Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

лардың 10%-ы арасындағы айырмашылықтардың есептік көрсеткіштері болуы тиіс, олардың іріктеуі аумақ бойынша, кәсіптерінің тегіне қарай, 5 страница



Отбасылардың қүрамын талдау жүбайлардың, әсіресе жас жүбай- лардың әлеуметтік-білім деңгейі жоғары болған сайын олардың бала санының аз болуына үмтылушылығы көрінеу байқалатынын көрсетті. Әдетте орта арнаулы және жоғары білімі бар әйелдер таза отбасылық қам-қарекетпен және міндеттермен шектелмейді, өзінің жарымен тең қүқықта болуға тырысады және тиісінше өндірістік саладағы жүмыспен айналысады. Олар бос уақытында өздерінің жүбайлары сияқты өз бала- ларының кейіннен толыққанды жетілуі үшін оларды оқытуға және тәр- биелеуге көбірек көңіл бөлуге тырысады. Сөйтіп, әлеуметтік, экономи- калық және оқу-білім факторларымен отбасында бала саны өте жиі шек- теліп отырады. Халықтың жыныс-жас қүрылымы да өсіп-өну үрдісі мен оның қүрауыш факторларына барынша тікелей ықпал етеді. Халық қүра- мы «жас» болған сайын және жыныстық үйлесім қолайлы болған сайын оның демографиялық қүлқы да, белсендірек және үдайы өсіп-өну бол- жалдары да оң үрдіс алады.

Әлеуметтік-экономикалық проблемалар әйелдің алдына бала тууды шектеу қажеттігін қояды. 1990 жылы, КСРО әлі өмір сүріп түрған кезде, Қазақстанда 100 жүктілікке шаққанда қолдан түсік тастатудың саны орта есеппен 75 болса (жалпы одақтың орташа көрсеткіші — 134) болды, ал Еуропа Одағы елі үшін орташа көрсеткіш 1990 жылы 19 болды, АҚШ үшін - 39 (қоңырқай түсті халық үшін - 66) болды. Кейінгі жылдары

Қазақстанда қолдан түсік тастатудың өскені тіркелді. 1995 жылы бүл көрсеткіш 81-ге (100 жүктілікке шаққанда) жетті.58 Тек оңтүстік астанада ғана жылына 20 мыңға жуықтүсік түсіріледі. Оның үстіне бірінші жүкті- ліктің бала туумен аяқталатыны өте сирек. Соның салдарынан әрбір 10 әйелдің 9-ы түсік тастатудан кейінгі асқынудан бедеулікке үрынған. Оңтүстік астанада отбасылардың 17%-ы бедеулікке үрынған, ал республика бойынша олардың саны 2,5 миллион. Гинеколог-дәрігерлердің пікірінше, қолдан түсік тастату — әйелдердің денсаулығын сақтаудағы аса қауіпті мәселелердің бірі. Әлемнің 189 елінде оны тек әйелдің өміріне жүктілік қатер төндірген жағдайда ғана жасайды. Тек 52 елде ғана — әйелдердің өтініші бойынша жасалады.



Халықтың өсімталдық денсаулығын сақтау саласындағы белсенді жү- мыс, отбасын жоспарлау қызметі мен әлеуметтік қамқорлықтың дамуы соңғы жылдары республикада қолдан түсік жасатудың санын қысқартуға жәрдемдесті, бүл орайда қүрсақ көтеру жасындағы барлық негізгі топтар- дың әйелдерінде қолдан түсік тастату саны төмендегені байқалады: 2001 жылы - 61,2; 2002 жылы - 52,9; 2004 жылы - 47,5; 2005 жылы - 49,7 (100 жүктілікке шаққанда) (1, 101). Сонымен бірге қолдан түсік жасату әлі де отбасын жоспарлаудың ең басты әдістерінің бірі болып қалып отыр, мүның өзі әйелдердің көбісінде жүктілік мәдениетінің томен екенін, отбасын жоспарлау мәселелерінің жеткілікті насихатталмайтынын, сондай-ақ жүк- тілікті болдырмайтын қазіргі заманғы медициналық қорғаныш қүнының тым қымбат екенін айғақтайды.

