Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан республикасының демогарафиялық жағдайы 2014 -2015 жж

Читайте также:
  1. Азақстан халқының демографиялық өсу көрсеткіші
  2. за 2014-2015 уч. год
  3. Күн тәртібі: Қазақстан Республикасының ұлттық саясаты. Тіл саясатының негізгі принциптері
  4. Кесте-Қазақстан этностарының жастық құрылымы
  5. Кубок и Первенство России-2015
  6. Кубок и Первенство России-2015

 

Өзінің салмақты және салиқалы болжамдарында Тәтімов демография ретінде 1990 жылы қазақтардың саны өз республикасында 41%-ке жетіп, 2005 жылы 57%-тен артып, ал түбінде 66%-тен асырып, алыс болшақта Қазақстандағы барлық тұрғындардың олар үштен екісін ғана емес, тіптен үшін құралақ деп есептейді. Оның алдағы жорамалы бойынша келесі 1989 жылғы халық санағында қазақтардың саны 6,6 миллионға жетіп, ал орыстар болса 6,2 миллионнан көп арта қоймайтынын аңғартады. 200 жылдарға таяу кезеңде, яғни осыдан 13 жылдан соң болатын кезекті санақта оның ғылыми болжамдары бойынша Қазақстанда қазақтардың саны 8,6 миллионға жетіп, ал орыстардың саны 5,1 миллион деңгейінде сақталып қалмақшы, кері миграция нәтижесінде кейбір ұлттардың саны қалмақшы, кері қазірде де кеми бастады. Ал орыстармен ассимляцияға түсудің салдарынан кейбір европалық ұлттардың, мысалы украйн мен беларустардың және поляктардың саны күрт төмендеуде.

Демограф Тәтімовтің кейбір болжамдары ғылыми тұрғыда жақсы негізделген болса да, біздер үшін тым ұшқарылау болып көрінуі әбден мүмкін. Тәтімовтің алдын ала жасалған деректері бойынша шығыс славян халықтары, атап айтқанда, орыстардың, украйндардың және беларустардың жалпы жинақы саны алдағы 1989 жылғы санақта қазақтардан әлі де болса басым түспекші. Біздің есебіміз бойынша да жоғарыда аталған шығыстың үш славян халқы Қазақстанда 7,3 миллион көлемде 6,6 миллион қазақтан біршама сан жағынан басым түседі. Демографтың зерттеулерінде славян тілдес халықтар түркі тілдес халықтармен сан жағынан дұрыс салыстырылып көрсетілген. «Тең теңімен – тезек қабымен» деген қазақтың дана қағидасын Тәтімов өз зерттеулерінде орынды ұстанады. Ғалымның 2000 жылғы санақтың деректерін алдын ала болжауынша славян халықтары 5,500 миллион санды құраса, ал Қазақстандағы барлық түркі тілдес халықтар (қазақтар мен бірге өзбектер, татарлар, ұйғырлар, әзірбайжандар, түріктер, башқұрттар, чуваштар, қырғыздар және кесетде көрсетілген аз санды түрікмендер мен қарақалпақтар және азын-аулақ Кавказ бен Сібірдің шашыранды түркілерін қосқанда) 8 миллион 900 мыңнан асып, яғни славян халықтарынан саны 250 мың артады. Осының бәрі алдағы екі жылдан соң болтын кезекті Бүкілодақтық халық санағында расталуы тиіс.

Демография ғылымының тұрғысынан қарағанда және ол алда қалай болғанда да, қазақ халқының осылайша жеделірек өсуіне ешқандай күмән туғызбаса керек.



Қазақстан Республикалық статистика және талдау басқармасының мәліметі бойынша соңғы бес жылдың ішіндегі демографиялық процестердің өзгеруі келесі көріністермен сипатталды. Егеменді Қазақстан тарихында 25 ақпан күні 2004 жылы бірінші ұлттық халық санағына, бес жыл толды. Осы жылдар ішінде (1999-2004) статистика мекемелері жүйелі түрде тұрғындардың санын, оның жас және жыныстық құрамын күнделікті есепке алып отырды.

2002 жылы 1 қаңтарға дейін тұрғындардың саны азайып отырды. 1 қаңтар 2003 жылдан бастап халық саны өсе бастады, сөйтіп 1 қаңтар 2004 жылы Қазақстан Республикасы тұрғындар саны 14,951 мың адамды құрады. Жан-жағынан біздің мемлекет ТМД елдер арасында, Ресей, Украйна, Өзбекстаннан кейін төртінші орынды алады.

