Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сорттар, будандар және өсімдіктердің жаңа түрлерін шығарумен айналысатын ғылым-селекция деп аталады. (латын тілінен « Selectio» деген сөз 6 страница



 

10. Гетерозистік будандардың селекциясы

 

Гетерозис дегеніміз пайдалы тиімділіктер, будандардың бірінші ұрпағының аталық-аналықтардан алып түсуі.

Гетерозис бірінші будандық ұрпақта толық көрінеді. Генеративтік көбеюде келесі ұрпақтарда тез жойылады. Вегетативтік көбейетін өсімдіктерде, мысалы картопта, қант құрағында, бататта т.б. гетерозис вегетативтік ұрпаққа айқын беріледі, өйткені клонның барлық өсімдіктері алғашқы аналық дараққа генотипті сәйкес келеді. Генеративті көбейетін түрлерде, өндірісті гетерозистік тұқымдармен қамтамасыз ету үшін, арнайы жұптарды (линиялар, сорттар) көптеп будандастыру керек.

 

Гетерозиске селекцияның мағнасы

 

Өнімділігімен, өнім сапасымен және басқа шаруашылықта мағналы белгілерімен өте жоғары гетерозиспен көзге түсетін бірінші ұрпақтағы будандарды құрастыру гетерозиске селекция деп аталады. Егер комбинациялық селекцияда, будандастыруды селекциялық процесстің басында жүргізсе, ал гетерозистік будандардың селекциясында будандастыруды, селекциялық процесстің аяғында көптеген дәндер алып өндірісте қолдану үшін жүргізеді.

Ауылшаруашылық өндіріс үшін гетерозистік будандардың селециясының мағынасы зор. Бұл будандар өнімділігімен еркін тозаңданатын сорттардан 30% және одан жоғары асып түседі. Гетерозис құбылыстары жүгерінің, қонақ жүгерінің, күнбағыстың, қызанақтың, асқабақтың, қиярдың, қарбыздың, пияздың, қырыққабаттың, қант қызылшасының, әсемдік өсімдіктердің селекциясында қолданылады. Қазіргі уақытта күріштің, бидайдың, мақтаның селекциясында қолдана бастады.

 

 

Гетерозисті тудыратын факторлар

 

Көп уақыт гетерозис құбылысын кейбір генетикалық факторлармен түсіндіруге тырысқан. Бірінші гипотезалар пайда болды. Сонымен, жоғары доминанттылық гипотезасы гетерозистің болуын будандардың гетерозиготтылығымен түсіндіреді. Екінші классикалық гипотеза, доминанттылық гипотезасы деп аталатын, былай дейді, тек гетерозиготалық жағдай емес, сонымен қатар будандастырумен болған өнімділіктің доминанттық аллельдерінің көбеюі гетерозиске соғады.



Аталған гипотезалар пайда болғаннан кейін жүргізілген зерттеулер, мынаны атады, гетерозистің болуы комплекстік себептерде. Сірә, гетерозис заттардың алмасу процесстері физиологиялық тепе-теңдігімен болады, өйткені ол гетерозистік будандарда оңай гомозиготтық формаларға қарағанда. Осының негізінде генетикалық баланс концепциясы ұсынылды. Ядролық-плазматикалық қарым-қатынас, хромосомалардағы гендермен болатын будандардағы тепе-теңдікке, әсер етеді екен, әсіресе егер будандық идиотипте әртүрлі генетикалық митохондрилер болса, олар демалуды және энзиматикалық белсенділікті күшейтуі мүмкін. Сонымен, будандардың гетерозисі тек генотиптік емес, плазматикалық конституциямен анықталады.

 

Өндірісте қолдыналатын будандардың типтері

 

Өндірісте қолданылатын будандардың келесі типтері бар:

1) линияаралық, оларға жатады:

жәй-екі өздігінен тозаңданатын линияларды тозаңдырғаннан;

үшлиниялық-жәй линияаралық буданды өздігінен тозаңданатын

линияның тозаңымен тозаңдандырғаннан;

екеулік-екі жәй линияаралық будандарды будандастырғаннан;

күрделі линияаралық будандар-төрттен көп өздігінен тозаңданатын

линиялардан алынған;

2а) сортлиниялық, олар:

жәй-сорттары линияның тозаңымен тозаңдандырғаннан;

күрделі-сортты жәй линияаралық буданның тозаңымен

тозаңдандырғаннан;

2б) линиялықсорттық-жәй буданды сорттың тозаңымен

тозаңдандырғаннан;

3) сорттараралық будандар-екі сортты будандастырғаннан;

4) будандық(синтезделген) популяциялар-жәй будандар мен басқа

қосындылардың дәндерін қосып еркін тозаңдатумен алынған.