Мамандардың бағалауынша, әйел баласы 5—6 перзент көтеруге бейім, бірақ бүл орайда міндетті түрде сәбилердің дүниеге келу аралығы кемінде

3- 4 жасты қүрауға және анасының денсаулығы мен түрмыс жағдайы жақ- сы болуға тиіс. Біздегі әйелдердің денсаулығы индексі 15%-дан аспайды, яғни әрбір жүз әйелдің әрі кеткенде 15-і ғана табиғи жолмен босанады. Олардың 65%-ы дерлік қаны аздықпен ауырады, 25%-ы бүйрек сырқатына шалдыққан.

Өлім-жітім және өмірдің үзақтығы. КСРО-ның өмір сүрген соңғы онжылдықтары өлім-жітімнің қолайсыз үрдістерімен ерекшеленді. 1980 жылдың екінші жартысында (алкогольді ішімдікке қарсы науқан кезе- ңінде) біраз қысқарту байқалғанмен, алайда сонан соң өлім-жітім көрсет- кіштері тағы да өсті, оның үстіне КСРО ыдырағаннан кейін құрылған тәуелсіз елдердің бәрінде осы жағдай орын алды.

90-жылдары өлім-жітімнің көбеюі нарықтық экономикаға көшуші елдердің көбінде басты демографиялық проблемалардың бірі болып табы­лады. Әсіресе ол Ресей, Беларусь, Украина сияқты достастық елдерінде неғүрлым күрт шиеленісті, оларда бүл жылдары өлім-жітім коэффициенті бала туудан тиісінше 1,9; 6,1; 4,7%-дық пунктке асып түсті.

90-жылдардың бірінші жартысында Қазақстанда да өлім-жітім көбейді. Бүл кезде өлім-жітім коэффициенті 1990 жылғы 7,7 промилледен 1995 жылы 10,7 промиллеге өсті. Кейінгі жылдары бүл үрейлі көрсеткіштің біраз томендегені байқалады: 1996 жылы -10,7; 1997 жылы - 10,4; 1998 жылы — 10,2; 1999 жылы — 9,8 промилле, сонан кейін көрсеткіштер серпіні түрақсыз сипаталады: 2000 жылы - 10,6; 2001 жылы - 10,0; 2002 жылы - 10,1; 2003 жылы — 10,4; 2004 жылы — 10,1; 2005 жылы — 10,3 промилле.

Өлім-жітім көрсеткіші еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағының жоғары екенімен сипатталады. Мәселен, 1999 жылы тіркелген барлықөлім- жітім жағдайының 1/3-інен астамы еңбекке қабілетті жастағы адамдар- дың үлесіне тиеді және осы жас санатындағы еркектердің өлім-жітімі әйел- дердің өлім-жітімінен 3,6 есе асып түседі.

Осы жылдардағы барлық өлім-жітім себептерінің көрінісінен қан ай- налысы ағзаларының сырқаты бірінші орынды алады, оның үстіне осы көр- сеткіштің 60%-дан астамы әйелдердің үлесіне тиеді. Жазатайым оқиғалар түрақты түрде екінші орынды алады, улану мен жарақат - бүкіл өлім- жітімнің 14,5%-ы, бүл себеп еркектердің арасында әйелдердің арасында- ғыдан гөрі екі есе жиі кездеседі. Көрсеткіштің қысқару дәрежесіне карай келесі себептер ісік аурулары (12,2%), ас қорыту ағзаларының сырқаты (4,7%), жүқпалы сырқаттар мен паразитті сырқаттар (2,6%), басқа да сыр- қаттар (2,6%).

