Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Демографиялық даму еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің басты кепілі

Читайте также:
  1. Азақстан халқының демографиялық өсу көрсеткіші
  2. Бөлім. Өндірістік санитария және техника қауіпсіздігінің негіздері
  3. Бастың қатты ауыруы
  4. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
  5. Күн тәртібі: Қазақстан Республикасының ұлттық саясаты. Тіл саясатының негізгі принциптері

Демографиялық ахуалды жақсартуға бала тууды ынталандыру едуәір маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта, Қазақстан Республикасының Демографиялық және көші – қон саясатының бағдарламасында мынадай шаралар көзделген:

Кезең – кезеңімен экономикалық ынталандыруды қолдану арқылы бала тууды өсіру:

- бала туған кезде (2003 жылдан бастап) 15 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде біржолғы жәрдем ақы төлеу;

- екінші баланы туған кезде – 25 АЕК (2005 жылдан бастап);

- үшінші және одан кейінгі балаларды туған кезде – 35 АЕК (2005 жылдан бастап);

- баланы күтіп – бағуға бір жарым жылға дейін жәрдемақы – айына үш АЕК мөлшерінде (2004 жылдан бастап);

- жүкті әйелдерге негізгі тағам өнімдерін сатып алу үшін тоқсан сайынғы жәрдемақы – екі ең төменгі жалақы мөлшерінде (2004 жылдан бастап);

- ерте жүктілік мерзімінде есепке тұрғандарға біржрлғы жәрдемақы – бір ең төменгі жалақы мөлшерінде (2004 жылдан бастап);

- үш және одан көп баласы бар әйелдерге баласы 12 жасқа толғанға дейін ай сайынғы жәрдемақы («жалақы» деп атаған жөн болар еді) – бір ең төменгі жалақы мөлшерінде (2005 жылдан бастап) төлеу;

- Жас отбасыларға әрбір бала туғаннан кейін бір бөлігін есептен шығарып отыру тәртібімен тұрғын үй кредитін беру - әрбір бала туғаннан кейін кредиттің алғашқы сомасының 20 пайызы (2005 жылдан бастап) мөлшерін алып тастау;

- бес және одан да көп баласы бар ата – аналарды табыс салығын төлеуден босату (2004 жылдан бастап);

- баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған адамды табыс салығын төлеуден босату (2004 жылдан бастап);

- үш және одан да көп баласы бар отбасын көп балалы деп есептеу;

- жүктілігіне, бала тууына және баланы күтіп – бағуға байланысты әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін (20 АЕК – ке дейін) және демалыс мерзімін (бір жарым жылға дейін ақы төленетін, одан әрі үш жылға дейін ақы төленетін, одан ары үш жылға дейін әйелдің қалауы бойынша үш жылға дейін – ақы төленбейтін) ұлғайту (2004 жылдан бастап);

- бала ауырып қалған жағдайда ауырғандығы туралы параққа (жалақысының 100 % - ы) төлемақы беру.

Бағдарламаны іске асыру әлеуметтік – демографиялық саясат мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді көздейді. Еліміздің демографиялық жағдайын түбегейлі жақсартуға бағытталған заң актілері қабылданатын болады. «Қазақстан Республикасының демографиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жоспарланып отыр, «Халықтың көші – қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілетін болады.

Бағдарламаның іске асырылуы әлеуметтік сала мәселері жөніндегі заңдардың, Үкімет қаулылардың қабылдануына мүмкіндік туғызады.

Бағдарламаны іске асыру үшін іс – шаралар жоспарының жобасы әзірленуде, ол белгіленген шараларды кезең – кезеңімен орындауға мүмкіндік береді, бұл мемлекеттік органдардың Бағдарламаны орындау жөніндегі қызметін үйлестіруге және бақылауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны іске асыру процесін оралымды басқаруды Қазақстан Республикасының Көші – қон және демография жөніндегі агенттігі қамтамасыз етеді.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әкімдері мен мәслихаттары осы Бағдарлама негізінде демографиялық және көші – қон саясатының аймақтық бағдарламаларын әзірлейтін және іске асыратын болады.

Менің өз байқауымша, соңғы 1989 – 94 жылдар аралығында 250 мыңдай қазақ жұрты алыс және жақын шет елдерден Қазақстанға көшіп келген. Ал енді жергілікті облыстық, аудандық, тіптен шаруашылық басшылары оларды салқын қабылдағандықтан, кейбіреулері қайта көшіп кетіп те жатыр. Сол отандастарымыз еліне еңіреп келгенде жергілікті надандар оларды «моңғол», «қытай», «ауған» немесе «қарақалпақ», «түркімен», «өзбек» деп кемсітетін көрінеді. Шеттен келгендердің қазақшылығы бізден де артық және таза екенін тағы білеміз. Олар өз арамызда бес – алты жылдан соң – ақ «судай сіңіп – тастай батып» кете баратыны сөзсіз. Ал мынағыдай алалау олардың өз елін жерсінуін едәуір кешеуілдетеді.

Сол сияқты тілі мен діні, нәсілі мен тегі өзімізге жақын – түркі тілдес бауырларымызды «татарсың», «сартсың», «башқұртсың», «ноғайсың», «тараншысың» деп алыстатпай, бәріміз бір мұсылманбыз десек, оларда өз қатарымызды өсіре берер еді. Еті тірі, саналы, ширақ, намысы биік елдер ұлттар өзінің санын осылай тез өсіретіні хақ! Саны қалың, санасы мықты, санаты биік ұлт боламыз десек, басқа халықтарды, әсіресе алдымен көшіп келген өз бауырларымыз бен бұрыннан тұрып келген өз туыстарымызды, ал кейін тіптен шыққан тегі мүлдем бөтен – Қазақстандағы келімсек жұртты да тіл мен дін, мәдениет пен азаматтық, елдік пен жердік әсерлер арқылы өзімізге барынша жақындатып, өз бойымызға біртіндеп сіңіріп, қазақ деген жас ұлтты осылай өсіре аламыз. Тек өте икемді және нәзік ұлтаралық қатынастарда неғұрлым қонақжай және барынша ілтипатты болу керек – ақ.