Өздігінен тозаңдатылған линиялардың қатысуымен алынған будандардың қосымша өнімділігі жоғары, сондықтан өндірісте негізінде жүгерінің линияаралық және сортлиниялық будандары кеңінен тараған.

 

ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

11. Жалпы ережелер

 

Жоғары өнім алуға себепкер болатын іс-шаралардың ішінде тұқым шаруашылығының қосатын үлесі мол.

Тұқым шаруашылығы-тұқымдарды өндіру, дайындау деп іс-шаралар кешенін қамтитын қызмет, сондай-ақ мемлекеттік бақылау, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылау.

Тұқым шаруашылығы процесінде екі біртұтас мәселе шешіледі-жоғары сапалы сорттық тұқымдарды көбейту және сорттық, өнімділік сапаларын сақтау.

Тұқым шаруашылығында екі негізгі процесс жүргізіледі: сорт жаңарту және сорт ауыстыру.

Сорт жаңарту -өндірісте пайдалану кезінде сорттық және биологиялық сапасы нашарлаған тұқымдарды сол сорттың жақсы тұқымдарымен ауыстыру.

Сорт ауыстыру -тұқым өсірушілердің өндірісте егіліп жүрген ескі сорттарды неғұрлым шығынды немесе ауыстырылатын сорттан шаруашылық-бағалық белгілері мен қасиеттері жағынан артық жаңа, пайдалануға рұқсат етілген сорттармен ауыстыруы.

Екі жағдайда да қамтамасыз ету керек:

1) сорттық тұқымдарды керек мөлшерге дейін көбейту;

2) өндірілетін тұқымдардың жоғары сорттық сапаларын сақтау, яғни сорттың немесе буданның генетикалық сапаларын сақтау;

3) сорттық тұқымдарды залалсыз және өміршең қалпында сақтау.

Ал айқас тозаңданатын дақылдардың тұқым шаруашылығында қосымша мәселе сорттарды көбейткен уақытта оларды жақсарту, өйткені олар генетикалық жағынан гетерогендік популяциялар.

Тұқым шаруашылығын жүргізу сортты қайтадан көбейту процесінде негізделеді, яғни элита мен қайтадан көбейтілуде және тұқымдардың сорттық тазалығының өзгеруінде.

Элиталық тұқымдар, әлде элита, селекциялық немесе тұқым шаруашылық мекемелері шығаратын бастауыш тұқымдар. Элита (фр. еlite-ең жақсы, таңдалған)–сорттың белгілері мен қасиеттерін ұрпақтарға бері білетін ең жақсы, сұрыпталған өсімдіктер.

Суперэлита (лат. Super-үстем+элита)-элита алатын тұқымдар. Суперэлиталық тұқымдар өте жоғары сорттық және егістік сапаларымен сипатталады. Оны элита өндіргенде көбейту көшеттігінен алады.

Элитаны көбейтіп алған тұқымдарды көбейтілген деп атайды.

Тұқымдар категориялары. 2003жылы қабылданған, Қазақстан Республикасының "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңына сәйкес, ауылшаруашылық өсімдіктерінің тұқымдары көбейту кезеңіне сәйкес, келесі категорияларға бөлінеді:

- бірегей

- элиталық

- көбейтілген

Бірегей тұқымдар-ауыл шаруашылық өсімдігі сортының авторы, ол уәкілдік берген адам немесе сорттың оригинаторы өсіріп шығарған және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқым.

Элиталық тұқымдар-ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бірегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сай келетін тұқымдары.

Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар-тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейіннен өсіріп-өндірілуі: бірінші жыл-бірінші көбейтілген тұқым; екінші жыл-екінші көбейтілген тұқым, үшінші жыл-үшінші көбейтілген тұқым.

