Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

лардың 10%-ы арасындағы айырмашылықтардың есептік көрсеткіштері болуы тиіс, олардың іріктеуі аумақ бойынша, кәсіптерінің тегіне қарай, 6 страница



Соңғы жылдары «туберкулез» деген диагноз бірінші рет қойылып анықталған науқастар санының өзгеру серпіні мынадай: 2000 жылы (100 000 мың адамға шаққанда) — 153,1 мың; 2001 жылы — 155,4 мың; 2002 жылы - 164,8 мың; 2003 жылы - 160,4 мың; 2004 жылы - 154,3 мың; 2005 жылы — 147,3 мың. Бүкіл 90-жылдары халықтың мерез (сифилис) дертіне шалдығуының өсе түскені байқалды. 1995 жылы бұл дертті жұқтырған науқастар 1990 жылғыдан жеті есе көп тіркелді, ал 1995 жылдан 1999 жыл- ға дейін мерезбен ауырғандардың және емдеу-профилактикалық мекеме- лерде есепте тұрғандардың саны 26 768 адамнан 96 259 адамға дейін, яки 3,6 есе көбейді. Кейінгі жылдары бұл көрсеткіштер тұрақты түрде кеміді: 2000 жылы — 91 467 адам; 2001 жылы — 81 661 адам; 2002 жылы — 71 950 адам; 2003 жылы — 63 180 адам; 2004 жылы — 51 402 адам; 2005 жылы - 41 507 адам. Бұл жөнінен Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан және Кара­ганды облыстары неғүрлым қолайсыз жағдайда.

Соңғы он жылда дәрігерлер СПИД - жүқтырылған иммун тапшы- лығы синдромы деген қасіретті дертпен бетпе-бет келді. 1988 жылдан СПИД Қазакстанда да өзінің жалмау әрекетін бастады. 1992 жылдың 1 желтоқсанында мынадай ресми деректер жарияланды: Қарағандыда 3 науқас, Алматы облысында Задам; Ақтөбеде- 2 адам, Солтүстік Казак- стан және Қызылорда облыстарында 1 адамнан тіркелді. 90-жылдардың аягында Қазақстанда барлық жұқтырылган ВИЧ-тің 90%-ы дерлік Кара­ганды облысында шогырланган. 1998 жылгы деректер бойынша облыста осындай дертке шалынган 483 адам болды. Олардың ішінде 465 адам - Теміртау қаласында, Караганды қаласында - 6 адам; Саранда - 3 адам; Балқаш пен Қаражалда - бір адамнан. Себеп - есірткі, көлденең жыныс- тық байланыстар. Теміртауда шприцтерді айырбастайтын жэне контра- цептивтерді тарататын үш пункт жүмыс істейді.

Жұртшылық денсаулыгының маңызды көрсеткіштерінің бірі - халық- тың психикалық мәртебесі. Республика халқының көп бөлігі қазір созыл- малы психикалық-эмоциялық және торыгушылықты кобейтетін әлеу- меттік күйзеліс, әсерленгіш қиялилық, жүйкенің әбден тозуы, психосо- матикалық бұзылыс, сондай-ақ ішкі агзалардың толып жатқан сырқатта- ры, психикалық күйзелістер, маскүнемдік пен нашақорлық жагдайында омір сүреді. Мүның бәрі халықтың жаппай торыгушылық пен дүр сілкі- ністерге үрынуына жетелейді.



Қазақстанда жүйкесі жүқарган және түрлі медициналық комек алып түратын (диспансерлік бакылауда тұрган, емдеу-кеңес беру көмегін алып түратын) адамдардың саны жыл сайын көбейе түсуде. 10 жылда (1990—

1999 жылдар) бірінші рет диагноз қойылган жүйкесі жүқарган науқастар- дың саны халықтың жан басына шаққанда 344,7 адамнан 514,5 адамга өсті. Кейінгі серпін мынадай: 2000 жылы — 520,4; 2001 жылы - 529,9; 2002 жылы — 603,3; 2003 жылы — 617,0 адам.

