Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Философиялық ұғымдар мен терминдерді оқып-білу, жоғарғы оқу орындарында философия ғылымын оқытудың тиімді формасы, оқу және 13 страница



ЛЕНИН Владимир Ильич (нағыз тегі Ульянов) (1870 – 1924) – дүниежүзіне танымал ресейлік және кеңестік саяси және мемлекеттік қайраткер, революционер, Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының (большевиктік) негізін салушы, Петроградтағы 1917 жылғы Қазан төңкерісінің ұйымдастырушы және жетекшісі, РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы, дүниежүзілік тарихта ең алғашқы социалистік мемлекеттің іргесін қалаушы. Марксист, публицист, марксизм-ленинизмнің негізін қалаушы, философ, Үшінші (Коммунистік) интернационалдың негізін жасаушы және идеологы, Кеңестік мемлекеттің тұғырын қалаушы. Негізгі саяси-публицистік шығармаларының өзегі – социалистік төңкерісті жүзеге асырудың теориясы және тәжірбиесі, социализм мен коммунизмді, социалистік саясиэкономиясының орнауы. Яғни, оның көзақарсы бойынша капиталистік құрылымды ауыстыратын, әділетті экономикалық қоғамдық құрылым – социология теориясын жақтады. Ленин жұмысшылардың сауатын ашу партияның маңызды міндеті деп санаған. Оның басты мақсаттарының ішінде бұрынғы жүйенің (сословиялық және таптық) орнына, мемлекет тарапынан қаржыландырылатын жергілікті сайланбалы органдар басқаратын, біркелкі еңбек мектептері қағидасына негізделген, оқу өндірістік еңбекпен біріктірілген халықтық ағартудың демократиялық жүйесін құруды басты мақсат етіп қойған.

ЛИ – көне Қытай философиясының ұғымы – ритуал, салт-дәстүр, этикет деген мағыналарды білдірді.

ЛИБИДО (лат.libido – құмарлану, қалау, ұмтылу) – Фрейд қалыптастырған психоанализдің негізгі ұғымдарының бірі. Фрейдтің түсінігінде либидо сексуалды сипаттағы құмарлық, көбіне бейсаналы түрде болады.

ЛОГИКАЛЫҚ ҚАТЕЛЕР – ойлану барысында ойдың бұрыс жолмен кетуінен туындайтын қателер. Логикалық қателер белгілі бір пікірлерді айту үшін ойлаудың алғы шарттарын бұрыс талқылаудан немесе пайдаланудан; ойлау барысында логика заңдарының бұзылуынан; пікірдің қорытындысын бұрыс талқылаудан, т.б. келіп шығады. Логикалық қателер: байқаусызда болған қателік (паралогизмдер) және әдейі жасалынған қателік болып бөлінеді.



ЛОГОС (грекше сөз және мән-мағына) – Гераклит болмыстың тұтастығын, тұрақтылығын және гармониясын бейнелеу үшін енгізген философиялық субстанционалдық термин; ой, ұғым, ақыл-ой, дүниежүзілік заңдылық мағыналарында түсініледі.

ЛОКК Джон (1632-1704) – ағылшын философы-материалист. Оның шығармашылық өмірі Англиядағы қайта құру дәуіріне, ағылшын революциясынан кейінгі кезеңге жатады. Ол Окфорд университетін бітірген. Джон Локктың басты еңбегі: «Адам санасы жайлы тәжерибе» (1690). Ол Т.Гоббс сияқты Р.Декарттың «Ой іштен туады» деген пікірін сынады. Адам жаны-таза тақта. Адамның көрген, білгендері сол таза тақтаға жазылады. Сана дегеніміз, осы, дейді ол. Оның пікірінше, адам интеллектісінде өмірде кездеспейтін, сезімде жоқ еш нәрсе болмайды. Дж.Локк екі түрлі-сыртқы және ішкі тәжәрибе болады дейді. Біріншісінен-сезім, екіншісінен рефлекс пайда болады. Сезім идеясы-бастапқы, сырттан келген құбылыс, рефлексия іштен пайда болады. Сезім арқылы біз заттардың сапасын білеміз. Бірақ сапа екі түрлі болады. Бірінші сапаға заттардың саны, салмағы, көлемі, сипаты, қозғалысы жатады. Локктың пікірінше, бұл заттардың нағыз өзі. Екінші сапаға дыбысы, түсі, дәмі, иісі жатады. Бұл, біздің ішкі сезімімізге байланысты, дейді Локк. Сапаны осылай талдап зерттегені-үлкен ғылыми ілгері басқандық еді. Бірақ сонымен қатар сапаны осылайша екіге бөлгені субективтік идеализмге жол ашқаны болды.

