Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

лардың 10%-ы арасындағы айырмашылықтардың есептік көрсеткіштері болуы тиіс, олардың іріктеуі аумақ бойынша, кәсіптерінің тегіне қарай, 1 страница



лардың 10%-ы арасындағы айырмашылықтардың есептік көрсеткіштері болуы тиіс, олардың іріктеуі аумақ бойынша, кәсіптерінің тегіне қарай, қай әлеуметтік жікке жататынына қарай жүргізіледі. Сол кезде неғүрлым жетілдірілген қоғам орнатып, табыстың айырмасын теңестіру барысын бас- қаруға болады. Табыс төмен және айырма көп жерлерде — шағын және орта бизнеске әлеуметтік жеңілдіктер беру немесе, мысалы, мемлекеттік жолмен қүрылатын кәсіпорындардыңт.б. дамуын күшейту керек.

Әлеуметтік саралану - бүл көптеген елдерге тән өзекті мәселе. Оны Америка да, Еуропа да, Жапония да шеше алмайды. «Мәселен, 1950 жыл- дан 1992 жылға дейінгі кезенде әлемдік табыс 4 триллион АҚШ доллары- нан 23 триллион АҚШ долларына дейін өсті, ал халықтың жан басына шаққанда үш еседен астамға көбейді. Алайда дамушы елдерде түратын әлемдік халық өсімінің төрттен үшіне әлемдік табыстың тек 16%-ы ғана тиесілі, ал нағыз байлардың 20%-ына әлемдік табыстың 85%-ы тиесілі бол- ды».22 Әлбетте, қоғамның барлық топтарында табысты бірдей ету - м үмкін емес. Әйтсе де дамыған елдердің үкіметтері инфляциялық үрдістерді қада- ғалаудан гөрі кедейлер мен байлардың табысы арасындағы алшақтыққа ден қоюды және оны қысқартуды, бүл үрдістерді мемлекеттік тетіктермен реттеуді басты мәселе деп есептейді. Бұл тетіктер әр елде әр түрлі. Біздің елде ол мүлде әзірленген жоқ, ал әлеуметтік экономика үлгісінің ғылыми теориясын жасамайынша, ол әзірленбейді, мүндай жағдайда қателіктер болуы мүмкін қателіктерден әлдеқайда көп болмақ. Өмір шындығы осыған көз жеткізіп отыр.

5. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘЛЕМНІҢ НЕҒҮРЛЫМ

ДАМЫҒАН ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЕЛУ ЕЛІНІҢ ҚАТАРЫНА КІРУ ЖОЛЫНДА

Президент Н.Э. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа Жолдауында (2006 жыл) республика- ның дүние жүзінің неғүрлым дамыған және бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруі стратегиясын үсынды. Бүл жөнінде пікірсайысқа қатысу- шылардың көбісі әлеуметтік-экономикалық дамыған және бәсекеге қабі- летгі ел деген үғымдарды үқсас үғымдар, сонымен бірге олардың әрқайсысы дербес экономикалық категория әрі олардың бағалаулары мен индекстері әр түрлі деген анықтама береді.



Президент стратегиялық бағдарламада (2006) дербес екі міндетті: таяудағы 10 жылда, біріншіден, әлеуметтік дамыған 50 елдің қатарына кіру және, екіншіден, дүние жүзінің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру міндеттерін қойды.

Әлеуметтік-экономикалық дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің орнын анықтау үшін түрлі бағалаулар мен индекстер пайдаланылады. Ал- ғашқының өлшемдері ЖІӨ көрсеткіштеріне негізделеді. Бүл елдердің жыл сайынғы рейтингін статистикалық деректер негізінде халықаралық үйым- дар (БҮҮ, ЕҚЫҮ, ХВҚ, ХДЖБ т.б.) айқындайды. Бүл орайда 180 ел зерт- теу объектілері болып табылады, олардың ішінде 40-тан астам ел жаңа әлеуметтік дамыған елге жатады.

Елді халықтың жан басына шағып есептегендегі ЖІӨ көрсеткіштері бойынша бағалау дұрыс па? Әдетте оның 75—80%-ын бүкіл халықтың түрмыс деңгейін сипаттайтын материалдық игіліктер қүрайды: оған алуан түрлі түтыну тауарлары ғана емес, сонымен бірге денсаулық сақтау, түрғын үй құрылысы мен әлеуметтік қүрылысқа салынған инвестиция жатады. Сондықтан ол елдің жалпы жай-күйін түсіну үшін жеткілікті дәрежеде әділ көрсеткіш болып табылады: мүнда халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ көп болса, онда түрмыс деңгейі де жоғары деген сөз.