Осы орайда тағы айтарым, егерде өз бауырластарын бөтенсітіп немесе туыстарын шеттетіп жүретін жергілікті шенеуніктерді, жергілікті тұрғындарды әкімшілік жағынан жазаға тартып, азаматтық сотқа шақыру керек шығар!

Халық санының Қазақстанда тым баяу өсуі әсіресе Қытай жағымен шекаралас жерлердің тұрғындары тығыздығының бізде «сұйықтануына» әкеп соғады. Айталық, көрші Қытайдың бізбен шекаралас Шыңжанында әрбір шаршы шақырымына 17 адамнан келсе, Қазақстанда 7 – ақ адам, Орта Азияда – 32, Ресейдің Қытаймен жапсарлас облыстарында 15 адамнан. Демек, өз көршілеріне қарағанда біздің Республикамызда халық тығыздығы 2 – 3, тіптен 4 – 5 есе аз. Дәлірек болу үшін тағы бір мысал: Райымбек ауданына қарағанда көрші Моңғол – Күре дуанында 2 есе, Жаркент ауданына қарағанда Құлжа уезінде 7 есе, Мақаншыға қарағанда көрші Шәуешекте 5 есе, Марқакөлге қарағанда Қабада халық 3 есе тығыз қоныстанған. Негізінде ол қытайлар есесінен болып отыр. Осының өзі Қазақстанға ұш жақтан бірдей қандай демографиялық қысым көрсетіліп отырғанын білдірсе керек – ті. Қазақстанда жалпы халық саны Қытайдан 70 есе, Ресейден 9 есе, Орта Азиядан 2 – 3 есе аз. Осының қазір геосаяси императив ретінде қабылданып отырғаны рас! Бәрін қоссақ, дербес Республикамызды қоршап отырған бес мемлекетте бүгінде ұзын саны 1 миллиард 400 миллион немесе бізден аттай 85 – 95 есе көп халық тұрады... Мұны демографиялық саясатымызда ескермеске болмас!

Бұл өзімізге ғана қатысты жақсы жағдаят. Демографиялық парасатты саясат арқылы тек оны сүйеп отырсақ болғаны. Келесі жағдаят, келімсектердің Қазақстаннан үдере көшуінен, еуропалық диаспоралардың екі есе селдіреп қалау мүмкіншілігі ғана емес, біздің процентіміздің бір жағынан тез көтерілуі, екінші жағынан, республикамызда біржола қалып қоятын еуропалық тектес диаспоралардың демографиялық жастық құрамының қатты қартаюы. Ал өсейіп келе жатқан түркі тектестерге олардың ауырпалығын болашақта көтеруге тура келуінде болып отыр.

Миграция өзінің кері ағымы арқылы еуропалық келімсектерді әбден «сұрыптап» шығары анық. Ниеті отаршыл, пиғылы шовинистік болып келгендері қайтып кетеді де, ал ниеті ақ, пиғылы таза Қазақстан азаматы боламыз, бұл Республика менің Отаным дегендер біржола қалып қояды. Олар жерлестеріміз ретінде өзімізге бауыр баспақ. Ал енді бірақ қалып қоятындардың көбі әбден қартайғандар мен егде тартқандар болатынын ескерсек, қалған диаспоралардың өзі жергілікті тұрғындарға қарағанда демографиялық жағынан тым әлсіз болып көрінетіні айдан анық. Сондықтан мұндай диаспоралардың мүддесін ескеру бізге – ел иесі ретінді, нағыз мұсылмандық парыз. Бәлкім, оларды жылы шыраймен шығарып салу біздің міндетіміз болса, қалған қартайғандарын асырау – балаларымыздың парызы, ал түбінде оларды өз рәсімімен арулап жерлеу – ол немерелеріміздің қарызы болар! Қалай болғанда да біздің жақтан демографиялық тұрғыдан, әбден қартайған диаспоралардың әдеттегі қонақжайлығымызбен жылы шырай білдіру – азаматтық асыл міндетіміз.

Қазақстан жас ел саналады, дегенмен, оның халқының қартайып бара жатқаны да байқалады. Демек, егде адамдардың адами тауқыметтері де көбейе береді. Егделену мәселесі барлық елдерге де тән. Әсіресе, дамыған елдерде бұл проблема өткір. Оны 60 – тан асқандардың «үшінші кезең» мәселесі деп атап жүр. Соңғы он жылда Қазақстанда 60 жастан асқандар 9,2 пайыздан 10,5 пайызға көтерілді. Жер шарында 65 жастан асқандар 1989 жылы 5,5 пайыз болса, 1999 жылы 6,7 пайызға жетті. БҰҰ демографтарының жіктемесі бойынша, қай елде 65 жастан асқандар жұршылықтың 4 пайызын құраса, сол ұлт «жас» деп есептеледі, қарттары 4 – 7 пайыз аралығындағы елдер «егделікке жақындаған» мемлекет болады, 7 пайыздан асқан ұлттар «егделген этнос» болып есептеледі. Дүниежүзілік жіктемеде Қазақстан халқы «егделген» жұрт есебінде.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 383 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Курстық жұмыстың орындалуын бағалау | КІРІСПЕ | Азақстан республикасының демогарафиялық жағдайы 2014 -2015 жж | Азақстан халқының демографиялық өсу көрсеткіші |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кесте-Қазақстан этностарының жастық құрылымы| ОРЫТЫНДЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)