Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кутб-уддин Айбек

Ал бұл батыл қолбасшы мұсылман өктемдігін Ганга жазықтығына да орнатты, Бихар мен Бенгалияны жаулап алды, сәйтіп өзінің бұрынғы қожайыны қайтыс болған соң, дербес билеуші алғашқы үнді сұлтаны (1206—1210) болып алды. Ол Мамелюктар (құлдар) әулеті дегеннің негізін қалаушы болды. Үндістанның XIII—XIV ғасырдағы мұсылман әулеттері жиі-жиі ауысуымен ерекшеленген кезеңі сахнаға кейде жігерлі қолбасшыларды, ал кейде рақат өмірді, қолбостықты, махаббат қызықтарын ғана күйттеген азғын билеп-төстеушілерді шығарған дөрекі соғыс күшінің дәуірі болған еді. Бұл билеушілерді қашан да өздеріне жақын жүрген жауласушы құлдары, сарай маңындағы адамдары мен әскербасылары тақтан түсіріп тастап отырды. Күшпен бағындырылған халық шектен тыс зорлық-зомбылықты бастан кешірумен болды, бірақ әлгі әкімдер өздерінің әскери-бағындырушы аппаратымен шалғай тұрғандықтан, олардың халық тұрмысына, халықтың қоғамдық және мәдени өміріне араласы тіпті де аңғарылмайтын. Бұл мұсылман келімсектерінің үзіліссіз ішкі күрестері белгілі бір дәрежеде көне үнді мәдениетінің бір қалыпта тұмшаланып сақталып қалуына көмектесті. Әрине, бұл сырттай қарағанда ғана еді, алайда 1212 жылдан 1328 жылға дейінгі аралықта мұсылман билігі Үндістанға түгел дерлік, сол сияқты оның Мадураиға дейінгі оңтүстік бөлегіне де орнығып болды.

Билік үшін күрес жаулап алушылардың алғашқы кездегі ислам діні арқылы нығайтылған бірлігін әлсірете берді. Ұсақ және ірі-ірі көтерілістер жекелеген облыстардың орталық өкіметтен азат болып, дербес мұсылман князьдерінің құрылуына әкеп соқтырды. Мәселен, 1337 және 1347 жыл- дар аралығындағы мұсылман билігінің тұсында-ақ Бенгалия мен Декан, осындай дербестікке ие болды. Самарқаннан шыққан Темір 1398 жылы Үндістанға баса-көктей кіріп Делиді жаулап алды, тонады; орталық өкіметтің уақытша әлсіреуін пайдаланған басқа провинциялар да мемлекеттік одақтан шығып кетті: XV ғасыр мен XVI ғасырдың басында Үндістан ішінде Кашмир, Синд, Дели, Джаунпур, Бенгалия, Мальва, Гуджарат, сондай-ақ Солтүстік Декандағы Бахманидтер мемлекеті сияқты өзара ұдайы жауласып өткен, көптеген дербес, ұсақ мұсылман мемлекеттері құрылды. Олардың өзара күресін және басқа саяси жағдайларды пайдаланған кейбір бұрынғы үнді мемлекеттері өздерінің дербестігін сақтап қалды, ал кей реттерде дербестіктерін қайтарып алып отырды. Мәселен Орталық және Тел-ка-Мандир. Жартасқа жасалған джайндық мүсіндер. Солтүстік-Батыс Үндістанда Раджпуттар мемлекеттерінің үлкен федерациясы өмір сүрді; жолы қиын Ориссаның шалғай облыстары ақыр соңында мұсылман әкімдері билеген көрші Бенгалия бағындырып алғанға дейін біраз уақыт бойына тәуелсіздікте болды; оңтүстіктегі Чолдар мен Паңдьялар әулеттерінің мемлекеттері иеленген үнді мемлекеттері мен Тунгабхадра өзеніндегіХампи басты қаласы болып табылатын Виджаянагар мемлекеті де өз дербестіктерін сақтап қалды. Негізінен алғанда Раджпуттар мен Виджаянагар мемлекетінің арқасында ислам басқыншылы- ғынан өзіндік негізгі ерекшеліктерін аман алып қалған көне үнді мәдениеті сақталып қалды.