ЖІӨ үлттық шоттар жүйесінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады және елдің экономикалық бірліктерінің, резиденттері мен бей- резиденттерінің өндірістік кызметінің материалдық өндірісте де, матери- алдық емес қызметтер көрсету саласында да ақырғы нәтижесі болып табы­лады. Ол сондай-ақ халықаралық салғастыру кезінде қоғамдық еңбек өнім- ділігін бағалау және экономикалықтиімділіктің басқа да кейбір индекс- терін шығару үшін пайдаланылады.

2005жылы Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агент- тігінің деректері бойынша Қазақстанда халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ шамасы 3700,9 АҚШ долларын қүрады және 2000 жылмен салыстыр- ғанда (1229 АҚШ доллары) 3 еседен астамға көбейді. Президент

Н.Э. Назарбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Үлттықуниверситетінде оқыған өзінің дәрісінде (2006 жылғы 27 мамыр) әлемнің неғүрлым дамыған және бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру үшін бүл көрсеткіш ең аз дегенде 5500 — 6000 АҚШ долларды қүрауға тиіс дегенді айтты.

Егер ЖІӨ өсуінің қазіргі қарқынын басшылыққа алатын болсақ, онда бүл ел үшін әбден орындауға болатын міндет. Беделді Economist журналы «Элем 2006 жылы» деген арнаулы шығарылымында жекелеген мемлекет- тердің экономикалық дамуының ағымдағы жылға арналған болжамының деректерін жариялады. Бүл болжамға Қазақстан да кірді. Басылым сарап- шыларының алдын ала болжауында біздің ел экономикалық даму қарқыны бойынша (8,9%), Азияның барлық мемлекеттері арасында көш бастау- шыға айналады. ЖІӨ көлемі 64 миллиард АҚШ долларына жетуі мүмкін, сатып алу қабілетінің барабарлығы бойынша — 138 миллиард доллар, ха- лықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ — 4200 доллар, бүл орайда республика халқы 200 мың адамға көбейеді.

Аталған сандар көбінесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы жылға арналған бюджетті жасақтау кезінде қабылдаған макроэкономика- лык көрсеткіштерінің болжамына сай келеді. Олар бойынша нақты ЖІӨ- нің өсуі 8,3% болып бағаланып отыр, ал оның көлемі 63,5 миллиард дол- ларға жетеді. Инфляция деңгейін орта есеппен 6—8% аралығында үстау көзделіп отыр. Тек сатып алу қабілетінің барабарлығы бойынша ЖІӨ көр- сеткіштері ғана едәуір алшақ болды, ол, үкіметтің пікірінше, 174,4 мил­лиард АҚШ долларын қүрайды.

Соңғы жеті жыл бойына экономиканың тез өсуі нәтижесінде Казак- стан өзінің негізгі көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. ЖІӨ-нің ха- лықтың жан басына шаққан мөлшері бойынша біз таяу көршілерімізді — Өзбекстанды, Қырғызстанды және Қытайды басып оздық, тек Ресейден ғана кейін келеміз. Алайда егер әлемнің 180 елі қатысатын салыстырмалы талдауға жүгінетін болсақ, онда Қазақстан 71-орында, алда тек 30 дамыған ел ғана емес, сонымен бірге бірқатар дамушы елдер де бар. Т өменгі топта- ғылардан Болгария, Балтық жағалауы елдері, Чех Республикасы, Венгрия, Польша, Словения, Аргентина, Бахрейн және басқалар бізден алда келеді.

Әлеуметтік нормалармен байланысты істің жайы бүдан да нашар. Қоры- тындыланған әлеуметтік көрсеткіш әлеуметтік даму индексімен сипатта- лады, онда халықтың жан басына шаққандағы нақты табыспен қатар өмірдің ұзақтығы да ескеріледі. Ол бойынша Қазақстан 80-орынды алып отыр. Өмір- дің ұзақтығы әйелдерде - 67 жас, ал ерлерде - 61 жас, мұның өзі ТМД- ның барлық елдеріндегіден төмен. Салыстыру үшін: Өзбекстанда өмірдің ұзақтығы әйелдерде — 70 жас, ерлерде — 63 жас.

