Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

лардың 10%-ы арасындағы айырмашылықтардың есептік көрсеткіштері болуы тиіс, олардың іріктеуі аумақ бойынша, кәсіптерінің тегіне қарай, 3 страница



2009 жылғы қаңтарда түтыну бағасының индексі 2008 жылмен салыс- тырған 100,3% көлемінде болды. Азық-түлік тауарлары бойынша баға 0,2%-ға артты, ақылы қызметтер көрсету бойынша 1,2%-ға өсті, ал азық- түлік емес тауарлар бойынша баға 0,4%-ға төмендеді. Өнеркәсіп орындары өнімінің бағасы 2009 жылғы қаңтарда 2008 жылғы желтоқсанмен салыс- тырғанда 13%-ғатөмендеді.

2008 жылғы қаңтар-желтоқсанда жедел деректер бойынша ІЖӨ ағым- дағы бағамен 15 907,0 миллиард теңге болды. 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ІЖӨ-нің өсімі 3,2%-ды қүрады. ІЖӨ қүрылымында тауар­лар өндірісінің үлесі 45,0%, қызметтер корсету бойынша 52,5%-ды алды.

2009 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестицияның көле- мі 162,9 миллиард теңгені қүрады, бүл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ғатөмен.

Есептік кезенде бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық тамақтан- дыру айналымын қоспағанда) 168,6%-ды қүрады және 2008 жылмен салыс- тырғанда 0,1 %-ға төмендеді.

2008 жылғы қаңтар-желтоқсанда сыртқы тауар айналымы (үйымдас- тырылмаған сауданы есептемегенде) 109,0 миллиард АҚШ долларын қүрады және 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 35,5%-ға артты. Экспорт 71,1 миллиард АҚШ долларын қүрады (49,1%-ға өсті), импорт — 37,8 миллиард АҚШ доллары (15,7%-ға өсті).

2009 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағамен

489,2 миллиард теңгені қүрады, бүл 2008 жылғы қаңтармен салыстырған- да 1,8%-ға томен. Өндеуші өнеркәсіпте (87,6%) электр энергиясын, газ және су өндіруде (92,2%) төмендеу байқалады, кен өндіру өнеркәсібінде өсім 4,3%-ды қүрады.

2009 жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі 25,4 миллиард ткм қүрады (коммерциялық жүк тасымалымен және кәсіпкерлердің жүк та- сымалымен айналысатын көліктік емес үйымдардың жүк айналымы көле- мін қосқанда), 2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,0%-ға төмендеді.

2009 жылғы 1 ақпанға қарай тіркелген заңды түлғалардың саны 284 768 бірлікті қүрады, соның ішінде қызметкерлері 50-ден кем 269 513 бірлік. Жүмыс істеп түрған занды түлғалар 1 799 766 бірлікті қүрады, олардың арасында шағын кәсіпорындар — 165 526. Республикада шағын бизнес субъектілерінің саны 203 942 бірлікті қүрайды.



2009 жылғы 1 қаңтарда мемлекеттің бюджеттік кірісі 4 034,4 миллиард теңгені құрады, шығысы 3 394,1 миллиард теңгені қүрады. 2008 жылғы тиісті кезеңде салыстыру бойынша пайда 39,7%-ға көбейді, ал шығын

26,7%-ға өсті.

2008 жылғы III тоқсанның қорытындылары бойынша кәсіпорындар мен үйымдардың қаржылық нәтижелері кіріс бөлігінде 1 536,7 миллиард теңгені қүрады, мүның өзі 2007 жылдың тиісті кезеңіндегі деңгеймен са- лыстырғанда 63,5%-ға жоғары. Пайда деңгейі 43,5%-ды құрады. Есеп беретін кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындардың үлесі 36,0%-ды қүрады. Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына не- сие беру салымдары 2008 жылғы соңғы тоқсанда 7 454,1 миллиард теңгені қүрады. Үзақ мерзімге берілген несиенің үлесі 80,0%-ды қүрады, ал ше- телдік валютамен берілген несие - 44,1%. Банк жүйесінде депозиттердің көлемі 5 408,6 миллиард теңгені қүрады, мүның өзі 2007 жылмен салыс- тырғанда 39,6%-ға көп. Халықтың депозиттері 1 472,9 миллиард теңгені құрап, 2,8%-ға өсті. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің атал- мыш көрсеткіштері елдегі қалыптасқан жағдайдың және Президент

Н.Ә. Назарбаевтыңтапсыруы бойынша жүргізілген іс-шаралардың нақты нәтижелері болып табылады. Егер Президент атқарушы билікке дер кезінде тапсырма бермеген болса, онда жағдай басқаша болар еді. 2008 жылғы жүмыс қорытындылары 2009 жылы аз болса да оң нәтижелерге жетуге мүм- кіндік берді.

