Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және оның себептері, ықпалы.

Читайте также:
  1. Aуіпсіздік және еңбекті қорғaу бөлімі
  2. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  3. Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет
  4. Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.
  5. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары
  6. Ауыспалы таңбалы қатары жинақты және оның қосындысы - ке тең болса, онда
  7. АХЭ кері және токсикалық әсерлері

IV – VІ ғасырда варвар тайпалары Рим империясын құлатқан кезең Еуропа тарихына халықтардың Ұлы қоныс аудару заманы ретінде енді. Аталған тарихи кезеңде бүкіл Еуразияны қамтыған және оның саяси, этникалық мәдени бейнесін өзгерткен процестер өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы тарихи поцестер нәтижесінде антика заманынан келе жатқан өркениеттің күйреп, феодалдық қатынастардың орныға бастаған дәуірі еді.

Варварлық басып кірулердің Европа тарихы үшін зор маңызды болды. Бұл басып кірудің нәтижесі терең ішкі қайшылықтардан, өндірістің құл иеленушілік тәсілінің дағдарысынан, бұқара халықтың күресінен күні біткен Батыстаға құл иеленушілік Рим империясының құлауы болды. Европаның саяси картасы өзгерді. Бұрын Батыс Рим империясы қамтыған теритррияларда 5 ғасырдың аяғы мен 6 ғасырдың басында жаңа қоғамдық қатынастарды дамытуға және феодализмге өтуге қажетті жағдайлар жасалған варварлық мемлекеттер пайда болды.

Батыс Европаның әлеуметтік – эконмикалық және саяси құрылысында терең өзгерістер болды.

Варварлардың римдік жер иеленушілерді жекелеп немесе толық экспроприциялауы шаруашылықтың құл иеленушілік жүйесіне күшті соққы болып тиді және оның әлде қашан ерте басталған ыдырауын тездетті. Қоғамның құрылысы өзгерді. Германдықтардың Батыс Рим империясы территориясына қоныстануы нәтижесінде өнім өндіруші көпшілік арасынан ерікті ұсақ жер иеленуші – қауымдастар маңызы орын ала бастады. Құл иеленушілік қоғамнан гөрі прогрессивті феодалдық қоғамға өтуге күшті кедергі болып келегн Рим құл иеленушілік мемлекетті жойылды.

Батыс Рим империясының құлауы және оның территориясында варварлық германдық корольдіктердің құрылуы, Римнің құл иеленушілік құрылысы мен рулық құрылысының орнына германдық феодалдық құрылысты әкелген терең әлеуметтік төңкеріс пен әлеуметтік ревалюция болып саналды.

Варварлық корольдіктер жаңа феодадық мемлекеттердің қалыптасуына негіз болды, оларда Батыс Европаның жаңа халықтарының тууы жүріп жатты.

Қазіргі заман тарихи – демографиялық зерттеулер Орта ғасырдағы халықтардың жаппай қоныс аударуының басты тенденциясын және оған әсер еткен факторлардыанықтауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл зерттеулер сонымен қатар ірі миграциялық процестер жүрген сол дәуірде – адамдардың аса үлкен топтарының қоныс аударуының нәтижесінде еуропа континентінің этникалық бет – бейнесі түзеліп, оның мәдени және шаруашылық игеру процесі жүзеге асқан.

Миграция процесі – қазіргі заманғы және барлық тарихи қоғамдарға да тән құбылыс. Бірақ орта ғасырдағы бұл тарихи процесстің өзінің көп ғасырдық дәуірдің әртүрлі кезеңіне қарай әртүрлі ерекшеліктері мен формалары болды.

