “Арыстан жүректі Ричард” бір - бірімен тіл табыса алмады.

Үшінші крест жорығында айрықша белсенділік танытқан “Арыстан Жүректі Ричард” болды. Ол ең бірінші кезекте Кипр аралын жаулап алды. Бұдан кейін Ричард пен Филипп ІІ теңізбен Сицилияға келіп аялдап, осы жерден Палестинаға жетті. Алайда, екі король мінезі де, табиғаты да бір - біріне сәйкес келмейтін. Ричард тамаша рыцар, талантты трубадур (рыцарлық әндердің орындаушысы, композитор) бірақ нашар саясатшы, мінезі де орнықсыз болды, Филипп тамаша саясатшы, прагматик еді, ол Таяу Шығыста ұзақ уақыт болуға тырысқан жоқ. Екі корольдің біріккен күші 1191- жылы Шығыс Жерорта теңізіндегі маңызды бекініс Аккраны алды. Бұдан кейін Филипп ІІ Август Палестинаны тастап кетіп, Францияға қайтіп оралды. Ричард тағы бір жылға Палестинада қалды. Палестинада қалған Ричард үш рет Иерусалимді алуға әрекет жасады, бірақ барлығыда сәтсіз аяқталды. 1192-жылы ол Сұлтан Салодинмен келісім жасап, европалық діндарлардың христиандар үшін киелі жерлерге – Иерусалим, Вифлеем, Назарет т.б. мінәжәт етуге рұқсат алды. Ричард І отанына қайтып оралып келе жатып Австрия герцогі Леопольдтің тұтқынына түсіп, герман императорының қамауында екі жыл отыруға мәжбүр болды.

Үшінші крест жорығының ең маңызды нәтижелерінің бірі батыс европалықтардың Кипр аралын алуы болды. Иерусалим корольдығы кейіннен мұнда қоныс аударды. Крестшілер мемлекетінің ең берігі Кипр корольдығы болып шықты. Ол ХҮ ғасырдың екінші жартысына дейін, яғни 250 жыл өмір сүрді.

ХІІІ ғасырдың басында папа Инокентий ІІІ бүкіл Европаны жаңа төртінші крест жорығына шақырды (1202 – 1204 жж.). Төртінші крест жорығы крест жорығының дағдарысы мен азғындалу дәрежесін барынша көрсетті. Өйткені бұл жорық мұсылман әлеміне емес, христиандық Византияға қарсы бағытталды. Айрықша көзге түскен венециялықтар болды. Олар жорықтың бағыттарын өз қалауынша өзгертті. Мысалы, алғашында жорық Египеттен басталуы тиіс еді. Бірақ Египетпен сауда Венеция үшін пайдалы болды. Сондықтан венециялықтар крестшілердің барлық қаһарын өздерінің бәсекелестері Византияға қарсы бағыттай алды.

1204 жылы крестшілер Константинополь қаласын алып, Балкан түбегінің оңтүстігін ала – Латын империясы деген жаңа мемлекет құрды. Иерусалим корольдығы сияқты, бұл да типтік феодалдық мемлекет болды. Империяның билеушісі болып солтүстік француз феодалы Фландрия графы Болдуин (Бодуэн) тағайындалды. Империяның құрамында бірнеше ірі вассалдық иелік мемлекеттер болды: Фессалоники корольдығы, Афина герцогтығы, Ахей княздығы және т.б.

Византиядағы ірі жер иеліктері Венецияға өтті: Константинопольдің бір бөлігі, Галлиполи қаласы, Эгей теңізіндегі аралдар, Крит аралы, Пелопоннестің оңтүстік – батыс бөлігі. Венеция Константинопольдегі, Балкан түбегіндегі және шығыс Жерорта теңізінің едәуір бөлігіндегі барлық сауданы өз қолына алды. Дегенмен өзінің тәуелсіздігін сақтап қалған Византия иеліктері де болды. Солардың ішіндегі ең ірісі грек Никея империясы болды. Кіші Азияның солтүстігіндегі – Трапезунд иелігіде тәуелсіздігін сақтап қалды. Сондай – ақ, Балкан түбегіндегі Эпир деспотатыда (княздығы) тәуелсіз иелік болды.