Маскүнемдік пен нашақорлық және олармен байланысты салдарлар ерекше проблемалар тугызып отыр. «Психикага қатты эсер ететін заттар- ды қолдану салдарынан ақыл-есі ауысқан және мінез-қүлқы бұзылган» деген диагнозбен медициналық мекемелерде есепте түратын наукастар- дың саны 100 мың адамга шаққанда 1997 жылгы 1469,2 сырқаттан 1999 жылы 1634,6 сырқатқа дейін көбейді. Солардың ішінде ішімдік ішудің салдарынан 1328,4 маскүнемнен 1384,7 маскүнемге дейін; апиынды зат- тарды қолдану салдарынан 88,3 есірткі қүмардан 143,6 есірткі қүмарга дейін; қара соралы заттарды қолдану салдарынан 64,8 есірткі қүмардан

78,2 есірткі құмарға дейін; ұшпа еріткіштерді пайдалану салдарынан

5,0 уыт құмардан 6,5 уыт құмарға дейін көбейген.58

Елде маскүнемдік пен маскүнем делқүлылық бойынша дәрігерлерге бірінші рет жүгінушілік 1994 жылға дейін қысқарды, бүл кезде оның саны төмендеді, 100 мың адамға шаққанда 54 адам болған-ды. Сонан соң мас- күнемдікке шалдыққан науқастарды тіркеу көтеріліп, 1997 жылы шыркау шегіне жетті — 100 мың адамға шаққанда 245,9 маскүнем тіркелді және бірте-бірте төмендеді: 1998 жылы - 215,0 адам, 1999 жылы — 192,3 адам тіркелді. 90-жылдардың ортасында Қазақстанда жүртшылықтың денсау- лығы ең ауыр кезең болғанын айта кету қажет. Әлеуметтанушылардың пікірінше, бүл кезенде халықтың елдегі саяси-экономикалық өзгерістерге әлеуметтік бейімделуі болып өтті. Әрине, ішімдік сияқты қуатты бейім- дегіш бүл үдерісте өте елеулі рөл атқарды. «Ішімдікті қолдану салдарынан ақыл есі ауысқан және мінез-қүлқы бүзылған» деген диагноз қойылған науқастар санының кейіннен үдей түскен серпіні — осы кезеңде халық- тың маскүнемдікке салынуының қорытындысы: 2000 жылы — 214,8; 2001 жылы — 257,5; 2002 жылы — 349,1; 2003 жылы — 363,3; 2004 жылы — 347,7;

2005 жылы — 354,3 адам (100 000 адамға шаққанда).

1995 және 1997 жылдары індетті және паразитті кеселдермен сырқат- танудың саны барынша көп тіркелді — халықтың 100 мың адамға шаққан- да тиісінше 2868,3 және 2932,7 адам тіркелді; 1996 жылы жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің дертіне шалдыққандардың саны анағүрлым көп болды - 4879,9; 1995 жылы жарақат алғандар мен уланғандардың саны -

5019.9 адам. Осы жылдары адам өмірінің ең қысқару белгісі тіркелді.

Аналар мен балаларға байланысты қиындықтардың белең алуы бай-

қалды. 1999 жылы медициналықкөмекке бірінші ретжүгінген Ижасқа дейінгі балалардың саны 100 мың балаға шаққанда 68 254,5 болды; тиісін- ше 2000 жылы — 75585,6; 2001 жылы — 78937,2; 2002 жылы — 86237,2;

2003 жылы — 87606,1; 2004 жылы — 92820,0; 2005 жылы — 96292,3 болды. Паталогиялық салада тыныс ағзаларының дертіне ең көп үлес тиіп отыр — 55,4%; одан кейін тері және тері асты жасушаларының дерті келеді — 7%; ас қорыту ағзаларыныңдерті — 6,9%; паразитті дерт — 5,2%; жарақат алу және улану — 4,8%; қан және қан түзуші ағзалардың дерті - 2,7%; жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің дерті — 2,4%.

Онкологиялық патологияға шалдыққан науқас балалардың саны үдайы өсе түсуде. 1995 жылдан 1999 жылғадейінгі кезенде ЮОмыңбала- ға шаққанда мүнда дертке шалдыққандардың саны 52,4 баладан 62,7 бала- ға көбейген, сонан соң өзгеріс серпіні түрақсыз сипатта болды, бүл пара- метрлердің жоғары көрсеткіштері: 2000 жылы — 69,9; 2001 жылы — 81,9;

2002 жылы - 68,6; 2003 жылы — 74,2; 2004 жылы - 80,7; 2005 жылы -

80.9 бала.