Егер ортағасырдағы бұл Ұлы қоныс аудару, Ежелгі дәуірдегідей кейінгі кезеңдегіден өзіне бүкіл халықтарды тартумен және қысқа уақыт ішінде толығымен жаңа орынға қоныстанумен ерекшелінді. Герман тайпаларының қоныс аударуы дәл осындай сипатта болды. Тарих ғылымына Ұлы қоныс аудару атымен кірген осы Тарихи процесс нәтижесінде Батыс еуропа халықтары бірталай жаңарғаны туралы жазба және археологиялық түп нұсқалармен қоса топонимика мәліметтері – «Ұлы қоныс аударуды» еске түсіретін село мен облыстар атаулары дерек береді.

Біздің заманымыздың IV – ғасырларның аяғында варвар тайпаларының айрықша ірі, жаппай көшуі мен олардың әдетте «Халықтардың Ұлы қоныс аударуы» деп аталатын Рим империясының територриясына басып кіруі басталды. Герман және герман емес варвар тайпаалырынң империяға, біріншіден олардың расында өндірістік күштерің өсуімен сүліктік және әлеуметтік теңсіздіктің және,екіншіден, байлықты молайтуға, жер мен әскери олжаны иемденіп алуға тырысуынан туды. Бұл кезде соғыс герман тайпалары үшін әдетке және тұрақты кәсіпке айналды. Рим империясы өзінің ұлан байтақ, жақсы өнделген жерлермен және бай қалаларымен варвар үшін ерекше тартымды күшке ие болды.

Отырықшылдыққа көшудің нәтижесінде тұрмыс дәрежесінің көтерілуінің салдары, халықтың өсуі де «Ұлы қоныс аудару» факторларының бірі болды. Сонымен бірге герман тайпалары сырттан да қысымға ұшырады. Олар қоныстану үшін жерлерді керексінген көршілерінің шабуылдарын да бастан кешірді. Территорияға деген ерекше қатты мұқтаждықты Азияның көшпелі тайпалары бастан өткерді, олар өздерінің тәсіліне байланысты кең байтақ кеңістікке ие болуға тырысты. Егінші тайпалар көшпелілердің саны көп атты әскерін ойдағыдай қарсылық көрсетуге қабілетсіз болғандықтан, орын тепкен территорияларын қалдырып кетіп отырды да, өз кезінде қонысатануға жарамды аймақтары үшін басқа варвар тайпаларымен немесе Риммен күрес жүргізді.

Біздің заманымыздың IV ғасырының аяғынан бастап VІ ғасырға дейін болған варвар тайпаларның ілгері жылжуы бұрын болған қоныс аударулардан өзінің аумағы жағынан да, сипаты жағынан да өзгеше болды. Бұл қоныс аударуға варвар тайпаларының көпшілігі қатысты, олар Еуропаның территориясымен мыңдаған километр ілгері жылжыды. Варварлар Рим мемлекетінің шекаралық аймақтарына шабуыл жасаумен қойған жоқ, сонымен бірге империяның ішкі аудандарына да басып кірді. Өндірістің құл иленушілік тәсілінің тереңдей түскен дағдарысы жағдайында, бұқара халықтың өздерін езушілерге үздіксіз күресінен, әлеуметтік қайшылықтардан әлсіреген Рим империясы жаулап алушыларға нәтижелі қарсылық көрсетерлік емес еді. Рим құл иеленушілік мемлекттің азапты қысымына ұшырап отырған езілуші таптар – құлдар, колондар, зорлық көруші шаруалар варварларға әр түрлі формада тірек бола білді.

Батыс Рим империясы V ғасырдың соңында құлады. Рим құл иеленуші қоғамы құлдар мен колондардың жаппай қозғлысы мен варвар герман тайпаларының шапқыншылығынан құлаған болатын. Азамат баласы тарихындағы алғашқы үлкен тарихи кезең – ежелгі дәуір тарихы осылай аяқталып, ортағасыр тарихы басталған болатын. Ортағасырда ерте дәуірдегідей құл иеленуші қоғам құрылысы емес феодалдық басыбайлық қоғам құрылысы биілік басына келді.