Алайда, тіпті, мұсылман өкіметі бақылауында болған үнді облыстарының өзінде де мұсылмандар өмірінің саяси, қоғамдық, мәдени-діни формаларын күшпен енгізу арқылы да үнді мәдениетін біржолата жойып жіберу ешқашан да мүмкін болмағанын атап айта кеткен жөн. Үндістанның қиыр солтүстік-батысындағы, қазіргі кез- де Пакистанға қарайтын жекелеген аудандары туралы ғана бұлай деуге болмайды. V Тек қана өкімет басына келген моғолдар бірнеше рет әрекет жасаған соң барып XVI ғасырдың екінші жартысында Солтүстік Үндістан мен Декан аудандарын орталық өкіметтің бақылауына бағындырып, біртұтас үнді-мұсылман мемлекетін құра алды. Бахманидтер мемлекеті Бграр, Бидар, Биджапур және Голконду сияқты жекелеген мемлекеттерге бөлектеніп кеткен Декан ғана Моғолдар өкіметіне күшті қарсылық көрсетті. Ерте ислам кезеңінде — Моғолдар өкіметінің Акбар тұсында нығайып күшейгеніне дейінгі уақытта — жоғарыда айтылғандай, индуистік және джайндық сәулет өнерінің көптеген ескерткіштері талқандалды, мүсіндер құрып кетті немесе айуандықпен бүлдірілді, құдайлардың бастары жұлынып тасталды немесе танымастай етіп бүлдіріп қиратылды. Алайда, жаулап алушылар қолымен жасалған мұндай бүліншіліктер ақыр соңында олардың сол бүлінген құрылыстардың жарамды деген қалдықтарын өз өнері мен құрылыстары үшін пайдалануын мәжбүр етті. Құрылыстардың тұтас жұрнақтары, ең алдымен, бағандар (колонналар) мен мүсіндік әшекейлер жаңадан салына бастаған мұсылмандық құрылыстарға көшіріліп әкелінді. Бұдан келіп туатын ой: осылайша «ақиқат» діннің «дінсіздерді» жеңгендігі айқын дәлелденетін болғандықтан, мұндай, іс-әрекеттің өзін діншіл мұхаммедшілер мақтан тұтқан секілді. Бихар мен Бенгалиядағы будда храмдары да осындай талқандаушы діни фанатизмнің табанына тапталды, ал Үндістандағы ең соңғы будда әулеті болған Палдар кезеңіндегі көптеген құрылыстардан ештеңе де қалған жоқ деуге болады. Қазіргі музейлерде сол дәуірдегі өнер үлгілері ретінде қойылған заттар — сол кездің шағын елді мекендерінде сақталып қалған жекелеген тас мүсіндер ғана. Буддалық монахтар ерекше қуғындалып, олардың көпшілігі құрбан болғанға ұқсайды.

Загрузка...

Алайда, олардың қайсыбіреулері, сол сияқты дінге сенетін буддалықтар көрші елдерге қашып құтылған. Мәселен, буддаллық қашқындардың үлкен топтары Бенгалиядан шығысқа қарай шекаралық облыстарға және көршілес Бирмаға ағылды. Қашқындардың басым көпшілігі қарлы шекара арқылы солтүстікке, Непал мен Тибетке бет алды. Сөйтіп, осы кезден бастап Палдар кезеңіндегі үнді мәдениетінің бұл елдердегі жергілікті өнерге деген күшті әсері басталды. Көп ретте азғындаған және негізінен әскери-саяси өкімет мәселелерімен айналысқан ерте ислам әкімдері билеп-төстеген кезеңlе көптеген діни ғимараттар — бірінші кезекте мешіттер мен мұнаралар, медреселер (исламдық діни оқу орындары), көбінесе аумақты да керемет көрікті ескерткіш бейіттер, елдің әкімдері мен белгілі адамдарының мавзолейлері салынды. Ал мұның өзі Үндістан жеріндегі жаңа құбылыс еді және оның ескі үнді ғұрыптарына ешқандай да қатысы болмайтын.

Алайда, бұл кезде тұтас қалалар да пайда болып жатты. Ертеде салынған бекіністері, сарайлары немесе қорғандары және тұрғын үйлері мен базарлы көшелері caп түзеп, тұтастай аман сақталған қалалар Үндістан тарихының дәл осы кезеңіне жатады. Көлемі мен маңыздылығы жөнінен бірінші болып есептелетін мұсылмандық сәулет комплексі Делиде сақталған. Ол — XIII гасырдың басына жататын, осында салынып, күні бүгінге дейін Делидің ең назар аударарлық орны болып есептелетін биік күмбез — Кутб-Минар алып мұнарасы. Бұл Кутб-уд-дин Айбектің тұсында салына бастап, Илтутмыш тұсында, шамамен 1230 жылы аяқталған. Делидің бұл комплекстен басқа ғимараттары: Кутб-уд-дин Айбектің үлкен мешіті, Ала-уд-дин Хильджапың мазары (1215) мен медресесі, сол сияқты Илтутмыштың мавзолейі (1235). Кутб-Минар өзіндік ерекшеліктерге бай және мейлінше әсем-ақ. Оның табанының диаметрі — 16 метр; 1794 жылы биіктігі 70 метр еді. Кейініректе, бүлінген жерлерін қалпына келтірген соң тағы да бірнеше метрге биіктеді.