Бірінші рет эндокриндік жүйе дертіне, асқазанның және зат алмасу- дың бүзылуына шалдыққан балалардың саны бүл кезенде (1995—1999 жыл- дар) 100 мың балаға шаққанда 694,8 баладан 922,3 балаға дейін өсті. Бүл көрсеткіштің өсу серпіні кейінгі жылдары да жалғасты: 2000 жылы - 1044,9; 2001 жылы - 1177,4; 2002 жылы - 1487,7 бала ауырды. Тек 2003 жылы бүл көрсеткіш 1363,7 балаға дейін төмендеді. Кейіннен өсу үрдісі басталды: 2004 жылы — 1417,4; 2005 жылы - 1518,4 бала осы дертке шалдықты.

Балалардың қан жэне қан түзуші ағзалар дертіне шалдыққан және жекелеген иммундық тетіктердің бұзылуына әкеп соқтыратын балалар сырқатының көрсеткіші көбейе түсуде: 1995 жылдан 1999 жылға дейін

1081,8 баладан 1861,5 балаға дейін осындай дертпен ауырған. Бүдан кейінгі өсу серпіні былайша көрініс табады: 2000 жылы - 2071,7; 2001 жылы - 2410,9; 2002 жылы - 3052,2; 2003 жылы — 3190,2; 2004 жылы - 3229,8;

2005 жылы — 3769,0 бала ауырған.

Балалардың қан айналысы жүйесінің дертіне шалдығуы өзгермелі сер- пінде, әйтсе де өте жоғары болды. Мәселен, 1995-1999 жылдардағы ке­зенде бүл көрсеткіш 173,9 баладан 410,0 балаға дейін көбейді. 100 000 балаға шаққанда 2000 жылы 403,8 балаға дейін төмендеді, сонан соң өсу үрдісі қайта байқалды. 2001 жылы - 444,3, 2002 жылы - 546,8 бала және

2003 жылы көрсеткіш 495,8 балаға дейін төмендеді; 2004 жылы — 541,8 балаға дейін көбейгені байқалады; 2005 жылы - 440,4 балаға дейін қайтадан төмендейді. Балалардың ас қорыту ағзаларының дертімен ауыру да өте жоға- ры деңгейде, оның серпіні мынадай сипатта: 1995 жылдан 1999 жылға де- йінгі кезенде осы дертке шалдыққан 4097,3 баладан 4692,9 балаға дейін үдайы өсу байқалды және бүл үрдіс 2003 жылға дейін жалғасты: 2000 жылы

- 4922,2; 2001 жылы - 5170,8; 2002 жылы - 6097,4; 2003 жылы — 6060,2;

2004 жылы — 6086,2; 2005 жылы — 6289,2 бала ауырды.

Балалардың несеп-жыныс жүйесінің дертіне шалдығуы да біршама

көбейгендігін аңғартты. Мәселен, 1995 жылдан 1999 жылға дейінгі ке­зенде осындай дертпен 913,8 баладан 1496,4 балаға дейін ауырған, 2000 жылы -1468,4 балаға дейін біраз төмендеген, 2001 жылы - 1543,3; 2002 жылы - 1808,7; 2003 жылы — 1867,6; 2004 жылы - 1912; 2005 жылы - 1879 бала ауырған.

Балаларда сүйек-бүлшық ет жүйесі мен дәнекер тін дертіне шалдығу серпіні мынадай: 1995 жылдан 1999 жылға дейін - 450,0 баладан 809,3 балаға дейін көбейген, сонан соң 2003 жылға дейін бүл көрсеткіш артады:

2000 жылы - 898,0; 2001 жылы - 900,5; 2002 жылы -1443,3; 2003 жылы - 1301,3; 2004 жылы — 1265,1; 2005 жылы — 1242,7.