2009 жылғы ақпанның басында ¥лттық Банк теңгені 25%-ға девальва- циялау туралы қабылданған шешімді іске асырды. Бүл макроэкономика- лык жағдайды жақсартып қана қоймай, сонымен бірге елден валютаның әлі де көп көлемде жылыстауына кедергі жасады. Бүл орайда 2009 жылы бүкіл елде негізінен дағдарысқа қарсы «Жол картасы» бағдарламасын іске асырумен ерекшеленгенін атап айтуға болады. Қүлдырау орын алған басқа салаларда қысқартылған жүмыскерлер «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жүмыс істеді. Жүз мындаған маман қайта даярлаудан өтті. Осы- ның нәтижесінде 400 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Республикалық және өңірлік маңызы бар жолдар жөнделді. Әлеуметтік объектілер жөнделді немесе жаңадан салынды. Президенттің «100 мектеп, 100 ауру- хана» бағдарламасы өз нәтижелерін берді. Атқарушы билік 2009 жылы инфляцияны тежеу жөнінде нәтижелі жүмыс жүргізді: жәрмеңкелер пайда болды, ауыл шаруашылығы мен қалалық түтынушылар арасындағы делдалдық жойылды. 2009 жылдың нәтижелерін қорытындылай келе Президент атқарушы биліктің әлемдік дағдарыс кезіндегі жүмысына оң баға берді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Э. Назарбаев өзінің 2010 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында былай деп атап кетті: «Жол картасы — 2009» бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асыры- лып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауру- ханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді... 2009 жылы экономи- каның артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды қүрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің «серіппелі тобына» жаттық... Үлттық қордың арқасында біз дағдарысқа қарсы шараларды жүргізіп қана қойған жоқпыз, сонымен бірге мемлекетке, бізге қиын болған кезде, сатуға мәжбүр болған маңызды актив- терді қайтардық. Бүл — Екібастүз 1-ші ГРЭС-і, «Богатырь» разрезі, Қаша- ғандағы біздің үлесіміз, Маңғыстаумүнайгаз және барлық үш мұнай өндеу зауыты.

Жүмыссыздық деңгейі 6,3%-ды қүрады, ал бүл дағдарысқа дейінгі уақыттағыдан төмен.

Тиімді іске асырылған жүмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жүмыс орындары ашылды.

Біз төтеп бердік. Енді біз 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын орын- дауға кірісеміз».

Сонымен, Қазақстан 2007 жылғы тамызда басталған әлемдік дағда- рысты бастан кешірді. Тек бастан кешіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге өзінің пайдасына шешті. Мемлекетте ауылға бет бүруға мүмкіндік туды.

Қазақстан онжылдықка арналған даму бағдарламасын қабылдап және оны жүзеге асыруға кірісіп қана қоймай, экономиканы толық инновация- лау бағытын ұстады. Бағдарламаның ақырғы нәтижесі бойынша Қазақ- станның ІЖӨ 270 миллиард АҚШ доллары болуға тиіс. Осындай үлан- ғайыр бағдарламаны жүзеге асыра отырып, Қазақстан өзінің ішкі нары- ғын азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге аграрлық салада еңбек өнімділігін 4 есе көбейтеді, сондай-ақ экспорттық әлеуетті үлғайтады. Отандықдәрі-дәрмек нарығының сүранысын 50% қамтамасыз ету жоспарланды. Қүрылыс индустриясын дамыту нәтижесінде отандық өндірушілерге қүрылыс материалдарының сүранысын 80%-ға қанағаттан- дыру үшін жағдай жасалды. Осы бағдарлама шеңберіне бүрын елімізде болмаған әскери-өнеркәсіптік өндіріс жасау кіреді. Бүл бағдарламаның дер кезінде және толық іске асырылатынына ешқандай күмән жоқ, өйткені мүмкіндіктер жеткілікті: 2010 жылдың бірінші тоқсанындағы даму көр- сеткіштері даусыз айғақ болып табылады.

6. РЕСПУБЛИКАНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНДА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР МЕН БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚҮРЫЛУЫ

1987 жылы 13 қаңтарда КСРО-да қүқықтық актілер (КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы, КСРО Министрлер Кеңесінің № 48 және № 49 қаулылары) қабылданды, олар 60 жылдан астам тыйым салынған кезеңнен кейін шетел капиталының елге кіруіне жол ашты, олардың та- рихи мәні де осында еді.

Экономикадағы өрши түскен дағдарысты қүбылыстарға қарамастан 1980-1989 жылдары республикада экономикалық және әлеуметтік даму- дың көрсеткіштері жаман болмады. Мәселен, 1980 жылы халық саны 14 858 миллион адам болған кезде өндірілген үлттықтабыс 20 572 милли­он сомды қүрады, өнеркәсіп өнімі (салыстырмалы бағамен) 22 976 милли­он сомға жетті.29

Қазақстанда дамыған өндірістік, әскери-өнеркәсіптік және ғылыми- техникалық әлеует көрініс тапты, өндіріс факторларының қүрылымында қор факторының үлесі едәуір асып түсті. Материалдық өндірістің қормен жарақтандырылуы деңгейі бойынша (1992 жылы 21 мың сом/адам) Казак- стан ТМД бойынша орташа көрсеткіштен жоғары көтерілді (19,5 мың сом/ адам) және тек Ресейден ғана болмашы кейін қалды (22,9 мың сом/адам). Өндірістік әлеуетті сақтап, дамытуға бағытталған тиісті қүрылымдық өнеркәсіптік саясат Қазақстанның тек шикізаттың әлемдік және өңірлік нарықтардан ғана емес, сонымен бірге бәсекеге жарамды бірқатар жоғары технологиялық өнімнің қатары бойынша да өз «орнын» табуына мүмкіндік берді, өйткені оның жоғары аграрлық-өнеркәсіптік әлеуеті, бүкіл халық- тың жалпы оқу-білімдік деңгейі, бай ресурстар қоры бар еді.

1992 жылдан Қазақстанда нарықтық қайта өзгерістер жүргізіле баста- ды, олар өнеркәсіптің жай-күйін түбірімен өзгертуге тиіс болды. Жекеше- лендіру белестерін, кезендерін, нәтижелерін түрліше бағалауға болады, бірақ бір нәрсені мойындау керек, жекешелендіру отандық өнеркәсіптің аса маңызды кәсіпорындарының меншік нысанын түгелдей өзгертті.


құрылыс ісімен шұғылдануда. Бүгінгі таңда АВЕ корпорациясы жұмыс- керлерінің жалпы саны 10700 адам болатын аса ірі казақстандық компания- лардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының барлық ірі қала- ларында корпорацияның құрылымдық бөлімшелері бар, Лондон, Милан, Ганновер, Дрезден қалаларында өкілдіктері жұмыс істейді.

Би Джи Қазақстандағы Қарашығанақ мұнай-газконденсат кенішінің бірлескен операторы міндетін жүзеге асырады. Компанияға сондай-ақ Батыс Қазақстандағы көмірсутек ресурстарының Қара теңізге шығуын қамтамасыз ететін Каспий құбыр желісі консорциумындағы үлес те тиесілі. Би Джи он жылдан астам уақыт бойына Қазақстанда өзінің белсенді қыз- метін жүргізуде және ең ірі Британ инвесторы болғандықтан Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуда өзінің рөлін атқарды.