Герман тайпалары ерте кезден Италияның солтүстігінде өмір сүріп, негізінен – вольттер, германдықтар, свевтер – деген үш үлкен – топқа бөлінді. Олардың қоғамдық құрылысы рим құл иеленуші қоғамына мүлде қарама – қайшы болды. Варвар герман тайпаларында мемлекет болған жоқ, қоғамдық таптар толық мағынасында қалыптаспаған еді, варварларда қоғамдық қатынастың басты түрі ретінде әлі де рулық қатынас болып табылды. Варвар герман тайпаларының тұрғындарының басым көпшілігі еркін адамдардан тұрып, олардан рулық және әскери ақсүйектер басым тұрғынымен, қатынастары таптық сипат алған жоқ.

Бұл тайпаларды IV - VІ ғасырларда құлдырай бастаған алғашқы қауымдық құрылыс болды. Осы тайпалармен Рим бірнеше жүз жыл соғыс жүргізді. Рим варвармен соғысында жеңіске жеткен жағдайларында, оларды құлға айналдырып отырған.

Ғұндар Орта – Азияның шығысынан келіп үлкен тайпалық одақ құрды, өз құрамына Солтүстік Кавказ тайпаларын қоса отырып. Бұл ғұн тайпаларының негізі мал шаруашылығымен айналысатын көшпенділерден тұрды. Осы тайпалардың этникалық құрамы – түркілерден тұрып, бұлардың арасында моңғолдар маңызды бөлік құрады. Орталық Азиядан келеген ғұн тайпалары 375 жылы остготтарға үлкен соққы беріп, осы тарихи дала Ұлы қоныс аударудың басы деп есептеледі. Ғұндардың қашқан вестгот тайпалры Дунайдан өтіп, римдіктер жерлерін қоныстанды. Олар ғұндарға тәуелді болудан қашып, шығыс рим императорымен келісімге келіп, Балқан түбегінде федерат ретінде қоныстануға рұқсат сұрады. Император билігі бұған келісім беріп, 376 жылы вестготтықтар миллионнан аса адам (оның ішінде 200 мыңы қаруланған ер адамдар) Дунайдан өтті. Оларға қоныстануға Мезия мен қазіргі Болгария жері берілген.

Халықтардың Ұлы қоныс аударуының себептері. IV – VII ғасырлар кезеңі Еуропа тарихына халықтардың Ұлы қоныстануы деген атпен еніп, төрт жүз жылдықта миграциялық процестердің шыңына жету, бүтіндей континентте этникалық – мәдени және саяси бейнені түбірінен өзгеріске түсірді. Бұл дәуір – көне өркениеттің аяғы және феодализімнің жандануы.

Мүліктік және әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуі варвар тайпаларының әр түрлі жіктерін жаңа бөтеннің жерлерін басып алуға итермелейді. Сонымен бірге Шығыстан дала көшпенділерінің қоныс аударулары да әсер етті. Алайда бір уақытта адамдардың әр түрлері тайпалық тобырларының қозғалысқа келуінің тағы бір себебіне ІІ ғасырдан бастап климаттың суытуы V ғасырда өзінің биік шыңына жету, еуразиялық алқаптардағы көшпенді халықтардың ылғалды жерлерге қарай қоныс аударуы Еуропаның көптеген варвар тайпаларында рулық – тайпалық құрылыстық ыдырау кезеңінде қабаттасып келді. Халықтар жылжуының басты себебіне сонымен қоса сыртқы саяси факторлардың да әсері болды. Варвар тайпаларының (әсіресе көшпелі) бір – біріне толассыз шабуылы және оларға қарсы тұруды Рим империясының әлсіреуі орын алды. IV – V ғасырларда ұлы халықтар жылжуына герман және түркі, оның кейін славян және угро – фин тайпалары басты орын алды.