ЛУКРЕЦИЙ (Тит Лукреций Кар б.з.б 99-55 ж.ш.) - Рим ақыны және материалист философы, Эпикурдың ізбасары, «Заттардың табиғаты туралы» поэманың авторы. Өз философиясының мақсаты қоғамдық күрес пен апаттардың иіріміне лақтырылған құдай, өлім және о дүниедегі жаза туралы үрейлер еңсесін басқан жеке адам үшін ықтимал бағытқа жеткізетін жолды көрсетуде деп біледі; олардан құтылу құралы – Эпикурдың заттар табиғаты туралы, адам туралы, қоғам туралы ілімін игеруде деп тұжырымдады. Лукреций бойынша жан өледі, яни ол тек ерекше бөлшектердің уақытша қосылысы ғана және дене өлгеннен кейін жекеленген атомдарға ыдырайды. Жанның өлетінін тану тек о дүниедегі өмірге сенуді ғана емес, сонымен бірге о дүниедегі жазаға сенуді де теріске шығарады, адамды тозақтан, үрейленуден арылтады. Өлім үрейі де жойылады: біз өмір сүріп тұрғанда – ажал жоқ, ажал жетпек екен – біз жоқпыз. Ақыр соңында біз құдайдың дүниеде емес, дүниелер арасындағы бос аралықтарда мекендейтінін білген бойда-ақ құдайлардан үрейлену де сейіле бастайды: онда рахат өмір сүрген олар адамның тағдырына ешқандай ықпал ете алмайды. Лукреций дүниенің, адам табиғатының, материалдық мәдениеттің, техниканың жарқын материалистік бейнесімен түсінігін пайымдап берді. Лукреций Рим дүниесінің ұлы ағартушысы, оның поэмасы Қайта өркендеу дәуірінің алдыңғы қатарлы философиясын дамытуда зор ықпал етті.

ЛУЛЛИЙ Раймунд (1235-1315 ж.ш) – орта ғасырдағы мистик философ, дін ілімін зерттеуші және дін уағыздаушысы. Парижде оқып, сабақ берді. Орта ғасырдағы реализмнің ортоксалды өкілі, бұл реализм Луллийде паплогизмге дейін жетті. Луллий екі жақты ақиқат туралы мәселе бойынша авверроизммен күресті, философияның теологиямен толық қосылу мүмкіндігін дәлелдеді. Бұл дау-дамайды ол ғылыми міндеттерді «ақиқат машинасы» дейтіннің көмегімен шешті. Оның қызметі концентрациялық шеңберлердің бір-бірімен салыстырмалы түрде мех.айналуымен түсіндірілді. Шеңберлердің әрқайсысында Луллийше білімнің барлық саласын қамтитын 9 ортақ ұғымнан жазылды (мысалы, аспан, құдай, адам, ақиқат т.б.). Шеңберлерді айналдырғанда осы ұғымдардың әртүрлі үйлесім қисындасулары пайда болды, оларды Луллий жаңа ақиқаттар ретінде қарады. Осындай тәсілмен ол христиан дінінің барлық ақиқаттардың дәлелдеуге үміт артты. Луллийдің логикалық машина жасау әрекетінде логикалық операцияларды формалдандырудың рационалды идеясы бар, бұл идея кейіннен Лейбницке және белгілі дәрежеде жалпы математиканың дамуына ықпал етті.

ЛЮТЕР Мартин (1483-1546) – реформацияның көрнекті қайраткері, протестантизмнің негізін қалаушы. 16-17 ғасырлардағы Германияның рухани өмірінің барлық саласына ықпал етті. Інжілдің Лютерлік аудармасы жалпыұлттық неміс тілін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Лютер бюргерлік реформацияның жақтаушысы болды. Ол шіркеу мен діннің адам мен Құдай арасындағы дәнекерлік ету рөлін теріске шығарды. Адамды «құтқару», «қайырымдылық істерді», құпиялықты, әдет-ғұрыпты орындауға байланысты емес, оның сенімінің шынайлығына байланысты, деп санады. Лютердің ойынша, «қасиетті үкім» (шіркеу жиналысының шешімдері, папаның пікірі, т.б.) емес, нағыз діни ақиқат ол інжілдің өзі болып табылады. Бұл талаптардың нәтижесі феодалдық идеология мен шіркеуге ерте буржуазиялық дүниетанымның жанжал туғызумен көрініс тапты. Сонымен қатар, Лютер неміс бюргершілдігінің материалдық мүдделерін білдіретін доктриналарға қарсы шықты, табиғи құқық теориясын, ерте буржуазиялық гуманистік идеяларын, еркін сауда принциптерін сынға алды. Шаруалар соғысында (1525) Лютер үстем таптың жағында болды.