«ҚазМүнайГаз» үлттық компаниясы Қазақстан Республикасы Пре- зидентінің «Ел экономикасының мұнай-газ секторында мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы

20 ақпандағы Жарлығымен «Қазақойл» және «Мұнай және газ тасымалы көлігі» ұлттық компаниялары активтерін қосу жолымен құрылды. «Қазақ- ойл» ҮМК» ЖАҚ-ның жарияланған жарғылық капиталы 50,0 миллиард, тіркелген жарғылық капиталы 17,76 миллиард, 2000 жылғы 24 сәуірде төленген капиталы — 14,49 миллиард, меншікті капиталы 136,04 милли­ард (984,35 млн $) болды. Қазақстан Республикасының Үкіметі компания- ның бірден-бір қүрылтайшысы және акцияларының 81,6%-ын иеленушісі болып табылады.

«ҚазМүнайГаз» — сатыластықпен біріккен мүнай-газ компаниясы, оның қүрамында көмірсутекті шикізатты барлау, өндіру, өндеу, тасымалдау және өткізу, мұнай өнеркәсібі, телекоммуникациялар, тасымал нысанда- рын салу жөніндегі жүмыстар мен көрсетілетін қызметтердің толық циклін жүзеге асыратын 45-тен астам түрлі профильдегі кәсіпорындар бар.

«Қазақстан келісімшарт агенттігі» Қазақстан Республикасының Ин­дустрия және сауда министрлігі мен Энергетика және минералдық ресурс- тар министрлігінің ресми өкілі болып табылады. Агенттік Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің «Отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы 14 қарашадагы қаулысы- на сәйкес қүрылды.

«Маңгыстаумүнайгаз» ААҚ 1963 жылы қүрылды, қазіргі уақытта кәсіпорында 4,5 мың адам жүмыс істейді. Балансында 36 кеніш бар, олар- дың 15-і іске қосылу әзірлігінде.

«CNPC — Ақтөбемұнайгаз» А АҚ 2002 жылы 4367,4 мың тонна мүнай өндірді. Қытай ұлттық компаниясына акциялардың 85,4%-ы тиесілі. 1997 жылы Қазақстан мен Қытай 9,5 миллиард сомасындағы мүнай келісімдері пакетіне қол қойды. 2002 жылы CNPC-тің қазақстандық жобаларға салған инвестициясының жиынтық көлемі 284 миллион долларды қүрады.

«ГЕОСТАН» компаниясы «Азимут Энерджи Сервисез» акционерлік қоғамының құрамынан Өндеу және Талдау Басқармасының бөлінуі жолы­мен дербес акционерлік қоғам ретінде 2004 жылдың сәуірінде қүрылды. Г еостан АҚ-ның үжымы қазақстандық геофизиканың таңдаулы дәстүрле- рін сақтады және өндеудін/ұқсатудың жоғары кәсіби мердігері және қазақ- стандық нарықта әрі шетелде сейсмикалық деректерді талдау беделіне ие.

««ҚазМұнайГаз» «Разведка Добыча»» акционерлік қоғамы «Ембімү- найгаз» ААҚ мен «Өзенмұнайгаз» ААҚ-ның қосылуы жолымен 2004 жылғыЗІ наурызда құрылды және ««ҚазМұнайГаз» ¥К-ның» еншілес ұйымы болып табылады. Қызметінің негізгі түрлері - мүнай мен газды барлау және өндіру жөніндегі операциялар. ««ҚазМүнайГаз» «Разведка Добыча»» акционерлік қоғамы мүнай өндіру көлемі мен алынатын кор- лары бойынша Қазақстанда 2-орын алады. Компания 44 кеніштен мүнай өндіреді, олардағы мүнайдың қалдықтық баланстағы қоры 1,2 миллиард тонна мүнай және алынатын қоры 269 миллион тонна. ««ҚазМүнайГаз» «Разведка Добыча»» АҚ-ның штаб-пәтері Астана қаласының сол жағала- уында орналасқан. Компания қызметкерлерінің жалпы саны 15 мыңнан астам адамды қүрайды.

