Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Испания.

Читайте также:
  1. Альгамбра. XIII -XIV вв Гранада. Испания.
  2. Испания.
  3. Пещера Кастильо, Испания. Палеолит. Эпоха Солютре

1. 843 жылғы Верден бөлісі болашақ үш мемлекеттің – Франция, Германия, Италия – негізін қалап кеткен еді. Бұлардың ішіндегі іргелісі “батыс франктердің” елі, болашақ Франция болды. Халықтардың негізгі бөлігін қалыптасып келе жатқан француздар құрап, олар негізінен Солтүстік роман диалектісінде, яғни ерте француз тілінде сөйледі. Сена өзенінің бойында орналасқан Париж ел астанасы болды. ІХ -ғасырдың соңында Францияда феодалдық бытыраңқылық барынша жүрді. 877 -жылғы Кьерсий капитулярий і бойынша жерлік бенефицийдің мұралығы, сондай – ақ граф лауазымының мұралығы заңдастырылды. Бенефиций осы уақыттан бастап мұралық иелікке – феод, леннге айналды. Жергілікті жерлерде князъдық династиялар құрылды. Шын мәнісінде олар жергілікті территориялық мемлекеттер болды.

ІХ-ғасырдың соңында, басқа Европа елдері сияқты Францияға да нормандар шапқыншылық жасады. Соңғы королингтер корольдықты қорғауға мүлде дәрменсіз болды. Олардың саяси беделі мен әскери ресурстары мүлде мардымсыз еді. Нормандарға қарсы күресті жергілікті ірі феодалдар өз қолына алды. Айта кету қажет, кейбір феодалдар норман шапқыншылығы кезінде өздерінің әлі де болса, еркіндігін сақтап қалған шаруаларға деген үстемдігін нығайтып алды. Әскери жағынан қорғануға мәжбүр болған еркін шаруалар осы уақытта ірі феодалдарға бір жолата кіріптар болды. 885 – 886- жылдары нормандар он ай бойы Париж қаласын қоршап, ала алмады. Жергілікті феодал, Париж графы Эд (Роберт Сильныйдың баласы) жауды тойтарып, оның бетін қайтарып тастады. Алайда Х ғасырдың басында (911) ең соңғы Королингтердің бірі Карл ІҮ Простоватый Төменгі Сена жағалауларын норман герцогі Ролланға беруге мәжбүр болды. Осындағы викинг – норвег, дат тұрғындары мейлінше күшті Нормандия герцогтығын құрды. Жаңа француз норман герцогтығы – Солтүстік Франциядағы мейлінші күшті феодалдық князьдық болды. Формальді түрде Королингтердің васалы болғанымен олар мүлде тәуелсіз корольдық болып, талай рет Париж қаласын алуға әрекет жасады.

Соңғы королингтер – пұшайман, беделден жұрдай билеушілер болды. Ең соңғы королинг – Людовик Ү “жалқау“деген атпен тарихта қалды. Х ғасырдың соңынан Францияда Копетингтер династиясы басқарды.Тек кейінірек XII-XIII ғасырларда нығайып алған қалалардың көмегіне сүйеніп, бұл династия Францияны бір орталыққа бағынған мемлекетке айналдырды.

Х – ХІ ғасырларда Франция Батыс Европадағы ең бытыраңқы монархиялардың бірі еді. Күшті феодал княздардың жанында корольдің билігі өте мардымсыз болды. Тіпті, ірі феодалдардың көпшілігінің күш қуаты корольден жоғары еді. Феодалдардың бір – бірімен үнемі бәсекелестігі, Копетингтерді шіркеудің, кейінірек қалалардың қолдауы, корольдердің аса сақ саясаты – мұның барлығы корольдік титулды ұстап тұруға және оны мұралықпен қалдыруға мүмкіндік берді. Король тек мұралық доменінде ғана өзін толық қожайын сезінді. Дәлірек айтқанда оның иелігі Париж бен Орлеан аралығындағы территория – Сена мен Луара өзендерінің орта ағысындағы аймақ болды. Өзендердің сағалары, төменгі және жоғарғы ағысындағы жерлер басқа феодалдардың иеліктеріне кірді.