Тұқымдар класстары. Тұқымдардың егістік сапаларына сәйкес: тазалық(негізгі дақылдың тұқымдарының болуы), басқа өсімдіктер дәндерінің қоспасы, ылғалдылығы, өнгіштігі т.б. тұқымдарды үш классқа бөледі - 1-ші, 2-ші, 3-ші. Тұқымдардың негізгі сапалық көрсеткіштері мемлекеттік стандарттармен анықталады.

 

 

12. Тұқым шаруашылығының теориялық негіздері

 

Тұқым шаруашылығының, селекцияның да негізінде генетика жатыр. Тұқым шаруашылығының мақсаты-сорт немесе буданның өнімділік мүмкіншіліктерін кеңінен қолдана отырып шаруашылық-биологиялық қасиеттерін сақтап қалу. Екінші жағынан, тұқымдардың өнімділік сапалары генетикалық негіздерімен қатар, аналық өсімдіктердің даму жағдайларымен байланысты. Тұқымдардың егістік сапаларына аурулар және басқа факторлар, механикалық зақымдануларды қоса отырып әсер етеді. Сондықтан тұқым шаруашылығын ұйымдастырғанда көптеген факторларды ескере отырып қатарлас ғылыми пәндерге сүйене отыру керек, яғни тұқымдар мен өсімдіктер физиологиясына, биохимияға, фитопологияға ж.т.б.

Тұқым шаруашылығы дербес пән ретінде өз әдістері мен жұмыстар жүргізу тәсілдері бар, теориялық негізделіп көп жылдық тәжірибемен тексерілген. Тұқым шаруашылығының обьектілері ретінде әр типтес сорттар мен гетерозистік будандар саналады.

Көптеген мәселелердің ішінде, ең бастысы-көбейту процесінде көбейтілетін сорттың генетикалық негізін сақтау, мүмкіндік болса оны жақсарту сонымен қатар тұқымдардың жоғары егістік сапаларын сақтай отырып оларды аурулар мен зиянкестермен сақтау. Сондықтан тұқым шаруашылығының қарқынды дамуы түрдің, сорттың немесе буданның биологиясын, олардың көбею тәсілдерін, жыныстық процес және ұрықтың дамуына қоршаған ортаның әсерін білу негізінде мүмкін.

 

 

Дақылдың көбею тәсілі және тұқым шаруашылығын ұйымдастыру

 

Қандай болмасын дақылдың тұқым шаруашылығын ұйымдастыруына көбею тәсілі көп әсер етеді.

Вегетативті көбейетін дақылдар. Вегетативтік көбеюдің негізінде жасушаның митоздық бөліну тәсілі жатыр, сондықтан тұқымқуалаушылық ақпарат өзгермейді. Осы негізде сортклонның тұқым шаруашылығын ұйымдастыру үшін бір ұрпақ бастаушы өсімдік жеткілікті, соның негізінде барлық ұрпақтарда бір генотип алуға болады. Яғни бұл өсімдіктерде генетикалық тұрақтылықты сақтауда көп қиыншылықтар болмайды. Екінші жағынан отырғызатын материалды сақтау, тасымалдау проблемалары болады. Сонымен қатар ол дақылдарда көбею коэфициенті төмен, мысалы картоп, яғни сорт жаңарту мен сорталмастыру қиындайды.

Өздігінен тозаңданатын дақылдар. Бұл топтың сорттары бөлек гомозиготалық линия(линиялық сорт) немесе арнайы комбинациялардан құралған линия(мультимедиялық сорт) болуы мүмкін. Мультимедиялық сорттың құрамына кіретін сорт немесе линияға, бір дәннің әлде гомозиготтық өсімдік жеткілікті, бірақта тұқым шаруашылығын ұйымдастырудың айырмашылығы бар. Қатал өздігінен тозаңданатындарда(арпа, арахис) басқа сорттар әлде түрлер мен тозаңдану мүмкін емес, сондықтан оларда тұқым шаруашылығын ұйымдастыруды бірнеше ұрпақ бастауыш өсімдіктерден бастау керек.