-М-

МАЗМҰН және ФОРМА – философиялық категориялар. Мазмұнға – зат немесе құбылыстың барлық құрамдас бөліктерінің жиынтығы, олардың қасиеттері мен байланыстары, қайшылықтары жатады. Форма – мазмұнның өмір сүру тәсілін, оның ішкі ұйымдасу тәртібі.

МАЙЕВТИКА – пікірталас, диалог, әңгімелесу нәтижесінде ақиқатқа жетуге болатын логикалық әдіс. Майевтиканы философияға Сократ (б.д.д. 470 ж.) енгізіп, кеңінен қолданды. Оның пікірінше, адам ақиқат білімге философтардың көмегімен, олармен әңгіме-сұхбат арқылы жете алады.

МАКИАВЕЛЛИ Никколо де Бернардо (1469-1527) – итальян ойшылы, қалыптаса бастаған буржуазияның идеологы. Қоғам құдайдың құдіретімен емес, табиғи себептерге байланысты дамиды, деп санаған Макиавелли. Тарихтың дамуының негізі «материалдық мүдде» және күш болып табылады. Макиавелли халық бұқарасы мен билеуші таптар арасындағы қарама-қайшылықтарды атап көрсетіп, феодалдық тартыстардан еркін, халық толқуларын басып-жаншуға қабілетті күшті ұлттық мемлекет құруды жақтады. Саяси күресте ұлы мақсаттар үшін мораль заңдарын елемей, кез-келген әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады деп санады, билеп-төстеушілердің билік үшін күрестегі қатыгездігі мен опасыздығын ақтады. Макиавеллидің тарихта қалтырған еңбегінің маңыздылығын атап өтер болсақ, «мемлекетке және оның заңдарына теологиялық тұрғыдан емес, алғашқылардың бірі болып адам көзімен қарап, ақыл мен парасат және тәжірибеге сүйенді.

МАҚАЛ – халық поэзиясының жанрлық түрі, түйінді ойды білдіретін, тура мағынасына орай астарлы мағынада бере алатын ықшамды нақыл сөз.

МАҚСАТ – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс-қимылды бағыттап, реттеп отырады. Адам өз ерік-жігерін бағындыратын ішкі заң есебіндегі практикаға өзек болады. Мақсат адам санасының белсенді жағын білдіре отырып, объективті заңдарға, қоршаған ортаның және субъектінің нақты мүмкіндіктеріне сай келуі керек, сонда ғана адамдардың нысаналы қызметінде азаттық пен қажеттілік арасындағы диалектикалық қарым-қатынаста көрініс табады. Мақсат шындықты жүзеге асыру үшін қажет белгілі құралдармен бірлесе іс-қимыл жасағанда ғана оны өзгерте алатын күшке айналады. Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсатттарға бөлінеді. Шартты мағынада «Мақсат» терминімен ғылымда кері байланыс жолымен қол жеткізетін жүйенің жалпы күй-жайы белгіленеді.

МАРБУРГ мектебі неокантшылдық бағыттарының бірі. Оның басты өкілдері Коген, П.Наторп, Кассирер, Р. Штаммлер болды. Кант іліміндегі объективтік тенденцияны теріске шығара отырып, олар дәйекті субъективизм позицияларына көшті. Марбург мектебі іліміне сәйкес, философиялық дүние туралы білім бола алмайды, ол жеке ғылымдардың метадологиясы мен логикасына саяды. Объективті болмысты теріске шығара отырып, марбург мектебінің философтары танымды сезім-түйсік мазмұнынан оқшаулауға ұмтылды, оны ұғымдар құраудың таза логикалық процесі деп санады. Бұл жағдайды марбург мектебі методологиясы жеке ғылымдарға күштен танылатын тұрлаусыз ортақ принциптер түрінде көрінді. Сол принциптердің бастысы ретінде міндетті болу принціпі деп саналады, оны марбург мектебінің өкілдері социология саласына да таратты. Қоғам дамуының объективті заңдылықтарын теріске шығарып, марбург мектебі социализмді қулықтық құбылыс, топтан тыс «этикалық идеал» деп санады. Марксизмді кантшылдықпен «толықтыруға» шақырғанымен, теоритиктері, шын мәнінде социологиялық идеялары Ресейдегі «жария марксизмге» ықпал жасап, П Интернационал өкілдерінің (Берштейн, Каутский, М. Адлер және т.б.) марксизмді қайта қарауына негіз болды. Қазіргі кезде бұл идеяларды оңшыл социалистер кеңінен пайдалануда.