Соңғы жылдары халықтың өлім-жітім коэффициентінің ауытқуы қатерлі ісік ауруынан, тыныс ағзаларының сырқаттарынан және жүқпалы кеселдер мен паразиттік дерттерден, яғни негізінен экзогендік сипаттағы сырқаттардан болатын өлім-жітім деңгейінің біраз төмендеуі нәтижесінде болып отыр. Бірак кейбір жылдардағы оң өзгерістерге қарамастан, рес­публика бойынша өлім-жітім көрсеткіші әлі де жоғары күйінде қалғаны байқалады. Бүл халықтың жас қүралпының қартаю жағына қарай өзгеру- імен, денсаулық сақтаудағы қолайсыз жағдаймен, еңбекті қорғау дейгей- інің төмендігімен, қоршаған ортаның ластануымен, халықтың маскүнем- дікке салынуының жалғасып келе жатқанымен, халықтың көпшілік бөлігінің табыс деңгейінің төмендігімен т.б. байланысты болып отыр.

Өлім-жітім көрсеткіштері сәбилердің шетінеуінің біршама жоғары болуы үрдісімен ушыға түсуде. Сәбилердің шетінеу үрдісі бүрынғы барлық Кеңес республикаларында сонау 1960—1980 жылдары да қолайсыз болға- нын атап айту қажет. 1990 жылдардың алғашқы жартысында бүл үрдіс Қа- зақстанда да неғүрлым айқын көрінді. Мәселен, 1993 жылы балалар өлім- жітімінің деңгейі 1992 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға көбейіп, 28,4 про- миллені қүрады, яғни дүниеге келген әрбір мың сәби өмірінің бірінші жылында 28-і шетінеген. Кейінгі жылдары бүл көрсеткіштің серпіні тө- мендеуімен сипатталады. Мәселен, сәбилер шетінеуінің орташа коэффи­циент! 1994 жылы дүниеге келген 1000 сәбиге шаққанда 27,2 сәбиден, 1995 жылы —27,3; 1996 жылы — 24,8; 1997 жылы — 24,9; 1999 жылы — 20,4; 2000 жылы - 18,8; 2001 жылы — 19,1; 2002 жылы -17,0; 2003 жылы - 15,6; 2004 жылы — 14,5; 2005 жылы — 15,1 сәбиден келген.

 
 

Шамамен әрбір екінші сәбидің өлім-жітімі тыныс ағзаларының сыр- қатынан және қүрсақтағы шақалақ кезеңінде (жүктіліктің 28-аптасынан, бүган қоса толғақ және шарана кезіндегі алғашқы жеті күнінде) пайда болатын жағдайдан туындайды екен. Мамандар бүл сырқаттардың бірінші себебі ауылдық жерлердегі қолайсыз экологиялық жағдай, туғанға дейінгі кезенде де, туғаннан кейінгі кезенде де медициналық күтімнің жеткілік- сіздігі немесе мүлдем жоқтығы деп есептейді. 90-жылдардың ортасында Қазақстанның кейбір өңірлеріндегі балалар өлім-жітімінің жогары көрсеткіші осыны айғақтайды. Ақтөбе облысының Байғанин ауданы (56,5 промилле) мен Мүғаджар ауданында (40,1 промилле); Оңтүстік Қазақ-


стан облысының Шардара ауданында (31,7 промилле); Қызылорда облы- сының Жаңақорған ауданы (35,0 промилле) мен Сырдария ауданында (30,7 промилле). Семей ядролық полигонына шектес аудандардағы - Шы- ғыс Қазақстан облысының Жарма, Бесқарағай, Аягөз, Үржар аудандарын- дағы, сондай-ақ Қарағанды облысының Қазыбек би және Қарқаралы ау- дандарындағы жағдай да осыған ұқсас.

Бір жасқа дейінгі балаларда тыныс ағзаларының сырқаттарынан болған шетінеу неғұрлым жоғары (барлық жастағы балалар үшін орташа өлім- жітіммен салыстырғанда 14 есе жоғары), 3,6 мың бала болды, яғни ол рес- публиканың ауылдық жерлерінде шетінеген барлық балалардың 55%-ын құрады.