Сондықтан негізгі экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер бо­йынша дамыған елдердің деңгейіне жетуді хал ықтың жан басына шаққан- дағы ЖІӨ өндірудің жайдан-жай жедел өсуі ретінде түсінбеу керек, қайта қоғам үшін экономикалық қызметті жақсартуға негізделетін өзінше бір әлеуметтік революция ретінде түсіну керек.

Елге әлеуметтік ілгерілеу, әлеуметтік-экономикалық саясатта адамға қарай күрт бетбүрыс жасау қажет. Қазіргі уақытта экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі түжырымдама негізінен білім деңгейі мен сапа- сын арттыру жолымен адамға тән ресурсты дамытуға баса назар аударып отыр. Бүған ЮНЕСКО Комиссиясы 1996 жылы жариялаған «Оқу-білім - ішкі байлық» деген баяндама негіз қалады. Сол кезден бері Д үниежүзілік банкінің көптеген сарапшылары оқу-білімді адамға тән капиталды дамыту үшін негізгі қүрал ретінде, демек, экономикалық өсудің түрақты қарқыны үшін әлеует ретінде айқындайды. Бүл осылай ма?

Американ экономисі Уильям Истерли білім беруге жүмсалған инвес­тиция мен экономикалық өсу арасындағы өзара байланысты статистика- лык түрғыдан анықтады. 1960 жылдан 1990 жылға дейінгі кезенде әлемде білім беруге жұмсалған қаржы ғаламат қарқынмен өсті. Мысалы, Непалда білім беру саласында «адам айтса нанғысыз» өрлеуге қол жеткізілді, оның нәтижесінде бастауыш білім алған балалардың үлесі 1960 жылғы 10%-дан 1990 жылы 80-%-ға дейін көбейді. Жоғары оқу орындары студенттерінің саны да күрт өсті: егер 1960 жылы әлемнің 29 елінде университеттер мүлде болмаса, 1990 жылы мүндай елден үшеуі ғана қалды (Комодор аралдары, Гамбия және Гвинея-Бисау). Оның бер жағында білім беруге жүмсалған шығыстың осылай қарқындап өсуі мүнда экономикалық өсу қарқынына ешқандай салқынын тигізбеген. Ол былай түрсын, кейбір елдерде ЖІӨ- нің өсуі қарқыны мен білімге салынған инвестиция арасында келеңсіз ара- қатыстылықбайқалған. Мәселен, бірқатар Африка елдерінде, білім беруге жүмсалатын шығыстың көбейтілгеніне қарамастан терең экономикалык дағдарыстар болған. Өз кезегінде, адамға тән капиталга біршама аз шы- ғын жүмсаған Жапония, соған қарамастан, экономикалық өсудің жоғары қарқынын көрсетті. Кеңес Одағы білім беруге батыс елдерімен салыстыру- ға болатындай шығын жүмсады, алайда бүл ешқандай технологиялық өсуге айналмады: кем дегенде КСРО-ның өмір сүруінің соңғы 15 жылында сала- лардың көбісінде экономикалықтоқырауды бастан кешірді. Әлбетте, білім экономикалық өсуге өзінен-өзі кепілдік бермейді. Ол тек басқа тетіктер- мен кешенді түрде әрекет еткен жағдайда ғана экономикалық дамуда өз рөлін атқара алады, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тиіс құралдар- дың бірі бола алады.

Президент 2006 жылғы Жолдауда айқындаған басым бағыттардың арасында республиканың әлемдік экономикамен ойдағыдай ықпалдасуы да бар. Бұл міндет бір жолғы міндет емес, оны іске асыру шетелден жоғары технологиялар сатып алуды ғанаталап етіп қоймайды, сонымен бірге өзінің меншікті технологияларын әзірлеуді де талап етеді. Бұл үшін жоғары білім беру стандарттарына сай келетін академиялық орталықтар мен оқу орын- дарын құру қажет.

Қазіргі сәтте жақсы көрсеткіштерге ие болу ғана емес, Қазақстанды халықаралық сарапшылар айтарлықтай жоғары білім беру жүйесі бар елдердің санатына енгізді, — сонымен бірге олардың келешекте де жақсар- тыла беруін қамтамасыз ету де маңызды. Ал бұл, өз кезегінде, инвести- цияға, ең алдымен өндірістік инвестицияға байланысты.