МАРК АВРЕЛИЙ Антонин (121 – 180 ғ.ғ.) – философ – стоик, Рим императоры (161 - 180). Өзінің философиялық көзқарастарын «Өзіме арнаймын» деген жалғыз шығармасында афоризмдер түрінде баяндаған. Рим империясының жақындап келе жатқан дағдарысы Марк Аврелийдің философиясына өзіндік рең берді. Оның түсіндірулерінде стоицизм материалдық пікірден діни – мистикалық сипатқа ауысқан. Марк Аврелий бойынша Құдай – тіршілік атаулының түп негізі, сондықтан кез-келген индивидуалдық сана тәні өлгеннен кейін дүниежүзілік ақыл-парасатпен, яғни Құдаймен сіңісіп кетеді. Оның этикасына фатализм, тағдырға мойынұсыну және асктизм тән. Ол адамгершіліктік жетілуге және өзіңе үңілу арқылы тазаруға, әлемді билейтін фатальдық қажеттілікке мойынұсынуға шақырады. Марк Аврелийдің философиясы христиан дініне зор ықпал еткен, императодың өзі христиандарды аяусыз қудалаған болатын.

МАРКСИЗМ – диалектикалық және тарихи материализмді, ғылыми коммунизмді, әлеуметтік-саяси және экономикалық көзқарастарды қамтыған ғылыми жүйе. Диалектикалық – материалистік философияның негізін салушылар – Карл Маркс (1818-1883 жж.) және Фридрих Энгельс (1820-1895 жж.), ал бұл бағытты кейіннен шығармашылық негізде одан ары дамытқан Ленин болды. Маркстік философияның теориялық негізі немістің классикалық философиясы болып табылады. Маркстік философияның мәні: «Философтар әр түрлі жолдармен дүниені түсіндірумен болды, алайда мәселе оны өзгертумен дәйектеледі» деген қағидада көрінеді. Маркс пен Энгельс идеалистік тәсілдің қоғамдық-тарихи құбылыстарды түсіндірудегі дәрменсіздігін көрсетті. Маркс пен Энгельс ғылыми айналымға мәні материалдық өндірістің қоғамдық өмірдің өзге салаларына қатысты анықтаушы рөлін танумен дәйектелетін «тарихты материалистік түсіну» ұғымын енгізді. Маркс тарихи процесті жіктеудің формациялық концепциясының авторы. К. Маркс тарихтың материалистік түсінігін философия тарихында алғаш жасап берген. Маркстің ілімі бойынша қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды. Сонымен бірге олар әлеуметтік-экономикалық детерминацияны абсолюттендірудің, оны сыңаржақты процесс ретінде қарастырудың қате екенін атап көрсетті. К.Маркстің негізгі шығармалары: «Капитал», т.б. Ф.Энгельстің негізгі шығармасы «Табиғат диалектикасы». В.И.Ленин (1870-1925 жж.) маркстік философияның негізгі идеяларын ары қарай дамытқан. Маркстік-лениндік идеология кеңестік кезеңінде біздің қоғамда үстемді рөл атқарған. Лениннің негізгі философиялық шығармалары: «Материализм және эмпириокритицизм», «Философиялық дәптерлер».