Өмірінің екінші жылында шетінеген балаларда бірінші орынды тағы да сол тыныс ағзаларының сырқаттары алды. Ауылдық жерлерде өмірінің алғашқы екі жасында шетінеген барлық балалардың айтарлықтай үлес сал- мағы педиатор-дәрігерлердің жеткіліксіз болуын да айғақтайды. Дәрігер- лердің осы санатымен қамтамасыз етілу Қазақстанда орта есеппен алғанда ТМД бойынша салыстырғанда 23%-ға томен, оның үстіне Қазақстан Ден- саулық сақтау министрлігінің есебінше оның деңгейі облыстардың көбінде республикалық деңгейден төмен. Балалар дәрігерлерінің үйге барып ем жасау саны 1 жасқа жеткен бір сәбиге шаққанда орта есеппен қалалар мен жүмысшы кенттеріндегіден гөрі ауылдық жерлерде 32%-ға томен.

Жалпы алғанда, балалар шетінеуінің неғүрлым кеңтараған себептері- нің бірі — тыныс жолдарының асқынбалы жүқпалы дерті. Атап айтқанда, ол 5 жасқа дейінгі балалардың арасындағы жыл сайынғы 15 өлім-жітімнің

4- еуі осы сырқат салдарынан болады екен. Сарапшылар бүл көрсеткіш- тердің кейбір қырларын Африка елдерімен салыстырады. Ол денсаулық жағдайының және медициналық қызмет корсету деңгейінің нашар екен- дігін көрсететін нышандардың бірі болып табылады.

Балалар өлім-жітімінің себептері аналардың олім-жітіміне де тән сипат екені аңғарылады. 90-жылдары оның да өсуі байқалды: Солтүстік Қазақстан облысында ол екі есе, Жезқазған облысында үш есе көбейген. Қан аздықпен, бүйрек сырқатымен, жүрек-қан тамырлары жүйесінің дер- тімен ауыратын әйелдердің саны өсіп отыр, мүның өзі халықтың елеулі топтарының қанағаттанғысыз әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, жасанды түсік тастаудың көптігімен, білікті көмектің жеткіліксіздігімен немесе жоқтығымен, бірқатар сырқаттардың алдын алу шараларының қыс- қаруымен байланысты. Әйелдер өлім-жітімінің жас шамасы коэффици- енттерінің серпіні (тиісті жас тобындағы 1000 адамға шаққанда өлгендердің саны) 1994—1997 жылдары 15 жастан 69 жасқа дейінгі жастағы топтардың көпшілігінде өсу үрдісін көрсетті. Аталмыш кезенде әйелдердің өлім-жіті- мі әсіресе 30—34 жастағы топтары мен 35—39 жастағы топтарында өскен (тиісінше 24,4%-ға және 15,9%-ға көбейген). 15 пен 19 жас аралығындағы әйелдердің арасындағы өлім-жітім 10,4%-ға көбейген, мүның өзі, тегінде, жасанды түсік тастаудың таралуымен байланысты болса керек (жасанды түсіктердің саны бойынша 1000 әйелге шаққанда бүл жастағы топ 20-34 жастағы әйелдер тобынан кейінгі екінші орынды алады).

Аналар мен балаларды қорғаумен байланысты қолайсыз жағдай бүкіл Қазақстан бойынша орын алып отыр.

Халықтың өмір жасының ұзақтығы тұрмыс деңгейі мен сапасының нақты көрсеткіші болып табылады, ол 90-жылдардың өн бойына тұрақты түрдетөмендеді. Мәселен, 1991 жылдан 1998 жылға дейінгі кезенде өмірдің орташа ұзақтығы жалпы Қазақстан бойынша 67,6 жастан 64,4 жасқа дейін төмендеген, мұның өзі өмірдің болжалды ұзақтығы индексінің 0,053-ке төмендеуіне әкеп соқты. Бұл көрсеткіш 1995 жылы төменгі құлдырау шегі- не жетті, мүнда ол небәрі 63,7 жасты кұрады. 1996 жылы еркектерде бұл көрсеткіш республика бойынша орта есеппен 60,7 жасты, әйелдерде 71 жасты құрады, ал мұндай көрініс соңғы 40 жылда (8,11) алғаш рет байқал- ды. Бір ескеретін жағдай, осы жылдары егеменді Қазақстанда қабылданған жаңа зейнеткерлік заңнамасында еркектердің зейнет жасы 63 жасқа, ал әйелдердікі 58 жасқа теңелді.