3. Герман тайпаларының жылжуы. Германдықтардың орналасуы Германияның солтүстік, теңіз жағалаулары, Ютландия және Оңтүстік Скандинавия болды. Оңтүстікке қарай кельттер, шығысына славяндар мен балттар орналасты. Герман жаулаушылығының алғашқы толқыны кимверлер мен тевтондардың үлкен жылжушылығын тудырды, ширек ғасырда жарты Еуропаны қамтыды (шеткілері: Ютландия, Венгрия, Испания) және б.э.д. 102 – 101 жылдары Батыс Алып маңында Гай Мари оларға тойтарыс берді. Олардың шабуылының екінші легіне б.з.д. І ғасырдың 60 – жылдарында свевтер Ариовистің басқаруымен Шығыс Галлияға орнығуға ұмтылды. Оларды б.э.д. 58 жылы Цезарь талқандайды. Алайда бұл уақытта германдықтар орталық Рейнде мықтап орналасқанда, жүзжылдықтың аяғында Дунайда жергілікті кельттердің көпшілік бөлігін ассимиляциялады. Германдықтардың оңтүстік бағыттағы жылжуларын римдіктер тоқтатты, одан кейін б.э.д. І ғасыр аяғынан олардың жаулаушылығы негізінен шығыс және оңтүстік – шығыс бағыттарында, жоғарғы Эльба мен Одер, орталық, оның кейін төменгі Дунайда жүрді.

Б.э. 9 жылы Тевтобург орманында талқандалғаннан кейін римдіктер Германияны жаулап алу ниеттерін біршама тоқтатты. Герман территорияларына өте сирек болса да енулері тек шерулер жағдайында ғана, ал көптеген тайпаларды бір – біріне қарсы айдап, салу, арандату т.б. жолдармен жүргізілді, шекаралық варварлар шабуылына тойтарыс беру және оларды болдырмауға әр түрлі әрекеттерді қолданып отырды. Шекара Рейн және Дунай бойымен орналасып онда көптеген легиондар орналасқан қорғандар салынды. Б.э.д. І ғасырдардың 30 – жылдарында Шварцвальд ауданында мықты бекіністер салынды, Рейн мен Дунай аралығындағы жерлерге Галлиядан шақырылған кельттер орналастырылды.

ІІ ғасыр басында римдіктер төменгі Дунай жағынан туындайтын варварлар шабуылын болдырмау үшін Дакияны жаулап алды.

Жағдай ІІ ғасырдың екінші жартысында Маркоман соғысы (166-180 жж). кезінде өзгерді, варварлар алғашқы рет рим шекарасын бұзып, тіптен Италияға қауіп төндірді.

Марк Аврелий оларды әрең дегенде Дунайдың арғы жағына шегіндірді, алайда, осы кезден бастап герман жаулаушылығы жиіленді. Олармен үзіліссіз күресті римдіктер әлсірей берді, әскерлерінің ұрыс қабілеті төмендеп, саны кеміді, римдіктер империяның шеткері територрияларына варварлар тайпаларын орналастыруға дейін барды, оларға шекараны қорғау міндеті жүктелді, рим армиясының өзі біртіндеп варварлана түседі.