Социалистік жүйені реформалау туралы айта келіп, белгілі француз кеңес танушысы Б. Шаване оның өзгерістерін бірнеше кезеңге бөледі. Ол былай деп пайымдады: «реформалардың екі түрпатын бөліп көрсетуге болады, олар: жүйелік түзету енгізу — ол орталықтандырылған жоспарлау- ды және жүйенің басқа да элементтерін (ауыл шаруашылығы, сыртқы бай- ланыстар т.б.) неғүрлым икемді етеді, бұл орайда елеулі институттық өзгерістер енгізудің қажеті болмайды; мүнда институттардың ішінара өзгеріске түсуі (негізгі жүйеге зиянын тигізбейтін), мысалы, орталық- тандырылған жоспарлауды жою немесе ауыл шаруашылығын қайта үжым- дастыру сияқтылар жүзеге асырылады. Егер, сонымен бірге, жүйенің бір элементіндегі, оның үстіне екі элементіндегі институттық базис қалай дегенмен қайта өзгеріске түсетін болса, онда әңгіме «жүйелік қүрылым- ның бүзылуы туралы» болмақ. Өзгеріс сапалық өзгеріске айналады: ол енді «реформа» терминіне жауап беретін, ішкі жүйелік өзгеріс емес, одан артықтау, бірақ — жүйе аралық өзгеріс. Бүл «тектік өзгеріс».52

7. ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫ

Халықтың саны және орналасуы. Егемендік жағдайында Республи- каның экономикалық және саяси өміріндегі түбегейлі өзгерістер өңірдің демографиялық ахуалына әсерін тигізбей қоймады. Ол былай түрсын, олар көбінесе келеңсіз үрдістердің де, оң үрдістердің де жиынтығы мен қара- ма-қайшылықтарының салдары болды, мүның өзі халықтың сан жағынан да, сапалықта сипаттамаларының өзгеруінен, оның Қазақстанның аума- ғында орналасуынан және көші-қон үрдісінен көрініс тапты.

Қазіргі кезенде Қазақстан дүние жүзінің халық ең аз қоныстанған елдерінің бірі болып табылады. Көлемі 2724,9 мың шаршы километр бо- латын үлан-байтақ ауданды алып жатқан елде аумақтың бір шаршы кило- метріне шаққанда 5,5 адамнан келеді. Халықтың мекендеуі үшін неғүрлым қолайлы жерлер Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары (Алматы қаласын қоса алғанда), мүнда республиканың бүкіл халқының 37,8%-ы шоғырланған, ал халықтыңтығыздығы 1 шаршы километрге шақ- қанда тиісінше 16,9; 6,9 және 7 адамды қүрайды. Халық біршама қоныстан- ған келесі өңір Солтүстік Қазақстан - Қостанай, Солтүстік Қазақстан,

Ақмола және Павлодар облыстарының аумагы, мұнда елдің бүкіл халқы- ның 24,8%-ы орналасқан, ал халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге тиісінше 5,2; 7,4; 5,7 және 6,5 адамға тең. Шығыс Қазақстан облысында республиканың бүкіл халқының 10,2%-ы түрады, халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге шаққанда 5,4 адамға тең. Орталық Қазақстанда (Кара­ганды облысы) республиканың бүкіл халқының 9,4%-ы түрады, халықтың тығыздыгы 1 шаршы километрге шаққанда 3,3 адамға тең. Елдің батыс өңірлері - Маңгыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан Қызылорда облыстары халық ең аз қоныстанған аудандар болып табылады. Мүнда республиканың бүкіл халқының 17,7%- ы шоғырланған және 1 шаршы километрге шаққанда орта есеппен тиісінше

1, 9; 3,7; 4,1; 2,3 және 2,6 адамнан келеді.

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне орай оның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің қатарына 86 қала (2-еуі — респуб- ликалық маңызы бар қалалар - Алматы мен Астана; 14 облыс орталығы; облыстық маңызы бар 25 қала және аудандық маңызы бар 45 қала); 174 қалалық кент кіреді.

Егемендік жағдайында Қазақстан Республикасының демографиялық дамуының басты ерекшелігі болып — халықтың абсолюттік санының сер- пінді өзгеруі саналады. Мәселен, 1993 жылға дейін бүл көрсеткіштің кө- беюібайқалды: 1989 жылдан 1992 жылга дейінгі кезенде орташа жылдық өсу қарқыны 0,7 %-ды қүрады, сонан соң республика халқының саны қыс- қара бастады, 1999 жылга дейін орташа жылдық төмендеу қарқыны 0,9%- ды қүрады. Кейінгі жылдары халық санының төмендеу қарқыны күрт қыс- қарды және 2002 жылдың өзінде бүл көрсеткіштің өсуі алғаш рет тіркелді, оң серпіннің жалғасуы үрдісі байқалды.