Адам дүниеге келген күннен бастап өмірінің ұзақтығы 2004 жылы республика бойынша 66,2 жасты құрады. Әйтсе де осы жастың жыныстық белгі бойынша саралануы, қала мен ауыл халқының арасында да терендей түсті. Мәселен, егер 1999 жылы еркектердің өмірінің үзақтығы орташа көрсеткіш бойынша 60,6 жасты, ал әйелдерде 70,8 жасты қүраса, 2004 жылы еркектерде 60,8 жасты, эйелдерде 72,0 жасты қүрады; егер 1999 жылы ауыл- дық жерлерде өмірдің үзақтығы еркектерде 62,6 жасқа, қалалық жерде 59,3 жасқа тең болса, 2004 жылы бүл көрсеткіштер тиісінше 63,2 жас пен 59 жасты қүрады.

Қазақтарда өмірдің орташа үзақтығы орыстарға қарағанда томен. М үны қазақтар мол шоғырланған ауылдық жерлердегі, әсіресе экологиялық қасірет аймақтарындағы облыстардағы қолайсыз әлеуметтік-экономика- лық жағдаймен және олардың дәстүрлі түрмыс ерекшеліктерімен де түсін- діруге болады.

Кейбір елдердегі омірдің орташа үзақтығын айта кеткен де абзал бол- мак, айталық: Жапонияда — 76,1 жасқа тең; Исландияда — 75,7 жасқа; Коста-Рикада - 75,6 жасқа; Андоррада - 75,3 жасқа; Гонконг пен Изра- ильде — 75,1 жасқа; Автралияда — 75 жасқа; Швецияда — 74,8 жасқа; Испания мен Грекияда — 74,6 жасқа; Үлыбританияда — 73,2 жасқа тең.

Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы. Халық денсаулығының жай-күйі қоғамның әлеуметтік амандығының көр- сеткіші болып табылады. Мәселен, ересек халықтың барлық сырқаттар- мен ауыруы (медициналық комекке жүгінуі бойынша) 90-жылдардың аягында республика бойынша орта есеппен біраз азайды. Жиынтықтап алғанда аурушандықтың өзгеруі кобінесе тыныс мүшелерінің сырқаты бойынша дәрігерге көрінудің ауытқуына байланысты болды, мүның өзі халықтың түмау дертіне жиі шалдығуынан туындады. Сонымен қатар адам- дардың медициналық көмекке жүгінуі жыл сайын азая бастады, бірақ бүл олардың сырқаттанбағаны емес-ті, — көбісінде еңбекке жарамсыздық қаға- зын алуға мүқтаждық болмады, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қыз- меттің ақылы болуы және дәрі-дәрмектің қымбаттығы себептен еді. Со­нымен бірге жиынтық сырқаттықтың төмендеуіне орай негізгі нозология- лык топтардың көбісінде сырқаттанушылықтың шектеусіз осуі және бар- лык сырқаттардың арасында олардың үлес салмагының көбеюі байқалды.

Елде әлеуметтік-экономикалық жагдайдың жақсаруына байланысты адамдар дәрігерлерге медициналық көмек сүрап, жиірек жүгіне бастады.

Мәселен, 1999 жылы республика бойынша орта есеппен диагнозы бірінші рет анықталған 7 160,9 сырқатадам тіркелген болса, онда 2000 жылы - 7 509,7; 2001 жылы - 7 720,3; 2002 жылы - 8 543,9; 2003 жылы - 8 410,6;

2004 жылы - 8607,5; 2005 жылы - 8764,8 (2, 82) адам болды. Сонымен бірге негізгі нозологиялық топтардың көбісінің сырқаттығының өсуі үрдісі, олардың барлық сырқаттардың арасында үлес салмағының көбеюі жалғасуда.

