Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жедел гастроэнтерит» клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны

Читайте также:
  1. XIV-XVII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
  2. Азақстан республикасының демогарафиялық жағдайы 2014 -2015 жж
  3. Аймактық белгiсi бойынша домендер атауы
  4. Алдын ала диагноз –ЖРВИ, орташа – ауыр ағымда. Жедел фарингит.
  5. Алдын ала диагноз –ЖРВИ, орташа – ауыр ағымда. Жедел фарингит.
  6. Бөлім. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
  7. Балаларда кездесетін тіс жарақаттары. Диагностикасының және емнің клиникалық ағымының ерекшеліктері. Жедел тіс жарақаты бар баланы
Қадамдарды бағалау критерийлері Жауаптар эталоны
  Шағымдарды және анамнезді жинау (an.morbi, an.vitae, эпидемиологиялық анамнез) Ретімен және жүйелі орындалды Негізгі және қосымша сұрақтармен барлық шағымдары сұралды. Сұйық нәжіс, іштегі ауру сезімі, қалтырау, қызба, бас ауру, құсу, жалпы әлсіздік, ауыздың құрғауы шағымдары анықталды. Ауру анамнез жинау кезінде гастроэнтериттің жедел басталуы, улану симптомдары анықталды, нәжістің сипатын және тәуліктік диурезді анықтады. Эпид.анамнезді жинау кезінде аурудың тамақпен байланысы анықталды (толық қуырылмаған тауық-грилін, оливье-салатын қолдану)
  Физикалық зерттеу жүргізу – жалпы қарау Физикалық тексеру кезінде жалпы улану белгілері анықталды. Науқас жағдайының ауырлық дәрежесі бағаланды.
  Физикалық зерттеу жүргізу – асқазан-ішек жолдары Іштің физикалық өзгерісі – пальпацияда эпигастрий, кіндік айналасы және мықын аймағындағы ауру сезімі анықталды. Іштің тітіркену симптомын тексерді. Бауыр, көкбауыр пальпациясын жүргізіп өлшемдерін анықтады (өлшемдері қалыпты).  
  Физикалық зерттеу жүргізу – жүрек-қантамыр жүйесі Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Патологиялық шулар жоқ. Тахикардия, пульс 96 рет минутына, АҚҚ-110/70 мм с.б.
  Физикалық зерттеу жүргізу – зәр шығару жүйесі Бел аймағын қарау, бүйректің пальпациясы, перкуссиясы. Тәуліктік диурезді сипаттады.
  Болжамалы диагнозды құрастыру және негіздеу Сальмонеллез, гастроинтестинальді түрі, орташа ауыр дәрежелі. Сальмонеллездің критерийлерін атады: - аурудың жедел басталуы - улану симптомдары және фебрильді қызба - гастроэнтериттің болуы - эпидемиологиялық фактор - жасырын кезеңнің ұзақтығы - науқасты объективті қарау - нәжістің сипаты
  Аурудың ауырлық ағымының критерийлерін анықтау Ауырлық ағымының критерийлерін атады: - нәжістің, құсудың аз болуы - улану симптомдары (қызбаның жоғарылығы) - ЖБЖ белгілері (олигурия)
  Жедел хабарлама беру СЭҚ-ке жедел хабарлама берілді
  Байланыс тұлғаларынан ақпарат жинау Байланыс тұлғаларынан ақпарат жинады (ЖАӘ, тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс орны).
  ҚКЖАА-на госпитализациялау көрсеткіштерін анықтау 1. Жедел ішек инфекциясын анықтау. 2. Жағдайының ауырлығы. 3. Декреттелген топтар.
  Зерттеу жоспарын анықтау 1. ЖҚА, ЖЗА 2. Биохимиялық қан анализі: несеп қышқылы, креатинин, қалдық азот. 3. Қанның электролиттік құрамын анықтау. 4. ЭКГ. 5. 30 формаға нәжіс анализі 6. Копроцитограмма. 7. Нәжіс, құсық массасы, асқазан шайындысының, зәрдің сальмонеллаларға бактериологиялық зерттеу, ШПФ; шигеллаларды анықтауға нәжісті зерттеу. 8. Серологиялық зерттеу: сальмонеллездік және дизентериялық антигенмен ТГАР (жұптасқан сарысулар әдісі). 9. RW-ға қанды зерттеу. 10. Тәуліктік диурезді өлшеу.
  ЖҚА,ЖЗА интерпретациясы ЖҚА-де: лейкоцитоз,нейтрофильдің солға ығысуы, қанның ұюы,ЭТЖ-ның үдеуі. ЖЗА-де: аздаған протеинурия.  
  Тәуліктік диурезді есептеу Тәуліктік диурез қалыпты. Науқас тәулігіне - 1000,0 мл ішті, 700,0 мл зәр шығарды.
  Салыстырмалы диагностика жүргізу Тағамдық токсикоинфекция, жедел дизентерия, жедел аппендицитті жоққа шығару керек. ТТИ-ге қарсы: жасырын кезеңнің ұзақтығы (1 тәуліктен көп), нәжістің сипаты, аурудың ұзақтығы Жедел дизентерияға қарсы: эпид.мәліметтердің болмауы, колит белгілерінің болмауы, нәжістің сипаты Жедел аппендицитке қарсы: іштегі ауру сезімінің сипаты, перитонеальді белгілердің болмауы
  Зерттеу нәтижелерін ескеріп, диагнозды коррекциялау, ауру ауырлығын бағалау, ықтимал асқынуларды негіздеу Сальмонеллез, гастроинтестинальді түрі, орташа ағым. Асқынулар жоқ.
Емдеу тактикасын анықтау:
  - асқазанды жууды және тазарту клизмасын тағайындау Асқазанды жууды және тазарту клизмасын тағайындады
  - сусыздану дәрежесіне және зертханалық көрсеткіштерге байланысты регидратациялық емді, этиотропты емді тағайындау - Регидратациялық ем (көктамырішілік кристаллоидты ерітінділер– хлосоль, трисоль), peros сұйықтық. - Ципрофлоксацин 500 мг 2 рет күніне peros 5 күнге тағайындалды.
  - емнің тиімділік критерийлерін анықтау Улану,гастроэнтерит белгілерін жою, нәжіс және зәрдің бактериологиялық бақылау анализі теріс
  Құқықтық құзіреттілік (ҚР Үкіметінің 12.01.2012ж. №33 «Жұқпалы ауруларды алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» қаулысын білу) – науқасты ауруханадан шығару критерийлері, декреттелген топты диспансерлік бақылау Науқас декретирленген топқа жататынын айтты. Ауруханадан шығару критерийлері: - клиникалық сауығу. - антибактериалды ем тоқтатылғаннан соң 3 күннен кейін алынған нәжістің бактериологиялық анализінің теріс нәтижесі
  Науқаспен сенімді қарым-қатынас қалыптастыру және қорқыныш сезімін жою Науқаспен сенімді қарым-қатынас қалыптастырды.