Айқас тозаңданатын дақылдар. Бұл топтың дақылдарының сорты генетикалық жағынан күрделі гетерогендік популяциялар, әртүрлі гетерозиготтылығы бар гетерозиготты дарақтардан құрастырылған. Негізінде бұл популяция болашақ ұрпақтарда өздеріне ұқсастық қалдырады, бірақта сұрыптаумен өзгерістер енгізуге болады. Сондықтан аналықтың көрсеткіштерін сақтап қалу үшін, тұқым шаруашылығын ұйымдастырғанда, алғашқы ұрпақ беретін өсімдіктердің саны көп болу керек.

Бұл дақылдардың сорттарының, будандарының немесе басқа дақылдармен ара қашықтық сақтау керек. Бұл ережені қатал сақтау керек.

 

Сортық тұқымдардың нашарлау себептері және сортты таза сақтау

Сорттың тұқымдық материалының нашарлауы механикалық және биологиялық ластанудан және өсімдіктердің аурулармен зақымдануынан болуы мүмкін.

Механикалық ластану. Тұқым шаруашылығының бірінші ережесі-тұқымдарды көбейткенде механикалық ластануды болдырмау (сепкіште, ыдыста, жинағанда, қоймада т.б.), яғни негізгі сорттың тұқымдарына басқа түрдің әлде сорттың дәндері қосылмау керек.

Механикалық ластанудың қандай түрі болмасын-тұқымды өсіргенде, сақтағанда, сорттағанда, тасымалдағанда ж.т.б. жіберілетін ұқыпсыздықтан оларды болдырмауғада болады, егер іс-шараларды орынды жүргізсек.

Тұқымдық егістіктерде механикалық ластану орынсыз, өйткені қоспаларды бөлу мүмкін емес немесе көп еңбек керек. Көбейтілетін сортқа морфологиясы мен биологиялық ерекшеліктерімен жақын өсімдіктер қоспасы ерекше қауіпті. Кейбір жағдайларда негізгі сорттың биотипін жоғалтып алуға болады, егер қоспаны көшеттікте бөлу қиын болса.

Тұқым шаруашылығына өте қауіпті(негізінде тазалаудың қиындығы және көбею коэффициентінің жоғарылығы) түрлік және туыстық қоспа: қарабидай бидайда, қарасұлы мен арпа сұлыда, қатты бидай жұмсақ бидайда ж.с.с.

Биологиялық ластану. Әртүрлі сорт немесе дақылдар табиғи айқас тозаңданудан әлде мутациялар болудан пайда болады.

Айқас тозаңданатын дақылдардың табиғи тозаңдануы. Әртүрлі сорттардың немесе дақылдардың бір-бірімен тозаңдану тұқым шаруашылығына көп қауіпті. Мысалы, қант қызылшасының мал азықтық немесе асханалықпен, қонақ жүгерінің судан шөбімен ж.т.б. сорттың жойылуына соғады.

Айқас тозаңданатын дақылдардың тұқым шаруашылығын ұйымдастырғанда сорттар мен дақылдарды орналастыруды қатал сақтау керек. Алшақ орналастыру көрсеткіштері анықталған, сондықтан оларды апробация жүргізгенде тексереді.

Бөліну. Сортты көбейткенде өздігінен тозаңданатын дақылдардың гетерозистік дарақтарында бөлінудің әсерімен жаңа сорттық қоспалар пайда болады.

Сонымен қатар әртүрлі генетиптері бар өсімдіктердің ойламаған жерде бір-бірімен тозаңданулары мүмкін, өйткені өздігінен тозаңдану абсолюттік іс емес. Яғни басқа морфологиялық ерекшеліктері бар өсімдіктер пайда болуы мүмкін

Мутанттардың болуы. Бұл өсімдіктер әлемінде әрқашан болатын биологиялық процесс. Табиғи мутациялар қандай да болмасын белгіге әсер етуі мүмкін, сондықтан олар сортты нашарлатады.

Байқалған мутанттардың саны көбейеді егер ескі тұқыммен ексе, егістікті гербицидтермен өңдесе, тұқымдарды ыстықпен залалдандырса, қолайсыз жағдайларда сақтаса ж.т.б. Бұл жағдайларда мұқият көңіл бөлу керек.