Мәселен, қан айналысы жүйесінің дерті бойынша 1999 жылы 199,0 мың науқас дәрігерге бірінші рет жүгінген болса, 2003 жылы — 261,5 мың;

2004 жылы — 273,1 мың; 2005 жылы - 296,4 мың (2,83; 6,115) науқас жү- гінген. Бүл орайда гипертониялық сырқат, стенокардия, жүректің ише- миялық дерті сияқты асқынған ауыр кеселдер көбейе бастады.

Халықтың денсаулығына байланысты көптеген проблемалар қорша- ған ортаның нашарлай түсуімен байланысты болды. Семей ядролық поли­гоны өңіріндегі елеулі ауқымда болған радиоактивті зақым, сондай-ақ Арал теңізі аймағындағы агрохимиялық ластанудың салдарлары соңғы жылдар бойына халықаралық қауымдастықтың назарын аударып отыр. Осы гео- графиялық аймақтарда қатерлі ісіктермен, генетикалық бүзылу және ақыл- естің ауысуымен сырқаттанудың көбеюі дәрігерлер қауымын қатты алаң- датуда. Мәселен, Қазақстанда 1990 жылдан 1999 жылға дейін 100 мың адамға шаққанда 188,5 адамнан 410,0 адамғадейін онкологиялықдертке шалдыққан. Егер 1999 жылы осы кеселге шалдыққан 61,2 мың адам тір- келген болса, 2003 жылы — 77,4; 2004 жылы — 73,3; 2005 жылы — 74,1 мың адам тіркелген.

Эндокриндік жүйе сырқатының, асқазанның бүзылуы, зат алмасудың бүзылуы көрсеткіштері де өте жоғары. Мәселен, 1990 жылы 398,8 науқас (халықтың 1000 адамына шаққанда) тіркелген болса, 1999 жылы 610,3 науқас тіркелген. Соңгы жылдарда осы кеселдер бойынша диагнозы қойы- лып бірінші рет тіркелгендер серпіні мынадай: 1999 жылы - 91,1 мың; 2000 жылы - 108,2 мың; 2001 жылы — 115,5 мың; 2002 жылы — 160,2 мың; 2003 жылы — 144,0 мың; 2004 жылы — 153,2 мың; 2005 жылы — 152,5 мың науқас.

Қан және қан түзуші агзалар дертіне шалдыгу деңгейі едәуір артты - 1990 жылдан 1999 жылга дейінгі кезеңде 700,8 науқастан 1080,6 науқасқа дейін тіркелген (халықтың 1000 адамына шаққанда). Осы кеселдер бо­йынша диагнозы бірінші рет қойылгандардың саны екінші мыңжылдық- тың басында да осе түсуде: 1999 жылы — 161,3 мың; 2000 жылы — 181,3 мың; 2001 жылы — 209,0 мың; 2002 жылы — 302,1 мың; 2003 жылы — 267,2 мың; 2004 жылы - 273,1 мың; 2005 жылы — 296,4 мың.

Жүқпалы дерттермен сырқаттанудың үлесі де жогары, әйтсе де кейбір жылдары олардың елеулі түрде төмендеуі де байқалды: 1997 жылдан 1999 жылга дейін 100 мың адамга шаққанда 3015,4 науқастан 2439,2 науқасқа дейін азайган. Бүл ең алдымен бауырдың вирустық қабынуына қатысты: 100 мың адамга шаққанда мүндай дертке шалдыгу 1997 жылгы 64,2 мың науқастан 1999 жылы 15,8 мың науқасқа дейін азайган. Бірінші рет анық- талып тіркелген диагноздар серпіні мынадай: 1999 жылы - 364,1 мың; 2000 жылы - 363,4 мың; 2001 жылы - 390,7 мың; 2002 жылы - 389,7 мың; 2003 жылы - 370,0 мың; 2004 жылы - 350,8 мың; 2005 жылы - 333,8 мың.