Корольдік доменнен бөлек аса ірі княздықтар, Солтүстікте – Фландрия графтығы, Нормандия, Бретань герцогтығы, Батыста – Анжу графтығы мен Аквитания герцогтығы; Оңтүстікте – Овернь мен Тулуза (Лангедок) графтықтары; оңтүстік шығыста – Лионэ графтығы; Шығыста – Шампань графтығы мен Бургундия герцогтығы болды. Осындай ірі герцогтықтар мен графтықтардан бөлек, ондаған кішігірім феодалдық тәуелсіз иеліктерде болды. Тіпті, корольге өз иеліктеріндегі барондармен ұзақ уақыт күресуге тура келді. Парижден Орлеанға барып қайту үшін корольмен үлкен әскери жасақ еріп жүрді. Биліктің әкеден балаға мұралықпен қалуы үшін Копетингтер Х – ХІ ғасырлардың өн бойында тірі кезінде баласын таққа отырғызу рәсімін қолданып жүрді. “Қарт корольмен” бірге кейде “жас король” елді басқарды.

Вердень бөлінісі бойынша “Шығыс Франктердің жерлері”, яғни болашақ Германияның негізгі территориялары Людовик Немецкийге (Людвиг) өткен еді. Солтүстіктен Оңтүстікке қарай герцогтықтар төмендегідей орналасты: Саксония, Франкония, Швабия (бұрынғы Аллемания) Бавария. Бұларға кейіннен – Лотарвингия герцогтығы қосылды.

Германиядағы феодалдық қатынастардың дамуы Францияға қарағанда баяу жүрді. Х ғасырдың басында да салыстырмалы түрде Германияның феодалдануы төменгі дәрежеде еді. Неміс қауымы – маркасы - өзінің тәуелсіз жағдайын ұзақ уақыт сақтап қалды. Дегенмен Х – ХІ ғасырларда Германияда феодализация процессі едәуір ілгеріледі. Марка – қауым – ыдырай бастады. Ірі светтік және шіркеу феодалдарының жер иелігі өсті. Жерге деген жеке меншіктің дамуымен шаруалардың бір бөлігі жерлерінен айырылды. Шаруалардың арасында коммендация, яғни өзін ірі феодалдың қарамағына өткізу процесі барынша қарқын алды. Ірі феодалдардың иммунитеттік құқтары кеңейтілді. “Батыс франк мемлекеті” - Францияға қарағанда “Шығыс франк мемлекеті” - Германияда феодалдану процессі кешеуіл жүрді. Оның себебі Герман тайпалары арасындағы романдану деңгейінің төмендігімен және әлі де болса әлеуметтік қатынастардағы архайкалық формаларының ұзақ сақталғандығымен түсіндіріледі.

Герман герцогтары мен феодалдары да викингтердің шапқыншылығына ұшырады. Алайда, неміс жерлері үшін қауіптісі Дунай жағалауына бір жолата қоныс тепкен көшпенді мадьяр (венгр) тайпалары болды. Славян тайпаларының ірі саяси бірлестігі – ұлы Маравия державасы венгрлердің шабуылынан құлады. Венгрлердің тұрақты қауіп төндіруі үлкен нұқсан келтіргенімен неміс герцогтарының бір корольдыққа бірігуіне мәжбүрледі.

919 -жылы неміс феодалдары корль етіп Саксония герцогы Генрих I ні сайлады.Саксония династиясының өкілдері 1024-жылға дейін басқарды. Герман корольдығының тарихын Генрих І бастау тарих ғылымында қабылданған. Генрих І белсенді сыртқы саясат жүргізді. Оның тұсында батыс және шығыс бағытта да Германияның шекарасы кеңейді. Француз каропингтерінің әлсіздігін пайдаланып, Генрих І олардан Лотарингияны тартып алды. Бұдан кейін Генрих І Эльба өзені бойын мекендеген батыс славяндардың жеріне басып кіріп, Бранибар бекінісін алды. Кейіннен бұл бекініс Бранденбург болып өзгертілді. Осы жерден болашақ шығыс славян халықтарына шабуыл жасайтын плацдарм жасалынды. Генрих І славяндардан бөлек, венгрлерге қарсы күресте де үлкен табыстарға қол жетті. 933- жылы Мерзебург түбінде венгрлер талқандалды. Славяндар мен венгрлерге қарсы күресте Генрих І рыцарлық әскерлердің санын көбейтуге ұмтылды, олардың қатарында ауқатты шаруалар да болды. Елді қорғаудың тиімді құралдарының бірі сан жағынан көп бекіністер (бургтар) салу болды. Кейіннен бұл бекіністер қалаларға айналды.