Сондықтан 15-20% мөлшеріндегі ЖІӨ-нің басқа бір құрамдас бөлігі

- негізгі өндірістік қорларға салынатын инвестиция. Халықтың жан ба- сына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштері неғұрлым жоғары болған сайын, қоғамда өзінің болашағына инвестиция салу мүмкіндіктері де солғұрлым көп болады. Ел Президенті Н.Э. Назарбаев Қазақстанның 3-инвестиция- лық саммитінде: «Қазақстан халықтың жан басына шаққанда тартылған тікелей шетелдік инвестицияның көлемі бойынша ТМ Д мемлекеттерінің арасында көш бастаушы болып қала береді, сондай-ақ ТМ Д елдерінің ара­сында инвестициялық сыныптың халықаралық рейтингін алған бірінші ел болып табылады. Дүниежүзілік банк Қазақстанды инвесторлар үшін әлемдегі неғұрлым тартымды 20 елге енгізді»,23 деп атап көрсетті.

Елімізге тікелей салынатын инвестицияның көлемі жоғары қарқын- мен өсуде. Егер 2003 жылы тікелей салынған шетелдік инвестиция 5,0 миллиард АҚШ долларын қүраған болса, 2005 жылы 6,4 миллиард АҚШ долларын құрады, яғни Қазақстанға салынған инвестицияның көлемі бұл кезенде 1,3 есе көбейді.

Республикада соңғы жылдары негізгі капиталға салынатын ішкі инвес­тиция нығайып келе жатқаны сүйсінтеді. Оның көлемі 2005 жылы 20 мил­лиард дерлік АҚШ долларына жетті, мүның өзі Қазақстан экономикасы- ның жеделдеуіне мүмкіндік берді. Қазақстанның индустриялық-иннова- циялықдамуының 2015 жылға дейінгі стратегиясын іске асыру республи­ка экономикасының 3,5 есе өсуін көздейді, ал мұның өзі бұдан да көп қаражат жұмсауды талап етеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының капиталына жүгінудің мәні бар. Қазір олардың шоттарында 6 миллиард дерлік АҚШ доллары шоғырлан- ған. Мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған бұл қаражаттың әкелетін инвестициялық пайдасының аз екені соншалық, тіпті ол инфляциялық кемудің өзін әзер-әзер жабады. Әлбетте, инвестициялаудың келешегі жоқ осы формасында бүкіл халықтың молшылығын арттырудағы Президент қойған міндеті бюджеттің әлеуметтік баптарына барынша аз жүгіне оты- рып, тез арада шешу мүмкін болмайды. Ірі үлттық компаниялардың мем- лекетпен бір үлесте ЖЗҚ-ның (жинақтаушы зейнетақы қоры) қаражатын аса маңызды жобаларға салу қарыз қаражатының мөлшерін шектеуге, ЖЗЖ-не (жинақтаушы зейнетақы жүйесі) қатысушы-салымшылар қорла- нымының көлемін көбейтуге, ал олардың саны 8 миллион — елдің барлық экономикалық белсенді халқы дерлік, орта сыныптағы мемлекеттіліктің тірегі болып табылатын шағын және орта бизнестің қалыптасуына және оған ықпал етуге мүмкіндік береді.

Ал, ақыр соңында, қорғанысқа және, ең алдымен, жаңа әскери техни- каға жұмсалатын шығыс осы негізгі көрсеткіштің үшінші бөлігі болып табылады, елдің егемендігін сақтау осыларға байланысты.

Осы құрамдас бөліктердің үндестік табуы, халықтың жан басына шақ- қандағы ЖІӨ көрсеткіші ықпалдастырылған, кешенді, синтезделген, өз бойында әлеуметтік-экономикалық дамудың нәтижелерін іске асыратын көрсеткіш болып табылады. Орта есеппен, бай елдер мен кедей елдер аса- сындағы айырмашылықтарды есептемей, қол жеткізілген тұрмыс деңгейін сипаттай отырып, ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің деңгейін де, материал- дық ресурстарды пайдалану тиімділігін де жанама түрде көрсетеді. Алайда мүнда да әр түрлі нүсқалар болуы мүмкін, бірақ олар теренде жаткан нүсқа- лар және олар басқа сараптамалық индекстермен зерттеледі.