Туа бітті ауытқулар (даму кемістігі), мүкістік және хромосомалық бүзылыстар санының өсуі түрақты түрде жалғасуда: 1995 жылғы 216,0-ден

2003 жылы 457,6-ға дейін өсті; 2004 жылы - 489,0; 2005 жылы - 524,3 болды. Көріп отырғанымыздай, он жыл ішінде бүл көрсеткіш екі жарым есе дерлік көбейген. Балалардың арасында соз дертіне шалдыққандардың көбеюі ерекше аландаушылықтуғызып отыр.

Індетті және паразиттік дерттерге шалдығу әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. 1995 жылдан 1999 жылға дейінгі кезенде ол түрақты түрде төмендеді - 100 мың балаға шаққанда 4751,6 баладан 3555,2 балаға дейін төмендеген, сонан соң балалардың осы дертпен сырқаттануы күрт көбейді:

2000 жылы - 4002,9; 2001 жылы - 4528,1; 2002 жылы - 4605,0; 2003 жылы -4324,1; 2004 жылы - 4199,4 2005 жылы - 3882,4 бала ауырған.

Балалардың аурушандығының басты себептерінің бірі — аналарының денсаулығы, өйткені баланың денсаулығы ананың қүрсағында қалыптаса- ды. Кеңестік кезеңнің өзінде жүкті әйелдерді арнаулы дүкендерге тіркей- тін, шипажайлар мен аурудың алдын алу жайларында сауықтыратын. Қазір бұған қол жетпей отыр. Қазіргі экономикалық жағдайда олардың көбісі қарын тойғызып тамақ ішпейді, оларға дәрумендер мүлде жетіспейді. Соның салдарынан қаны аздықтан, кешеуілдеген жеріктен және несеп- жыныс жүйесінің сырқатынан зардап шеккен жүкті әйелдердің дерттілік жағдайының үлес салмағы жыл сайын көбейе түсуде.

Ауылдағы әйелдердің денсаулық жағдайы ерекше аландаушылық ту- ғызады. Мәселен, 1993 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданын- да босанған 868 әйелдің 461-і әйтеуір аурудың бір түрінен зардап шеккен. Бірінші орында - қаны аздық — 44%; барлық балалардың 680-і бірден жа- санды жолмен тамақтандыруға көшірілген.

Денсаулықтың дімкәстігі елдің экономикалық өміріне салқынын тигізеді, сырқаттығы және мүгедектігі себепті еңбекке қабілеттілігінен уақытша айырылуы бүған себеп болып табылады. Сырқаттығы себепті еңбекке қабілетінен уақытша айырылу кеңестік кезеңмен салыстырғанда сырқаттық саны бойынша да, сырқаттығына байланысты жұмыстан қалған күндердің саны бойынша да едәуір қысқарды. Бұл өзгерістер, тегінде, адам- дардың өзінің жүмысынан айырылып қалудан қорқып, оған көбірек мүдделілік танытуына байланысты болса керек. Сонымен қатар зейнет жасындағы адамдар мен әйелдерді жаппай жүмыстан босатудан кейін жұмыс істейтіндердің жас қүрамы мен жыныстық құрамы да өзгерді, бұл да, әрине, сырқаттылық деңгейіне ықпал етті. 1995 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде 100 мың адамға шаққанда бірінші рет мүгедек деп таныл- ғандардың саны 53,0 мыңнан 49,7 мыңға дейін қысқарды, 2000 жылы — 46,1 мың адамға дейін, 2001 жылы — 40,8 мың адамға дейін, 2002 жылы —

39,0 мың адамға дейін, 2003 жылы — 37,6 мың адамға дейін; 2004 жылы —

42.8 мың адамға дейін; 2005 жылы — 44,0 адамға дейін қысқарды. Соны­мен бір мезгілде мүгедектердің жалпы санында 1995 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде еңбекке қабілетті жастағы адамдардың үлесі 64,9%-дан 83,7%-ға дейін көбейді, 2000 жылы — 85,9%, 2001 жылы — 86,0%, 2002 жылы - 86,0%, 2003 жылы — 87,5%; 2004 жылы - 74,1%; 2005 жылы - 75,7% болды. 16 жасқа дейінгі жастағы мүгедек балалардың үлесін сипат- тайтын көрсеткіш көбеюде, олар осы жас тобындағы балалардың жалпы саны қатарында жәрдемақы алады. Мәселен, егер 1995 жылы 16 жасқа дейінгі жастағы 1000 балаға 5,9 мүгедектен келсе, 2003 жыл — 12,2 мүге- дектен келді.