Генрих І -нің ұлы Оттон (936 – 973) әкесінің саясатын жалғастырды. Ең бірінші кезекте ол герцогтардың үстінен бақылауды күшейтті. Туысқандық, некелік байланыстар барынша пайдаланылды. Корольдің билігін нығайтудың келесі құралы епископальдық жүйе болды. Оттон шіркеумен қарым – қатынасты жақсы жолға қойды. Епископтарға иммунитеттік құқтар мен жер молынан таратылды. Епископтарды Оттон өзі тағайындады. Сонымен осы бір тарихи кезеңде Германияда король мен шіркеудің мүдделері тоғысып жатты. Оттон І сыртқы саясаты да мейлінше табысты болды. 955 -жылы Лехе өзенінің жағасында (Аугусбург қаласына жақын) венгрлерге мықтап соққы берілді. Осыдан кейін герман жерлеріне деген венгр шапқыншылығы тоқтатылды.

962- жылы аса қиын жағдайда қалған Рим папасы Иоан ХІІ – нің шақыруымен Оттон І Римге келіп, жергілікті феодалдардың қарсылығын басты, папаның билігін қалпына келтірді. Бұған риза болған папа,Оттон І–ге император титулын берді. Оттон І-дің замандастары үшін бұл ежелгі франктердің дәстүрін жаңарту болып көрінді. Кейінірек 962 -жылғы император атағын алу оқиғасы межелік дата болып есептелді. Осы датадан “Қасиетті рим империясы” бастау алады. ХҮ ғасырда бұған толықтырулар енгізіліп “неміс ұлтының” деген қосымша енгізіледі. Неміс королінің император титулын алуы замандастары үшін жеңіс ретінде қаралды, алайда Герман корольдарының Италиян саясатында терең қарама қайшылықтар болды. Италияда жат жерліктерге деген өшпенділік өте зор болды. Орасан зор территорияда билік жүргізу өте күрделі міндет еді. Орта ғасырлық дәстүр бойынша белгілі бір елде билік жүргізудің сенімді әдісі – сол елде императордың тұрақты болуы шарт. Неміс императорлары итальян істеріне араласа отырып, өз еліндегі ішкі мәселелермен айналысуды азайтты. Ақырғы соңында бұл елдің болашақ дамуына орны толмас нұқсан келтірді.

Оттон ІІ (973 – 983) әкесінің саясатын жалғастыра түскісі келді, бірақ оның жолы болмады. Оңтүстік Италияны түгелдей бағындырғысы келген Оттон ІІ арабтардан жеңіліске ұшырады,вйзантйялықтарға тұтқынға түсіп қала жаздады(982.)Оттондардың өкілдері кейде византиялықтар мен одақ жасауға тырысты.Осы мақсатта Оттон II византия принцессасы Феофанияға үйленді. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін кәмелетке толмаған мұрагердің шешесі Феофания елді жеті жыл бойы регент ретінде сәтті басқара алды.

Кәмелетке толған Оттон ІІІ (992 – 1002) саяси романтикалық қиялдың жетегінде болды. Әкесі жағынан сакс шешесі жағынан византиялық грек Оттон ІІІ өз заманы үшін жақсы білім алды. Өзінің миссиясын ол Рим империясын қалпына келтіруден көрді. Оттон ІІІ Біртұтас христиандық рим империясын құрып, оның орталығы етіп Рим немесе Ахен, тіпті, Константинополь қаласын таңдап алғысы келді. Алайда, Оттон ІІІ – нің саяси жобалары Германияда да, Италияда да қолдау таппады. Императордың славяндарға қарсы саясаты да Италиян саясаты да ақырғы соңында сәтсіздікке ұшырады. Герман императорының негізгі күштерінің Италияда екендігін пайдаланып Полаб славяндары бодричтер мен лютичтер 983 -жылы көтеріліске шықты. Неміс феодалдары Эльбаның батыс жағалауына ығыстырылып тасталды. Осы оқиғалардан кейін неміс рыцарларының “шығысқа шабуылы” бір жарым ғасырға тоқтатылып тасталды.