Кез келген көрсеткіш сияқты, ол (ЖІӨ) талдау аясын тарылтады және барлық экономикалық және әлеуметтік іс-қимылдардың сан алуандығын анықтай алмайды. Мәселен, негізінен халықтың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді түтынуы сияқты дүрыс деңгейін сипаттай отырып, ол өмірдің үзақтығын, жекебастың қауіпсіздігін, табиғи ортаны, жүмыссыздық жағ- дайын, яғни әлеуметтік дамудың елеулі деректерін ескермейді. Сөйтіп, әлеуметтік-экономикалық жаңғырту стратегиясы жалпы алғанда дамы- ған елдерді халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші бойынша қуып жетуге ғана саймайтыны; оның маңызды қүрауыш бөлігі — дамыған елдерге негізгі экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша жақындау екені түсінікті болмақ.

Халыққа арналған жолдауда былай делінген: «Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жеке меншік институты мен келі- сімшарттық қатынастарды қүрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика...»24 «Алайда бәсекеге қабілеттілік елдің экономикалық өсудің жоғары қарқы- нын қолдаумен шектелмейді. Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші

—халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасы».25

Әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін зерделеп, айқындаумен қазір Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум, Лозаннадағы Халықара- лық менеджмент институты және Гарвард униерситеті жанындағы Стра­тегия және бәсекеге қабілеттілік институты (АҚШ) айналысады.

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайынғы есебінде (The Global Competitiveness Report) үш қүрауышқа: макроэкономикалық орта көрсеткішіне, қоғамдық институттардың сапасына және технология- лык дамуға негізделген үлттық экономикалардың өсуінің бәсекеге қабілет- тілігі индексінің негізінде 117 елдің бәсекеге қабілеттілігінің орнын анық- тайды. Бизнестің бәсекеге қабілеттілігі үрдісін айқындау үшін бәсекеге қабілеттіліктің дамуы индексіне инвестициялық көрсеткіш қосылады. Осы шарттар бойынша Қазақстан бәсекеге қабілетті елдердің арасында жалпы


61-орын алады (соның ішінде даму қарқыны бойынша — 43-орын, элеу- меттік проблемалар бойынша — 76, техникалық жарақтандыру бойынша

- 77-орын).

Мүның мәнісі республикада макроэкономикалық ортаның жай-күйі қанағаттанарлық, ал қоғамдық институттардың сапасы мен технология- лык жарақтандырылуы әлемнің қазіргі заманғы талаптарынан артта калып отыр дегенді білдіреді.

Давос форумының әдістемесіндегі бәсекеге кабілеттілік индексі бо­йынша бірінші ондыққа Финляндия, АҚШ, Швеция, Дания, Тайвань, Сингапур, Исландия, Норвегия, Австралия кіреді. Посткеңестік елдер- ден: Әзірбайжан - 69-орында, Ресей — 70, Армения - 79, Молдавия — 83, Украина — 84, Грузия — 86, Тәжікстан — 104, Кыргызстан - 116-орында. Ал Өзбекстан тіпті әлемнің осы 117 елінің қатарына да кірген жоқ. Қазақ- станды келтірілген көрсеткіш бойынша Эстония (20), Словения (33), Литва (36), Венгрия (39), Чех Республикасы (40), Словак Республикасы (43), Латвия (44) сияқты посткеңестік елдер артта қалдырып отыр.

Елдің бәсекеге қабілеттілігін багалау үшін эр түрлі 314 көрсеткіш, соның ішінде сараптамалық багалау көрсеткіші пайдаланылады, олар: 83 экономикалық бағалау көрсеткіші, 77 — үкіметтің және басқарудың тиім- ділігін багалау көрсеткіші, 69 - бизнестіңтиімділігін багалау көрсеткіші және 94 — инфрақүрылымды багалау көрсеткіші.

Осы статистикалық және іс-тәжірибелік деректердің негізінде Л озан- надагы Халықаралық менеджментті дамыту институтының (1MD) зерттеу- шілері елдердің бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі бірінші орынды айқын- дайды (ықтимал 100 балдан 100 балл). Кейінгі орындар ең жогары нүкте- ден % түрінде көрсетіледі. Қазіргі кезде олар бәсекеге қабілеттілікті айқындау үшін 69 елдің деректерін пайдаланады. Қазақстан бүл қатарга әлі енгізілген жоқ.