МАРСЕЛЬ Габриель Оноре (1889-1973 ж.ж) - француз философы, драматург, театр және музыка сыншысы. Франциядағы католиктік экзистенциализмнің пайда болуы Марсельдің есімімен байланысты. өзінің алғашқы «Метафизикалық күнделік» (1927) шығармасында ол адам жеке адамның статусы экзистенция деген байламға келеді. «Адамдар адамдыққа қарсы» (1951 ж) және «Мәселеге айналған адам» (1955 ж)жұмыстарында философиялық сын пәні «адамсыздану технологиясы» бар 20- ғасырда сынмен қарайды. Оның пікірінше, философияның міндетін бүгінгі таңда өнер атқарады. Кьеркегордан бастап көптеген экзистенциалистерге тән театрға қызығушылық осы қажеттіліктерден туған, өйткені драма - диалог, сөйлеу – интерсубъективтіктің құралы, ол объективацияны қажет ететін философияның әдістеріне көнбейді. «Ғылыми» философияда адам өмір кешуінің мәселеріне байланысты даналықтың ұшқыны да жоқ. Адамның өзара қарым-қатынасы мәселесінде өнерге, музыкаға, кескіндеме өнері мен драматургияға басымдық берілуі тиіс. Марсель өркениет тарихын байланыстырушы буын ретінде рухани мұраға, өткеннің мәдениетіне үлкен назар аударады. Марсель мәдениет зертеушісінің басты міндеті - өркениеттің рухани мұрасы, құндылықтарды анықтау деп біледі. Сондықтан да сол философияда алғашқы қатарға болмыстың пайдасын растайтын: ұғыну-қабылдау, сезіну, дүниенің «заттылығы» мен әмбебаптық қатынасқа қабілеттілігі мәселесі шығуы тиіс. Марсель болмыстың нағыз тыныс-тіршілігінде табиғаттың әсем көріністерінің рөлін ерекше атап көрсетті, ландшафты білу – сарқылмас қатынастардың формасы. Табиғат апаты - әлемдік қасірет. Марсель үшін табиғат пен гуманизм біртұтас, ал олардың синтезі - өнер. Негізгі еңбектері: «Метафизикалық күнделік» (1925), «Болмыс және ие болу» (1935), «Адамзатқа қарсы адамдар» (1951).

МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ – біртұтас адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана бола алатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндеті және өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтің нәтижелері. Рухани мәдениетке қарағанда, материалық мәдениет табиғи объектілердің сапалары мен белгілеріне, адам материалдық заттарды, ішетін тамақ және өмір сүру үшін қажет басқа да жабдықтарды жасағанда, негізгі материал немесе шикізат ретінде пайдаланатын заттар түрлері энергия мен ақпаратқа тікелей тәуелді. Материадық мәдениетке өндірістің әртүрлі құрал-жабдықтары, энергетикалық және шикізат ресустары, еңбек құралдары, өндіріс технологиясы және адам өмір кешер ортаның инфрақұрылымы, коммуникация мен көлік құралдары, тұрмыстың, ойын-сауықтың ғимараттары, пайдаланылатын әртүрлі құралдар жатады. Тұтастай алғанда, адам қызметінің нәтижесі болып табылатын материалдық құндылықтардың барлық түрі.

МАТЕРИАЛИЗМ (лат. materialis – заттай) – идеализмге қарсы ғылыми философиялық бағыт. Философиялық материализм материяны кеңістік пен уақыт аралығында өмір сүретін мәңгілік, шексіз, жоғалмайды, жоқтан пайда болмайды деп қарастырады. Онтологиялық мәселе материалистер үшін сыртқы дүниенің объективті өмір сүруін, оның мәңгі, шексіз тіршілігін мойындаушылық, ал идеалистер үшін рухтың болмысын алғашқы, қозғаушы күш ретінде уағыздаушылық. Бірақта сыртқы және ішкі дүниенің өзгерістері туралы көзқарастар үнемі жаңарып отырды. Осыдан материализмнің негізгі үш тарихи түрін ажыратуға болады: тұрпайы материализм, механикалық-метафизикалық материализм және диалектикалык материализм.

«Материализм» деген ұғым философияда негізінен 17 ғасырда тұрақтанса да, ол туралы көзқарастар ертедегі Үнді, Қытай, Грек елдерінде қалыптаса бастады. Тұрпайы материализм құлдық қоғамның туындысы. Оның өкілдері (Лао цзы, Ян Чжу, Ван Чун, локаята мектебі, Гераклит, Анаксагор, Эмпедокл, Демокрит, Эпикур және т.б.) дүниенің материалдығын және оның адамның санасынан тәуелсіздігін мойындады. Әйтседе дүниенің көрнекті көріністері мен елестеушіліктері оның қасиеттері мен құрамы туралы жалпылама түсініктерден құралды, соларға теңестірілді.