Туберкулез бен мерез дерті жүқпалы аурулардың арасында ерекше орын алады. Халықтың туберкулез дертіне шалдығуы бойынша ерекше аландаушылықтуғызатын жағдай қалыптасып отыр. Туберкулез элеумет- тік дерттердің қатарына жатады, олар халықтың тұрмыс жағдайына байла­нысты туындайды. Туберкулез дертіне шалдығудың қарқындылығына қарай елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал жайында пайымдауға бола- ды. Туберкулез көбінесе ұзаққа созылуымен, клиникалық нысандарының алуан түрлілігімен және түрлі ағзаларды, негізінен тыныс жүйесін зақым- дауымен сипатталады. Қоздырғыш ауағатаралу-шашырау жолымен, сон- дай-ақ ауру малдың сүті арқылы да таралады. ТМД елдерінің арасында Қазақстанда туберкулез дертіне шалдығу көрсеткіштері неғүрлым жоғары. Қазақстанда бүл дертпен сырқаттану үзақ уақыт бойына бірте-бірте төмен- детіліп келгенімен, 90-жылдары індеттің күрт асқынғаны байқалды. 1991 жылдан 1999 жылға дейінгі кезенде асқынбалы туберкулездің барлық түрлерімен сырқаттану 2 есе көбейіп, 1999 жылы 100 мың адамға шаққан- да 141,4 науқасты қүраған. Көксау (өкпе туберкулезі) дертіне шалдығу 1995 жылдан 1999 жылға дейін 1,9 есе өскен және 100 мың адамға шаққан- да 131,3 науқасты қүраған. Осы жылдарда жыл сайын туберкулезбен ауыр- ған 8 мыңнан астам науқас тіркелген. Туберкулез дертіне шалдығудың ең жоғары деңгейі — Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Семей, Павлодар, Алматы облыстарында.

90-жылдарда туберкулез дертіне шалдығудың және одан болатын өлім- жітімнің ұдайы өсуі бірқатар себептерге байланысты болды. Жалпы әлемдік фактор — туберкулездің дәрі-дәрмекке төзімді жэне, демек, емдеуге коне бермейтін қоздырғыштарының пайда болуы оған ертерек көңіл аударуды талап етеді. Сонымен қатар қаржылық қиындықтарға байланысты себеп- тен денсаулық сақтау мекемелерінде туберкулез ерте сатысында емес, ас- қынған сатысында анықталады: жаңадан анықталған науқастардың 40%-ы дерт мендеген кезенде келеді. Халықтың, әсіресе ауыл халқының ашқүр- сақтығы, қанағаттанғысыз түрмыс жағдайы, түрмелерде отырып келген адамдардың үдайы «ішіп» жүруі дәрігерлердің осы сүмдық кеселге қарсы күреске жүмсаған күш-жігерін қүм етеді. Сондықтан да туберкулезден мүгедек болу және өлу жағдайы жиілей түсуде. Қайтыс болғандардың жас қүрамы және басқа себептер бойынша мәліметтерге жасалған талдау рес­публика халқында 20 жастан бастап тыныс жолдарының туберкулезінен қайтыс болудың көбейе түсу үрдісі пайда болғанын көрсетеді. Мәселен, егер адамдардың 15 жастан 19 жасқа дейінгілер арасынан 1985 жылы 7 науқастың қайтыс болғаны тіркелсе, онда 20 жастан 24 жасқа дейінгі аралықтағылардан 38 науқас; 30 жастан 34 жасқа дейінгі аралықтағылардан 133; 45 жастан 49 жасқа дейінгі аралықтағылардан 223 адам тіркелген және т.б. Ерлердің арасында туберкулезбен сырқаттану әйелдердің арасында туберкулезбен сырқаттанудан едәуір асып түседі. Еңбекке қабілетті жас- тағы ерлер ерекше қолайсыз жағдайда болып отыр, олардың арасында қа- маудан босаған адамдардың және түрлаулы кәсібі жоқ адамдардың үлесі жоғары.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 32 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>