Герман императорларының италиян саясаты да баянды бола алмады. 997- жылы Римде Оттон ІІІ – ге қарсы ірі заговор ұйымдастырылды. Бірақ ол дер кезінде ашылып, оны ұйымдастырушылар түгелдей өлтірілді. 1001 -жылы Оттон ІІІ Италияда бір жолата болу үшін Римге келді, бірақ өзін қауіпсіз сезінбеген ол Равенна қаласындағы резиденциясында тұрып, осында 1002 -жылы қайтыс болды. Сонымен Оттон ІІІ – нің ұлы державалық саясаты толығымен күйреді. Саксония династиясының соңғы өкілі – Генрих ІІ (1002 – 1024) өте сақ саясат ұстанды. Ол италиян феодалдарының вассалдық тәуелділігін қанағат тұтып, өзі Германияда отырып басқарды.

2. Лангобард корольдығы ҮІІІ ғасырдың 70- жылдарына дейін, яғни Ұлы Карл жаулап алғанға дейін өмір сүрді. Лонгобордтардың тұсында бүкіл корольдік герцогтықтарға бөлінді. Италияны біріктіру міндетін атқара алмады. 774 жылы Лангоборд иеліктері Ұлы Карл империясының құрамына кірді. Апеннин түбегінің ортасында 756 -жылы Папа мемлекеті немесе Папа облысы пайда болды. Ұлы Карл Италиядағы территориялық - әкімшілік бөліністерді өзгертті, бұрынғы герцогтардың орнына 20 графтық құрылды. 843 жылғы Верден бөлінісі бойынша Италия тәуелсіз корольдік статусын алғанымен, елдің бытыраңқылығы сақталынып қалды.

ІХ ғасырдың соңынан бастап Италияның корольі титулына Франк шонжарлары үнемі таласып отырды. Орталық биліктің әлсіздігінен Х – ғасырдың бірінші жартысында ел венгр шапқыншылығына ұшырады. ІХ – ғасырдың соңынан Оңтүстік Италия Сарациндердің (араб) қол астында қалды. Х ғасырдың ортасынан Солтүстік және Орталық Италия герман корольдері тарапынан ғасырлар бойы агрессия объектісіне айналды. Жергілікті халықтың қарсылығы герман императорларының агрессияшыл саясатының нәтижелерін, билігін мейлінше төмендетіп отырды. Олардан көрі итальян графтары, маркграфтары, дін басыларының – епископ, архиепископ, аббаттықтар – билігі зор болды. Император әскерімен Италияда болған жағдайда ғана оның билігі нақты сипатт алды. ХІ – ХІІ ғасырларда да герман императорларының итальян саясаты жалғасын таба берді. Бұл дәуір екі елдің тарихындағы ең мән–мағынасыз соғыстар кезеңі болды. Болашақта екі елдің ұзақ уақыт бытыраңқылықты жағдайда болуының тарихи алғышарттары нақ осы итальян соғыстары жылдары қаланды.

1024–1125 жылдары Германияда Франкония династиясы басқарды. Жаңа династияның алғашқы өкілдері Конрад ІІ (1024 – 1039) және Генрих ІІІ (1039 – 1056) ең бірінші кезекте рыцарларға арқа сүйеді. Конрад ІІ итальян рыцарларын өз жағына шығару – рыцарлық феодтың мұралығы туралы заң шығарды (1037). Бұл заңның күші неміс феодалдарына да таралды.1034 -жылы Конрад Бургундия мен Провансты өзіне бағындырды. Генрих ІІІ Чех князьі Бржетиславаны өзіне вассалдық тәуелсізділікке мәжбүр етті (1041). Пльша мен Венгрияда да герман императорларының ықпалы барынша сезілді. Өсіп келе жатқан рыцарлардың әскери қуатына сүйене отырып, Генрих ІІІ шіркеудіңде көмегіне сүйеніп отырды. Оның тұсында папалар көбіне көп неміс епископтарының ішінен тағайындалды. Алайда, империяның өрлеуі, орталықтандырудың табыстары басталып кеткен светтік және діни біліктің арасындағы күрестің салдарынан күрт тоқтады. Генрих ІІІ-тің ұлы Генрих ІҮ (1056 – 1106) – нің кезінде императорлар мен папалардың арасында ұзаққа созылған билік үшін күрес басталып кетті. Бұл тарихта императорлар мен папалардың инвеститура үшін күресі деген атпен қалды.