1989 жылдан 1999 жылға дейінгі кезенде Қазақстан халқының саны 1 246 028 адамға (7,7%-ға) азайып, 14 953 126 адамды қүрады. Түрақты халық саны тиісінше 15 578 адамға (3,6%-ға); 154 811 адамға (8,4%-ға);

21 751 адамға (3,8%-ға); 38 072 адамға (13,4%-ға); 57 429 адамға (5,4%-ға) өсім берген Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан, Астана мен Алматы қалаларынан басқа барлық облыстарда халық саны барынша төмендеді. Түрақты халық санының едәуір төмендеуі Қарағанды (335 230 адамға, яки 19,1%-ға); Шығыс Қазақстан (236 201 адамга, яки 13,4%-ға); Ақмола (228 135 адамға, яки 21,5%-ға), Қостанай (206 115 ада­мга, яки 16,7%-ға), Солтүстік Қазақстан (186 085 адамга, яки 20,4%-га); Палодар (135 330 адамга, яки 14,5%-ға) облыстарында байқалды.

Төртжылда, 1999 жылдан 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Жамбыл облыс- тарының есебінен халық саны 266,2 мың адамга өсті,олардахалықтыңең көп өсімі тиісінше 255,3,45,3,59,8, 32,2, 22,0,12,3 мың адам болды. Аста­на мен Алматы қалаларында бүл көрсеткіштің оң серпіні тиісінше 550,4 мың және 118,6 мың адамды қүрады. Республика халқының саны 2006 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ағымдагы деректері бойынша 15219,3 мың адам болды.53

Қала халқының саны 10 жылда (1989—1999 жылдар) 805 333 адамга (9 182 636 адамнан 8 377 303 адамга дейін), яки 8,9%-га азайды, халықтың жалпы санындағы қала тұрғындарының үлесі 1989 жылғы 56,7%-дың орны- на 56%-ға дейін төмендеді. Аздаған өсім тіркелген Қызылорда мен Аты- рау облыстарынан басқа облыстардың бәрінде төмендеу болды. Қала тұрғындарының едәуір төмендегені Қарағанды (267 438 адамға, яки 18,6%- ға), Шығыс Қазақстан (131 853 адамға, яки 12,8%-ға), Ақмола (121 955 адамға, яки 12,8%-ға) облыстарында байқалды.

1989—1999 жылдардағы санақ аралық он жылда республикада ауыл халқының саны 440 695 адамға (7016518 адамнан 6575 823 адамға дейін), яки 6,1%-ға төмендеді, ал ауыл тұрғындарының халық қүрамындағы үлесі

0, 7%-ға (43,3%-дан 44,0%-ға дейін) артты. Ауыл халқы саның елеулі төмендеуі Қостанай (140 281 адамға), Солтүстік Қазақстан (133 266 адам- ға), Ақмола (106 180 адамға), Шығыс Қазақстан (104 348 адамға) облыс­тарында болды. Ауыл халқы санының өсуі Оңтүстік Қазақстан (164 171 адамға), Атырау (15 468 адамға), Маңғыстау (30 817 адамға), Қызылорда (6 548 адамға) облыстарында байқалды.

2006 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша республика халқының қүрамындағы ауыл түрғындарының үлес салмағы 42,7%-ды қүрады, ең көп саны — 6 537,5. Халықтың бүл бөлігінің үлес салмағы Алматы облысында

—70,2%, Солтүстік Қазақстан облысында — 65,8%, Оңтүстік Қазақстан облысында - 59,9%, Батыс Қазақстан облысында — 56,7%, Жамбыл облы­сында — 54,9% және Ақмола облысында - 52,9%-ға жетті.

2006жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қала түрғындарының саны 8 763,9 мың адамға өскен. Олардың республика халқының қүрамындағы үлесі де 57,3%-ға артқан. Қазір ең қалаға шоғырланған облыстар - Кара­ганды (мүнда қала халқының үлес салмағы 83,8%), Маңғыстау (75,9%) және Павлодар (65,6%) облыстары. Қала түрғындары сондай-ақ Ақтөбе, Қоста- най, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында да басым бо­лып келеді — 55%— 59% шегінде.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 33 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>