ІІІ ғасырдың 50 – жылдарында империя ішіндегі қалыптасқан жағдайды пайдаланып, германдықтар империя территориясының бірнеше жеріне енеді. Римдіктерге өте қауіпті болған Галлияға одан кейін Испанияға басып кірген аламандар мен франктар, солтүстік Балқанда готтардың пайда болуы, елдің ішкі аудандарына теңіз жағынан Пропонтиды және Эгейды жағалауларына қарақшылық жасады. Франктермен аламандар шамамен 260 жылы Рейн асырылып тасталғанымен, соңғылары Лимеске – (Рейн мен Дунай аралығы) – мықты қорғанды алқапқа орналасып алды. 269 жылы Балқанда готар Наиссус түбінде қатты жеңіліске ұшырап Дунайдың арғы жағына шегінді. Алайда, біршама жетістіктерге қарамай, екі жылдан кейін римдіктер өз әскерлері мен азамат тұрғандарын Дакиядан алып кетті. Осыдан кейін шекара бірнеше ондаған жылдар бойы тұрақты жағдайжа болды. Бұдан кейін герман отырықшыларының алма кезек шабуылдарына қарамай (IV ғасыр ортасында франктер мен алмандар жаңа шабуылға ұмтылыс жасады), римдіктер Рейн – Дунай бағыттын тиянақты қорғады: Батыста 406 ж. Дейін, ал Шығыста – VI ғасырдың соңғы ширегіне дейін. Вестготтар. IV ғасырдың ортасында біртұтас гот тайпаларының батыс және шығыс гот одақтары (немесе вест және остготтар) Дунай және Днепр, Днепр және Дон, Қырымды қоса, аралықтарындағы жерлерге қоныстанды. Одан құрамына герман тайпаларымен қоса фракиялықтар, сарматтар, мүмкін, славян тайпалар да кірген болуы керек. 375 жылы остготтық одақты орталық Азиядан көшпелі түркілерден шыққан ғүндар талқандайды. Ғұндар оған дейін угор және сармат тайпаларын, оның ішінде аландарды, өздеріне бағындырды. Енді мұндай жағдай остоттарға да жетті.

Ғұн шапқыншылығынан құтылу үшін 376 жылы вестготтар Шығыс Рим империясы үкіметінен өздерін қорғауларын өтінеді. Олар төменгі Дунайдың оң жағалауы Мезияда орналасқан еді. Арада көп уақыт өтпей рим әкімдерінң вестготтардың ішкі істеріне араласуы және келісілген мәселелерді дер кезінде орындамауларына наразы болған вестготтар көтеріліс жасайды, оларға басқа да варварлар тайпаларынан бөлімдері қосылады. 378 жылы Адрианополь түбіндегі шешуші шайқаста рим әскерлері талқандалып, император Валент мерт болады.

982 жылы жаңа император І Феодосий көтерілісті басып, вестготтарға тек Мезияны емес, сонымен қоса Фракия мен Македонияға орналасуларына мүмкіндік береді. 395 жылы көтеріліс қайта басталып, Грецияны тонайды және римдіктерді жаңа провинция – Иллирияны берулеріне көндіреді. Олар сол жерден 401 жылдан бастап Италияға жиі шабуылдап тұруға мүмкіндік алды. Батыс Рим армиясы бұл кезде көбіне варварлардан құрылған еді. Олар бірнеше жылдар бойына вандалдар мен басқа да германдықтардың шабуылына тойтарыс беріп тұрды. Көп кешікпей римдіктер вестготтықтар тегеуіріне шыдамай варварларға тойтарыс бере алмайтын жағдайға жетті. 410 жылы Аларих көп қоршаудан кейін Римді алады, оны тонап, Италияның оңтүстігне қарай жылжиды; онда Сицилияға өтпекші ойы орындалмай, жолда ол өледі.

Алайда Батыс Рим империясының үкіметі Шығыстан әскери көмек алып жағдайды тез арада түзеді. Вестготтармен келісім жасалып, Аларихтың мұрагері Атаульф император Гонорияның қарындасына үйленіп және Аквитания жеріне орналасуға келісім алды. 412 жылы вестготтар Галлия мен Испанияда империя жауларына қарсы күреседі. Бірте – бірте Оңтүстік – Батыс Галлияға федерат түрінде еніп империя территориясында 418 жылы алғашқы варварлық мемлекет негізделеді.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 2880 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кутб-уддин Айбек | Лы Моғол империясының ішкі құрылымы | Түркия. | Европалық державалардың Түркия үшін күресінің күшеюі. | Моңғолдардың Русьті жаулауы | Шыңғысханның Қазақстан, Орта Азия және Кавказ жерін жаулап алуы | Экономикалық жағдайы | Б.) Гана мемлекеті | Оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы | А) Моси тайпасы құрған мемлекет |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Рим империясының құлауы және жаңа әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуы: феодализм синтезі.| Герман тайпаларының қоғамдық құрылысы және дамуы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)