Латын езгісіндегі гректердің қолдауына сүйенген Никея императоры Михаил ҮІІІ Палеолог тек 1261- жылы Константинополь қаласын жаулап алып, ондағы барлық европалықтарды қуды. Осылайша, Византия империясы қалпына келтірілді. Бірақ қалпына келтірілген Византия бұрынғы Византия емес еді. Төртінші крест жорығынан кейін Византия ұлы держава болудан қалды. Оның көлемі Балкан түбегінің оңтүстігі мен Кіші Азиядағы жұқа жағалаулық белдеумен шектелді.

Барлық крест жорықтарының сегіз саны. Бірақ олардың ішіндегі маңыздысы алғашқы төртеуі, ал соңғы төрт жорық бұрынғы жорықтардай бұқаралық, жалпы европалық сипат ала алмады. Соңғы төрт жорықты ұйымдастырған, тек жекеленген корльдар мен елдер болды. Бесінші крест жорығының ерекшелігі сонда, ол төртінші крест жорығының алғашқы сценарий бойынша жүрді, яғни жорық Египеттен басталды (1217 – 1221 жж.). Жорықты ұйымдастыруға Венгр королі Эндре ІІ, Австрия герцогі, Кипрдің королі т.б. қатысты. Крестшілер Египеттегі стратегиялық маңызы бар – Дамьетта бекінісін алды, бірақ бұдан кейінгі ұрыстарда крестшілер сәтсіздіктерге ұшырады. Алтыншы крест жорығын (1228 – 1229 жж.) герман императоры мен Сицилия королі Фридрих ІІ Штауфен басқарды. Рим папасымен жанжалдасқандықтан оның қатысушылары госпиталиерлер мен тамплимерлердің көмегіне сүйене алмады. Соған қарамастан Фридрих ІІ дипломатиялық жолмен ұрыссыз – ақ, Египет сұлтанынан Иерусалим мен оның төңірегіндегі қалаларды ала алды. Алайда, 1244- жылы Иерусалимді қайтадан түріктер басып алды.

Жетінші және сегізінші крест жорықтарын ұйымдастырған француз королі Людовик ІХ болды. Жетінші крест жорығына (1248 – 1254 жж.) үлкен дайындықтар жасалды. Египетке қарсы алыстағы татар – моңғолдармен келісім жасалынды. Крестшілер Дамьетта мен Мансур бекіністерін қайтадан алды, алайда 1250 жылы олар Каирге жетпей египеттіктер тарапынан ауыр жеңіліске ұшырады. Король мен бірге көптеген рыцарлар тұтқынға түсіп, ауыр төлемдер төлеп (200 мың ливр) өмірлерін сақтап қала алды.

Сегізінші крест жорығы (1269 – 1270 жж.) кезінде Людовик ІХ негізгі күштерін Тунис қаласын қоршауға жұмсады. Франция Солтүстік Африкада бекіп қалғысы келді. Алайда, қоршау кезінде француз лагерінде індет ауруы тарап, корольдің өзі оның құрбаны болды. Бұдан кейін европалықтардың шығысқа жорығы тоқтатылды. Таяу Шығыстың барлығы түріктердің қол астына өтті. 1268 -жылы түріктер Антиохияны, 1289 жылы Триполиді, 1291 жылы Акраны, ХҮ- ғасырда Кипрді алды.

Әдебиеттер:

1. Виллардуэн Ж.де. Завоевание Констонтинополя. Превод., вступ. Статья и комм. М.А.Заборова М., 1993.

2. Заборов М.А. История крестовых походов в документах и материалах. М., 1977.

3. Близнюк С.В. Мир торговли и политики в королевстве крестоновцев на Кипре 1192 – 1373. М., 1994.

4. Добиаш- Рождественская О.А. Крестом и мечом. Приключения Ричарда І Львиное сердце. М., 1991.

5. Заборов М.А. Крестоносцы на Востоке М., 1980.

6. Заборов М.А. Папство и крестовые походы. М., 1960.

7. Куглер Б. История крестовых походов. М., 1999.

8. Соколов Н.П. Образование Венецианской Колониальной империи. Саратов. 1963.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 270 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Моңғолдардың Русьті жаулауы | Шыңғысханның Қазақстан, Орта Азия және Кавказ жерін жаулап алуы | Экономикалық жағдайы | Б.) Гана мемлекеті | Оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы | А) Моси тайпасы құрған мемлекет | Рим империясының құлауы және жаңа әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуы: феодализм синтезі. | Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және оның себептері, ықпалы. | Герман тайпаларының қоғамдық құрылысы және дамуы. | Верден бөлінісі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ХІ – ХІІ -ғасырлардағы Византия| Испания.

mybiblioteka.su - 2015-2017 год. (0.165 сек.)