Өсімдіктермен тұқымдардың аурулармен зақымдануы. Мәдени өсімдіктерді зақымдайтын, саңырауқұлақтық, бактериялық, вирустік, аурулар жылдам генерациялар ауысуымен және көбею коэффициентінің өте жоғарылығымен көзге түскен. Көпшілік жағдайда олар тұқыммен жұғады, сондықтан өте қауіпті. Яғни тұқым шаруашылығын дамытқанда олардан арылудың барлық шараларын қолданған дұрыс.

Экологиялық депрессияның әсері. Сорттар экологиялық икемділігімен әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары икемді сорттар әр аймақта жоғары өніммен қатар жоғары сапалы тұқым қалыптастырады, ал икемділігі шамалы сорттар жоғары өнімді арнайы аймақтарда бере алады.

Егер сорттың генетикалық құрылымы қоршаған ортаға сәйкес болмаса, ағзаның физиологиялық функцияларының бұзылуы әсерімен өсімдіктердің өмір шеңдігі нашарлайды, өнімділігі төмендейді, онымен қатар тұқымдар сапасы. Сондықтан тұқым шаруашылығын арнайы аймақтарды дамыту керек. Сортты көбейту процесінде тұқымның сорттық сапалары төмендейтіндіктен, оларды мезгіл сайын ауыстырып отыру керек.

 

 

13. Жоғары сапалы тұқымдар өндіру технологиясы

 

Егістік материал ретінде қолданылатын тұқымдардың құндылығы жинақталған факторларға байланысты. Тұқымдардың сапасы сорттың генотиптік табиғатымен және қалыптасу, даму және сақтау кезеңіндегі қоршаған ортаның жағдайларымен анықталады. Агрономиялық жағынан өте маңызды, тұқымдардың қасиеттері, мемлекеттік стандарттарда келтіріледі және арнайы көрсеткіштермен шектеледі, оларды тұқымдық зертханаларда анықтайды. Тұқымдардың егуге жарамдылық деңгейін сипаттайтын және егістіктің орынды болуын анықтайтын (себу мөлшері ж.т.б.) осы барлық көрсеткіштерді, тұқымдардың егістік сапалары деп атайды.

Бірақта тұқымдар сапасының биологиялық ерекшеліктерінің жиынтығын көрсететін бір біртұтас көрсеткіш- өнімділік қасиеттері. Тұқымдардың өнімділік қасиеттері тек тұқым қуалаушылықпен емес, ал қоршаған ортаның әсерімен болатын модификациялық өзгерістермен анықталады. Оның тұқымдардың қалыптасуына әсері зор, сондықтан тұқым өндіргенде және дайындағанда ескеру керек.

 

Тұқымдарды өсіру тәсілдерінің өнімділік қасиеттері мен сапасына әсері

 

Бір сорттың әртүрлі тұқымдар өсімдіктерінің өнімділігінің біркелкі болмауы өсімдіктердің тек өсу жағдайлары әсері емес, сонымен қатар тұқымдардың қалыптасу жағдайлары, сондықтан химиялық және биологиялық құралдарымен, физиологиялық ерекшеліктерімен айырмашылықтар болуы мүмкін. Ал ол айырмашылықтар метаболизмнің әртүрлі белсенділігін және өсімдіктердің өнімділігінің біркелкі болмауын анықтайды.

Академик П.Н.Константиновтің зерттеулерінде, жаздық арпаның әртүрлі экологиялық аймақтан алынған бір сорттың тұқымдарын, өсіп-даму жағдайы біркелкі жағдайда, еккенде өнімділік айырмашылығы 83,3% болды.

Яғни, жоғары өнімді тұқымдар алудың бірінші шарты-тұқым өндірудің жағдайлы аймағын анықтау.

Тұқымдардың өнімділік қасиеттерін қалыптастырғанда жәйлі жағдайлар жасайтын, дақылдың тұқым шаруашылығында, арнайы өсіру технологиясының орынды болуы көп мағналы. Оның ішінде агротехникалық іс-шаралар, ауруларға шалдықпаған өсімдіктер алуды және тозаңдануды, ұрықтану мен дәндердің қалыптасуына жәйлі жағдайларды, жасайтын.

Тұқымдық егістіктерде орынды тәсілдер қолдана отырып, жақсы дамыған тозаңдардың көп болуына және тозаңданудың жәйлі жағдайда өтуіне, мүмкіндік жасау керек. Бұл жерде егу мерзімі, ара ұяларын қою т.б. маңызды.