Ілгері қарай шығыңқы кернеулі мұнараны қоршап тұрған төрт балкон оны бірнеше қатарға бөлшектеп тұр, ең төменгі балкон шамамен 33 метр биіктікте, екінші — 49, үшіншісі — 63, ең соңғы төртіншісі 71 метр биіктікте орналасқан. Сөйтіп, жоғары көтерілген сайын оның қабаттарының биіктігіде, диаметрі де біртіндеп кішірейе түсіп отырады. Мұнараның тік тұрқы ою-өрнекті жиырма төрт шығыңқы кернеумен бөлектенген. Олардың біреулері қырланып, шаршыланып келсе, екінші біреулері дөңгелек болып келеді. Төменгі қабатында бұлар араласып отырады да, екінші қабатында түгелдей дөңгелек, ал үшінші қабатында кілең тікбұрышты. Жоғарғы қабатта мұндай шығыңқы кернеу жоқ. Мұнара қызыл құмтастан салынған. Үшінші қабатының үстінде ақ мәрмәрдан жасалған жолақ бар. Бұл екі түрлі құрылыс материалының екеуі де ислам кезеңіне тән нышанды айғақтайды және бұл Ұлы Моғолдар кезеңіндегі көптеген сәулет комплекстерінде кездеседі. Кутб-Минарды көрген алғашқы европалықтар оның әсемдігін Флоренциядағы әйгілі Джотта кампаниласына теңестірген. Ол, әрине, бұдан 10 метр биік, бірақ көрші тұрған аумақты кафедралық со-бордың қалқасында, биіктігі көкке шаншылған құдіреті тұрғысынан мына оқшау тұрған Кутб- Минардай әсер қалдырмайды. Ислам сәулетінде бұдан биігірек бір ғана мұнара бар, ол — Каирдағы Хасан мешітінің мұнарасы.