90-жылдарда елде орын алған қиын экономикалық жағдай денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығысты төмендетті, мұның өзі емдеу-про- филактикалық мекемелердің жай-күйіне және халық үшін медициналық қызмет көрсетудің сапасына салқынын тигізді. Мемлекеттік бюджеттің бұл жылдары осы салаға жүмсайтын шығысы ұдайы азайып отырды, оның үстіне межеленген қаржыландыру жоспарлары орындалмады: 1995 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру межеленген көлемнің 92,2%-ын құрады; 1998 жылы — 80%, ал 1999 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойын­ша денсаулық сақтауға арналған шығыс небәрі 51 %-ға орындалды. Ол былай түрсын бүл салада бөлінетін жоспарлы қаражат денсаулық сақтау жүйесінің толымды жұмыс істеуі үшін қажетті мүқтаждықтың тіпті 50 % -ын да жап- пады. Соның салдарынан әртараптандыру мекемелерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету едәуір нашарлады. Дәрі-дәрімек заттарын сатып алуды әртараптандыру мемлекеттік бақылаудың көрінеу жеткіліксіз деңгейде болуы себепті елеулі проблемаға айналды.59

Мақсатты қаржыландырудың төмендеуі салдарынан медициналық қызметкерлердің саны көп ауқымда қысқартылды. 1990 жылдан 1999 жылға дейінгі кезенде барлық мамандықтағы дәрігерлердің саны 18,3 мың адам- ға, яки 26,6%-ға қысқарды. 1999 жылы медицина саласында барлық ма- мандықтағы 50,6 мыңнан астам дәрігерлер (1990 жылы - 68,9 мың) істеді, мұның өзі 10 000 адамға шаққанда орта есеппен 33,9 дәрігерді құрайды. Орта білімді медицина қызметкерлерінің саны бұл кезенде 96,8 мың адам- ға, яки тең жартысы дерлік қысқарып, 110,4 мың адамды құраған (1990 жылы — 207,2 мың адам), 10 000 адамға шаққанда орта есеппен 74,1 адам­ды құрайды.

Соңғы жылдары денсаулық сақтауды қаржыландырумен байланысты жағдай оң үрдіс ала бастады. Мәселен, 1999 жылы мемлекеттік бюджеттен денсаулық сақтау жүйесіне 44 825 миллион теңге бөлінген болса, 2003 жылы — 89 781 миллион теңге, яғни екі есе көп қаржы бөлінді; 2004 жылы

— 131 184 миллион теңге, ал 2005 жылы — 185 456 миллион теңге бөлінді.

Барлық мамандықтағы дәрігерлер санының қысқаруы 2000 жылға дейін жалғасып, 10 000 адамға шаққанда 49,0 мың адам шамасына жетті, сонан соң бұл көрсеткіш оң серпін алды: тиісінше 2001 жылы - 51,3, 2002 жылы

— 53,7, 2003 жылы — 54,6; 2004 жылы — 54,8; 2005 жылы — 55,5 мың адам.

Орта білімді медицина қызметкерлерінің саны да 2000 жылға дейін қысқарды(106,6 мыңадам),сонансоңоңсерпіналады: 2001 жылы— 109,4 мың адам; 2002 жылы - 113,4 мың адам; 2003 жылы - 115,0 мың адам;

2004 жылы — 117,0; 2005 жылы — 119,6 мың адам. 10 000 мың адамға шақ- қанда қазір орта білімді 77,3 медицина қызметкерінен келеді (2,7 пунктке көбейген).

Жоғары білімді мамандықтағы медициналық кадрлар даярлау жүмы- сын Қазақстан Республикасының мамандандырылған алты жоғары оқу орны жүргізеді. Барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда орта білімді медициналық кадрлар даярланады.