Загрузка...

Территория жағынан Қазақстан Ресей Федерациясынан кейін, екінші орынға ие, халықтың тығыздығы 2004 жылы Қазақстан Республикасында бір шаршы километрге 5,5 адам келеді.

1 қаңтар 2004 жылғы республикадағы әкімшілік-территориялық бөлініс келесі көрінісін топты, 14 облыс, республикалық маңыздылығына қарай 2 қала. Облыстардың құрамында 160 аудан, 39 облыстық, 45 аудандық қалалар, 174 поселка және 2267 ауылдық әкімшіліктер, 181 поселкалар, 7681 ауыл/село.[1]

1 қаңтар 2004 жылы тұрғындардың жастық құрамы келесі көріністе болды. 0-14 жасқа дейін – 3,741,6 мың бала (жалпы тұрғындардың 25%). 15-59 жастағылар – 7,602,4 мың адамды құрады (64,2%). 60 жастан жоғары жастағы адамдар – 1,607 мың (10,8%).

1997 жылы халық санағына қарағанда балалар саны 534,6 мың балаға (12,5%) азайды, ал 15-59 жастағы адамдардың саны 530-9 мыңға (5,9%) өсті, 60 жастан жоғары жастағы адамдардың саны 0,1% өсті.

Ұлттық құрамына қарасақ, көп санды ұлттардың саны сегіз. Олар: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар, беларустар – тұрғындардың 95,6% құрайды.Қазақстанда қазақ ұлтының саны 5 жылдың арасында 7,1% өсті, ал абсолюттік саны басқа ұлттарға қарағанда басымды болды, (халықтың өзгеруі диаграммада көрсетілді №1). Тұрғындардың жалпы санына табиғи өсім, бала туу және өлім-жітім процестерінің өзгеруі жатады.

1999-2004 жылдары Республика бойынша табиғи өсім 386,6 мың адамды құрады. Қазақтандағы туылған балалардың абсолюттік саны 217,4 мың адамнан 1999 жылы – 248,5 мың балаға ( бұл 14 % құрайды) өсті. Шетінегендердің саны 147,4 мың адамнан, 1999 жылы – 154,8 мыңға (бұл 5%) 2003 жылы көбейді, туу коэффиценті 1999 жылы 14,5%, 2004 жылы 16,7% өсті, ал өлім-жітім коэффиценті 9,9% - 10,4% - көбейді. 1999-2004 жылдар аралығында сәбилер өлімі 1 жасқа дейін азайды. 2004 жылы бұл көрсеткіш Республика бойынша 15,6%-ті 1000 адамға көрсетті, 1999 жылы бұл көрсеткіш 20,4% болатын.Неке құрғандар мен ажырасқандардың саны 5 жылдың ішінде көбейді. 2004 жылы неке құрғандар – 110,4% көрсетсе, 1999 жылы – 85,9% ажырасқандар: 2003 жылы – 31,7, ал 1999 жылы 25,6% көрсеткен.

Некенің жалпы коэффиценті 1000 адамға шаққанда – 7,4% (1999 жылы 5,8%), ал жалпы ажырасу коэффиценті – 1,7%-ден – 2,1%-ге өсті.

1999-2004 жылдар аралығында халықаралық миграция масштабы өзгерді. Басқа елге кетушілердің саны 1999 жылы 164,9 мың адамнан – 2004 жылы – 73,8 мың адамға дейін азайды. Қазақстан Республикасына келгендердің саны 65,5 мың адамға 2004 жылы көбейді, 1999 жылы бұл көрсеткіш 41,3 мың адамды құрады (диаграмма).

1999-2004 жылдары Қазақстан Республикасына келген иммигранттардың саны 266 мың адамды құрады, ал кетуші эммигранттардың саны 656,6 мың адам болды, нәтижесінде кері сальдо бес жыл ішінде 390,5 мың адамды құрады.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 204 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Курстық жұмыстың орындалуын бағалау | Кесте-Қазақстан этностарының жастық құрылымы | Демографиялық даму еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің басты кепілі | ОРЫТЫНДЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КІРІСПЕ| Азақстан халқының демографиялық өсу көрсеткіші

mybiblioteka.su - 2015-2017 год. (0.011 сек.)