Аналық өсімдіктерге жақсы коректену жағдайлар жасауда маңызды. Ол дәндерде азоттың, фосфордың, калийдің болуына әсер етеді. Мысалы, фосфордың дәндерде көп болуы өсімдіктердің бастапқы өсуіне жақсы әсер етеді, ал ол өнімділікке әсер етеді. Фосфор, тұқымдағы тіршілік әрекетінің барлық процесстерін, коректік заттардың түсуін, өсімдіктердің ауруларға төзімділігін күшейуін, тамыр жүйесінің жақсы дамуын, олардың даму мерзімінің ұзаруын, реттейді. Сондықтан тұқымдық егістікте өсімдіктер бұл элементпен толық қамтамасыз етілу керек.

Азотты орынды қолдану керек, артықтығы генеративтік органдардың дамуын нашарлатып вегетативті күшейтеді және тұқымдардың сапасын төмендетеді: өнгіштігі төмендейді, ұрықтық тамырлардың дамуын нашарлатады. Әсіресе зиянды анорганикалық азот, оның ішінде нитраттық, өйткені тұқымдардың биологиялық қасиеттерін нашарлатады. Сондықтан азотты қолдану өсімдіктердің жақсы дамуына әсер ету керек.

Калийдің өсімдіктерде ақсылдың жаңаруы және синтезделуіне әсері зор. Калий топырақта өте көп, сондықтан оны көп қолданып керегі жоқ.

Жоғары сапалы тұқымдар қалыптасуға микроэлементтердіңде қосатын үлесі көп. Мысалы, бор, марганец, мырыш ж.т.б.

Сонымен, тұқым өсіретін егістіктерде минералдық тыңайтқыштарды қолданғанда өсімдіктердің өсіп-дамуына қолайлы жағдайлар тудыру керек.

Тұқымдардың сапасына алғы дақылдардыңда әсері бар. Өйткені әр дақылдан кейін топырақтың ылғалдылығы мен коректік затпен қамтамасыз етілуі әртүрлі болады.

Тұқымдық егістіктерде топырақтан суды және коректік заттарды аз алатын дақылдар ең жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Бұл көрсеткіштермен дақылдарда айырмашылықтар бар. Мысалы, арпа ас бұршаққа қарағанда 1г құрғақ затқа суды екі есе көп кетіреді.

Алғы дақылға қойылатын екінші арнайы талап-сорттық егістіктердің қиын бөлінетін дақылдар және сорттармен ластанбау. Ең жақсы алғы дақыл-сүрі танап.

Себу тәсілі мен мөлшері жоғары өніммен қатар біркелкі және жоғары өнімді тұқымдар қамтамасыз ету керек. Астық дақылдарын сирек егуге болмайды, өйткені түптену көбейген соң негізгі және қосымша сабақтардың дәндерінің өнімділік қасиеттері әртүрлі болады. Ал егер жиі ексек, өсімдіктер су және коректік заттармен нашар қамтамасыз етіледі, сондықтан дәндердің физикалық және өнімділік қасиеттері төмендейді. Сондықтан себу мөлшерін аймақтық ерекшеліктерге оңтайлау керек.

Сонымен қатар, егістіктерді жапырылудан сақтау керек, өйткені ондай егістіктердің өнімділігі 14-16% төмендейді.

Тұқым егістіктерінде келесі егу тәсілдерін қолданады: қатардағы, тарқатарлы, кеңқатарлы, тоғыспалы. Себу мөлшері төмен және тоғыспалы тәсілді тапшы және болашағы мол сорттарды көбейтуге қолданады. Оны жиі бастапқы тұқым өсіру көшеттіктерінде және элиталық тұқымдарды тез көбейткенде қолданады.

Себу мерзімі жәйлі болса керек, әсіресе ерте егілетін жаздық дақылдарға. Өйткені тек өнім төмендемейді, сонымен қатар өнімділік қасиеттері нашарлайды. Ал, мысалы, тары мен қарақұмықты екі мерзімде сепкен дұрыс, өйткені екі мерзімнің біреуін талдап алуға болады.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 73 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>