Қазақстанда емдеу-профилактикалық көмек денсаулық сақтау ны- сандарының біршама тармақталған желісі арқылы жүзеге асырылады, әйтсе де оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар барысында олардың саны 1999 жылға дейін үдайы қысқарып отырды. Мәселен, егер 1990 жылы республи- када 1788 аурухана жүмыс істеген болса, 1995 жылы — 1518; 1996 жылы - 1244; 1997 жылы - 1006; 1998 - 991; 1999 жылы — 917 аурухана жүмыс істеді. 2000 жылдан бастап аурухана мекемелерінің саны түрақты түрде көбейеді: 2000 жылы - 938; 2001 жылы - 981; 2002 жылы - 1005; 2003 жылы - 1029; 2004 жылы - 1042; 2005 жылы - 1063 болды. Тиісінше аурухана төсегі санының серпін өзгеріп отырды: 1991 жылы — 230,4 мың; 1995 жылы — 192,6 мың; 1996 жылы — 164,4 мың; 1997 жылы — 136,4 мың;

1998 жылы - 123,5 мың; 1999 жылы - 108,2 мың; 2000 жылы - 106,9 мың;

2001 жылы — 110,2 мың; 2002 жылы - 111,9 мың; 2003 жылы - 114,8 мың;

2004 жылы — 116,6 мың; 2005 жылы — 117,6 мың.

Халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін дәрігерлік мекемелердің саны 1990 жылдан1999 жылға дейінгі кезенде 3268-ден 3057- ге дейін қысқарған еді, соңғы жылдары оң серпін алды: 2000 жылы — 3247;

2001 жылы — 3288; 2002 жылы — 3352; 2003 жылы — 3463; 2004 жылы — 3462; 2005 жылы — 3434 болды. Бұл кезенде (1990—1999 жылдар) әйел- дерге кеңес берудің, балалар емханаларының және дербес амбулатория- лардың қысқару көрсеткіші 1916-дан 1738-ге дейін болса, енді көбейе ба- стайды: 2001 жылы - 2066; 2002 жылы - 2113; 2003 жылы — 2065; 2004 жылы — 2070; 2005 жылы — 2143-ке жетті.

Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында халыққа стоматология- лык көмек көрсететін медициналық мекемелер желісі кеңейді, оның үстіне олардың санының көбеюі жеке меншік стоматологиялық емханалардың есебінен жүзеге асты. Мәселен, 1990 жылы республикада 88 дербес стома- тологиялық емхана жұмыс істеген болса, 1999 жылға қарай олардың саны үш есе дерлік өсіп, олар 243 болды, 2003 жылы 453-ке жетті, яғни тағы да екі есе дерлік көбейді, әрі қарай өсу үрдісі жалғасты: 2004 жылы - 483;

2005 жылы — 510 болды.

Көріп отырғанымыздай, 90-жылдары жеке меншік медицина жанда- на бастады. Алайда жекеше жұмыс жүргізетін дәрігерлер тіпті дамыған елдердің өзінде бүкіл медициналық көмек қүрылымының 8%-ынан ас- пайтынын ескеру керек.

Денсаулықсақтаудың дағдарысы халықемшілері мен экстрасенстердің занды түрде жаппай пайда болуына әкеп соқты. Олардың ғылыми практи- калық медицина артта қалған және халықтың мәдени деңгейі төмен ел- дерде өте көп болатыны әлемдік тәжірибеден мәлім.

Жекелеген ірі кәсіпорындар мен үйымдарда, ауылдық елді мекендер- де медициналық-санитарлық бөлімдер, денсаулық сақтау ошақтары, фельд- шерлік-акушерлік ошақтар бар. Республикада (облыс орталықтары мен Алматы қаласында) сырқаттың түрлі салалары бойынша мамандандырылған ірі медициналықорталықтар жүмыс істейді. Соңғы жылдары Қызылорда және Жезқазған қалаларында осы заманғы жабдықпен жарақтандырылған аса ірі медициналық орталықтардың қүрылысы аяқталды, олар елдің эко­логия бойынша неғұрлым қолайсыз өңірлердің халқына қызмет көрсетеді.