Үндістандағы Ұлы Моғолдар әулеті — Делиді басып алған және тонаған жаулап алушы ретінде жоғарыда аталып өткен самарқандтық әмірші Темірден басталады. Бабыр 1526 жылы Лоди әулетінен шыққан соңғы әкімді жеңіп, Дели мен Аграны жаулап алады. Оның ұлы Хумаюн әкесі жаулап алған Үндістан облыстарын ұстап тұрарлықтай күшті болып шықпайды; бастапқы (1530—1540) соғыс жетістіктерінен кейін ол Шер-шаһтан жеңіледі де, өз семьясымен Парсы еліне қашуға мәжбүр болады. Парсы патшасының көмегімен көп жыл өткеннен кейін Дели мен Аграны қайыра жаулап алып, Моғолдар әулетінің өкіметін (1555—1566) қалпына келтіреді. Хумаюн кешікпей қайтыс болады да, кезінде парсыларға бірге қашқан ұлы Акбар Үндістандағы Моғолдар әулетінің өкіметін нығайтушыға айналады. Ол билеген жылдарда Үндістан өнері тарихында жаңа кезең басталады, бұл кезең ерте ислам кезеңіндегіге қарағанда көп жағдайда өзіне тән бірқатар ерекшеліктерге иелік еткен. Акбар өзінің әкесі мен атасы сияқты өнер қамқоршысы ғана болып қойған жоқ, ол сонымен бірге аса зор ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түскен және бір жақты діни фанатик те еместі. Ол өзіне бағынышты индуистермен де тіл таба білді. Оның тікелей мұрагерлері де осылай жасады, шешелері князьдік Раджпуттар тұқымы ұрпақтарымен некелескендіктен де олардың нағашы жұрты сол үнді елі болды. Олардың сарайлары маңына көптеген үнділік суретшілер жұмысқа орналасты. Сондықтан да моғолдар билеген кезеңге әдетте патшалық, құрған үймен байланысты болатын бір жақты мұсылмандық артықшылықтар тән еместін. Бұл кезеңдегі қандай да болмасын көркемдік бастамаларға тек үнділік не мұсылман суретшілері ғана емес, алыс елдерден келген жатжұрттықтар да, солардың ішінде жекелеген европалықтар да қатысып отырған. Бұл Делиде, Агра мен Лахорда, сол сияқты Үндістанның басқа да қалаларында көптеген аса ірі сәулет ескерткіштері жасалған жарқын дәуір болды. Бұл кезеңде сонымен бірге «моғол миниатюрасы» деген атқа ие болған миниатюра барынша дамыды. Үнді тарихының шыны саналып, Маурьялар мен Гупттар билеген кезеңмен салыстырылатын бұл кезеңді колониализм дәуірі алдындағы бүкіл Үндістанды қамтитын бір орталыққа бағындырылған мемлекет құру жөніндегі соңғы әрекет кезеңі деп қарастырған жөн. Акбар өз мемлекетін көптеген провинцияларға бөлді: Кабул (қазіргі Ауғанстан), Лахор (қазіргі Пакистан, бұл провинцияға Кашмир де кірді), Мультан мен Синд, Дели, Агра, Аудх (Авадх), Аллахабад, Аджмер, Ахмадабад, Бихар, Бенгалия мен Орисса, Кандеш, Берар мен Ахмеднагар. Бүкіл Солтүстік және Орталық Үндістан соның қол астында болды. Өзіне күшпен бағындырылған басқа діндегі халықтарды басқарудың қандай да бір ұтымды формаларын таппай бас идіру мүмкін еместігін Акбар әп дегеннен-ақ түсінді.Ұлы Моғолдар әулетінен шыққан патша үшін халықты мемлекет басқарудың қандай да болмасын демократиялық формасына қатыстыру мәселесінің мәнісі жоқ еді, сондықтан да Акбар өз сарайына Раджпуттар тұқымынан шыққан князьдерді тартып, оларға жауапты қызметтерді беріп отырды. Өзінен бұрынғы сұлтандардың «дінсіздерден» жан басына көбейтілген салықтар жинауы сияқты алалаушылық шаралардан ол, әрине, мүлде бас тартты. Акбардың діні басқа жұрттармен бірігуге және ынтымақтасуға ынталы болғаны соншалық, ол тіпті синкретикалық дін тәрізді бірдеңені енгізуге де әрекеттеніп көрді, бірақ та индуистар мен мұсылмандар қаншалықты мүдделі болғанымен, оның мұнысынан ештеңе де шықпады. Өкінішке орай, осынау уағдагерлік бастамалар сонымен бірге Ұлы Моғолдар әулеті билігінің қалай дегенмен шарықтау шыңы да бола білді. Акбар мұрагерлері Жаһангер (1605) мен Шаһ Жаһан (1628) тұсында бұл әулеттің саяси ықпалы да, мәдени дәрежесі де біршама кеміп кетті, бұл арада сарай маңындағы түрлі қастық-араздасушылық әрекеттер аз роль атқарған жоқ. Ұлы Моғолдар әулетінен шыққан төртінші билеуші Аурангзеб (1628) тұсында исламдық пуританизм қайыра үстемдік алып, индуистерге деген өшпенділік epic алды. Бірақ әскери зорлық күштің кезеңі өткенді, демек Аурангзеб канша күш жұмсағанымен өткенді оралту мұмкін болмай қалды. Ол Ұлы Моғолдардың соңғы әміршісі болып шықты да, әскери ірі жеңістерге қарамастан мемлекеттің көптеген ұсақ бөлшектерге бөлінуінің куәсы болды. Оның мұрагерлері бұл ұлы әулеттің атын ғана сақтап қалды, ал іс жұзінде олар отарлық өкіметтер мен әредікте біртіндеп бас көтеріп келе жатқан Раджпуттардың тегеурінді тықсыруына ұшырап, бұрынғыдай кең құлаш өктемдік жасау правосынан айрылған солтүстік үнділік билеушілер ғана болатын. Ақыр соңында 1858 жылғы ¥лы көтеріліс британ әскерлері күшімен басылғаннан кейін, ең соңғы «Дели патшасы» өз орнын босатып, ағылшындарға беруге мәжбұр болды. Акбардың Үндістан мен оны мекендеген әр түрлі халықтарды біріктіруге деген әрекеті мұсылман өнеріне үнділік ықпалды күшейтуге әкеп сайды. Ақбар билеген кезеңдегі көптеген құрылыстар олардан бүрынғы дәуірдегі ғимараттарға тән қаталдық пен ұстамдылықтан өзгеше, мейлінше жаңаша стиль туындылары болып келеді. Бұл жаңа стиль кей реттерде формалармен ойнағандай мейлінше алуан сырлы түрлі байлығымен, Раджпуттар тұқымынан шыққан билеушілер негіздеген үнділік сарай дәстүрлеріне барынша үндес жұтынған көрік, сән-салтанатымен ерекшеленеді.

Әдебиеттер:

1. История средних веков. Т,1.М., 1997.

2. История средних веков. Т,1.М., 2000.

3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.

4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.

5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.

6. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 157 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ЕРЕСЬ (гр. “айрықша ілім”)-ресми ілімнен ауытқыған ағым,күпірлік | Лекция. Кіріспе. Ерте орта ғасырлар. Феодалдық қатынастардың тууы. | Лекция. Қытай | Сун мемлекеті | ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы | Скери реформалар, аграрлық жүйе. Дайвьеттің сыртқы саясаты. | Иранды моңғолдардың жаулауы | Манихей діні. | Маздакит қозғалысы. | Түркия. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Араб халифатының саяси басқару жүйесі| Лы Моғол империясының ішкі құрылымы

mybiblioteka.su - 2015-2018 год. (0.011 сек.)