 

Симуляцияның жабдықталуы:

1. Тапсырма жазылған парақ, волонтерға арналған сценарий, қадамдарды бағалау критерийлері.

2. Жалпы қан анализі, жалпы зәр анализінің нәтижелері, тәуліктік диурез көрсеткіштері.

3. Науқастың нәжісі (сурет).

4. Фонендоскоп.

5. Термометр.

6. Секундомері бар сағат.

7. Тонометр.

8. Дене салмағын анықтауға арналған таразы.

Жабдықтар:

Емханадағы дәрігердің кабинеті

1. Үстел,2 орындық, кушетка

2. Сценарий бойынша:

Науқас кушеткада отыр.

 

Өңдеушілердің аты-жөні:

1. Шопаева Г.А., жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры, м.ғ.д., доцент.

2. Садыкова А.М., жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының доценті, м.ғ.к.

3. Байхожаева Р.Ж., жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының ассистенті

 

Рецензенттердің аты-жөні:

Куттыкужанова Г.Г., балалар жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры, м.ғ.д.

Доскожаева С.Т., ҚазҮОМУ жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д..

 

Кафедра мәжілісінде талқыланды және мақұлданды № 6 хаттама, 09.01.2015 ж.

 

ББК мәжілісінде бекітілді Хаттама №_5_29.01.2015 ж.


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 439 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Максимальді балл - 20| Требования к уровню освоения содержания курса

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)