Денсаулық сақтаудың қазіргі кезеңінде, экономика мен әлеуметтік аяның барлық салалары сияқты, қиын уақытты бастан кешіруде. Оның негізгі салалары қайта қүрылуда: сақтандыру медицинасына көшу жүзеге асырылды, жеке меншіктегі медициналық мекемелер пайда болды, ақылы медициналық қызмет көрсету енгізілді. Елде денсаулық сақтау жүйесін реформалау, медициналық қызмет көрсетудің жеке меншік секторының дамытылуы және тегін медициналық қызмет корсету көлемінің қысқар- тылуы денсаулық сақтаудың адамдардың көптеген топтары үшін денсау- лық сақтауға қолжетімдікті төмендетті. Бүл, ең алдымен, халықтың аз қам- сыздандырылған топтарына, ең алдымен көрсетілетін ақылы және маман- дандырылған қызметтердің қымбат түратын түрлерін алуға шамасы жет- пейтін жасы үлғайған адамдарға қатысты болды.

Халыққа медициналық көмек корсету материалдық-техникалық ба- заның тозу дәрежесі жоғары болуына байланысты күрделілене түсуде, жа- лақының томен болуы, сонымен бірге тіпті мемлекеттік бюджеттен меди- цинаға бөлінетін аз қаражаттың да томен болуы себепті, медициналықкадр- лардың тұрақтамауы жалғасуда. Шығыстың негізгі бөлігі — шаруашылық


мұқтажға жұмсалады. Ол 7 есе өсті. Нағыз медициналық мақсатқа үштен бірінен де кем жұмсалады (1996 жыл).

Қазақстанда курорттық мүмкіндіктер орасан - күн сәулесінің молды- ғы, зеңгір таулы және жазиралы жазық жерлер, шипалы минералдық бұлақ- тардың көптігі (минералдық судың 20-дан астам бастаулары, соның ішінде радондық бастаулар, 20-ға жуық емдік балшық шөгінділері бар) үлкен мүмкіндіктерге жетелейді. Алайда осы алуан түрлі табиғи және климат- тык жағдайлар толық та тиімді пайдаланылмай отыр. 1990 жылы 440 сана­торий және басқа мамандандырылған демалыс мекемелері (бір және екі күндік демалыс мекемелерін есептемегенде) жүмыс істеді, оларда 64 мың орын болды, алайда олардың сервистік және медициналық қызмет көрсе- ту деңгейі төмен күйінде қалды. Қазіргі кезде олардың көбісі мүлде жүмыс істемейді немесе өздерінің толық мүмкіндіктерін пайдалана алмай отыр.

Көші-қон үрдістері. Егемендік кезеңінде көші-қонның кері үрдіс алуы Қазақстан Республикасында халық санының қысқаруының басты себебі болды. XX ғасырдың 90-жылдары халықтың миграциялық қүлығының белсенділік танытуы бүкіл посткеңестік кеңістікке тән сипат болды және отарлық жағдайдан кейінгі түрпатты құбылысқа айналды. Бүл құбылыс- тың алғышарттары Қазақстанда КСРО қүламастан көп бүрын қалыптаса бастады. Тарихтың біраз кезендері бойына күштеу және әміршіл-әкімшіл әдістермен жүргізілген өлкені үзақ отарлау дәуірі 1970 жылдардың аяғына дейін жалғасып барып аяқталды. Қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдайда республикадан қазақ емес үлттың бірте-бірте кете бастауы заң- ды және болмай қоймайтын қүбылыс еді.

ТМД елдері арасында Қазақстан Республикасы өзге халықтардың сыртқа көші-қоны жағынан елеулі орында болды. Тіпті кезеннің аяғында Қазақстанның арқасында Ресейде, мысалы, жалпы миграциялық өсім, жоғары деңгейге жетті, ал бүл кезде ондағы өсім Украинаның есебінен 20,7%-ға, Орта Азияның есебінен 23,5%-ға, Кавказ сырты елінің есебінен 31,3%-ға, Балтық жағалауы елдерінің есебінен 40,7%-ға азайды.60

Мүндай жағдай өңірдің демографиялық бет-бейнесінің жасақталуы мен дамуының айрықша тарихи, экономикалық және басқа ерекшеліктері салдарынан қалыптасты, бүл оның посткеңестік кеңістікте ерекше орын алуына байланысты болды. Көші-қонның ТМД-ның басқа елдерімен са- лыстырғанда неғүрлым қуатты ағыны мынадай жағдайлармен айқындалды:


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 31 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>