ХІ -ғасырдың ортасында католик шіркеуінің орта ғасырлық батыс европа қоғамындағы орны өзіндік ерекшеліктермен қалыптасты. Бір жағынан алып қарағанда, шіркеу бұл уақытта өз ықпалын бүкіл Батыс Европада жүргізді. ХІ – ғасырда Венгрия, Польша, Скандинавия халықтары христиандықты біржолата қабылдады; Пиреней түбегінің едәуір бөлігі мұсылман – араб үстемдігінен құтылды. Европа елдерінде шіркеудің орасан зор жер көлемі, мүлкі болды. Олардың барлығы орталықтан, Рим арқылы басқарылды. Католик шіркеуінің идеологтары ІХ ғасырдың өзінде – ақ шіркеу билігі (папаның) светтік (король, императорлар) биліктен жоғары деген идеяны ойлап тапқан еді. Бірақ, нақты өмірде папаның билігі соншалықты зор болған жоқ. Папаларды әдетте рим дін басылары мен светтік шонжарлары сайлайтын, кейде императорлар тағайындайтын. Папаны сайлаудың қабылданған қатаң ережелерінің болмауы, бұл процедураны үнемі қырқысу соғыстарының себепкері етті. Сөйтіп, императорлардың рим куриясының жұмысына араласуына түрткі болды. Католик шіркеуінің жер иеліктеріде көп болды және олар светтік билікке ленндік қатынастарда болды. Оның үстіне Германияда шіркеу жерлері көбіне императорларға тікелей тәуелді еді.

3. Ерте ортағасырларда Италияның дамуы әр аудандарда әр түрлі жүріп отырды. Қала коммуналары біртіндеп қала мемлекеттеріне айналды. Италияның дамуында қалалардың рөлі зор болды. Атап айтар болсақ, Генуя, Венеция т.б ХІ-ХІІІғғ Папаның ролі өте мол еді. Ол жалпы Италиядағы істерге толық құқылы болды. Ішкі сыртқы саясатта папа көп істерге араласа алатын еді. Діни наным сенімдердің қаталдығы мен феодалдардың озбырлығына қарсы әр түрлі қозғалыстар болып отырған. Олар: Дольчино көтерілісі және Тукиндер қозғалысы болып табылады. Италияда бұрынғы тек аграрлық сипаттағы өнеркәсіп енді іріленіп мануфактуралық сипат ала бастады.

Әдебиеттер:

1. Леонтьевский А.В. “Искуство возможного” в политике Карла ІҮ Люксембурга. Волгоград 1995.

2. Колесницкий Н.Ф. “Священная римская империя”: притязания и действительность. М., 1977.

3. Рогачевский А.Л. Правосознание немецкого бюргерства ХІІІ – ХҮІІ вв. СП б., 1995.

4. Итальянские коммуны ХІҮ – ХҮ вв. Сб. Документов Подред. В.И. Рутенбурга. М., Л., 1965.

5. Карпов С.П. Итальянские морские республики и Южное Причерноморье в ХІІІ – ХҮ вв: проблема торговли. М., 1990.

6. Рутенбург В.И. Итальянский город от раннего средневековья до Возрождения. Л., 1987.

7. Его же. Народные движения в городах Италии. ХІҮ – начало ХҮ века. М., 1958.

8. Его же. Очерк из истории раннего капитализма в Италии. Л., 1951.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 530 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Шыңғысханның Қазақстан, Орта Азия және Кавказ жерін жаулап алуы | Экономикалық жағдайы | Б.) Гана мемлекеті | Оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы | А) Моси тайпасы құрған мемлекет | Рим империясының құлауы және жаңа әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуы: феодализм синтезі. | Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және оның себептері, ықпалы. | Герман тайпаларының қоғамдық құрылысы және дамуы. | Верден бөлінісі. | ХІ – ХІІ -ғасырлардағы Византия |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Төртінші және соңғы крест жорықтары. Крест жорықтарының салдары.| Орта ғасырлардағы Италия дамуының ерекшеліктері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)