Материализмнің келесі түрі капитализмнің қалыптасу кезеңінде, өндіріс пен ғылымның 17-18 ғғ. қарқынды даму барысында пайда болды. Оны механикалық-метафизикалық материализм дейді. Бұл материализмнің қалыптасуына механика, астрономия, математика, жаратылыстану ғылымдары ықпал етті. Бұл кезеңдегі материалистер табиғатты және оның құбылыстарына даму процесі тән емес. Қозғалыс ұғымын механикалық сипатта түсіндіре отырып, оны табиғаттың универсалды және ажырамас қасиеті деп түсіндірді. Яғни метафизиктер өздігінен дамудың көзін ашып бере алмады. Сондықтан бұл салада олар идеализм шеңберінен шыға алмады. Материализмнің бұл бағытын ұстанғандар 18 ғ. француз материалистері Ламетри, Дидро, Гельвеций, Гольбах болды. Метафизикалық материализм 18 ғ. Л. Фейербахтың антропологиялық материализм концепциясы негізінде дамыды. Дүниенің қатынасын метафизикалық және антропологиялық әдістердің негізінде түсіндірген Ломоносов пен Радищевтің ұстанымдарын 19 ғ. Ресейде төңкерісшіл демократтар (Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Маркович, Ботев) одан ары дамытты.

Материализмнің жетілген және жоғарғы түрі 19 ғ. ортасында негізін К.Маркс пен Ф.Энгельс салған диалектикалық материализм. Диалектикалық материалистер дамудың көзі – қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы деп түсіндіреді. Тек осы заңдылықты мойындау ғана жоққа сенуге, қозғалыс сыртқы күш әсеріне байланысты деуге орын қалдырмайды. Ол идеалистік және метафизикалық ойлаудың деңгейіне шек қоя білді.

МАТЕРИЯ (лат. material – зат) – дүниеде өмір сүріп отырған объектілер мен жүйелердің бәрінің шексіз көптігі, кез-келген қасиеттердің, байланыстардың, қатынастардың және қозғалыстың формаларының субстраты. Материя – адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін объективтік шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп объектілер мен системаларды қамтиды, қозғалыстың алуан түрлі қасиеттері мен формаларының субстанциялық негізі болып табылады. Материя сансыз көп нақты формаларда, түрліше объектілер мен системаларда өмір сүреді. Материя жойылмайды және жаралмайды, уақыт жағынан мәңгі, кеңістікте. Өзінің құрлымын мен көрінісі де шексіз, мәңгі қозғалыста болатын өз бетінше дамуға қабілетті материя белгілі бір кезеңде, қолайлы жағдайлар туған кезде тіршіліктің және ойлайтын жанның пайда болуына әкеледі. Сана материяға тән бейнелеудің ең жоғарғы формасы. Материяның лениндік анықтамасы мынадай: Материя адамға түйсіктері арқылы берілген, бізге тәуелсіз өмір сүре отырып, біздің түйсіктеріміз арқылы көшірілетін, суреті түсірілетін, бейнеленетін объективті реалдылықты белгілейтін философиялық категория.

МАХ Эрнст– (1838-1916) – австр.физигі, әрі философы, субъективтік идеалист, эмпирикритицизмнің негізін салушылардың бірі. Заттарды «түйсіктер кешені» деп отырып, Мах сонымен бірге өз ілімін филос. материализмге қарама-қарсы қойды. Юмның филос. дәлелдемесін негізге ала отырып, Мах іс жүзінде себептілік, қажеттілік, субстанция ұғымдарын жоққа шығарды, оларды «тәжірбеде» берілмеген деп санады. Махистердің «ойлауды үнемдеу принципі» бойынша дүниенің түсіндірмесі «тәжірбенің бейтарап элементтерін» ғана қамтуы тиіс; осы «элементтер» ғана (М.Беркли көзқарастарының ықпалымен оларды іс жүзінде түйсіктермен тепе-тең қарастырды) және олардың функциялық байланыстары ғана шындық болады деп есептеді. Сонымен, физ. Мен психикалықтың айырмасын «элементтерде» қарастырылатын «функциялық қатынастардың» айырмашылығы деп білді: Махтың пікірінше, физ. Зерттеулердің мәні «элементтердің» бір-бірімен өзара байланысын талдауда, ал психол. Зерттеу – адам организімінің «элементтерге» қатынасын талдауда Мах ұғымдарды «түйсіктердің комплексін» («заттарды») білдіретін символ деп, ал жалпы ғылымды тікелей бақылаудың орнына жүретін болжамдардың қосындысы деп қарастырды. Негізгі шығармалыры: «Сезім-түйсікті талдау және физ.-тың психикалыққа қатынасы» (1886), «Таным және адасу» (1905). Мах философиясы неопозитивизмнің қалыптасуына әсерін тигізді және марксизмді махистік ревизилаудың негізін құрды (Ф.Адлер, В.А.Базаров, Богданов, Юшкедич т.б.)


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 65 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>