 
 

Мәселен, 2005 жылы Халықаралық менеджментті дамыту институты- ның деректеріне орай алгашқы бес орынды былайша бөліскен: АҚШ, Гон­конг, Сингапур, Испания, Канада. Бәсекеге қабілетті елдердің рейтин- гінде АҚШ-тың көш бастап келе жатқанына түсініктеме (ықтимал 100 балдан 100 балл) бере келіп, Халықаралық менеджментті дамыту инс- титутының басшысы Гарелли мырза: «АҚШ-тың елеулі артықшылықта- рының бірі технологияны дамытуга қабілетті екенінде гана емес, сонымен бірге бастысы — оларды тауарлар өндіру мен қызметтер көрсетуге тез енгі- зуінде» дегенді айтты. Оның пікірінше, «американдықтардың түйінді бәсе- келік артықшылыгы да, Еуропадан басты айырмашылыгы да міне осын- да».26 IMD есебінде ҚХР мен Үндістанның бәсекеге қабілеттілігінің жақса- руы атап көрсетіледі. Мәселен, соңгы жылы ҚХР-дың бәсекеге қабілетті- лігі 31-орыннан 19-орынга көтерілген. «Қытайдың шарықтауы ЖІӨ-нің (бүл фактор бойынша — рейтингіде 2-орында), алтын-валюта сақтық қор- ларының тез өсуімен және бюджеттің жай-күйінің жақсы екенімен (бүл жөнінен Қытайдан ешкім басып оза алган жоқ) түсіндіріледі. Бәсекеге қабілеттілік бойынша алгашқы ондыққа Қытай оқу-білім деңгейіне, қор- шаған ортаға және қаржы жүйесіне сай келмейтін жетілдірілмеген корпо- ративтік заңнаманы жібермейді (барлық өлшемдер бойынша - 51 орында). Үндістанда күшті жақтар аз (жүмыс күшінің арзандыгы, инфляцияның
төмендігі және ЖІӨ-нің тез өсуі), ал көкейтесті мәселелер қытайлар- дікімен бірдей дерлік (бұған бюджеттің тапшылығы мен әлеуметтік заң- наманың жетілдірілмегендігі қосылады)».27

IMD Ресейдің: бюджет тапшылығының алтын-валюталық мөлшері (2- орын), сыртқы сауда мен төлем бюджетінің жай-күйі және халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ-нің өсу қарқыны сияқты оң көрсеткіштерін атап айтады және экономика мен бизнестің дамуын тежеп отырған неғүрлым көкейтесті факторларды көрсетеді. Олардың арасында ерекше елеулілері: сыбайласқан жемқорлық, салықтықреттеу, инфляция, саяси түрақсыздық, жүмыс күші біліктілігінің төмендігі, қылмыс және басқалар. Бұл фактор- лар Қазақстанға да тән.

Ақыр соңында, елдің бәсекеге қабілеттілік рейтингін Гарвард уни- верситетінің жанындағы Стратегия және бәсекеге қабілеттілік институты (АҚШ) профессор М. Портердің әдістемесі бойынша айқындайды. Бәсе- кеге қабілеттілік мүнда корпоративтік түрғыда қаралады. Әдістемеде «өзі- нің компаниясы жүмыс істейтін елмен өзара байланысты бәсекелік мак- роахуалды қалыптастыратын экономиканың» басты төрт қасиеті («детер­минанты») бөліп көрсетілген. Макроорта өндіріс факторларымен де, ішкі нарықтағы сүраныс факторларымен де, төркіндес және сабақтас салалар- дыңдамығандығымен, менеджмент пен бәсекеніңдеңгейімен, үкіметтің экономикалық саясатымен және жасырын оқиғалармен (кездейсоқ оқиғалар: төтенше жаңалық, ресурстар бағасының күрт өзгеруі, жергілікті және әлемдік сүраныстың шырқауы), сондай-ақ үкіметтің ұлттық бәсе- келік артықшылықтарды қалыптастырудағы рөлімен: экономикалық сая- саттың түрақтылығы, жеңілдіктер мен демпингілердің болуы, ресурстар- дың берілуі және басқа басқарушылық және реттеушілік шаралармен» ай- қындалады.28 М. Портердіңтеориялық алғышарттары 90-жылдары Авст- ралияда, Жаңа Зеландияда және АҚШ-та сыртқы сауданың бәсекеге қабі- леттілігін арттыру жөнінде мемлекеттік деңгейде үсыныс-кепілдемелер әзірлеу үшін негіз болды.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 32 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>